ЖЫЛДАР мен ЖЫРЛАР

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

Қай­рат­кер­дің бір қыры


 

Қаза­қстан­дық қоғам Серік­бол­сын Әбділ­дин­ді мем­ле­кет қай­рат­кері, адал адам, қайт­пас сая­сат­кер, қай­сар аза­мат ретін­де жақ­сы біледі. Ал Сер-ағаң жас кезін­де өлең жазған, пуб­ли­ци­стік­ке құлаш ұрған қалам­гер болға­нын екінің бірі біл­месі анық. Тая­у­да біз аға­мы­здың 80 жасқа толуы­на орай «Ұстаз – Педа­гог» деп ата­ла­тын кіта­бын бас­паға дай­ын­дау бары­сын­да, Секеңнің жеке мұраға­ты­нан әбден сарғай ған блок­но­тқа кез бол­дық. Сыр­ты­на өз қолы­мен «Қой­ын кітап­ша» деп жазған екен.

Кітап­ша­ның іші толған сол заманғы сия­лы қалам­мен жазы­лған өлең­дер, өмірінің ілкі сәті­нен түр­тіп алған шағын естелік­тер мен шешен­дік сөз­дер екен. Содан біз Секеңе қолқа сал­дық: «Осы кітап­шаға әр жыл­да­ры жазы­лған дүни­е­лер­ді ірік­теп, газет­ке жари­я­ла­у­ға топ­та­ма даяр­лап беріңіз?» деп.

Серік­бол­сын аға: «Елден ұят бол­май ма? Ойла­нып көрей­ін…» деп, екіұ­шты жау­ап қатқан бола­тын. Тая­у­да аға­мыз теле­фон шал­ды: «Өтіні­ш­теріңді өзім­ше орын­дап қой­дым, қажет десең­дер, мей­лі – жари­я­ла­у­ға қар­сы емес­пін» деп.

Төмен­де біз Сер-аға­мыз өз қолы­мен ірік­теп бер­ген өлең­дерін жари­я­лап отыр­мыз. Алдағы қара­ша­ның 25-інде ата­лып өтетін мерей­той­ы­на дей­ін сол «Қой­ын кітап­ша­дан» тағы бірер дүние жари­я­лай­мыз деген ой бар.

Ермұрат БАПИ

 

 

ТАЛАПТАНУ

Қала­мым ақ қағазға есіп бер­ші,

Тұса­уын тала­бым­ның кесіп бер­ші.

Жасты­қ­пен ақын­ды­қты алдым қолға

Жеңем бе, жең­бей­мін бе? –

шешіп бер­ші.

Қалам­ның жау­а­бы:

Болуға жалын­ды ақын сен шығар­сың,

Тала­бың бол­са, несін жасы­рас­ың.

Жаз, досым, тұса­уы­ң­ды мен кесей­ін,

Шыңы­на мың шық­па­саң,

бір шығар­сың.

28.10.1957 ж.

 

ҚЫЗ БЕЙНЕСІ ОЙЫНДА

Қызға жігіт ғашық боп,

Аттай тулап жүре­гі.

Көру­ге қызды асық боп,

Қиял басып жүр еді.

 

Кенет кез боп қызы­на,

Не айта­рын біл­меді.

Сұлуға қарып қызы­ға,

Сөз тап­пай тіл күр­мел­ді.

 

Қыз тұр­ма­ды аял­дап,

Біл­мей жігіт жай­ын­да.

Жігіт келеді аяң­дап,

Қыз бей­несі ойын­да.

31 октябрь, 1957 жыл.

№21 бөл­ме

 

АДАЛДЫҚ

Адам көр­кі адал­дық,

Шексіз тұнық, бол­са егер.

Бол­сын қан­дай қиын­дық,

Ақиқат жеңер, ар жеңер.

 

Адал­ды­қ­пен адам бол,

Халық сүй­сін ісіңді.

Табу үшін адал жол,

Аяма бар күшіңді.

12 ноябрь, 1957 ж.

 

КӨРЕРМІЗ…

Есім­де менің сол бір күн,

«Он бесі» еді июль­дің.

«Көре­рміз» деген жылы үн,

Бел­гісі бол­ды сүюдің…

 

ЫЗА БОЛМА

Қан жеген иттей ерінің,

Сый­қы жоқ бет-теріңнің.

Тыр­нағың ұзын, қып-қызыл,

Тұяғын­дай перінің.

 

Тұрған жоқ оңып шашың да,

Боя­лған кір­пік, қасың да.

Кім қарай­ды боя­уға,

Ми бар ма сенің басы­ң­да.

 

Өзің­де ой жоқ, сана жоқ,

Қой дей­тін саған адам жоқ.

Боя­нып алсаң, болға­ны –

Жүресің мәз боп, көңіл тоқ.

Қарын­дас, осы дұрыс па?

Асы­қ­пай ойлан, тыры­спа,

Көңіліңе жақ­па­са,

Ыза бол­ма, ұры­спа!

13 ноябрь, 1957 ж.

 

АРМАН

Бұл өмір тез өте­ді сал­дыр­лаған,

Ешкім­ге биік шыңын алдыр­маған,

Жігіт­тің несі жігіт – бұл заман­да

Арты­на бір маңы­зды іс қал­дыр­маған.

 

Бұл маған көп­тен бері болған арман,

Кел­ме­ген тал­пын­сам да бірақ қол­дан.

Ой жет­пей, ақыл жет­пей тая берем

Құзар шың, жалаңаш тас қиын жол­дан.

18.09. 1959 ж.

 

 

КІНӘМ КӨП-ТІ

Жас жүрек жалын атып, маза бер­мей,

Міне­ки, мен жатыр­мын ұйқы көр­мей,

Біл­дір­мей доста­ры­ма тұр­дым-дағы,

Қолы­ма қалам алдым, қиял кер­ней.

 

Ойы­ма қай­та ора­лып сол кеш түсті,

Япыр-ай, бұл махаб­бат нет­кен күшті!

Кел­ген­де көз алды­ма қыз бей­несі,

От жанып, екі көз­ден жалын ұшты.

 

Биге мен шақы­рып ем таны­спақ боп,

Қол жет­кіз­бес арман­мен алы­спақ боп.

Бірақ ол «шар­ша­дым» деп, шық­паған соң,

Мен қай­тып, оған артық жабысқам жоқ.

 

Осы­лай кете бер­дім, ерік билеп,

Жан емес ем ешкім­ге басым­ды имек.

Сол «ерік» тіл­де­су­ге бөгет жасап,

Арма­ным­ды аяу­сыз кет­ті түй­реп.

 

Есім­де ұрла­нып көз қарасқа­ның,

Мен сені бір көр­ген­де-ақ жаратқа­мын.

Соңы­нан ақы­мақ боп, шарап жеңіп,

Сол үшін жігіт­тер­мен «таласқа­ным».

 

Өкініп өткен іске, ішім ашып,

Тұрған­дай қос өкпем­нен демім қысып.

Сылқ етіп жата кет­тім төсе­гі­ме,

Бір­де мұз, бір­де жалын – өңім қашып.

 

Осы­лай қата­ры­мен бес күн өтті,

Бұл қай­ғы жүре­гі­ме менің жет­ті.

Ұялам көрі­ну­ге мен ол қызға,

Өйт­кені қыз алдын­да кінәм көп-ті.

26.11.1959 ж.

 

АРНАУ

•Бәти­ма мен Тыным­ге­рей­дің

үйле­ну той­ы­на

Құт­ты бол­сын қай­ыр­лы той­ла­ры­ңыз,

Махаб­бат­пен бас қосқан ойла­ры­ңыз!

Қуа­ны­шпен қар­сы алып сәт­ті күн­ді,

Шын жүрек­тен көп сәлем

жол­дай­мыз біз.

…Қош кел­дің, қос жүрек,

Көп­тен күтіп біз жүр ек!

 

ЕР-МҰРАТҚА!

Ермұрат Бапи атағың,

Ерлі­гің елге жаға­ды.

Билік­ке қар­сы «шатағың»,

Тасқын сел­дей аға­ды.

 

«ДАТ!», «ДАТ!» деп жүріп бай­қа­май,

Елу­ге толған бауы­рым.

Жігеріңді шай­қа­май,

Сүй­рей бер жүк­тің ауы­рын.

 

Торқа­лы той­ың бір белес,

Алды­ң­да талай асу бар.

«Тасжарған» саған жүк емес,

«Ақор­да­ны» қосып ал!

7.03.2009 ж.

 

Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деген кіта­бын газет редак­ци­я­сы­нан сатып алуға бола­ды. Алма­ты қала­сы, Сей­фул­лин көше­сі, 288. 3-қабат, 307-бөл­ме. Аны­қта­ма үшін теле­фон­дар: 382−72−30, 382−72−33, 8−701−358−35−24,

8−701−789−29−59, 8−777−493−83−83.


 

Республиканский еженедельник онлайн