ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАЛАР

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

 

 

БЕНЗИНІҢ БОЛМАСА, КӨЛІГІҢ НЕ КЕРЕК?

 

Батыс Қытай – Батыс Евро­па жолын сал.

Аэро­порт­тар­ды сал. Само­лет­теріңді көбейт.

Еліңе авто­мо­биль­ді топыр­ла­тып алып кел. Әр 3,5 адам­да бір авто­дан.

Бірақ мұнай өңдеу заводын сал­ма! Ойла­ма да!

Мұнай өнім­дерін Рос­си­ядан ала­сың. Бәрі «окей» бола­ды.

Міне, 26 жыл­дық тәу­ел­сіз эко­но­ми­ка­мы­здың жет­кен жері.

Енді Ресей­дің там­шы­ла­тып бөлетін жанар-жағар­май­ы­на тәу­ел­ді болып отыр­мыз. Өздеріне жет­пей жатқан керо­сині мен бен­зинін қалай қай­ма­на қаза­ққа бер­сін? Бело­рус­сия басты­ғы осы уақыт­та үш зауыт сал­ды­рып­ты. Мұнай­дың иісі де жоқ елін­де. Жапон­дар ше? Елу­ге жуық зауы­ты толық жұмыс істеп тұр. Олар­да мұнай деген аты­мен шық­пай­ды.

Сон­ша­ма тех­ни­ка­ның не кере­гі бар? Дай­ын мұнай­ы­ң­ды жет­кілік­ті түр­де өңдей алма­саң. Само­летің де, авто­мо­би­лің де метал­ло­лом емес пе – құя­тын ештеңең жоқ бол­са!

Сұл­тан СҮЛЕЕВ

 


 

МҰХТАРҒА АШЫҚ ХАТ!

 

Бауы­рым Мұх­тар!

Сөз біт­ті! Енді іске көшу жағын ойла­сты­ру керек! Ол үшін халы­қтың ара­сын­да жүр­ген, қала­лар­да тұра­тын көзі ашық, көкіре­гі ояу бел­сен­ділер­ге қара­жат­тай көмек керек! (Мен сенен өз басы­ма ақша сұрап оты­рға­ным жоқ­пын).

Саған мысалға айтай­ын, мен елге, жер­ге, ұлтқа жана­шыр ер аза­мат­тар­мен жер қорғау үшін облы­стар­ды ара­лап, жер дауы мәсе­ле­лерін­де сот­тарға қаты­сып, қаза­ғым­ның жыр­ты­сын жыр­тып жүр­ген­дер­дің бірі­мін. Жолға қара­жат­ты халық болып жинап беріп жүр, ал бірақ халы­қтың шекесі қыза­рып, оңға­ны­нан біз­дер­ге ақша жинап жатқан жоқ. Өздері де ағаш ерге жіп құй­ы­сқан – арып-ашып, қай­ыр­шы­лап, күн­дерін әзер көріп отыр. Халы­қтың үміт етіп оты­рға­ны – қол­да­ры әділ­дік­ке жетіп, қазақ көп­тен күт­кен Азатты­қтың Ақ таңы ата ма деген ақ тілеу!

Біз барған ауыл­дар­да жұрт «Абля­зов келе ме, кел­се, қашан келеді?» деп сұрай­ды біз­дер­ден. «Абля­зо­втың елге келу-кел­ме­уі өздеріңе бай­ла­ны­сты. Ол үшін іріп-шірі­ген ұры, жемқор, дик­та­тор билік­тің кетуін талап етіп, көше­лер­ге жүз мың­дап шығып, шеру­лер өткі­зу керек» деген жау­ап алса да, қорқақтай­ды халық. Қорқақтық қаны­мы­зға сің­ген қаси­ет, оны жұлып тастау үшін қажы­май-тал­май еңбек ету керек.

Бір үміт бар. Ол мынау кәз­зап билік­тің азық-түлік­ке, киім-кешек­ке, ком­му­нал­каға баға­ны көтеріп, өзі де асқы­нған қым­бат­шы­лы­қты одан сай­ын аспанға шары­қта­тып жатқа­ны. Және ең басты­сы – жер­ді саудаға салып, қытай­ларға ұзақ жыл­дарға «жалға» бере­міз деген сатқын­ды­қта­ры! Бұны опа­сыздық деп атау керек! Бұл деген сөз – билік өздеріне-өздері көр қазып, өздері оты­рған бұтақты өздері кесіп жатыр деген сөз…

Қазақ басы­на іс түсіп, қауіп-қатер төн­ген­де, яғни ажа­лы­ның жақын­даға­нын сезген­де ғана қимыл­дай­тын халық. Оны­сын «Шаңы­рақта» айқын көр­сет­ті.

Біз­дер­дің халық алдын­да тұрған қары­зы­мыз бен пары­зы­мыз – ұлт­ты аман сақтап қалу үшін, сол ұлт­пен қоян-қол­тық ара­ла­сып, сана­ла­рын әлі бол­са да оята беру керек! Оята беру керек! «Ұлтым, Жерім, Туған елім, Ана тілім» деген аза­мат­тар іштері қазан­дай қай­на­са да жіп­сіз бай­ла­нып отыр. Себебі – ел ара­лай­ын, елде­гі бауыр­лар­дың көз­дерін аша берей­ін десе, жолға, жол азы­ғы­на, көлік­ке төле­у­ге ақша жоқ. Естиін дегенің осы бол­са, жағ­дай осы!

Қуа­ныш МҰҚТАЙ

 


 

САНКЦИЯ СЕРГЕЛДЕҢІ КӨКЕЛЕРІН КӨРСЕТЕДІ

 

Дональд Трамп АҚШ Қар­жы мини­стр­лі­гінің өкілет­ті­гін кеңейт­кен жаңа жар­лы­ққа қол қой­ды. Ол бой­ын­ша Қар­жы­мин КХДР-мен (КНДР) сауда жасаған, тех­но­ло­гия бер­ген неме­се қан­дай да бір қыз­мет түрін көр­сет­кен кез кел­ген елге қар­сы санк­ция қол­да­на ала­ды.

Жар­лы­қтың мақ­са­ты – Пхе­ньян адам­за­тқа аса қауіп­ті қару түр­лерін одан әрі жетіл­ді­ре бер­ме­уі үшін кіріс көзін азай­ту неме­се жою.

Қар­жы­мин сон­дай-ақ КНДР-мен бай­ла­ны­сты АҚШ арқы­лы өтетін, соның ішін­де АҚШ аза­мат­та­ры­ның да кез кел­ген ақша қозға­лы­сын бұғат­тай ала­ды. Санк­ци­яға КНДР мен экс­порт-импорт опе­ра­ци­я­ла­ры­на қаты­сы бар кез кел­ген жеке тұлға­лар да ілі­нуі мүм­кін. КНДР-ға кіріп-шыққан кез кел­ген кеме, ұшақ 180 күн­ге дей­ін АҚШ аумағы­на кіре алмай­тын бола­ды. Санк­ция КНДР-мен бай­ла­ны­сқан кез кел­ген шетел­дік банк­ке де салы­на­ды, бұл жағ­дай­да санк­ция салы­на­тын­ды­ғы банк­ке алдын ала ескер­тіл­мей­тін бол­ды. Мұн­дағы мақ­сат – банк өз актив­терін санк­ци­яға дей­ін тез­детіп шыға­рып алып кет­пес үшін жаса­лып отыр.

Алға­шқы құр­бан­дық та пай­да бол­ды – қытай­лық Bank of Dandong бан­кіне санк­ция салын­ды.

Осы жар­лы­ққа сәй­кес Ресей­дің жаңа санк­ци­я­ларға ұшы­рау ықти­мал­ды­ғы өте жоға­ры, өйт­кені оның БҰҰ шешім­деріне қара­ма­стан, КНДР-мен сауда жаса­уын тоқтат­пай оты­рған­ды­ғы бел­гілі бол­ды.

Ақ үйдің мәлі­меті бой­ын­ша, биыл дизель­дік отын тиел­ген кем деген­де 8 тан­кер РФ-дан шыққан, құжат­та­рын­да басқа ел көр­сетіл­ген бол­са да, олар орта жол­да бағыт­та­рын өзгер­тіп, КНДР-ға қарай бет алған. Сон­дай-ақ КНДР-дың да алы­нған тау­ар­лар­дың иден­ти­фи­ка­ци­я­лық бел­гілері мен кеме­лер­дің құжат­та­рын үне­мі өзгер­тіп оты­ра­тын­ды­ғы бел­гілі болған.

Бірін­ші мау­сым­нан бері АҚШ Қар­жы­минінің КНДР-мен сауда жасаға­ны үшін «Рос­нефть­тің» бұры­нғы пре­зи­ден­ті Эду­ард Худай­на­то­вқа тиесілі «Тәу­ел­сіз мұнай ком­па­ни­я­сын» «қара тізім­ге» енгіз­гені бел­гілі бол­ды.

 

Путин жыл сай­ы­нғы дәстүр­лі ірі биз­нес өкіл­дері­мен кез­де­су өткізді, оған 50 ірі ресей­лік ком­па­ни­я­лар­дың бас­шы­ла­ры мен еге­лері шақы­рыл­ды. Кез­де­су­де Путин РФ-ға қар­сы санк­ци­я­лар­дың одан әрі қата­я­тын­ды­ғын айтып, соған дай­ын болуға шақыр­ды. Қазір­гі жағ­дай, санк­ция одан әрі күшей­ген­де не істеу керекті­гі талқы­лан­ды. Басты қауіп – шетел­дік банк­тер­дің феде­раль­дық заем обли­га­ци­я­ла­рын сатып алмауы, соған бай­ла­ны­сты капи­тал­дың сыр­тқа кетуі және рубль­дің құл­ды­ра­уы.

Кез­де­су­де Путин банк­тер жағ­дайы тура­лы ештеңе айт­па­ды. Дұры­сын­да – мұн­дағы жағ­дай аса қауіп­ті дәре­же­де: жыл басы­нан бері топ-50-ге кіретін 2 банк банк­ро­тқа ұшы­ра­ды, топ-15-ке кіретін 2 банк Орта­лық банк­тен көмек сұрап отыр. «Рос­нефть» мен «Систе­ма» АФК ара­сын­дағы кор­по­ра­тив­тік шие­леніс тура­лы да ештеңе айтыл­ма­ды.

Есесіне Путин РФ эко­но­ми­ка­сы «рецес­си­ядан шықты» деп мәлім­деді. «Енді осы оң тен­ден­ци­я­ны сақтау керек». Деген­мен де, Рос­стат­тың цифр­лар­ды құбы­л­туы тұрғын­дар табысы­ның түсіп кет­кен­ді­гін, инве­сти­ция көле­мінің 3 есе азай­ға­нын жасы­ра алма­ды.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

 

 

Бала­лар­дың

ӨМІРІМЕН ОЙНАМАҢЫЗ!

 

Саға­ди­ев­ке сөз өтпе­уде. Бар­лы­ғы­мыз жабы­лып өткі­зе алмауда­мыз.

«Жар­тасқа бар­дым, күн­де айқай сал­дым» демек­ші, халы­қтың жанай­қай­ы­на бұл білім және ғылым мини­стрі Саға­ди­ев түкіріп қана қой­май, қақы­рып оты­рған секіл­ді. Осы адам министр болға­лы, бір жақ­сы жаңа­лық есті­мей­сің. Оры­стіл­ділер де, қаза­қтіл­ді жур­на­ли­стер де қылқы­нып, тіліп тұрып жазу­да.

Бірақ сөз өтпей­тін не деген адам десеңіз­ші?! Арсыз болған да қиын ба деп қала­мын кей­де. Беті қалың вице-мини­стрін – Эль­ми­ра Сухан­бер­ди­е­ва­ны 50-ге жақын­даған­да шетел­ге «Бола­шақ­пен» оқуға жібер­ді. Сіз бен біздің ақша­мы­зға оқуға кет­кен ол 50-ге жақын­даған­да не білім алмақ? Онан да сол әйел­дің орны­на бір жап-жас, жалын­дап тұрған білім­ді қызды жібер­се ғой. Ертең­гі күні елі­міз­ге қыз­мет ете­ді.

Бұл тек біздің Қазақ елін­де болып жатқан жаңа­лық. Дәл осын­дай­ды Еуро­па­да жасап көр, әлде мынау тұрған айыр қал­пақты көр­ші­міз бен өзбек елін­де? Көрер едім не бола­ты­нын?! Үнде­ме­ген сай­ын үдетіп бара жатқан Саға­ди­ев елдің ашуы­на тию­де. Халы­қ­пен ойна­ма­сын. Халық – үлкен күш.

Өткен­де бір таны­сым шағым­да­на­ды. 3-сынып­та оқи­тын қызы бір күн сабаққа бар­мап­ты. «Неге?» – деп сұра­сам: «Әкеңнің… кіта­бын әрең базар ара­лап сатып алдық. Енді оның жанын­дағы дәп­терін тап­пай қой­дым. Бір қызым­ның кіта­бы мен дәп­теріне 30 мың­нан аса ақша кет­ті. Ұлым­ды­кін айт­пай-ақ қояй­ын», – деп мұңын шақты.

При­ставь­те себе, бұл бір бала­ның оқулы­ғы­ның ақша­сы. Ал үйін­де 6–7 бала­сы бар ата-ана­лар ше?

 

Бір­де Аста­на­ның сән сало­нын­да оты­рған­мын мани­кюр жаса­тып. Сол жер­де­гі жақын маңай­дағы мей­рам­ха­на­сы­на тамаққа тап­сы­рыс бер­дім. Жасы 9–10 шама­сын­дағы жет­кін­шек түн­де­летіп алқы­нып келіп тұр. Үсті алқам-салқам.

– Кім­мен жүр­сің? Әке-шешең қай­да? – дедім балақай­ға. Ол:

– Мамам жұмыста, әкем вах­та­мен жұмыс істей­ді.

– Сенің мына жүрісіңді біле ме үйде­гілер? Қан­ша бала­сы­ң­дар?

– Иә, біледі. Менен екі жас үлкен әпкем мен бір қарын­да­сым, інім бар.

– Қан­ша­уың сабаққа бара­сы­ң­дар?

– Қарын­да­сым бірін­ші сыны­пқа бар­ды биыл. Әпкем және мен үше­уі­міз бара­мыз.

– Інің қан­ша­да?

– Ол бесте. Осы жер­де бір үйде садик бар. Соған апа­ра­мыз.

– Не үшін ақша керек саған?

– Кітап­тың жанын­дағы логи­ка­лық дәп­тер­ді сатып алуға ақша жоқ. Сол үшін осы кафе­мен сөй­ле­стім. Бұл рай­он­ды жақ­сы біле­мін, – деді тісі ақсиып күліп. – Сосын адми­ни­стра­тор аға­мен келістім.

– Үйлерің өздеріңдікі ме?

– Жоқ. Жал­дай­мыз.

Тілім бай­ла­нып қалған­дай бол­ды. Міне, біздің бала­ла­ры­мыз осын­дай хал­ге жет­ті. Сіз осы жағ­дай­ды біле­місіз, Саға­ди­ев мыр­за?!

Мынау не деген сорақы­лық? Неге халы­қты қанап отыр­сыз? Қанап қана қой­май, мазақ етіп отыр­сыз? Сіз бала­лар­дың бола­шағын бұлы­ңғыр­ла­тып, өміріне бал­та шауып оты­рға­ны­ңы­зды біле­місіз? Бұ дүни­е­де жау­ап бол­ма­са да, о дүни­е­де жау­ап беретініңіз тағы бар. Дәл қазір бұл – халы­қтың ірің­деп оты­рған жара­сы. Жара­ның аузы шығуға жақын.

Келе­шек­тің кіл­тін ұстай­тын бала­ла­ры­мы­здың өмірі кемел­де­ну керек. Олар кітап сатып алу­ды, дәп­тер­ді ойла­май, алаң­сыз ұйы­қтау керек. Миды ашы­тып, логи­каңы­зды бала­ларға қой­ған­ша, өзіңіз­ге қой­саңыз жарар еді.

Тағы қай­та­лап айта­мын, шене­унік мыр­за, Халық – үлкен күш! Халы­қ­пен ойна­май, әрі жүріңіз!

Бибі­гүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

Республиканский еженедельник онлайн