Қытайдағы қазақтарға КІМ АРАША ТҮСЕДІ?

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

 

 


 

 

Кеше Алма­ты­дағы «Қаза­қстан бас­пасөз клу­бын­да» қоғам бел­сен­ділері мен орал­ман ағай­ын­дар бас қосып, Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­здың бүгін­гі жағ­дайы тура­лы ащы шын­ды­қтың бет пер­десін ашып бер­ген бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді. Онда айты­лған деректер мен дәй­ек­тер бой­ын­ша, Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­дағы қарым-қаты­на­стың нақты жағ­дайы ресми мәлі­мет­тер­ге мүл­де қай­шы келеді.

Осы бас­пасөз кон­фе­рен ция­сы­ның бір спи­кері, бел гілі жур­на­лист, қоғам қай рат­кері Марат Тоқаш­ба­ев­тың айтуын­ша, Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстанға емін-еркін келіп-кетуіне тосқа­уыл қой­ы­лған. Бұл жағ­дай 2016 жылы Шың­жан-Ұйғыр авто­но­ми­я­лы ауда­ны (ШҰАА) бас­шы­лы­ғы­на осы­ған дей­ін Тибет­ті басқа­рып, қатал міне зімен көз­ге түс­кен Чын Чуан­го есім­ді бас­шы кел­гелі бері мүл­де өрші­ген.

2017 жыл­дың басы­нан Қытай­дың қаза­қтар тұра­тын аймағын­да тұрғын дар­дың шетел­ге шыға­тын төлқұ жат тарын жап­пай жинап алып, олар­дың Қаза­қстанға шығуы­на тый­ым салын ған. Қаза­қстанға туы­сқан шылап неме­се турист ретін­де сая­хат­тап барған қаза­қтар тер­ге­у­ге алы­нып, қысым көр­сетілу­де. Олар­ды «сая­си үйре­ну» орта­лы­қта­ры­на жіберіп, кей­біре­улерін қисын­сыз жала­мен бір­не­ше жылға сот­тап жатыр.

Қаза­қстан­да оқи­тын жастар­ды кері шақы­рып, ары қарай оқуы­на тый­ым салы­ну­да. Қай­тып ора­лу­дан бас тар­тқан­дар­дың ата-ана­ла­ры­на қысым жаса­лу­да. Сот­талған­дар­дың қата­рын да көзі ашық зия­лы қауым өкіл­дері де, қара­пай­ым мал­шы­лар да бар. Олар­дың алды 12–13 жылға, арты бір жылға жазы­қ­сыз жаза арқа­лап кет­ті. Бірқа­та­ры әлі үкім шық­паған­ды­қтан, түр­ме­де жатыр.

ШҰАА-да ислам дінін ұстанға­ны үшін жаза­ға тар­ту да етек жай­ып бара­ды. Бұрын Қытай­дағы мұсыл­ман дарға өздері тұра­тын өңір­лер­де мешіт-мед­ре­се салып, уни­вер­си­тет ашып бер­ген өкі­мет аяқ асты­нан өзгеріп, өмір бойы имам болған, мол­да болған адам­дар­ды уағыз айтып, Құран­ды наси­хат­таға­ны, жастар­дың некесін қиға­ны үшін түр­ме­ге қамауда. Тіп­ті тая­у­да екі имам түсініксіз жағ дай­да мерт бол­ды. Оларға қаты­сты «өзін-өзі өлтір­ді» деген қисын­сыз қоры­тын­ды жасалған. Олар­дың мәй­ітін туы­ста­ры­на ашқы­з­бай, жудыр­май, көміп болған­ша арнайы жасақ­пен бақы­лап тұрған. Тіп­ті қаза­қтар­дың салт-дәстүр­лері мен әдет-ғұрып­та­ры­на шек­теу қой­ы­лып отыр.

Жасы елу­ден асқан Зей­нол­ла Рақы­жан «Қаза­қстан тың­шы­сы» деген айып­пен 13 жылға, Жарқын­бек Қа сым бай­ұ­лы – бала­ла­рын Қаза­қстанға жібер­гені үшін 10 жылға, Дәуіт­хан Тер­гесіз – Қаза­қстанға көшпек болға­ны үшін 12 жылға, Берік­хан Долан­хан – екі жастың некесін мұсыл­ман жолы­мен қиға­ны үшін 10 жылға, Салы­құ­лы Сарқыт­жан – Қаза­қстан мен Түр­ки­яға қыды­рып барып кел­гені үшін 10 жылға сот­та­лып кет­ті. Бұл тізім­де оты­здан астам адам бар.

Қаза­қстанға көшуді ойлаған Ары­нға­зы­ұ­лы Санат, Сағы­ныш Мей­рам­бекұ­лы, Серік Қали­бек, Мей­рам­бек Бекен, Гүл­зи­на Әуел­хан сияқты аза­мат­тар бір­не­ше айлар­дан бері қамауда зары­ғып жатыр. Мед­ре­се­де оқы­ған неме­се заң­ды түр­де мешіт­те имам болып қыз­мет істей­тін Досан Бей­сен­бекұ­лы, Оқан Имам, Нұр­жан Ахмет­жан, Қуа­ныш Имам, Кен­же­бай Әли­хан, Нұр­лы­бай Қоң ырбай сияқты аза­мат­тар алды 10 жыл, арты 4 жыл мерзім­ге сот­талған.

Кон­фе­рен­ция спи­кер­лері мәлім еткен­дей, Қытай­дағы ағай­ын­ның басы­нан өткеріп оты­рған күні бұлы­ңғыр. Қытай­ға сөзі­мізді қазір­ден бастап жүр­гі­зе алма­сақ, жос­пар­ла­нып отыр ған қытай зауыт­та­ры салы­нған­нан кей­ін, олар­мен қан­дай дәре­же­де сөй­ле­се­міз деген сұрақ туын­дай­ды. Эко­но­ма­лық пай­да­ны көз­деп, бауыр­ла­рын қия­натқа тастаған мем­ле­кет­тің елді­гі де шама­лы болу керек!

Аза­мат ДИМАШ,

«

Республиканский еженедельник онлайн