fbpx

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН құрбандарын зерделей алдық па?

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

100 жыл­дық тарих: даңқ пен дақ­пырт

 


 

Бұдан бір ғасыр бұ рын үш ірі тари­хи оқиға бол­ды. Алға­шқы­сы – жоғал­тқан мем­ле­кет тігі­мізді жаңғыр­туға сая­си мүм­кін­дік ашқан Ақпан рево­лю­ци­я­сы. Екін­шісі – сол мүм­кін­дік­ті жүзе­ге асы­ру жолын бел­гілей­тін Құры­л­тай­шы жина­лыс шақы­руға тиіс Уақыт­ша үкі­мет­ті билік­тен қуған Қазан төң­керісі. Үшін­шісі – Алаш-Орда ата­уы­мен елдік шаңы­рақ көтер­ген Жел­тоқ­сан съезі.

 

Бұлар­дың ішін­де­гі біз үшін айры­қ­ша маңы­зды мере­ке – отар­шыл­дар жой ған мем­ле­кет­тілі­гі міз дің қай­та түле­уіне ір гетас қалаған Алаш-Ор даның 100 жыл­ды­ғы.

25 қазан­да құры­лған орта­лық совет үкі­меті ұлт тық қозға­лы­стар­дың бәрі­мен уақыт­ша, ағым дағы жағ­дай тала­бын ес кер­ген­дік­тен, так­ти­ка­лық тұрғы­дан ғана сана­сқан еді. Мәсе­лен, Пет­ро­град­та жұмыс істеп тұрған Ресей мұсыл­ман­дар одағы ның атқа­ру коми­тетін – Ико­му­сты – боль­ше­вик­тік билік тез-ақ керексіз етті. Ико­мус төраға­сы­ның ор ын баса­ры лау­а­зы­мын­да Ресей Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уақыт­ша заң шыға­ру орга­ны Пред­пар­ла­мент­ке мүше болып, бола­шақ мем­ле­кет­тік құры­лым­ды аны­қтай­тын заң жаса­суға қаты­сып жүр­ген Жан­ша Досмұ­ха­ме­дов бұған ті ке лей куә болған. Совет үкі­метінің төң­керіс арқы лы дүни­е­ге келуі мен оған қар­сы шап­шаң бой көр сет кен әре­кет­тер­ді, жал­пы сол кез­де орын алған күр­делі сая­си жағ­дай­ды Жан­ша «оры­стар­дың өз ара ырыл­да­суы» деп ба ғалаған-тын. Сон­ды­қтан да ол Орын­бор­да өткен Екін­ші жал­пы­қа­зақ съез ін де «орта­лы­қтан бер­мен лық­сы­ған анар­хи­яға тос қауыл болу үшін» Қазақ авто­но­ми­я­сын шұғыл жари­я­ла­уды талап ету ші лер дің басын­да тұр­ды.

Деген­мен, Совет өкі метінің билік­те бекем тұ раты­ны аны­ққа айналған шақта, 1918 жылғы ақ пан да, Орал қаза­қта­ры съе зінің шеші­мі­мен арнайы деле­га­ци­я­ны Жан­ша «Алаш-Орда» Халық кеңесінің мүше­сі ретін­де Мәс­ке­у­ге бастап бар­ды. Оның совет үкі­меті бас­шы­ла­ры­мен жүр­гіз­ген тұң ғыш келіс­сөзі бір­ша­ма сәт­ті өтті. Ұлт істері жө нін­де­гі комис­са­ри­ат­тан қазақ бөлі­мі ашы­ла­тын бол­ды, халық комис­са­ры Ста­лин Семей­де­гі Әли хан Бөкей­ха­нов бастаған Алаш-Орда­ның бас­шы­ла­рын төте желі­ге шақы рып, тіке­лей сөй­ле­сті. Ор ал облы­сын­дағы зем­ство меке­ме­лерінің жұ мыс тарын жалға­сты­ра беру­ге Сов­нар­ком­ның ар найы қаулы­сы­мен пұр сат беріл­ді, облы­стағы Ал аш-Орда құры­лы­мын совет­тік плат­фор­маға кө шіру үшін деле­га­ци­яға қомақты қара­жат бөлін­ді.

 

Бірақ соның артын­ша «Прав­да» газе тін­де Ста­лин­нің жер-жер дегі кеңе­стік билік өкіл деріне арнаған нұсқау-хаты шықты. Онда совет негізін­де­гі авто­но­мия ға на мой­ын­да­ла­ты­ны, сон дықтан еңбек­ші бұқа­ра ның «бур­жу­а­зия қай­рат кер­лерін» – «өздерінің дос мұха­ме­до­втерін» – мой­ын­да­ры­нан түсіріп таста­уға тиісті­гі тұжы рым далған еді. Сол се беп­ті Алаш-Орда баты­ста да, шығы­ста да ақтар­мен одақ­та­суға мәж­бүр бол­ды. Мәсе­лен, 1918 жыл дың көк­те­мін­де рес­пуб ли калық режим­де жұмыс істей­тін Ойыл уәла­я­ты құры­лып, қыз­метін Алаш-Орда­ның Батыс бөлім шесі ретін­де жалға­стыр ды. Кеңе­стік билік өкіл­де рімен аза­мат соғы­сы­ның соңы­на қарай келісім жасап, күл­лі құры­лы­мы­м­ен, әске­ри күші­мен Совет өкі­меті жағы­на өтті.

Сөй­тіп, Алаш-Орда бір жола тарқа­ды. Ұлт­тық қозға­лы­сқа қаты­су­шы лар ға амни­стия жария ланған­ды­қтан, елдік ойға адал ұлт қай­рат­кер­лері енді қаза­қтың мем­ле кет­тілі­гін тап­тық негіз­де түле­ту үшін күре­сті. Алай­да Алаш-Орда ұза­май «контр­ре­во­лю­ци­я­лық ұйым» деп ғай­бат­тал­ды да, құпия қыз­мет қол­дан қиы­сты­рған жала­мен, ала­шор­да­шы­лар­дың алға­шқы топ­та­ры 1928–32 жыл­да­ры тұтқы­нға ал ынып, репрес­си­я­лан­ды, ал 1937–38 жыл­дарғы «Үл кен тер­рор» кезеңін­де ала­ш­шыл­дар да, Алаш иде­я­сын жүрек­те ұстап, ел мүд­десі үшін еңбек еткен ұлт ком­му­ни­стері де жап­пай сая­си қуғын-сүр гін­ге ұшы­ра­тыл­ды.

Бүгін­де мұның басты себебін анық айта ала­мыз. Бірін­ші­ден, боль­ше­вик­тер пар­ти­я­сы қатаң орта­лы­қтан­ды­ры­лған им пери­я­лық пар­тия еді, сон дықтан да ол ұлт­тық бел­гілер­ге қарай дер­бес тену ықти­мал­ды­ғын қа пе ріне де алмай­тын. Екін шіден, жұмыс­шы­лар пар­ти­я­сы ата­лып құры­лған бұл сая­си ұйым­ның жала­у­ла­та­тын басты құжа­ты – «Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның мани­фесін­де» «жұмыс шы лар­да отан жоқ» деп ап-айқын жазы­лған. Осы екі жәйт сабақ­та­са келе пай­да болған «Дүние жү зінің про­ле­тар­ла­ры, бірі гің­дер!» деген ұран күні кеше Совет Одағы құла ғанға дей­ін күшін­де тұр ға ны мәлім.

Әлем­дік рево­лю­ция жасау жос­па­ры­ның жүзе ге аспай­ты­ны­на сонау 20-жыл­да­ры-ақ көз­дері жет­кен­дік­тен, боль­ше­вик­тер осы ұран­мен бұ рынғы импе­рия аума ғын дағы халы­қтар­ды бірік тіріп-тұта­сты­ру ісін бір ден қолға алған. Ұлт­тық құры­лым­дар­дың совет­тік тұғыр­да ұйы­суы­на тек так­ти­ка­лық есеп­пен ғана пұр­сат беріп, бар­ша қос паны тап­тық тұрғы­дан бірік тіріп-тұта­сты­ра­тын цемент есебін­де орыс хал қын, оның тілі мен өмір сал­тын алға шы ғар ған. Сон­ды­қтан да кеңес тік авто­но­ми­я­лар­ды боль шевизм арна­у­лы құпия қыз­метінің торы­мен мұқи­ят шыр­мап, ол ардағы ұлт қай­рат­кер лерінің іс-әре­кет­терін қа таң бақы­ла­уда ұста­ды. Ұлт мәсе­лесінің өзек­ті жақ тары 1923 жылы ХІІ парт­съез­де тәп-тәуір тал қыла­нып, жақ­сы ше шім­дер қабыл­данға­ны­на қара­ма­стан, артын­ша өт кізіл­ген ұлт­тық рес­пуб­ли­ка­лар­да істей­тін қыз мет кер­лер­дің 4-мәжілісін­де ГПУ қамауға алған ірі қай­рат­кер Мир­са­ид Сұл танға­ли­ев­тің «контр­ре волю­ци­я­лық іс-әре­кетін» көр­некі түр­де сынау ар қылы ұлт сая­са­ты­ның қан дай шек­те­улі арна­да жүр гізілу­ге тиісті­гін көр сет­ті.

 

Осы 4-кеңес саба ғы өз алды­на, қа зақ қай­рат­кер­лерінің пат шалық заман­нан са наға ұялаған құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан арыл­маған дығы, тиісін­ше орта­лы­ққа көз­сіз емі­нуі, әсіре­се жеке баста­ры­на кел­ген­де ұлт­тық мүд­дені де ойлат­пай­тын ала­у­ы­зды­ғы сал­да­ры­нан Қаза­қстан би лігіне 1925 жылы Филипп Голо­ще­кин кел­гені мәлім. Ол «Октябрь дауы­лы қа зақ ауы­лы­ның жаны­нан өте шыққан» деген қи сын мен, бай мен кедей дің ара-жігін аша түсетін сына қағып, «Кіші Октябрь рево­лю­ци­я­сын» жаса­уды қолға алды. Боль­ше­виз­мнің бір орта лыққа қатаң бағын­ды­рыл ған, өзге­ше еркін­дік­ке төз­бей­тін жүй­есінің эмис сары қазақ ком­му нистерінің сана-сезі­мін қыр­нап-тегісте­умен, өз сөзі­мен айтқан­да, «ниве­ли­ров­ка» жаса­у­мен шұ ғыл­дан­ды. Жас ұрпаққа ұлт­тық тәр­бие беруі ық тимал ала­шор­да­шы­лар­ды ағар­ту сала­сы­нан ала­ста­ды. Құпия қыз­мет­ке ерекше еркін­дік бер­ді. «Ұлт­шыл­дар кәм­пес ке леу науқа­ны­на кедер­гі кел тір­ді» деген­ді боль шевик­тік жәді­гөй­лік­пен желеу етіп, репрес­си­я­лау маши­на­сын іске қосты. Ал совет­тік солақай ре фор­ма­ларға көр­сетіл­ген халық қар­сы­лы­қта­рын мүл­дем қару­лы күшпен басып-жаны­шты. Одан жасан­ды ашар­шы­лы­қта рымен халы­қты мил­ли­он­дап қырып, көл-көсір қай ғы-қасірет­ке бөк­тір ген әйгілі ұлт­тық апатқа ұрын­дыр­ды. Және соның бәрін­де де кінәні боль­ше­визм­ге тән көл­гір­лік ойдан құра­с­ты­рған «тап жау­ла­ры­на» артып отыр­ды.

Сорақы бұр­ма­ла­у­лар жұрт­ты жап­пай қуғын-сүр­гін­ге түсір­ген заман­да да, жеке басқа табы­ну­ды әшке­ре­ле­ген ХХ парт­съез­ден (14−25 ақпан, 1956 жыл – Ред.) кей­ін­гі «жылы­мық» кезең­де де кеңі­нен қол­да­ныл­ды. Құр бан­дар­дың аты­лған уақы­тын жасы­рып, лагерь­лер­де ауру­дан өлді деген жалған мәлі­мет­тер тара­ту әдет­ке айнал­ды. Сон­дай өтірік­ті көп­шілік сана­сы­на сіңірудің бір сал­да­ры сол – тіп­ті қазір­гі тәу­ел­сіздік дәуірін­де де кей кісілер 1938 жылы аты­лған Мағ­жан Жұма баев пен Сәкен Сей фул лин­ді өз өлі­мі­мен 50-жыл­да­ры өлген­ге балап, сүй егін сонау мәң­гі тоң бас қан аймақтан ізде­стіріп жүр­ді. Боль­ше­вик­тік бұр мала­у­ларға біздің кей­бір зерт­те­ушілері­міздің де құлай сен­гені сон­ша­лық, еңбек­терін­де, мәсе­лен, «Алаш ісі» бой­ын­ша тұт қын­далған бел­гілі зия­лы­лар Дін­ше Әді­ло­втің «сат қын­ды­ғы» сал­да­ры­нан репрес­си­яға ұшы­ра­ды дей­тін қате пікір қорыт­ты.

Алай­да Әді­ло­втің ОГПУ тер­ге­ушісіне бер­ген көр­се­ту­лері­мен мұқи­ят таны­сқан кісі бел­гілі зия­лы­лар оның «сатқын ды ғынан» емес, арнайы қыз мет тер­ге­ушісінің әдейі қиы­сты­рып, тұжы рым­даған «айып­та­у­ла­ры­нан» қыл­мыстық іске тар тылға­ны­на көз жет­кі­зеді. 1930 жылғы 21 сәуір­де Мәс­ке­уде аты­лған Дін­ше Әді­лов – 1917 жыл­дың қа зан айы­нан «Алаш» пар тия­сы Ақмо­ла облыс тық коми­тетінің мүше­сі болған, 1920 жылғы Қа зақстан Совет­терінің Құры­л­тай­шы съезін­де алға­шқы Қаз­ЦИК құра мы на сай­ланған, Ішкі іс тер халық комис­са­риа тының алқа мүше­сі, ха лық комис­са­ры­ның орын­ба­са­ры, халық комис­са­ры мін­детін атқа­ру­шы боп істе­ген мем­ле­кет қай рат­кері, 1925 жылы Ұлт теат­рын (қазір­гі Мұх тар Әуе­зов атын­дағы дра мте­атр­ды) құрып, жоқтан бар жасаған, кә сіби сахна өнері орда сының шаңы­рағын тұң ғыш көтеріп, қиын­ды­ғы мол ең алға­шқы театр мау­сы­мын абы­рой­мен өткер­ген мәде­ни­ет қай рат­кері. Ол – еңбе­гін әділ баға­лап, есі­мін өнер ор да лары­ның яки оқу орын дары­ның біріне беру­ге әбден лай­ық тұлға.

 

Осын­дай еске­русіз қалып келе жат қан тұлға­лар­ды биы­лғы Алаш-Орда үкі­метінің 100 жыл­ды­ғы құр­метіне арнайы ардақтау шара­ла­рын жасау жөн болар еді. Бұл рет­те елі­міздің өнер тарихын­дағы ерек те дара құбы­лыс – Қожы­қо­втар әулетіне ерекше назар ауда­ру керек. Әулет ота ға сы Қоңы­рқо­жа Қожы қов – 1912 жылы жарық көр ген тұңғыш «Әліп пе нің» авто­ры, ұстаз, қазақ азаттық қозға­лы­сын­да өз орны бар қоғам қай рат­кері. Ол Қоқан­да жа рия ланған Түр­кістан авто­но­ми­я­сы Халық кеңе сінің жау­ап­ты хат­шы­сы, Совет­тік Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сы мұғалім­дер даяр­лай­тын оқу орны­ның оқы­ту­шы­сы, Түр­крес пуб лика Жер-су халық ко мис­са­ри­а­ты­ның жау­ап­ты қыз­мет­кері, Совет­тік Қа зақстан­ның ежел­гі тарихын, көне жәді­гер­лерін зерт­теу сала­сын­да еле­улі істер тын­ды­рған ғылы­ми қыз­мет­кер бол­ды. Үлкен тер­рор кезін­де ұста­лып, 1938 жылғы 17 қаңтар­да Алма­ты­да атыл­ды.

Оның зай­ы­бы Ләти­па Ұлт теат­ры­ның алға­шқы сахна безен­діру­шісі, су рет­шісі, қол­дан­ба­лы өнер шебері, кезін­де бас па сөз­де қазақ теат­ры­ның аңыз-ада­мы деп аталған тұлға бола­тын. Еке­уінің төрт ұлы бар еді, төр­те­уі де жаңа­ша қалып­та­сып келе жатқан қазақ өнері тарихын­да өзін­дік өшпес із қал­дыр­ды. Тұңғы­шы Қо жах­мет – қаза­қтан шық қан алға­шқы сурет­ші, әкесінің арты­нан репрес­си­я­ла­нып, лагерь аза­бы­нан ерте қай­тыс бол­ды. Екін­ші ұлы Құла­х­мет – тұңғыш театр және кино сурет­шісі, өнер­ге сіңіріп жүр­ген зор еңбе­гіне қа ра мастан, «халық жауы ның» бала­сы ретін­де ұда йы қысым көр­ді. Үшін­ші ұлы Нұрах­мет – алға­шқы мону­мен­та­лист-мүсін­ші, май­дан­да ауыр жарақат алған­ды­қтан, талан­тын толық аша алма­ды. Ал кен­же­сі Сұл­та­на­хмет – май­дан­гер-пан­фи­лов­шы, аға­сы Құла­х­мет­пен бір­ге бастап, атақты «Қыз Жі бек­ті» түсір­ген әйгілі кино­ре­жис­сер. Репрес сия ланған ұлт-азаттық қоз ғалыс қай­рат­керінің отба­сы­нан осын­дай бес бір­дей көр­нек­ті өнер қай рат­кері шығуы, сөз жоқ, сүй­сініп айтар­лы­қтай ер ен құбы­лыс. Осы ұлағат ты әулет­ті ұлы­қтау шара­сын ойла­сты­ру қажет­ті­гі – әлдеқа­шан пісіліп-же тіл­ген мәсе­ле, Алаш-Ор даның 100 жыл­ды­ғын атап өту ауқы­мын­да елі міздің оқу орын­да­ры­ның, елді мекен­дерінің, бекет терінің, яки қала­ла­рын дағы көше­лерінің бірін Қожы­қо­втар әулеті аты­мен атау сұра­нып тұр.

Алаш-Орда мен оның жазы­қ­сыз жаза­ланған қай­рат­кер­лерін есте қал дыру шара­ла­рын осы мере­ке ауқы­мын­да шұғыл жүзе­ге асы­ру­дың тәу­ел сіздік туын алып жүретін бола­шақ ұрпақ тәр­би­есі үшін аса қажет екенін ұмыт­пай­ық.

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ,

Қаза­қстан «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры,

жазу­шы, тарих ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты

 

 

 

САЯСИ ЭЛИТА САТҚЫН

болға­нын мой­ын­дай­тын кез кел­ді

 


Қазақ жеріне кел­ген ақ пат­ша билі­гі де, сол секіл­ді Совет үкі­меті де леги­тим­ді емес-тін. Қазақ тарихын­дағы осы ақиқат әлі күн­ге құжат түрін­де айқын­дал­май келеді. Бұл тура­лы тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ала­шта­ну­шы Мәм­бет Қой­гел­ді kaz.365info.kz медиа-пор­та­лы­на бер­ген сұх­ба­тын­да мәлім етті. Оның пікірін­ше, қазақ жеріне алғаш аяқ басқан кез­де­гі совет үкі­метінің леги­тим­ді еме­сті­гін ашық мой­ын­дап, тіп­ті біз­ге оны арнайы құжат­пен рас­тау керек.

 

Совет өкі­меті

Қаза­қстанға заң­сыз кел­ді

Қаза­қстан­да пат­ша­лық билік леги­тим­ді болған жоқ. Оны күшпен алып, ысы­рып тас таған совет билі­гі де леги­тим­ді болған жоқ, – дей­ді про­фес­сор Мәм­бет Қой­гел­ді.

Ол кез­де жалғыз леги­тим­ді билік бол­ды. Ол – 1917 жылы жел­тоқ­сан­да Орын­бор­да құрыл ған Ала­шор­да үкі­меті. Міне, сол заң­ды билік бола­тын. Қай тұрғы­дан алсақ та, ол сол кез­де­гі жалғыз заң­ды билік бола­тын.

Ала­шор­да қазақ қоға­мын­да орта ғасыр­дан қалып­тасқан сая­си дәстүр ретін­де шақы­ры­лған ІІ жал­пы­қа­зақ съезін­де құрыл­ды. Ол съезді ешкім заң­сыз деп айта алмай­ды. Оны тек совет тарих­на­ма­сы, идео­ло­ги­я­сы заң­сыз, бұзық секіл­ді көр­сет­ті. Ал шын мәнін­де заң тұрғы сынан, тарих тұрғы­сы­нан бар­лы­ғын зерт­теп, нақты баға­сын бер­сек, ол сол кез­де­гі заң­ды үкі­мет бола­тын.

Қазақ жерін­де ұлт­тың игі жақ­сы­ла­ры, үл кен­дері, дуа­лы ауы­зда­ры бас қоса­тын құры­л­тай жина­лыс бүкіл ұлт­тың аты­нан шешім қабыл дай­ды. Ол сая­си неме­се басқа шешім бола ма – оны қазақ қоға­мы мой­ын­дай­ды, соны орын­дай­ды. Сон­ды­қтан І, одан соң ІІ жал­пы­қа­зақ съезі де осы дәстүр бой­ын­ша шақы­рыл­ды. Осы құры­л­тай съезі жабық түр­де Ала­шор­да үкі­метін сай­ла­ды. Жабық түр­де оның төраға­сын сай­ла­ды. Ал «Алаш» пар­ти­я­сы­ның шеші­мін бүкіл қазақ халқы мой­ын­да­ды.

Ал совет өкі­метін қазақ қоға­мы шақы­рған жоқ, совет өкі­метіне қазақ қоға­мы ашық түгілі жабық түр­де де дауыс бер­ген жоқ. Рефе­рен­дум, сай­лау өтті ме? Жоқ. Сон­ды­қтан зерт­те­уші ретін­де, менің түсіні­гім бой­ын­ша, совет өкі­меті леги­тим­ді емес.

Біз­ге осы­ны ашық түр­де мой­ын­дай­тын, тіп­ті бол­ма­са арнайы құжат­пен оны рас­тай­тын уақыт жет­ті деп біле­мін, дей­ді ғылым док­то­ры.

 

Гено­цид екені дау­сыз,

неме­не­ге бүге­жек­тей­міз?

Сон­дай-ақ тарих­шы 1992 жылғы Жоғарғы кеңес қабыл­даған қаулы­ны жаңғыр­ту керек деп санай­ды. 1992 жылы басын­да Жоғарғы кеңе­стің совет­тік рефор­ма­ларға бай­ла­ны­сты қаулы­сы ресми газет­тер­ге жари­я­лан­ды. Мен сол комис­си­я­ның құра­мын­да болған­мын. Комис­си­я­ның қоры­тындысы бой­ын­ша, Қазақ стан­да жүр­гізіл­ген экс­пе­ри­мент­тің сал­да­ры­нан қазақ халқы­ның қырғы­нға ұшы­ра­уын гено­цид деп баға­лаған. Мен осы баға­ны дұрыс деп санай­мын. Көр­ші елдер­де­гі тарих­шы­лар былай дей­ді: «Мұн­дай жағ­дай­лар бар­лық импе­рия лық құры­лым­дар­да болған. Жаңа, мықты, инду­стри­ал­ды қоғам құру үшін осын­дай ауыр жол­дан, осын­дай қырғын­нан бар­лық мем­ле­кет­тер өткен-мыс». Шын­ды­ғын­да, бұл жәй сөз емес. Бұл ниеті түзу адам­дар айта­тын сөз емес. Ешқан­дай қырғын­ды ақта­уға бол­май­ды. Қазақ халқы­на келер бол­сақ, бұл жәй қателік емес. Бұл боль­ше­вик­тік үкі­мет­тің мақ­сат­ты түр­де жүр­гіз­ген сая­са­ты­ның сал­да­ры.

Сол үлкен қырғын­ды жасаған Голо­ще­кин­ді орны­нан алып тастау үшін күрес­кен қазақ зия­лы­ла­ры­нан тұра­тын сая­си топ болып­ты. Олар «Убе­ри­те это­го Голо­ще­ки­на!» деп ашы­қтан-ашық айтып­ты.

Мыса­лы, 1927–28 жыл­да­ры Смағұл Сәдуа қа сов бастаған топ Голо­ще­кин­ді билік­тен кетіру­ге тыры­сты. Ашар­шы­лы­ққа дей­ін кетіру­ге тыры­сқан. Кол­лек­ти­ви­за­ция, кон­фис­ка­ци­я­ның қар­саңын­да. Жағы­пар Сұл­тан­бе­ков, Ыды­рыс Мұстан­ба­ев Троц­кий­мен, Зино­вьев және Каме­нов­пен тіке­лей бай­ла­ны­сқа шығып отыр­ды. «Голо­ще­кин­ді алып тастаң­дар, осы­ған кө мек­тесіңіз­дер» деді. Ал Троц­кий­дің не дегенін білесіз бе? «Мәсе­ле Голо­ще­кин­де емес, мәсе­ле – Ста­лин­де» деді. Өйт­кені Троц­кий­лер­дің не гіз­гі жауы Ста­лин бола­тын. Олар Ста­лин­ге қар­сы бір­ге шығай­ық деді. Біздің зия­лы­ла­ры­мыз оған келіс­кен жоқ, – дей­ді Мәм­бет Қой­гел­ді.

 

Өзбек, қырғы­зға қараған­да

қаза­қтың сая­си эли­та­сы

ұлтын сатқыш болып шықты

Деген­мен, сол кез­де Голо­ще­кин­нің жанын­да болған басқа­ру­шы қаза­қтың сая­си тобы өте ман­сап­шыл, билікқұ­мар болып шықты. «Қа зақ тың ерекше қыры­луы­на солар­дың да тіке лей қаты­сы бар, оны мой­ын­да­уы­мыз керек», дей­ді тарих­шы.

Біз көп жағ­дай­да жылап-еңіреп, бар­лық кінәні басқаға жапқан­ды жақ­сы көре­міз. Мәс кеу­ге, Ста­лин­нің билі­гіне ауда­ра­мыз. Қазақ халқы­ның қырып-жой­ы­луы­на қазақ билі­гін басқа­ру­шы сая­си эли­та да бел­гілі бір дең­гей­де кінәлі. Мәсе­лен, қазақ халқы­ның 49 про цен тінің көзі жой­ы­лып кет­ті. Бір ұлт­тың жар­ты­сы­на жуы­ғы қыры­лып қал­ды. Неге өзбек, қырғыз емес, қазақ осы­лай көп қырғы­нға ұшы­ра­ды? Олар­да да сон­дай сая­сат жүр­ді, олар да қырыл­ды, бірақ қазақ ерекше көп қырыл­ды.

Негізі­нен, пост­со­вет­тік елдер ішін­де Ре сей­дің, Укра­и­на­ның, содан соң Қаза­қстан­ның халқы көп қырыл­ды. Неге? Біздің ұлт­тық басқа­ру­шы эли­та­ның кем­шілі­гі­нен, әрине. Біз оны мой­ын­да­уы­мыз керек. Біз Мәс­кеу тап­сыр­ма бер­се, оны асы­ра орын­да­уға тыры­са­мыз. Осы – біздің халқы­мы­здың үлкен тра­ге­ди­я­сы.

Мыса­лы, Өзбек­стан­ды ала­лық. Мәс­кеу тап­сыр­ма береді, өзбек­тер басын­да «иә, иә» деп, құп көр­ген ыңғай таны­та­ды да, артын сұй­ы­л­тып жібе­реді. Мей­ілін­ше ұлтқа қар­сы дүни­е­ден айна­лып өтудің жолын қарас­ты­ра­тын еді. Ал біз­де олай бол­ма­ды, – дей­ді Мәм­бет Қой­гел­ді.

 

 

Тұр­сын ЖҰРТБАЙ,

ала­шта­ну­шы ғалым, жазу­шы: ҚАЗАҚТЫ – ҚАЗАҚ

басқа­ра алмай­ды ДЕГЕН КІМДЕР ЕДІ?


 

Сол кез­де­гі ащы шын­ды­қты неге мәй­мөң­ке­ле­мей, бет­ке айт­пасқа? Бар кінәні Голо­ще­кин­ге үйіп-төге­міз. «Сол кел­ді де – құрт­ты» десе­міз. Егер тарихқа әділ баға бер­гі­міз кел­се, 1924–25 жыл­да­ры «Қаза­қстан­ды қазақ басқа­ра алмай­ды» деп Ста­лин­ге хат жазған Тұрар Рысқұ­лов пен Сәкен Сей­фул­лин­ді неге айт­пай­мыз? Атта­рын неге ата­май­мыз?

Біре­уінің 37 бет, екін­шісінің 47 бет хаты бар. Еке­уі де Ста­лин­нің қабыл­да­уын­да болған­дар. Содан екі жарым айдан кей­ін Ста­лин Голо­ще­кин­ді Қаза­қстанға жібер­ді емес пе?

Рысқұ­лов Мәс­ке­у­ге кет­ті, Сей­фул­лин Халық комис­сар­лар кеңе сінің төраға­сы қыз­метіне алын­ды. Міне, тапқан пай­да­ла­ры. Осы­ны біле тұра, біз неге бәрін «Қу жақ тан» (Голо­ще­кин – Ред.) көре­міз. Ол бұл жаққа сұра­нып кел­ген жоқ қой. Өзі­міз ғой «қаза­қты – қазақ басқа­ра алмай­ды» деп, өзге ұлт­тың өкілін шақыр­тқан. Осы­ған неге қазір баға бер­мей­міз?

Смағұл Сәду­ақа­сов қар­сы бол­ды деседі. Ол: «Қаза­қстан­ды бас қара ала­тын қаза­қтар бар. Қазақ станға өнер­кәсіп салу керек. Біз жүн­ді неге Қаза­қстан­да қырқып, Өзбек­стан­да жуды­рып, Ресей­дің Ива­нов қала­сын­да тоқы­та­мыз? Неге осы­ның бәрін бір жер­де істет пей­міз. Бүй­те бер­сек, шикі­зат тың рес­пуб­ли­ка­сы болып қала­мыз ғой», – деп сол кездің өзін­де шырыл­да­ды емес пе? Сон­дай-ақ ол «Оқу-ағар­ту­ды, мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі­нен баста­уға тиіс­піз», – деді. Сол үшін жер­гілік­тен­ді­ру деген заң қабыл­дат­ты.

Ойбай, бұл ұлт­шыл дестік. Оған қар­сы күрес бастал­ды. Осы ның бәрін тал­дап, қысқа­сы, бұлақтың басын ашуға тиіс­піз ғой?

Екін­ші, «Ала­шор­дашлар ұстал сын, тәр­кіле­у­ге бөгетін тигі­зеді, мой­ын­серік­ке қар­сы көтеріліс бастай­ды. Осы науқан тез­детіл­сін» деп «Ақжол» газетін жап­ты­рған кім­дер? Тағы манағы еке­уі. Мұның бәрі архив­тер­де қат­та­у­лы тұр. Көзі жет­пе­ген­дер, маған сен­бе­се, архив­ке барып, сөрені ақта­рып, таныс­сын.

1927 жылғы тәр­кіле­уде қазақ халқы үлкен күй­зеліс­ке ұшы­ра­ды. Мәс­ке­уден арнайы сапар­мен Қаза­қстанға келіп, кол­лек­ти­ви­за­ция тез­детіл­сін деп комис­сия құрып, басқа­рып, баян­да­ма жаса ған кім? Елтай Ерна­за­ров секіл­ді адам­дар­ды жан-жаққа аттан­ды­рып, тәр­кіле­уді жедел­дет тір­ген, иісі қаза­қтың малын ортаға салуға үгіт­тет­тір­ген кім? Тағы сол – Рысқұ­лов.

Иә, сол жолы ол темір­жол құры­лы­сын баста­ды. Сөз жоқ, ұлы тір­лік. Темір­жол елі­міздің дамуы үшін үлкен рөл атқар­ды. Мұны мой­ын­дай­мыз. Бірақ әлгін­дей істерін қалай ақтап алуға бола­ды?

Ал 1932 жылы Иса­ев екін­ші хат­шы, соны­мен қатар Құлым бе тов пен Құра­мы­со­втар мем­ле­кет­ті ұстап отыр­ды. Шару­а­шы­лы­қтың бәрі солар­дың қолын­да. Бірақ аштан қыры­лған­дар есік­терінің алдын­да үйіліп жат­ты. Ком­со­мол­дар өлік­тер­ді күн-түн демей жинап әкетіп жат­ты. Оны Голо­ще­кин де, өзге­лер де біліп отыр­ды. Бір шара қол­да­нуға болар еді ғой? Бір жыл емес, халы­қтың аштан қына­дай түсіп жатқа­ны­на екін­ші жылға аяқ басты. Сон­да дей­мін ғой, мем­ле­кет не істеп отыр? Көр­соқыр ма сон­ша! Жағ­дай солай бола тұр­са да, оны мой­ын­дағы­сы кел­ме­ген Құра­мы­сов былай дей­ді: «Халық жау­ла­ры, яғни ала­шор­да­шы­лар (ол кез­де бар­лық ала­шор­да­шы­лар түр­ме­ге түс­кен, аты­ла­ты­ны аты­лып, қалға­ны айда­уда еді) халық шару­а­шы­лы­ғын­да күй­зеліс бар дей­ді. Бұл – сол ала­шор­да шылар­дың шығарған өтірі­гі. Біз қажет бол­са, рево­лю­ция үшін бар­лық қазақ халқын құр­банға шалуға даяр­мыз», – деп баян­да­ма жасаған.

Мұны айтқы­зып оты­рған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәс­кеу айт қызған жоқ. Қаза­қтар­дың өздері айтып отыр. Қазір солар­дың атта­ры аспан­дап тұр. Көше­лер беріл ген. Егер де «қаза­қты – қазақ бас қара алмай­ды» дегені рас бол­са, онда ол кісілер­ге деген құр­метім жоға­ла­ры анық.

Шын­ды­ғы қай­сы сон­да?

Кaz.365info.kz

Республиканский еженедельник онлайн