fbpx

Рухани жаңғыру үшін, УХАНИ ОЯНУ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

Жаңғы­ру­дың екі беті


 

Үйді жаңғыр­ту үшін, басы­ң­да үйің болу керек. Маши­наң­ды жаңғыр­ту үшін, асты­ң­да маши­на болу керек. Ал РУХ­ты жаңғыр­ту үшін, адам­да РУХ болу керек. Егер ОЛ бол­ма­са, неңді жаңғыр­та­сың?

 

Сол РУХ бүгін қаза­қта бар ма? Рух деген не, оның сипа­тын, қаси­ет-қадірін түсі­не­міз бе?

Менің­ше, жоқ, түсін­бей­міз. Қырғы­зи­яда екін­ші рево­лю­ци­ядан кей­ін қазақ жур­на­лисіне бер­ген сұх­ба­тын­да бел­гілі қырғыз сая­сат­керінің айтқан сөзі бар: «Қырғы­здар кедей­лік­тен, ашты­қтан рево­лю­ция жаса­ды десеңіз­дер – қате­ле­сесіз­дер, біздің рухы­мыз биік, елі­мізді, жері­мізді өз құлқы­нын ғана ойлай­тын ала­яқтарға билет­пей, халық болып, өзі­міз биле­уі­міз керек, сол үшін күре­се­міз».

Осы сөз­ге не айтуға бола­ды? Қар­сы сөз айта алмай­сың. Соның дәлелі ретін­де жақын­да ішкі және сыр­тқы кедер­гілер­ге қара­май, әділ сай­лау өткізіп, жаңа пре­зи­ден­тін сай­ла­ды.

Қаза­қтың Рухы өлген деп айтуға бол­май­ды. Ол терең ұйқы­да (в летар­ги­че­ском сне) сияқты. Осы­дан бір ғасыр бұрын Мір­жақып Дула­тов ОЯН, ҚАЗАҚ! деп үндеу таста­ды. Бірақ сол қазақ күні бүгін­ге дей­ін оянған жоқ сияқты.

Оған не себеп? Ресей импе­ри­я­сы­ның үш ғасыр бойы қазақ дала­сын билеп-төстеп, зор­лық пен зомбы­лық көр­сетіп келе жатқан сая­са­ты­ның сал­да­ры деп айтуға бола­ды. Үрей, қорқы­ныш қаза­қтың еті­нен өтіп, сүй­е­гіне жет­кен.

Осы­ған дәлел ретін­де бір мысал кел­тірей­ін. Менің әкем­нің әкесі, яғни атам Діл­дә­бек 300-дей жылқы айдаған ортан қол­ды бай болған екен. Бұл оқиға 1928 жылғы кон­фис­ка­ци­ядан екі-үш жыл бұрын болған. Ауы­лы Қарқа­ра­лы уезі­нен 250 шақы­рым­дай жер­де, қазір­гі Жаңа­арқа ауда­нын­да орна­ласқан. Бүкіл қазақ дала­сы оры­старға салық төлеп оты­рған. Сол салы­қтан тыққан малы бар деген сыл­та­у­мен жеті орыс сол­да­ты келіп, ауыл­дар­ды ара­лап, беделі бар, сөзі өтетін, халқы арқа сүй­еп оты­рған жеті аза­мат­ты ұстап, сол­дат­тар – атпен, олар – жаяу, Қарқа­ра­лы­ға айдап әке­те­ді. Ауыл­дан ұза­ған­нан кей­ін жол­да төбесі жабық, шошақ молаға бәрін қамай­ды. Сол мез­гіл­де дала­да бойы адам­нан биік боп өсетін қалың шидің ара­сы­мен ауы­лға қарай келе жатқан, жанын­да он жас шама­сын­дағы бала­сы бар ауыл аза­ма­ты шидің ара­сын­да тығы­лып, бәрін көріп тұра­ды. Күр­сіл­деп аты­лып жатқан мыл­ты­қтар­дың дау­сы­нан жанын­дағы бала­сы шошып, бақы­рып тұра жүгіреді. Қай­ран әке, балаға тие қой­мас деген үміт­пен бала­сы­ның арты­нан жүгіру­ге қорқып, оты­рып қала­ды. Өзін де ана­лар­мен бір­ге атып тастай­ты­ны­на көзі жетіп тұр. Бір сол­дат шырыл­дап жүгіріп бара жатқан бала­ны көріп, атқа міне сап қуып жетіп, жел­кесі­нен іліп алып келіп, оны да атып тастай­ды. Жауы­здар қыл­мыста­рын жасап болып кет­кен­нен кей­ін жүгіріп кел­се, мола­ның іші қып-қызыл қан, бір адам ғана тірі, су сұрап жатыр екен. Басын­дағы топы­сы­мен жаң­быр­дың суы­нан іліп алып кел­се, өліп қалып­ты. Сол кісі ауы­лға бауы­рым­дап хабар береді. Су сұрап, тіл­ге кел­ген кісіні жуын­ды­рып, ару­лап қояды, қалған­да­рын шей­іт кет­ті деп, шешін­дір­мей сол киім­дері­мен жер­лей­ді. Сон­да атам 44 жаста ғана екен. 10 жастағы бала­ны да аяған жоқ.

Міне, бұл қаза­қтың дала­сын­дағы бір-ақ эпи­зод. Одан бұры­нғы-соң­ды қаза­қты дала­ның сары шұнақ тышқа­нын­дай қырған қан­ды оқиға қан­ша­ма? Тарих­тан бел­гілі: 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сы да осы­ның жалға­сы. Кеше­гі Жаңаө­зен­де болған оқиға да соның салқы­ны. Оның бір ерекшелі­гі – ақы­рын­да қаза­қты қазақ қыр­ды. Не үшін?..

Қорқа­мыз. Жал­тақтай­мыз. Рухы­мыз сөн­ген. Орыс сая­са­ты­ның негіз­гі мақ­са­ты да сол. Сон­ды­қтан СССР тараған­да, 15 рес­пуб­ли­ка­ның іші­нен ең соңғы тәу­ел­сіздік алған да – біз, оның өзін­де сла­вян­дар бізді қата­ры­на тарт­пай, итеріп тастаған соң, Тәу­ел­сіздік декла­ра­ци­я­сын жари­я­ла­удан басқа амал қал­ма­ды. Бүгін біз қазақ ұлты болып, өзі­мізді жоғал­па­уы­мыз үшін, алды­мы­зға мақ­сат қоя білуі­міз керек. Ең бірін­ші және өзек­ті мақ­сат – қазақ өз РУХын ояту, оны жаны­мен сезіне білу. Рухын жан дүни­есі­мен сезін­ген адам­ның бой­ын­да қорқы­ныш-үрей­ге орын қал­май­ды. Рухы биік адам алды­на ізгі мақ­сат қоя да және оған жете де біледі.

Ал енді сұрақ туа­ды: ол үшін не істе­уі­міз керек? Менің ойым­ша, бүкіл қоғам болып, жап­пай ана тіліне көшу­ге еңбек етуі­міз керек. Ол үшін ана тілін біл­сін-біл­месін әр қаза­қтың жүре­гі «мен қаза­қ­пын» деп соғуы керек. Бір-бірің­мен орыс тілін­де сөй­ле­су ата­ның қаны, ана­ның сүтінің алдын­дағы кешіріл­мес күнә деп ұғы­ну керек те, өзіңе-өзің қатал талап қоя білу керек. Үкі­мет, пар­ла­мент оты­ры­ста­ры, жоға­ры оқу орын­да­ры ана тіліне көш­кен­де, қаза­қтың Рухы орны­на келетініне ешқан­дай күмән жоқ.

Егер билік осы мақ­сат­ты алды­на қой­ып, қазақ тіліне бүгін көш­се, онда бүкіл Қаза­қстан бір жыл­дың ішін­де түгел қаза­қ­ша сөй­леп кетер еді. Өкініш­ке орай, ол бол­май­тын шаруа. Оған көзі­міз жететін уақыт бол­ды ғой. Билік­тің мақ­са­ты басқа, қара­пай­ым қаза­қты­кі – басқа.

Әуелі Рухы­мы­зды оятай­ық, еті­міз­ден өтіп, сүй­е­гі­міз­ге сің­ген қорқы­ныш-үрей­ден, сана­мы­зға сің­ген құл­дық сана­дан ары­лай­ық. Сонан кей­ін Рухы­мы­зды қалай жаңғыр­та­мыз, қан­дай әлі­п­би­ге көше­міз – өмір өзі көр­се­те­ді.

Фахри­дин ЖҰМАШҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн