QAZAN JARLYG’Y №569

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

 


 

 

 

Qazaq tili a’lipbi’inin’ ki’ri’lli’sadan latyn grafi’kasyna ko’s’irily’in qamtamasyz ety’ maqsatynda QAYLY ETEMIN:

1. Qosa berilip otyrg’an latyn grafi’kasyna negizdelgen qazaq tili a’lipbi’i bekitilsin.

2. Qazaqstan Respy’bli’kasynyn’ U’kimeti:

– qazaq tili a’lipbi’in latyn grafi’kasyna ko’s’iry’ jo’nindegi ulttyq komi’ssi’i’a qursyn;

– qazaq tili a’lipbi’inin’ 2025 jylg’a dei’in latyn grafi’kasyna kezen’-kezen’imen ko’s’y’in qamtamasyz etsin;

– osy Jarlyqty iske asyry’ jo’ninde o’zge de, sonyn’ is’inde ui’ymdastyry’s’ylyq ja’né zan’namalyq si’pattag’y s’aralar qabyldasyn.

3. Osy Jarlyqtyn’ oryndaly’yn baqylay’ Qazaqstan Respy’bli’kasy Prezi’dentinin’ A’kims’iligine ju’ktelsin.

4. Osy Jarlyq qol qoi’ylg’an ku’ninen bastap qoldanysqa engiziledi.

 

Qazaqstan Respy’bli’kasynyn’

Prezi’denti N.Nazarbaev

Astana, Aqorda,

2017 jylg’y 26 qazan

 

 

 

Жақ­сы жаңа­лық

 

Қар­МУ латын әлі­п­биін ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ

 

 

Қараған­ды МУ-нің кей­бір факуль­тет­терінің сту­дент­тері биы­лғы оқу жылы­нан бастап латын әлі­п­биін оқи баста­ды, деп хабар­ла­ды облыс әкі­мінің ресми сай­ты.

 

Хабар­да атап көр­сетіл­ген­дей, ол тура­лы тіл сая­са­ты, латын әлі­п­биіне және үш тіл­ділік­ке көшу тақы­ры­бы­на арналған аймақтық бай­ла­ныс қыз­метінің бри­фин­гі бары­сын­да мәлім бол­ды. «2017–2018 оқу жылын­да Қараған­ды мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетін­де химия, фило­ло­гия, фило­со­фия, пси­хо­ло­гия, тарих факуль­тет­терін­де латын әлі­п­биі оқы­ты­ла баста­ды. Бұл кур­стар апта­сы­на бір рет өте­ді, сту­дент­тер­ге таны­мал ғалым­дар, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­тор­ла­ры, про­фес­сор­лар дәріс береді. Оқу бары­сын­да сту­дент­тер ерте кезең­дер­де­гі қазақ әлі­п­биі­мен, соны­мен қатар 1929–40 жыл­дар­да Қаза­қстан­да қол­да­ны­лған латын жаз­ба­сы үлгілері­мен таны­са­ды, – деді Қараған­ды облы­сы­ның Тіл­дер­ді дамы­ту басқар­ма­сы­ның жетек­шісі Гүл­нәрай­ым Қаңтар­бе­ко­ва.

 

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн