ОЙЫЛ ҚАЙДА, ЖЕМ ҚАЙДА?

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

Даб­ыл – үкі­мет наза­ры­на!

 


Жем өзені жай­ын­да жазы­лған жыр да, ән де жетер­лік. («Ойыл қай­да, Жем қай­да, Сағыз қай­да?»). Ойыл ойы­лып, Сағыз саяз­да­нып, Жем жоға­лып бара­ды, айт­са айтқан­дай, расын­да да, Жем қай­да?!

 

Кеше­гі кеңе­стік кезең­де Жем­ді жаға­лай суар­ма­лы егін алқа­бы салы­нып, ақ тары, жүгері, жоңы­шқа еккен­де де, өр өзен өзінің табиғи қал пын сақтап, Кас­пий­ге құй­ып жа татын. Өзен жаға­лай отыр ған елдің жаға­сы жай­лау еді, қар суы­ның да сеп­ті­гі тиетін. Екі облы­стың – Ақтө­бе мен Аты раудың аймағын жарып өтіп, Кас­пий­ге құй­ып жатқан Жем бүгін­де жоқ: кей жер­лерін­де жылап ағып жат­са, қой­ыр­лап қалған, құм басқан жер­лері жет­кілік­ті. Бір сөз­бен айтқан­да, ақы­рғы демін алып жатқан ауру адам сықыл­ды, денесінің жарым-жар­ты­сы жан­сызда­нып, жаға­ла­удағы елге қарап, көз жасын бұлап, көмек-қай ырым, қимыл-әре­кет күте­ді.

Иә, өзе­гі толған мал мен жан­ды сусын­датқан, таң­дай­ы­на нәр тамы­зған, тал бой­ы­нан жүгірт­кен Жем­нің бүгін­гі жайы адам шошыр­лық. Айна­ла­сы­нан ара-ағай­ын, ара­ша тұрар тұлға іздей­ді. Жем бой­ын­да туып-өскен, Жем­нің суын ішіп, оның суы­на түсіп өскен елдің тіле­гі – бүгін­де Жем­нің үстін­де. Жем­нің бой­ын жаға­лай оты­рған жүз­де ген елді мекен­нің кей­ін­гі күйі не бол­мақ, онсыз да шық­па жаным шық­па­лап, әрең оты­рған елдің жалғы­зы да Жем емес пе еді?

Бүгін­де Жем жаға­лай қон ған ауыл­дар­дың жай-күйі жар­тым­сыз, мал бағай­ын десе – өрісі тары­лған, қара халы­қтың қолын­дағы азын-аулақ малын баға­тын жай­ы­лым­дық жер­лер­ді түгел­дей және тұта­стай кеше­гі қызыл өкі­мет­тің өктем өкіл­дері (кең­шар дирек­то­ры, аудан­дық әкім тағы сол сияқты) өздеріне өріс етіп алып, иелік ете­ді. Ауыл айна­ла­сын­дағы жай­ла­у­лар мен қыста­у­лар да солар­дың құзы­рын­да. Олар жеке шаруа қожа­лы­қта­рын құрып, жаға­лау дағы құмын қап­тап сатып отыр­са да, Жем­нің бүгін­гі бей­ша­ра халі тура­лы жақ ашпай­ды.

Ал енді мал баққан, шөп шапқан, егін еккен, білім бер­ген, ел емде­ген кәсіп иелерінің ұлта­рақтай ғана жері бар ма? Әрине, жоқ. Сол баяғы таз қал пын­да. Жем­нің суын­дағы ба лық ты былай қой­ған­да, бақа-шаянға шей­ін сүзіп алып, қай­раңын ғана тастаған кім екенін елдің бәрі біледі. Біл­се де, жұмған аузын ашпай­ды, нә тиже бол­май­ты­ны­на баяғы­да-ақ көз­дері жет­кен. Ал жер бетін­де бақа-шаян­ды кім қорек ету­ші еді? Бел­гілі жәйт – олар Ақтө­бе өңірі­нен мұнай өндіріп жатқан қытай­лы­қтар!

 

Сон­да бұл елде аң, ба
лық, құс аула­у­ға тый­ым сала­тын, айып­пұл сала­тын өкі лет­ті орын­дар жоқ болға­ны ма? Бар бол­са, мұнай өндіру­ші алпа­уыт­тар елдің қара алты­ны мен балы­ғын бопса­лап, құсын қиқу­ла­тып атып жатқан­да, аң ын аңы­ра­тып қуып жүр­ген­де, неге бұл бас­сызды­ққа тосқа­уыл қой­май­ды? Бәл­кім, «аспан ас ты» халы­қтың ерке­леріне Ұлы дала ұрпағы­ның сөзі жүр­мей ме екен?

«Сөзі жүр­мей­ді» деген­нен шыға­ды, ондаған жыл­дар бойы күні-түні мұнай өндіріп жатқан өндіріс орын­да­ры­ның ел ара­сы­на бір шақы­рым тас жол төсе­генін кім көр­ген? Сол Жем­ді жаға­лай орна­ласқан оншақты ауыл­дың бір­де-біреу іне тас жол төсел­ме­ген, көше лерінің ұзын­ды­ғы бір шақыр ымға да жет­пей­ді. Бар болға­ны екі-үш көше шаңы аспанға шы ғып, құм­ды құй­ын ала­ман бәй геге түсетін­дей көрі­неді. «Ақ төбе­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның аты дыр­дай болып, Ақтө­бенің атын әйгілеп тұрға­ны­мен, заты басқа екені де бел­гілі. Олар – қаза­қтың жерін аяу­сыз емген қытай­лы­қтар!

Сол аймақтар­дағы ауыл­дар­да жұмыс­сыз жүр­ген адам­дар қан­ша­ма? Оның басым көп­шілі­гі – өрім­дей жастар. Екі қолға бір күрек тимей, қай­ыр шылық күй кешу­де. Күн­діз-түні дамыл­сыз жанған газ шырақ тары мен түн жамы­лып жібе ретін газ қал­ды­қта­ры­ның иісі нен жер­гілік­ті халық қол­дан сатып алған ауру­дың емін таба алмай күй кешеді. Бара­тын жері, баса­тын тауы тау­сы­лған үш-төрт ауы­лға арна­лып сал ынған ауру­ха­на да жоқ. Аудан орта­лы­ғы шалғай, ауыл­дар­дың ара­сы жүз шақы­рым­дай, оған жүретін арнайы авто­бу­стар да жоқ. Бар­лы­ғы жеке мен­шік.

Әлі де бол­са Жем стан­ци­я­сын аудан орта­лы­ғы­на айнал­ды­ру – жер­гілік­ті халы­қтың кө се гесін көгер­тер еді. Бірақ бү гін­де Жем жаға­лаған жер­гілік­ті халық тар­ты­лған өзен­нің бал дыр-бат­пағы­нан аяғын ала алмай, қалың маса­сы­нан құты­ла алмай, кіре­р­ге тесік тап­пай, жан­ке­шті күй кешу­де. Мұнай шыққан, алтын шыққан ел мен жер­дің Қан­ды­аға­шқа қаты­сы қан­ша? Жоқ, бүкіл Жем бойы сол Қан­ды­аға­шқа тел­міріп қал­ды.

Жем елді мекені темір жол дың бой­ын­да тұр. Осы Жем­ді аудан орта­лы­ғы ету­ге ақса қал дар алқа­сы әлде­не­ше рет өті ніш жасап, әлде­не­ше рет тиісті құзыр­лы жер­лер­ге жазып, нә тиже шыға­ра алма­ды. Қан­ды аға­штың қалың маса­сы мен бал­дыр-бат­пағы­нан қашқан мұнай мұра­гер­лерінің бәрі бір­дей кең­се­лерін Ақтө­бе қала сына ауда­рып, өздері де жай­лы жер­ден қоныс тауып­ты. Соны­мен қатар кеңе­стік кезең­де темір жол бой­ы­на жаға­лай егіл­ген тал-теректер қурап, сидый­ған қал­пын­да, арса-арса, арлы-бер­лі сирек өткін шіден қай­ыр сұрап, қол бұлғай ды. Себебі – бұрын болған орман шару­а­шы­лы­қта­ры жап­пай жабы­лған соң, орны­на жеке мен­шік қожа­лы­қтар ашу­ды аудан, облыс бас­шы­сы да қол дамаған сияқты.

Қытай­дың мұнай алпа­уыт­та­ры салған Ақтө­бе­ден Жаңа жолға қаты­най­тын темір жол бір­де-бір елді мекен­нің үсті­мен жүр­мей, ауы­зды­қ­пен алы­сқан ат сықыл­ды айда­ла­ны кезіп ке теді. Сол жол­мен жүретін пой­ы­здар­ды бір­не­ше елді мекен­нің үсті­нен жүр­гізу­ге бол­май ма? Бол­ма­са, бір-екі вагон тір­кеп, жер­гілік­ті тұрғын­дар­ды жедел жет­кізу­ге бол­май ма? Жолақы сын төлеп жүретін тұрғын­дар дың жазы­ғы не?

 

Туған топы­рағы­нан мұнай шыққан­да, бөр­кін ас пан ға лақты­рып қуанған халық бүгін­де қытай­лық ком­па­ния лар­дың қай­ыр-садақа­сы­на тел міріп қалған. Расын­да да, мұнай шыққан жер­лер­ді, яғни мұнай өндіріп алған жер асты қуы­ста­рын сумен тол­ты­ру қажет. Ал енді тол­ты­ра­тын суды қытай­лы­қтар Хуан­хэ өзені нен тасы­май­ты­ны бел­гілі – әлбет­те, Жем­ге жүгі­неді. Мың даған тон­на мұнай алы­нған кең орын­да­ры­ның қуы­сын Жем­нің суы­мен тол­ты­ра­ды. Яғни, өзен нің суы жер асты­на сұра­у­сыз сіңіп жатыр, ол үшін қытай­лық ком­па­ния жер­гілік­ті халық түгілі, бюд­жет­ке бір тиын ақы төле­мей­ді. Сон­да олар неге Жем­нің суын сұра­у­сыз пай­да­ла­нуы керек?

Жем­нің арғы бетін қара­са ңыз, қап­таған мұнай мұна­ра лары­нан көз аша алмай­сыз. Ал ол мұна­ра­лар сорған мұнай­дың орнын тол­ты­руға Жем­нің суы кет­пей ме? Құрғап қалған, кеу іп қалған Жем­нің ақы­рғы там­шы­сы­на дей­ін тауы­сып біт­кен де, ел де, жер де жер­мен жек­сен бола­ды. Бұл сұра­у­сыз бас сызды­қтың сал­да­рын жоюға Қаза­қстан үкі­меті де құлы­қ­сыз сияқты.

Әбден тар­ты­лып, ақыр соңы ақтық демін алып жатқан Жем­ге жедел көмек керек! Көмек болған­да да, қазақ елі үкі­ме тінің үкі­мі шыға­ры­лған жан­ды көмек, көмек емес-ау, жүй­елі жос­пар, Жем­ді қорғап қалу­дың түр­лі жол­да­рын ізде­сті­ру қа жет. Оның жол­да­ры да, тәсіл дері де түр­лі­ше: эко­ло­ги­я­лық сарап­та­ма, эко­ло­ги­я­лық бақы лау, мұнай көз­дерін иге­ру­ші ком­па­ни­я­ларға айып­пұл­дар салу, салы­нған айып­пұл­ды жер гілісті мәс­ли­хат­тың шеші­мі мен жер­гілік­ті халы­қтың мұқта жына жұм­сау, қоғам­дық коми­тет, қоғам­дық қор құру, мем­ле­кет пен мұнай өндіру­шілер тара­пы­нан қыру­ар қар­жы бөлу, қоғам­дық бақы­лау орна­ту, т.с.с. шұғыл шара­лар­ды бүгін нен бастап қолға алма­са, ертең Жем жер беті­нен жоғалған күні әкім-қара да, қау­лы да, қар­жы да көмек­тес­пей­ді.

Жем­ді жаға­лай аға­тын буыр қанған бұлақтар­дың көзін ашып, көш­кен құм­ның жолы­на қалқан бола­тын көшет­тер егіп, арна­сын ашып, айна­ла­сын лас-қоқы­стан тазар­тып, халық дем ала­тын, суға түсетін орын­дарға бел­гі орна­тып, мұнай көз­дері үшін су соруға бол­май­тын ай мақ тарға арнайы бел­гілер қо йып, мәс­ли­хат­тың шеші­мі­мен заңға сәй­кес айып­пұл­дар таға йын­дай­тын да кез кел­ді.

Бел­гі демек­ші, Ақтө­бе ай мағы­нан мұнай, газ өндіріп оты­рған алпа­уыт­тар­дың артын­да қан­дай бел­гі қала­ры, ширек ғасыр жер бай­лы­ғын ием­деніп, үріп ішіп отыр­са да, жер­гілік­ті тұрғын­дарға арнап бір шар­шы метр тұрғын үй тұрғы­з­баған, мұнай­шы-жұмыс шы лар тұра­тын үйлер­ге бір­де-бір жөн­деу жүр­гіз­бе­ген, жол сал­маған, айна­ла­сын­дағы елді мекен­дер­дің екі-үш көше­сінің бір­де-біре­уіне бір тал ағаш екпе­ген. Жем­нің суын күн­бе-күн қота­рып отыр­са да, оның жер беті­нен жоға­лып кет­пе­уі үшін бір игі қадам жаса­маған, эко­ло гия­лық талап, ере­же­лер­ді өрес кел бұзға­ны былай тұр­сын, жер­гілік­ті халы­қтың қамы үшін қытай­лы­қтар­дың бұры­лып қара­маға­ны қалай? Бұған Қаза­қстан үкі­меті неге бақы­лау жаса­май­ды? Сон­да «аспан асты» елінің бай­шы­ке­ш­тері біз дің Жем­ді жер беті­нен жоғал туға кел­гені ме?

 

Ал енді қытай­лық жұмыс шылар­дан он есе төмен, 40–50 мың тең­ге айлық ала­тын жер­гілік­ті мұнай­шы­лар­дың да мұңа­я­тын жөні бар. Олар­дың арқа еті – арша, бор­бай еті – бор ша боп тапқан жалақы­сы ауыл­дық жер­де­гі үй сыпы­ру шының айлы­ғы­мен бір­дей кө рінеді. Олар­дың ден­са­улы­ғы­на эко­ло­ги­я­лық зиян ретін­де төле­нетін өте­мақы тура­лы сөз қозға­удың реті жоқ: себебі бұл тақы­рып қытай­лы­қтар­мен жа сал ған келісім-шар­тта мүл­дем көр­сетіл­ме­ген. Қытай инве­сто­ры­мен жасалған мем­ле­ке­та­ра лық келісім­де жер­гілік­ті халық пен табиғатқа келіп жатқан ке сір­дің құны көр­сетіл­ме­уі кім­нің кінәсі? Бұл да аны­қта­уды қажет ететін талап.

Бұл өңір­де ел дегені­міз – Жем, Жем дегені­міз – ел. Мұз дан сеңді бөліп алуға бол­май­ты­ны сықыл­ды елден Жем­ді бөліп қара­уға бол­май­ды. Жем жаға­лай қонған жүз­ге жуық ауыл бүгін­де неге тоз-тоз бол­ды? Жем жоғал­са, ел жоға­ла­ды деген қағи­да­ны жер­гілік­ті биші кеш тер неге біл­меді? Біле тұра, өздерінің жем­са­у­ла­ры­на түсе тін нәпақа үшін Жем­ді жатқа жем қыл­ды ма?

Осын­дай сұрақтар­дың жау­а­бын табу үшін даб­ыл қаға­мыз. Мем­ле­кет болып, ел болып, Жем нің жер беті­нен жоғал­мау ына өз үлесі­мізді қосай­ық. Бұл ара­да Қаза­қстан үкі­меті бірін­ші кезек­те­гі баста­ма­шы болуы керек. Әйт­пе­се жер­гілік­ті билік­ті қытай­лық ком­па­ния бас­шы­ла­ры көз­деріне елей­тін түрі жоқ: қит етсе, «біз мұнай өндіру­ге рұқ­сат­ты Аста­на­дан алған­быз» деп кеуде қаға­ды. Тіп­ті мен мен­сі­ген қытай­лық инве­стор дың бүгін­гі дан­дай­суы­на қара ған­да, Жем бой­ын құтқа­руға Ақор­да ара­лас­па­са, іс оңға бас­пай­тын сияқты.

Серік МҰХАМБЕТҰЛЫ,

Қаза­қстан жуна­ли­стер

одағы­ның мүше­сі,

Ақтө­бе облы­сы

 

Редак­ци­ядан: Мақа­ла авто­ры Жем өзені мен оның бой­ын жай­лаған халы­қтың про­бле­ма­сы­на қаты­сты жазы­лып, ҚР үкі­метінің пре­мьер-мини­стрі Бақыт­жан Сағын­та­ев тың аты­на жол­данған хатқа мың­нан астам адам қол қой­ға­нын мәлім­дей­ді.

Республиканский еженедельник онлайн