ОРАМАЛ ЖОЛ БОЛ…МАЙДЫ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

Мек­теп­те қызда­ры­ның ора­мал тағуын талап еткен­дер ата-ана­лық құқы­ғы­нан айы­ры­ла­ды

 

Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гінің өкіл­дері мек­теп­те қызда­ры­ның ора­мал тағуын талап еткен­дер ата-ана­лық құқы­ғы­нан айы­ры­ла­ды, деп хабар­лай­ды Stan.kz пор­та­лы КТК теле­ар­на­сы­на сіл­те­ме жасап.

 

Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гінің өкіл­дері осы­лай деп оты­рған көрі­неді. Әйт­се де әлі күн­ге дей­ін сабаққа бала­сы­ның бетін бүр­ке­ме­леп жібе­ретін­дер аза­яр емес. Олар мек­теп фор­ма­сын талап еткен мұғалім­дер­дің өздерін сот­пен қорқы­та­ды. Ал билік өкіл­дері, керісін­ше, заңға мой­ын­сұн­баған­дар­ды қатаң жаза­ла­у­ға негіз бар екенін айта­ды.

Жаңа оқу жылы басталға­лы бері оқу­шы қыздар­дың мек­теп­ке ора­мал тағып келуіне қаты­сты дау бір басы­лар емес. Мұғалім­дер Білім мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғын алға тар­тып, дін­дар ата-ана­ларға талап қой­ға­ны­мен, көбі әлі күн­ге дей­ін қар­сы­лық таны­тып келеді.

Бір Ақтө­бенің өзін­де үш жүз­ге жуық оқу­шы мек­теп­те бетін бүр­ке­ме­леп жүреді. Алға­шқы­да ата-ана­лар оны ұлт­тық киім – киме­шек­ке теңеп, алда­у­сы­ратқан еді. Кей­ін тіп­ті кей­біре­улері бала­мы­здың құқы­ғы бұзыл­ды деп, мек­теп бас­шы­ла­рын сотқа сүй­ре­ген. Бірақ бұй­ры­қтың да заң­дық күші барын біл­ген­де ғана рай­ла­ры­нан қай­тып­ты. «Ата-ана­лар­ды шақы­рып алып, қан­ша­ма рет ескерт­тік. Мек­теп­те ора­мал тағуға бол­май­ты­нын айтып түсін­дір­дік. Бірақ қар­сы бол­ды. Ақы­ры мек­теп бас­шы­лы­ғы мен білім бөлі­мін сотқа бер­ді. Сот оты­ры­сы бола­тын күні ары­зда­рын қай­та­рып алды», – дей­ді №19 мек­теп дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Эль­ми­ра Ние­та­ли­на.

Бір ай бұрын Жаңа­зен­де­гі оқу­шы­лар­дың әке­лері нара­зы­лы­ққа шыққан еді. Әйт­се де ондағы жағ­дай түзеліп, оқу­шы­лар жап­пай ора­мал­да­рын тастап­ты. Ал Ақтө­бе және Оңтүстік Қаза­қстан облы­ста­ры мен Жезқазған қала­сын­да тәр­тіп­ке бағын­бай­тын ата-ана­лар жет­кілік­ті. Сон­ды­қтан заңға мой­ын­сұн­баған­дар­ды жаза­лау артық етпей­ді дей­ді Дін істері мини­стр­лі­гін­де­гілер. Себебі ескер­туді еле­ме­ген­дер әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­ды.

Бірін­ші ескер­ту­ден соң талап­ты орын­да­маған ата-анаға жиыр­ма мың тең­ге­ден астам айып­пұл салы­на­ды. Бұған мой­ын­сұн­ба­са, ол айып­пұл екі есе­ге көбей­еді. Яғни, 45 мың көле­мін­де. Бұдан кей­ін айтқанға көн­бей, заң­ды еле­мей қой­ған ата-ана­дан бала­ны оқша­у­лап, арнайы мек­теп­ке жібе­реді. Ал бала­сы­на қаты­сты заң­ды орын­да­удан мүл­дем бас тар­тып жат­са, ата-ана­лық құқы­ғы­нан айы­ры­ла­ды.

«Неке және отба­сы тура­лы кодек­сте қарас­ты­ры­лған. Ол жер­де егер ата-ана төр­тін­ші мәр­те мұны тағы да табан­дап тіреп, қол­да­ны­стағы заң­дар­ды орын­дағы­сы кел­ме­ген жағ­дай­да ата-ана құқы­ғы­нан айы­ру қарас­ты­ры­лған. Сон­ды­қтан бүгін біз ата-анаға түсін­діріп жатыр­мыз», – дей­ді ҚР Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гінің басқар­ма бас­шы­сы Балға­бек Мыр­за­ев.

Stan.kz

Республиканский еженедельник онлайн