Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ: БОЛАШАҚТА ЕЛДЕГІ НЕГІЗГІСАЯСИ КҮШКЕ АЙНАЛАМЫЗ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

ДАТ!


 

Жуы­қта ғана мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өткен «Алаш жолы» қозға­лы­сы­ның бола­шақ іс-қимыл әре­кет­теріне қаты­сты ел ішін­де біраз сұрақ туын­даған еді. Бұл қозға­лы­стың сая­си ұста­ны­мы қан­дай? Елде­гі ұлт­тық және демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ді топ­та­сты­ру арқы­лы қалып­тасқан сая­си режим­ге оппо­нент бола ала ма? Жоқ әлде елде­гі көде­дей көп азу­сыз қоғам­дық ұйым­дар­дың бірі болып қала бере ме?

Қозға­лы­стың басқар­ма мүше­сі, қоғам бел­сен­дісі Мақ­сат Іли­ясұ­лы сей­сен­бі күні «Фейс­бук» әле­умет­тік желісі арқы­лы «тіке­лей эфир» өткізіп, желі қол­да­ну­шы­ла­ры­ның сұрақта­ры­на жау­ап берем деп хабар­ла­ма жол­даған еді. Осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, Мақ­сат мыр­за­ның аты­на «ДАТ»-тың жеті сау­а­лын жол­да­дық.

Ескер­те кетей­ік, енді ғана қаз-қаз тұрған, облы­стық бөлім­ше­лері әлі тір­ке­уден өтіп бол­маған жаңа қозға­лы­стың әзір­гі бет алы­сын білу­ге арналған сау­ал­да­ры­мы­здың ара­сын­да «жаға­дан ала­тын­дай» сая­си сұрақтар болған жоқ. Оның кезе­гі «көш жүре түзе­ледінің» бары­сын­да келіп қалуы да мүм­кін…

Ал әзір­ге біз редак­ция аты­нан жол­данған жеті сұрақ пен желі қол­да­ну­шы­лар ара­сы­нан қой­ы­лған бірер сау­ал­ды топ­та­сты­рып, Мақ­сат Іли­ясұ­лы мыр­за­ның «тіке­лей эфир» мәтінін қағазға түсіріп, ықшам­дап жари­я­лап отыр­мыз. Көзі қары­қты оқыр­ман қозға­лыс бел­сен­дісінің сөзі­нен жаңа ұйым­ның мән-жай­ын аңға­рып ала­ды деген ойда­мыз.

 

 

– Ең алды­мен мына жағ­дай­ды аны­қтап алай­ық: ресми ата­уы «Алаш жолы» жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лы­сы» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гі» деп ата­ла­тын жаңа ұйым­ды халы­ққа түсінік­ті болу үшін «Алаш жолы» қозға­лы­сы» деп қысқар­тып атай ала­мыз ба? Бұл жөнін­де қол­да­ны­стағы заң­дар қан­дай мүм­кін­дік береді?

– Бір­ле­стік­тің жарғы­сы бой­ын­ша қысқар­ты­лған түр­де «Алаш жолы» қозға­лы­сы» РҚБ деп айта беру­ге бола­ды.

 

– «Алаш», «Алаш орда», «Алаш қозға­лы­сы» сияқты қаза­ққа қаси­ет­ті ата­у­лар­ды әзір­ге қағаз жүзін­де өзіне мұра етіп алған қозға­лыс іс жүзін­де мұра­гер­лік­ке лай­ы­қты болу мін­детін (пары­зын деп айтуға да бола­ды) сіз­дер қалай түсі­несіз­дер?

– «Алаш» сөзінің қазақ үшін қастер­лі екені рас. Біз сол ата­уға лай­ық болуға тыры­са­мыз, әрине. Екін­ші жағы­нан, Әділет мини­стр­лі­гінің база­сын­да «Алаш» сөзін пай­да­ланған 83 заң­ды тұлға­ның бар екеніне көз жет­кіздім. Оның ішін­де «Алаш-Бро­кер», «Алаш-Капи­тал», «Алаш-Фильм» деп кете береді екен. Солар­дың бәрі «Алаш» сөзін ардақтап, Ала­шқа қыз­мет етсе екен дей­міз. Біз де «Алаш» аты­на кір кел­тір­ме­у­ге бары­мы­зды сала­мыз.

 

– Ол үшін қозға­лы­стың ең басты іс-қимы­лы нен­дей шара­лар­дан (облы­стық фили­ал­дар­ды тір­ке­уден өткі­зу­ден басқа) баста­луы керек деп ойлай­сыз?

– Осы сұрағы­ңы­зға кеңі­нен жау­ап берей­ін. «Алаш жолы» қозға­лы­сы» бір­ле­сті­гінің бағ­дар­ла­ма­сы мына­дай: Жер­дің ешкім­ге сатыл­мауы­на, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­ме­уіне қол жет­кі­зу; ҚР Жер кодексіне және басқа заң­дарға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу; шетел­дік­тер­ге жалға беріл­ген неме­се жеке мен­шік­ке өтіп кет­кен жер­лер­ді аны­қтау; оны мем­ле­кет­ке қай­та­ру жол­да­рын қарас­ты­ру; қаза­қстан­дық және шетел­дік банк­тер­де кепіл­де тұрған жер­лер және олар­дың саты­лу мәсе­лесі; бұдан әрі жер­ді кепіл­дік­ке қоюға тый­ым салу керек пе, жоқ па – аны­қтау; Макс Бока­ев, Талғат Аян, Арон Ата­бек, Мұх­тар Жәкі­шев, тағы басқа аза­мат­тар­дың қамаудан боса­ты­луын талап етіп, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен, шетел­дік елшілік­тер­мен бай­ла­ны­сты нығай­ту; олар­ды бостан­ды­ққа шыға­ру тура­лы талап­тар жасау; Қытай­дың 51 зауы­ты­ның Қаза­қстанға келуіне той­та­рыс беру; қай облы­ста қан­ша зауыт­тың орна­ласқа­ны тура­лы нақты ақпа­рат жинау; келіп үлгер­ген зауыт­тар­ды орна­ла­сты­ру тура­лы келісім-шар­ттар­мен таны­су және сарап­тау; әр зауыт­ты орна­ла­сты­рған кез­де Қытай­дан қан­ша жұмыс­шы күші келеді және қан­ша мерзім­ге келетінін аны­қтау.

Қозға­лыс бағ­дар­ла­ма­сы үш саты­дан тұра­ды: қысқа, орта және ұзақ мерзім­ге: Қысқа мерзім­де: бар­лық облы­стар­дан фили­ал­дар ашу; пар­ла­мент мәжілісін­де ҚР Жер кодексіне толы­қты­ру­лар мен өзгерістер енгі­зуді талқы­ла­у­ға қатар беру; «Жер тағ­ды­ры – Ел тағ­ды­ры» фору­мын ұйым­да­сты­ру; облы­стар­дағы шетел­дік­тер­ге жалға беріл­ген неме­се жеке мен­шік­ке саты­лған жер­лер­ді аны­қтау және олар­ды мем­ле­кет­ке қай­та­ру бой­ын­ша әре­кет­тер жасау (ұдайы).

Орта мерзім­де: әр фили­алға сол аймақтағы тұрақты жұмыс істей­тін 20 бел­сен­діні тар­ту; әр фили­ал­дан 2 адам­ды облы­стық әкім­нің қасын­дағы Қоғам­дық кеңе­стер құра­мы­на енгі­зу; ҚР Неке және отба­сы кодексіне, Аза­мат­тық тура­лы заңға, Көші-қон тура­лы заңға (шетел­дік­тер­дің Қаза­қстанға келіп жұмыс істе­уіне берілетін кво­та тура­лы), тағы басқа заң­дарға толы­қты­ру­лар мен өзгерістер енгі­зу тура­лы ұсы­ныс жасау; Қытай­дың 51 зауы­ты­ның келуін тоқта­ту шара­ла­рын ұйым­да­сты­ру; Макс Бока­ев, Талғат Аян, Арон Ата­бек, Мұх­тар Жәкі­шев, тағы басқа аза­мат­тар­дың қамаудан боса­ты­луын талап ету тура­лы шара­лар ұйым­да­сты­ру.

Ұзақ мерзім­де: әр фили­ал бой­ын­ша сол облы­сқа қарай­тын әрбір аудан­да тұрақты жұмыс істей­тін 10 қоғам­дық бел­сен­діні топ­та­сты­ру; әр ауыл­да 3 бел­сен­діні қалып­та­сты­ру; облыс орта­лы­қта­рын­да сол аймақтағы қоғам­дық аху­алға, жер­гілік­ті билік­тің шешім­деріне әсер ететін негіз­гі қоғам­дық күш­ке айна­лу.

 

– «Алаш жолы» қозға­лы­сы елде­гі басқа қоғам­дық, пат­ри­от­тық, демо­кра­ти­я­лық және басқа ұйым­дар­дың басын бірік­тіру­ге мұрын­дық бола ала ма? Әлде елде­гі басқа ұйым­дар «Алаш жолы­на» өздері келіп қосы­луға мәж­бүр бола­тын­дай жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лыс қалып­та­са­ды деп ойлай­сыз ба?

– Қаза­қстан­ның ғана емес, әлем­нің жағ­дайы күн сай­ын өзгеріп жатқан­да, бола­шақта мынан­дай бола­ды деп дөп басып айту, әрине, қиын. Десек те, «Алаш жолы» қозға­лы­сы сонау 2013 жылғы Қазақ ұлт­шыл­да­ры­ның құры­л­тай­ы­нан, Қазақ ұлт­тық кеңесі­нен бастау алған, соның заң­ды жалға­сы деу­ге бола­ды. Сол кез­де де айтқан едім, қазір де айта­мын, біздің бір мақ­са­ты­мыз – елі­міз­де­гі бар­лық ұлт­шыл­дар­дың, ұлт­шыл-демо­крат­тар­дың басын бірік­ті­ру. Себебі, билік қала­са да, қала­ма­са да, ұлт­шыл­дық өзінің дамуын тоқтат­пай­ды. Себебі ол табиғи заң­ды­лық. Ұлт басы­на күн туып, қауіп төн­ген кез­де ұлт өзін сақтап қалу­дың әре­кетіне көшеді. Ал бүгін­гі күн­ді қазақ ұлты­ның басы­на бұлт үйіріліп, зор қауіп төн­ген уақыт деп айтуға толық негіз бар. Сон­ды­қтан бола­шақта ұлт­шыл­дар ең негіз­гі сая­си күш­ке айна­ла­ды. Сол күштің басын бір ұйы­мға бірік­ті­ре алсақ – ең зор жеңіс сол болар еді.

 

– Қазір­гі нары­ққа бай­ланған Қаза­қстан жағ­дай­ын­да тиім­ді және жал­пақ жұрт­ты жұмыл­ды­ра ала­тын іс-қимыл­дар көр­се­ту үшін, айтар­лы­қтай қар­жы қажет. Осы­ған орай жаңа қозға­лыс ел іші­нен қар­жы­лай деме­ушілік табу үшін, ең алды­мен не істе­уі керек деп ойлай­сыз?

– Әрине, кез кел­ген әре­кет бел­гілі бір қара­жат­ты талап ете­ді. Бірақ «Алаш жолы­ның» жұмысы үшін мил­ли­он­дар, мил­ли­ард­тар керек деп ойла­май­мын. «Анти­геп­тил» қозға­лы­сын­да, өткен жылғы митинг ұйым­да­сты­ру кезін­де де мил­ли­он­дар­сыз-ақ біраз шаруа істей алдық. Десек те, қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі бар ұлт­шыл аза­мат­тар­дың «Алаш жолын» ашық бол­са да, жасы­рын бол­са да қол­даға­нын қалай­мыз.

 

– Қазір­дің өзін­де әле­умет­тік желілер­ге қара­пай­ым мони­то­ринг жүр­гіз­ген адам қоғам­дық, қозға­лы­стық жұмыста­рын бастап үлгер­ме­ген «Алаш қозға­лы­сы» мен «ДВК»-ның ара­сын­да «үйкеліс» басталға­нын аңға­ра­ды. Соңы үлкен текетірес­ке айна­лып кетуі мүм­кін мұн­дай қажет­сіз қар­сы­ла­сты­қты жою үшін не істе­у­ге бола­ды?

– «Алаш жолы» қозға­лы­сы «ДВК»-ға қар­сы емес. Ол тура­лы талай рет айтыл­ды. Бірін­ші­ден, екі топ­тың да түп­кілік­ті мақ­са­ты бір. Екін­ші­ден, «ДВК» қозға­лыс ретін­де елі­міз­де еркін де ашық жұмыс жасай ала­ды деп ойла­май­мын. Ол «Алаш жолы» сияқты ашық түр­де билік өкіл­деріне хат жазып, заң жоба­ла­рын талқы­ла­у­ға қаты­са алмай­ды. Қаза­қстан­да тұрып жатқан кез кел­ген аза­мат «ДВК»-ның аты­нан мәлім­де­ме жаса­са, оны тір­кел­ме­ген заң­ды тұлға­ның аты­нан әре­кет етті деп қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­туы мүм­кін. «ДВК»-ның жалғыз ғана жолы бар – ол әле­умет­тік желілер арқы­лы елді митинг­ке көтеріп, елде төң­керіс жасау арқы­лы билік­ті құла­ту. Ал ол жағ­дай­дың қашан бола­ты­ны бел­гісіз. Қалай десек те, мен «ДВК»-ның бағ­дар­ла­ма­сын­дағы көп мәсе­лені өз басым қол­дай­мын.

 

– «Алаш қозға­лы­сы» жетек­шілері ара­сы­на «КНБ» мен ішкі сая­сат орган­да­ры «от салуға» тыры­са­тын тех­но­ло­гия Қаза­қстан­да «жақ­сы» дамы­ға­ны­нан хабар­дар­сыз. Осын­дай жасан­ды ала­у­ы­зды­қты бол­дыр­мау үшін қозға­лыс жетек­шілері жол басын­да қан­дай қам жасап жатыр?

– Әрине, «Алаш жолы­ның» жұмысы­на кедер­гі жасап, тіп­ті тоқта­тып тастау үшін билік тара­пы­нан түр­лі қысым­дар, айла-әре­кет­тер­дің бола­ты­ны анық. Себебі жер­ді сатып оты­рған – билік, Макс пен Талғат­ты жазы­қ­сыз қамап оты­рған – билік, Қытай­дың 51 зауы­тын халы­қтан сұра­ма­стан, елге кір­гізіп жатқан да – билік. Билік­тің сон­ша маңы­зды баста­ма­сы­на, ұста­ны­мы­на қар­сы шығып оты­рған бір­ле­стік­ті маң­дай­ы­нан сипа­ма­сы бел­гілі. Бірақ «Шегірт­ке­ден қоры­ққан егін екпей­ді» дей­ді ғой. Не де бол­са нар­тәу­е­кел! Халық жап­пай қол­да­са, қолы­мы­здан әлі талай нәр­се келеді деп ойлай­мын.

 

Бах­ти­яр ТӨЛЕУ:

– Латын әлі­п­биіне өту тура­сын­да «Алаш жолы­ның» ұста­ны­мы қан­дай?

– Қоға­мы­м­ы­зда латын әлі­п­биіне өту­ге деген сұра­ныс бар. Енді­гі мәсе­ле – оның қан­дай түрін таң­дап алу тура­сын­да үлкен дау туын­дап жатыр. Ол мәсе­ле­ге тіл маман­да­ры, тіл сала­сы­ның ғалым­да­ры өз пікір­лерін біл­діріп жатыр. Мен фило­лог емес­пін, бірақ соның ішін­де «бір әріп – бір дыбыс» деген ұста­ным­ды өз басым қол­дай­мын.

– 51 қытай зауы­ты­на шек­теу болар қан­дай жос­пар бар? Сол жоба­лар­ды жүр­гізіп оты­рған үкі­мет отстав­каға кетуі керек пе?

– Қытай­дың 51 зауы­ты­ның Қаза­қстанға тигі­зер әсері тура­лы зерт­теу, сарап­тау жұмыста­ры жүр­гізілуі керек деп есеп­тей­мін. Себебі ол жер­де түр­лі мәсе­ле бар. Мәсе­лен, әрбір зауыт­тың орна­ла­суы­на қан­ша жер беріледі? Ол қан­дай шар­тпен беріледі? Әрбір зауыт­ты салуға, оны іске қосуға Қытай­дан қан­ша жұмыс­шы-маман­дар келеді және қан­ша мерзім­ге? Ол зауыт­тар­дың қан­ша­сы хими­я­лық зауыт­тар бола­ды? Зауыт жұмысы­ның Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның ден­са­улы­ғы­на, қор­шаған ортаға, эко­ло­ги­яға әсері қан­дай бола­ды? Зауыт жұмысы Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на, әле­умет­тік жағ­дай­ы­на қалай әсер ете­ді? Мыса­лы, «Абу Даби Пла­за­ның» ере­же­сі бой­ын­ша, ол салы­нып біт­кен­нен кей­ін 20 жыл бойы ара­б­тар­дың иелі­гін­де бола­ды және тапқан табыстан ешбір салық төлен­бей­ді. Сол сияқты зауыт­тар­дың келуі елі­міз үшін пай­да­лы ма, қауіп­ті ме деген сұраққа әлі жау­ап жоқ. Сон­ды­қтан билік, қоғам­дық ұйым­дар әр зауыт тура­лы үлкен талқы­ла­у­лар, сарап­та­у­лар жаса­уы тиіс.

 

Саты­бал­ды ЖАУХАНҰЛЫ:

– Саты­лып кет­кен жер асты, жер үсті бай­лы­қта­ры­мы­зды халы­ққа, оған қарас­ты өндіру­ші ком­па­ни­я­лар­ды үкі­мет­ке қай­та­руға бола ма?

– Қазір жастар жұмыс­сыз, жұмысқа кіру үлкен про­бле­ма. Қазір­гі пре­зи­дент оты­рған­да, бүгін­гі билік жүй­есі өзгер­ме­ген­ше, жер бай­лы­ғын қай­та­ру да, саты­лып кет­кен ком­па­ни­я­лар­ды қай­та­ру да мүм­кін емес. Ол үшін ең алды­мен билік­ті де, билік жүй­есін де өзгер­ту қажет.

 

Герой­хан ҚЫСТАУБАЕВ:

– Мақ­сат мыр­за, Жер комис­си­я­сы ұсы­нған 11 ұсы­ны­стың ішін­де өткен жылғы «Алаш жолы» бастаған халы­қтық талап: «Жер сатыл­ма­сын, жатқа жалға беріл­месін!» деген бір ауыз сөз жоқ. Енде­ше осы қазір пар­ла­мент­те қара­лып жатқан Жер кодексіне сол 11 ұсы­ны­сты түгел­дей дер­лік ендір­сек те, жері­міз аук­ци­он арқы­лы саты­ла­ды, шетел­дік­тер­ге 25 жылға жалға беру­ге де бола­ды деген сөз.

Сұрақ: Жер­ком халы­қты алдау бол­ды ма? Сон­да өткен жылғы «Алаш жолы­ның» еткен ерен еңбе­гі зая кет­ті ме?

– Жер комис­си­я­сы ең басы­нан-ақ жер­ді шетел­дік­тер­ге сат­па­уға, жалға беру­ге тый­ым салу­ды қол­даған жоқ. Есіңіз­де бол­са, сол комис­си­яға қаты­сқан 73 адам­ның тек 11-і ғана жер шетел­дік­тер­ге сатыл­ма­сын, жалға да беріл­месін деген ұста­ным­ды қол­даған. Сон­ды­қтан жер комис­си­я­сы жасаған 11 ұсы­ны­стың ішін­де жер­ді шетел­дік­тер­ге сат­пау, жалға да бер­меу мәсе­лесі кір­мей­тінін сол кез­де-ақ біл­ген­біз. Шешім басым дауы­спен жаса­ла­ды деген соң, Зәу­реш Бат­та­ло­ва еке­уі­міз ол комис­сия құра­мы­нан шығып кет­кен бола­тын­быз. Қоры­та айтар бол­сақ, ол комис­сия жер дауын шеш­кен жоқ. Оның жұмысы өте қанағат­та­нар­лы­қ­сыз аяқталған. Сон­ды­қтан да жер дауы әлі шешіл­ген жоқ.

 

Мей­ір­хан БАЙДҮЙСЕН:

– Мақ­сат Іли­ясұ­лы, сіз Айдос Сарым, Расул Жұма­лы, Досым Сәт­па­ев­тар­мен сұх­бат неме­се пікір­та­лас өткізіңіз­ші, оны халық көр­сін. Бұл халы­қтың сіз­ге деген сені­мін арт­ты­ра­ды.

– Ондай пікір­та­лас неме­се пікір алма­су, бір­ле­се талқы­лау жағ­дай­ла­ры алдағы уақыт­та бола­ды деп үміт­те­не­мін. Жал­пы, ондай талқы­ла­у­лар­дың болға­ны дұрыс. Сон­ды­қтан ондай ұсы­ны­стар бол­са, бас тарт­пай­мын.

 

Нұқ ҚАБДОЛДАҰЛЫ:

– Қаза­қты бас көтерт­пей, ұлт­тық мүд­де­мізді қор­лап жатқан бөтен­шіл билік­ке қан­дай талап қоя­сыздар?

– Бұл жал­пы­ла­ма сұрақ екен. Қоя­тын талап та, шешіл­ме­ген мәсе­ле де көп. Қаза­қстан­ның бар­лық про­бле­ма­сын «Алаш жолы» ғана шешеді неме­се соған жау­ап­ты бола­ды деп айтуға кел­мей­ді. «Алаш жолы­нан» басқа да 30 мың­нан аса қоғам­дық ұйым, пар­ти­я­лар, қозға­лы­стар бар. Сон­ды­қтан «Алаш жолы» бірін­ші мәсе­лені сол жер­ден баста­уды жөн көріп отыр. Әрі қарай Құдай қала­са – көре­рміз. Жал­пы, ел үшін, жер үшін, қаза­қтың бола­шағы үшін істе­лер шаруа көп, соның шешілуі жолын­да ешнәр­се­ден аянып қал­май­мыз.

 

Нұр­бер­ген ТАЛАСБАЕВ:

– Біздің қоғам­ды түп-тамы­ры­мен шірітіп, құла­туға айналған жемқор­лы­қ­пен қалай күре­су керек және оны жеңу­ге бола ма?

– Ұшан-теңіз бай­лы­қтың үстін­де оты­рған Қаза­қстан­ның айнал­ды­рған 17 мил­ли­он халқы­ның кере­мет шалқып өмір сүруіне болар еді. Халы­қтың осын­дай күй­зеліс­ке ұшы­ра­уы­ның негіз­гі әрі бір­ден-бір себебі – жемқор­лық. Жемқор­лық билік басы­нан, билі­гі, лау­а­зы­мы қолын­да оты­рған адам­дар­дан баста­ла­ды. Менің ойым­ша, бүгін­гі пре­зи­дент тірі тұрған­да, қазір­гі қалып­тасқан сая­си жүйе мызғы­май тұрған­да, жемқор­лы­қ­пен күре­су аса қиын, тіп­ті мүм­кін емес сияқты. Бірақ бар­ша халық бірі­гіп, билік­ке өз сөзін өткі­зе ала­тын дәре­же­ге жет­кен­де, жемқор­лық та едәуір бәсең­дей­ді деп ойлай­мын. «Қазан­нан қақ­пақ кет­се, иттен ұят кете­ді» деген сөз бар. Иттер ыры­сы­мы­зды қала­у­ын­ша жеп, қымқыр­мас үшін, сол қаза­нға әрқай­сы­мыз қақ­пақ бола білуі­міз керек.

 

Мәтін­ді дай­ын­даған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

Бұл екі ара­да

 

Аста­на мен Алма­ты­да

«АЛАШ ЖОЛЫНЫҢ»

фили­ал­да­ры құрыл­ды

 

Қыр­күй­ек­тің 12-сін­де «Алаш жолы» жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лы­сы» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің (бұдан әрі – бір­ле­стік) Аста­на қала­сын­дағы мүше­лерінің жина­лы­сы болып, оның шеші­мі­мен бір­ле­стік­тің Аста­на қала­лық фили­а­лы құрыл­ды.

 

Бір­ле­стік­тің Аста­на қала­сы бой­ын­ша фили­а­лы­ның дирек­то­ры болып «Анти­геп­тил» қозға­лы­сы­ның және «Алаш жолы» қозға­лы­сы­ның бел­ді мүше­сі, бел­гілі бел­сен­ді, айту­лы аза­мат Еділ Мәкен біра­уы­здан сай­лан­ды.

Ал осы сей­сен­бі – қыр­күй­ек­тің 19-ы күні Алма­ты­да «Алаш жолы» қозға­лы­сы­ның фили­а­лы құры­лып, фили­ал төраға­сы болып бел­гілі аза­мат, елге таны­мал бел­сен­ді Ғаби­ден Жәкей сай­лан­ды.

Алға, жігіт­тер! Қоғам­ды өзгер­тер күн туды!


 

Республиканский еженедельник онлайн