ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҚОРҒАҒАН СОТ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

Мәсе­ленің мәні

 


Осы жыл­дың көк­те­мін­де Алма­ты облы­сы Ұйғыр ауда­ны Кет­мен ауы­лын­дағы мек­теп­те орын алған жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты интер­нет желісін­де әртүр­лі пікір­лер жазы­лған еді. Сол оқиға бой­ын­ша жаз мез­гілін­де аудан­дық про­ку­ра­ту­ра «ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­дыр­ды» деген айып­пен үш келін­шек және бір ер аза­матқа ҚК 174-бабы­мен «бей­біт­шілік­ке және адам­зат қауіп­сізді­гіне қар­сы ауыр дәре­же­де­гі қыл­мысты жаса­ды» деп іс қозғап­ты. Про­ку­ра­ту­ра ШҚО фило­ло­ги­я­лық сарап­тау инсти­ту­ты­ның «ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­ды­ру бел­гілері бар» деген тұжы­ры­мы­на сүй­еніп­ті.

 

Мен мұны тамыз айы­ның орта­сын­да ести салып, шұғыл түр­де айы­пқа тар­тыл­мақ төрт­тік­ті қорғау тобын ұйым­да­стыр­дым. Себебі бұл жер­де тара­зы басын­да екі адам­ның араз­ды­ғы, я біре­удің жасаған ұрлы­ғы емес, ұлт­тық рух тұр­ды! Ұлт­тық рух – шыны тәрізді нәзік дүние. Шетіне түс­кен сызы­қтың аяғы­на дей­ін бара­ры анық. Сон­ды­қтан бары­мы­зды салып, рух­ты қорғау керек бол­ды.

Осы мақ­сат­пен Алма­ты­дағы «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты», «ДВК», «Алаш жолы» сияқты қоғам­дық ұйым­дар­дың мүше­лері мен қол­да­у­шы­ла­ры, қоғам бел­сен­ділері мен жур­на­ли­стер­ден тұра­тын алға­шқы топ Ұйғыр ауда­ны­ның орта­лы­ғы – Шон­жы қала­сы­на барып, аудан­дық әкім, про­ку­рор, ІІБ, ҰҚК-нің өкіл­дері­мен кең көлем­де әңгі­ме­лесіп қайт­тық. Бірақ олар­дың бар айтқа­ны: «Іс сотқа өтіп кет­ті. Сон­ды­қтан бәрін сот шешеді. Сіз­дер­дің екі ұлт ара­сы ушы­ғып кет­пе­сін деген алаң­да­у­шы­лы­қта­ры­ңы­зға өте разы болған­ды­қтан ғана, біздің қолы­мы­здан келетін бар жақ­сы­лық – бұл бап­тың барын­ша ең жеңіл жаза­сы – екі жыл бас бостан­ды­қта­рын шек­теу, яғни шар­тты түр­де­гі жаза­ны сұрай­мыз», – деп уәде етті. Оның үстіне бұл бап аса ауыр дәре­же­де­гі қыл­мыс болып табы­лған­ды­қтан, бітім­гер­шілік (келісім­гер­шілік) тәсіл­мен шешу жолы заң­да жоқ, қарас­ты­рыл­маған екен. Тұй­ы­ққа тірел­дік.

Деген­мен, біздің мақ­са­ты­мыз: бала-шағы­сын қарап, ата-енесін бағып-қағып, сиы­рын сауып оты­рған 30–35 жастағы ауыл келін­шек­тері мен сол жастағы ер аза­ма­ты­мы­зды қорғап қала алма­сақ та, мораль­дық тұрғы­да барын­ша қол­дап оты­ру бол­ды. Ақы­ры айып­та­лушы төрт аза­мат­ты қалай да ақтап алу үшін «Ұлт­тық топ» құрыл­ды. Топқа ерік­ті 47 адам кір­ді.

Сот­тың ең алға­шқы алдын ала тың­дау оты­ры­сы­на Алма­ты­дан осы топ­тың он мүше­сі бар­дық. Міне, қуа­ныш! Айып­та­лушы­лар бізді көр­ген­де, қуа­ны­штан жанар­ла­ры­нан нұр шашып тұр­ды. Сон­дағы бар болға­ны – әрқай­сы­мыз шама­мы­зға қарай екі-үш мың тең­ге­ден шыға­рып, 280 шақы­ры­мға жет­кені­міз ғана. Қаста­ры­нан табы­лға­ны­мыз ғана. Сол жер­де­гі топ мүше­лері осы­дан кей­ін бола­тын сот оты­ры­сы­ның бәріне қаты­са­мыз деп шештік.

 

174-бап­ты жою керек!

«Ұлт­тық топ» өз ара­сы­нан «деле­гат­тар» таң­дап, 2 қазан күні Тал­ды­қорған қала­сы­на барып, облы­стық әкім­ге, про­ку­ра­ту­раға, ІІБ мен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның фили­а­лы­на кір­дік. Осы жер­де ерекше шұғыл, игі қимыл­да­ры­мен көңілі­міз­ден шыққан «нұро­тан­дық» Ғали­асқар Сары­ба­ев бауы­ры­мыз біздің көзі­міз­ше аудан­дық және облы­стық әкім­шілік, про­ку­ра­ту­ра, сот төраға­ла­ры­на теле­фон шалып сөй­ле­сті. Бәріне істі ұлт араз­ды­қты қоз­дыр­май­тын жолын тауып шешуді нықтап ескерт­ті.

Шынын­да да, бұл қозға­лып оты­рған іс, ұлт араз­ды­қты басу емес, керісін­ше, қоз­ды­ру еді. Қызы­ғы сол, қоз­ды­ру­шы – билік­тің өзі болып отыр! Қараңыз. Әле­умет­тік желі­де көтеріл­ген шу, оған жазы­лған «ұйғыр ұлты­на қар­сы пікір­лер» мамыр айын­да болған. Содан про­ку­ра­ту­ра ол пікір­лер­ге мони­то­ринг жасап, басқа өлке­де­гі сарап­тау инсти­ту­ты­ның тұжы­ры­мын алған­ша, ара­да өткен үш-төрт айдың ішін­де ел бәрін ұмы­тып, өз тір­шілі­гі­мен күн кешіп жат­ты.

Содан ел тыныш, «аспан ашық», ұйғыр мен қазақ ағай­ын­дай ара­лас-құра­лас өмір кешіп жатқан мамы­ра­жай шақта «бей­біт­шілік­ке және адам­зат қауіп­сізді­гіне қар­сы ауыр дәре­же­де­гі қыл­мысты жасаған» ауыл­да­рын­да ала сиыр­ла­рын сауып, жай жүр­ген үш келін­шек­ті тауып алып­ты! Жұрт ұмы­тып, жазы­лып кет­кен «жара­ны» елдің есіне салып, «емде­мек­ші». Ал ойланған ада­мға бұл «емдеу» – екі ұлт ара­сы­на жаққан от еді!

Мыса­лы, осы төрт аза­ма­ты­мыз жаза­лан­ды делік. Олар­дың бәрі қаза­қтың білім­ді, оқы­ған, ина­бат­ты келін-қызда­ры екені көрініп тұр. Сон­да сырт жұрт, таны­ста­ры, ауыл­даста­ры не ойлай­ды?

Ең басты­сы, бұдан қазақ жаста­рын­да ұйғыр­ларға деген «кек» қала­ды. Жастар­дың бәрін тегіс қадаға­лай алмай­сың. Күн­дер­дің күнін­де тағы бір осын­дай шу шық­са, біт­ті, ол кез­де осы «кек» оянып, жағ­дай ыры­ққа көн­бей кетері анық. Бүгін­гі қозға­лып оты­рған бұл «қыл­мыстық» іс – уақы­ты кел­ген­де қала­саң да, қала­ма­саң да, көміл­ген мина! Ол бір күні жары­ла­ды! Біз билік­ке осы­ны айтып түсін­дір­дік.

Міне, біздің бүгін­гі жетесіз билік­тің жет­кен жері! Ұлт араз­ды­қты сол ұлт­ты сот­тап, жаза­лап, жер­ге тығу­мен емес, тек қана дұрыс ұлт­тық сая­сат­пен шешу­ге бола­ды! Сон­ды­қтан ұлт араз­ды­қты баса­тын емес, көріп оты­рға­ны­мы­здай, қоз­ды­ра­тын 174-бап­ты не ұлтқа залал­сыз етіп өзгер­ту керек, не мүл­дем жою керек. Мұны өмір­дің өзі дәлел­деп бер­ді.

 

Тыным­сыз еңбек – түбін­де жең­бек!

Соны­мен, үш айға жуық уақыт­та сот­тың алты-жеті оты­ры­сын арт­та қал­дыр­дық. Әр оты­ры­ста қол­да­у­шы болып барған­дар­дың саны оннан кем болған емес. Соңғы оты­ры­сы 25 қазан күні сағат 15.00-ге бел­гі­лен­ген еді. Алма­ты­дан қол­да­у­шы болып, 20 адам бар­дық. Судья шешім­ді оқып жатыр. Бірін­ші айып­та­лушы – ақтал­сын. Екін­ші айып­та­лушы – ақтал­сын. Қуа­ны­штан жүре­гі­міз жары­лып кетей­ін деп тұр! Үшін­ші, төр­тін­ші – ақтал­сын! Судья оқып біт­ті.

Біз бір-бірі­мізді құшақтап, құт­ты­қтап, сүй­ісіп жатыр­мыз. Ақталған бір қызы­мыз: «Аға­лар, әпке­лер, бұл сіз­дер­дің жеңістеріңіз! Қаза­қтың жеңісі! Сіз­дер бол­маған­да, біз сот­та­лып кетер едік. Менің туы­сқан­да­рым бас тар­тып, мұн­да кел­меді. Сіз­дер бол­маған­да, мен өзім­ді ешкім­ге керексіз жетім­дей сезі­нер едім. Мен сіз­дер­дің бәріңізді сүй­е­мін», – деп, жылап жібер­ді! Біз де ол қарын­да­стың сөзіне қосы­лып жыла­дық.

Бұл сот­тан соң, келесі күні (26 қазан) таңер­тең­гі сағат 10.00-де көп­ке дей­ін біз­дер біл­мей, есті­мей кел­ген тағы бір 21 жастағы бала­ның кезек­ті сот оты­ры­сы болуға тиіс еді. Сол баяғы 174-бап бой­ын­ша. Біз сол қүні Шон­жы­дан 20 шақы­рым жер­де­гі Тасқа­ра­су ауы­лын­дағы, осы сотқа басы­нан бастап бел­сен­ді ара­ла­сып жүр­ген жел­тоқ­сан­шы – Гүл­затхан Темір­бе­ко­ва­ның 80-ге кел­ген ана­сы­ның үйін­де 10 адам түнеп шықтық. Ертесіне айты­лған уақыт­та сотқа кел­дік. Бірақ про­ку­рор жарыс­сөз­ге дай­ын емес­пін деген соң, судья сот оты­ры­сын түстен кей­ін­ге, сағат 16.00-ге бел­гіледі. Осы уақыт­та тағы кел­сек, алды­мы­здан адво­ка­ты­мыз шығап, оты­ры­сты ертең­гі 10.00-ге шегер­ді деді.

Бұл енді бізді әбден мезі етіп, шар­ша­тып, қай­тып кет­сін дегені деп ұқтық. Сосын кеше­гі «жеңіліп» қалған­да­ры­ның есесін осы жас бала­дан алып, айып­тау жаза­сы­на кеспек деген ойға кел­дік. Біз қан­да­сы­мы­зды қиын жағ­дай­да жалғыз қал­дыр­май­мыз деп, Шон­жы­да тағы бір күн қона­мыз деп шештік. Тағы да сол Гүл­затхан­ның үйін­де бол­дық.

Ал мен түн­де­летіп Алма­ты­ға кел­дім де, ертесіне таңғы сағат 6-да тағы да екі көлік – он адам болып, Шон­жы­ға қарай жол тарт­тық. Екін­ші көлік­те «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты­ның» төраға­сы Болат Құрым­ба­ев бастаған, төстері медаль­ға толы бес Жел­тоқ­сан қаҺар­ма­ны! Уақы­тын­да жет­тік. Тасқа­ра­су­да түнеп шыққан­дар­да осын­да екен.

Нақ осы уақыт­та, нақ осы сот ғима­ра­ты алдын­да бет­терін тұм­ша­лаған жүз­де­ген арнайы жасақ «оқу-жат­ты­ғу» шара­ла­рын өткізді. Бұл билік­тің халы­қты үрей­де ұстау үшін қол­да­на­тын баяғы­дан келе жатқан бел­гілі тәсілі. Оның қысқа ғана бей­не­жа­з­ба­сын, түсіру­ге тый­ым сал­са да, біз интер­нет­ке жүк­теп үлгер­дік.

Бұл сот­та қол­да­у­шы­лар саны 30 адам бол­ды! Мұны көр­ген про­ку­рор: «Сіз­дер көбей­іп жат­сыздар ғой» деген таң­да­ны­сын жасыр­ма­ды.

Бірақ біздің адво­ка­ты­мыз бастап, оны про­ку­рор қоштап, істі «шала» деп «нара­зы­лық» таны­тып, қай­та тер­ге­у­ге жібер­ді. Жібе­ре бер­сін. Қол­да­у­шы­лар әу басын­дағы­дай емес, соңғы жағын­да баруға көп­теп ниет біл­діріп, көлік­ке сый­май, кезек­ке тұра­тын бол­ды. Ол жігіті­мізді де қол­дай­мыз, қорғай­мыз. Әр қазақ – біздің жалғы­зы­мыз!

Бұл сот, яғни 174-бап­пен қозғалған қыл­мыстық іс – аузын ашу құқы­ғы­нан айы­рып, қаза­қты жер­ге тыға­тын амал. Бұған дей­ін бұл бап­пен айып­талған бір­де-бір адам ақта­лып шыққан емес!

Мыса­лы, бұл сот­та әдет­те­гі­дей жеңіліс тапқа­ны­мы­зда, сол аймақтағы ел өзін-өзі қорғау қабілеті­нен айы­ры­лып, сана­ла­ры­на «біз бәрібір жеңіле­міз» деген­ді құй­ып алған болар еді. Ал бұл ұлт­тық рух­тың сынуы, жан­шы­луы! Сон­ды­қтан Шон­жы соты­ның ақтау шеші­мі – кіш­кен­тай бол­са да, тари­хи мәні бар жеңіс бол­ды! Ұлт­тық рух­тың жеңісі!

 

Төр­теу түгел бол­са…

«Ұлт­тық топ» құқық қорғау офи­церінің: «Әке-шешеңді ертіп барып, олар­дан кешірім сұра» деген сөзіне: «Мен сот­та­лып кет­сем де, әке-шеше­ме ешкім­нен кешірім сұрат­пай­мын!» – деп жау­ап бер­ген айып­та­лушы Мақ­пал Шадан қарын­да­сы­мы­зға, сон­дай-ақ сотқа барып, пәр­мен­ді қол­дау көр­сет­кен және өзінің жұмыс бабы­мен бара алмай­ты­нын айтып, азды-көп­ті жол-пұлы­мы­зға жәр­дем­дескен жел­тоқ­сан­дық Гүл­жа­мал Кен­жа­ли­е­ваға, Бәй­ді­бек ата ауы­лы­ның тұрғы­ны, ұлт­шыл аза­мат Серік Абай­ға, тағы басқа да бар­лық абзал аза­мат­тарға (сурет­те) алғыс айта­ды!

Келе­шек­те, әрине, мұн­дай жағ­дай қай­та­лан­ба­сын! Ал қай­та­ла­на қал­са, яғни ұлт­тық рухы­мыз тара­зы басы­на түс­се, онда біз аян­ба­уы­мыз керек. Рухын қорғай алмаған ұлт ұлт­ты­ғы­нан айы­ры­ла­ды! Рух­ты түсір­меу – киелі күрес! Сон­ды­қтан Шон­жы­дағы сот өзге сот­тар­дан өзінің мәні мен мағы­на­сы жағы­нан терең, сал­мағы басым еді. Мұны түсіне біл­ген бар­лық аза­мат – шын ұлт жана­шыр­ла­ры болып табы­ла­ды!

 

Герой­хан ҚЫСТАУБАЕВ,

арнайы

«DАТ» үшін

Республиканский еженедельник онлайн