Генерал Рахимовтың ескерткіші ӨЗ ОРНЫНА ҚОЙЫЛАДЫ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

 

Соғы­стан жет­кен жаңғы­рық


Совет Одағы­ның Баты­ры гене­рал Сабыр Рахи­мо­втың Таш­кент­те­гі ескерт­кі­ші бұры­нғы тұрған орны­на қай­та қой­ы­ла­тын бол­ды, деп мәлім­деді Өзбек­стан пре­зи­ден­ті Шав­кат Мир­зи­я­ев. Наман­ган облы­сы­на сапар­лап барған Мир­зи­я­ев гене­рал Рахи­мо­втың ескерт­кі­шін қала орта­лы­ғы­на қай­та орна­ту – «тари­хи әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­ті­ру» актісі бола­ты­нын айт­ты.

 

Сабыр Рахи­мов Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа 1941–1945 жыл­да­ры қаты­сқан, соғы­стың соңы­на қарай атқы­штар диви­зи­я­сы­ның қол­бас­шы­сы болған. «Темір гене­рал» деген лақап атқа ие болған Рахи­мов 1945 жылы науры­зда Еуро­па­да одақ­та­стар әскері Гер­ма­ни­я­ны жеңу­ге бір­не­ше апта қалған­да қаза тап­ты. 1965 жылы оған өлген­нен кей­ін Совет Одағы­ның Баты­ры атағы беріл­ді. 1981 жылы Таш­кент­тің орта­лы­ғын­да гене­рал Рахи­мо­вқа ескерт­кіш орна­ты­лған еді. 2010 жылы ол ескерт­кіш қала сыр­тын­дағы парк­ке ауы­сты­ры­лып, Таш­кент­те­гі оның аты беріл­ген көше мен аудан­ның ата­уы өзгер­тіл­ді.

Шав­кат Мир­зи­я­ев өткен айда Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс жыл­да­ры ұлты әртүр­лі 15 жетім­ді асы­рап алған өзбек отба­сы­на орна­ты­лған совет кезеңінің ескерт­кі­шін бұры­нғы орны­на қоюға пәр­мен бер­ген.

 

Душан­бенің билі­гі «ӨШПЕС ПОЛК» шеруіне рұқ­сат бер­меді

 


 

Душан­бе­де Ұлы Отан соғы­сы құр­бан­да­рын еске алуға арналған «Өшпес полк» шеруі биыл бол­май­ды. Тәжік­стан аста­на­сы­ның билі­гі қауіп­сіздік шара­ла­ры­на сүй­еніп, мұн­дай шеру жаса­уға рұқ­сат бер­меді.

 

Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 73 жыл­ды­ғы қар­саңын­да арда­гер­лер одағы қала­лық әкім­дік­ке «Өшпес полк» шеруін өткі­зу тура­лы өтініш түсір­ген. Дәл осы уақыт­та әлем елдерін­де орыс мәде­ни­етін наси­хат­та­у­мен айна­лы­са­тын «Рос­со­труд­ни­че­ство» өкіл­ді­гі соғыс арда­гер­лерінің сурет­тері мен пла­кат­тар­ды 9 мамы­рға тегін басып беретінін хабар­лаған.

Есі­мі атал­маға­нын қалаған қала­лық әкім­шілік өкілі 8 мамыр­да Душан­бе­де Жеңіс күніне орай көп­те­ген шара­лар өтетінін, бірақ оның ішін­де «Өшпес полк» шеруі жоқ екенін айт­ты.

Арда­гер­лер одағы да ресми рұқ­сат беріл­ме­генін рас­та­ды.

«Өшпес полк» акци­я­сы – соғы­сқа қаты­сқан арда­гер­лер­дің сурет­терін көтеріп шеру­ле­ту – соңғы бір­не­ше жыл­да Ресей­дің көп­те­ген қала­ла­рын­да, соны­мен бір­ге бұры­нғы КСРО мем­ле­кет­тері мен басқа да елдер­де 9 мамыр­да ұйым­да­сты­ры­ла­ды.

Душан­бе билі­гі мұн­дай шеруді өткізу­ге өткен жылы да рұқ­сат бер­ген жоқ. Соған қара­ма­стан, әске­ри шеру аяқталған соң, жүз­де­ген душан­белік «Өшпес полк» акци­я­сы­на қаты­сқан.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн