ДАУЛАССАМ ҚАЙТЕДІ?

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Бір ілкі сәт


 

Бүгін АЛТЫНБЕКТІҢ туған күні. Сол себеп­ті еске түс­кен бір оқиға. Депу­тат сай­ла­уы бола­тын кездің алдын­да Алтын­бек Сәр­сен­бай Рай­ым­бек ауда­ны­нан шыққан зия­лы қауым­ды Кеген­ге жинап, үлкен бір еле­улі оқиға жаса­ды. Сол кез­де жақын таны­стық. Сосын Қай­нарға барып, ақын Алдаб­ер­ген Жан­да­ра­ло­вты және менің әкем­ді еске алу кешін өткіз­бек бол­дық. Кей­ін­нен сыр­ла­са, білі­се келе, менің әкем­нің еске алуын келер жылға қал­ды­рып, халық теат­рын қай­та ашу­ды жос­пар­ла­дық… Орын­дал­май қалған арман болып қал­ды ол.

Мынау сурет (қараңыз) сол кештің жар­на­ма­сы еді. Өзім­де әлі бір­не­ше дана­сы су жаңа сақта­лып қал­ды.

Нары­нқол­дың халық теат­рын қай­та ашсақ деп аттан­даға­ны­ма да біраз бол­ды… Түбі ашар­мыз…

Енді негіз­гі әңгі­ме­ге көшей­ін. Сай­ла­уды бекер еске алған жоқ­пын, Алты­кеңе уәде беріп, сай­лау кезін­де «Терісқақ­пай» бір­ге жүреді деп келіс­кен едік. Аяқ асты­нан Заман­бек аға­мыз үйіне шақы­рып, әпкесі Панар­күл тәте­міздің сай­ла­у­ға түсетінін айт­ты. «Шешек­тер, әпке сен­дер­дікі, сен­дер бір­ге жүресің­дер!» – деді. Енді Алтын­бек­тің алды­нан өтіп, «естір­ту» керек бол­ды. Кеш­тетіп Фур­ма­нов пен Құр­манға­зы қилы­сын­дағы «Қабыл­дау үйін­де» кез­де­стік. Шай ішіп, оны-мұны айтып, қал­жы­ң­да­сып, ұзақ оты­рып­пыз. Сыр­тқа шығап, шам­ның астын­да тағы да әңгі­ме біт­пей тұрып қал­дық. Бір кез­де Алты­кең:

– Оһо, Аске, суретің көбей­іп жатыр, енді тіп­ті «таны­мал» бола­тын бол­дық! – деп күл­ді. Көше бой­ын­да бір қара джип­тің тере­зесіне фото­ап­па­рат­ты тіреп қой­ып, бізді сурет­ке түсіріп отыр екен «біре­улер».

Енді сол сурет­тер­ді кім­нен сұра­сам екен деп отыр­мын…

Асқар НАЙМАНТАЕВ

 

 

Comments

 

Ермұрат БАПИ:

Ол сурет­тер­ді бір тап­саң, «кон­тор­дың» архиві­нен таба­сың, Асе­ке. Расын­да, ол «кең­сенің» мұраға­ты мұр­сат бер­се, ол сурет­тер табы­ла қал­са, кере­мет ескерт­кіш болар еді! Қалай десек те, Асқар бауы­рым, ілкі сәт сияқты осы өткен жәйт­ті есіңе алып, есіңе алып қана емес, оны жал­пақ желі­ге жари­я­лап оты­рға­ның – сенің адал аза­мат­ты­ғың, батыл­ды­ғың мен қай­сар­лы­ғың деп білем. Әйт­пе­се Алтын­бек­тің туған күні қар­саңын­да «естелік жазып бер­ші» деп, редак­ция тара­пы­нан ұсы­ныс жасалған екі бір­дей жол­да­сы ұшты-күй­лі хабар­сыз кет­ті…

 

 

 

Республиканский еженедельник онлайн