ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, АШЫҚ МЕКЕМЕ

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Газет­тің 27 қыр­күй­ек­те­гі №34(446) санын­да Ора­за­лы Сәб­ден мыр­за­ның сұх­ба­ты жари­я­ла­нып­ты. Газет тіл­шісі оның өзін-өзі мақтап, басқа – өзі­нен үлкен ака­де­мик ғалым­дар­ды дат­тап, өтірік пен өсек­ке толы, шын­ды­ққа жана­спай­тын сұх­ба­тын басты­рып­ты.

Тіл­ші оған ең негіз­гі сұрақты қой­маған: ака­де­ми­к­тер­дің қолын кім­дер және не үшін жасан­ды «под­дел­ка» етіп, Елба­сы аты­на және осы газет­ке бер­ген? Егер осы Бас ака­де­ми­я­ны, ол өзі айтқа­нын­дай, жек көр­се, неге қай­та-қай­та кон­кур­сқа түсіп, сай­лан­бай қалып жүр?
Осы жер­де біз өткен жолғы­дай құжат (доку­мент) арқы­лы оның өтірік­терін шыға­ра­мыз. Ал О. Сәб­ден мыр­за ешқан­дай құжат­сыз, тек бай­ба­лам өтірік айтып, әркім­ге күйе жаққы­сы келеді. Ол кісі 2013 жылғы сай­лау құжат­та­ры сақтал­маған шығар деген оймен өтірік айт­ты ма – біл­медік. Бірақ біз­де бар­лық құжат­тар архив­те сақта­у­лы. Міне (фото­кө­шір­мені қараңыз) О. Сәб­ден мыр­за­ның ҰҒА кор­ре­спон­дент-мүшелі­гіне екін­ші рет өте алмай қалған­дағы есеп комис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сы: дауыс бер­ген 16 ака­де­ми­к­тің 15-і қар­сы дауыс бер­ген. Демек, ол кісі өзін-өзі қан­ша мақтаға­ны­мен, ірі ғалым­дар оны ака­де­ми­яға мүшелік дәре­же­сіне жет­ті деп сана­май­ды. Керек бол­са, бірін­ші рет өте алмай қалған­дағы да есеп комис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сын архив­тен тауып бере ала­мыз.
Бұл өмір­де «ғалым өзін ғылым­да таны­та алма­са, онда басқа қыры­нан таны­та­ды» деген сөз рас сияқты. Сай­ла­у­ға өте алмай қалған адам­дар қаты­су­шы­лар­дың басым көп­шілі­гін құрай­ды (1 оры­нға 10 ада­мға дей­ін!). Бірақ ілу­де бір­лі-жары­мы ғана жоға­ры­ға арыз жаза­ды. О. Сәб­ден мыр­за «арыз бер­медім» деп тұр. Ол сол 2013 ж. сай­ла­удан өтпей қалған­нан кей­ін, рес­пуб­ли­ка­ның Бас про­ку­ро­ры­на «менің кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғым­ды бұз­ды» деп арыз жазған бола­тын (ол арыз да архив­те сақта­у­лы). Бірақ О. Сәб­ден­нің ол ары­зы про­ку­ра­ту­ра маман­да­ры­ның күл­кісі­нен басқа ештеңе тудыр­ма­ды (кел­тір­ген «фак­тілерінің» білім­ге, шын­ды­ққа негіз­дел­ме­гені үшін болар). Яғни, бұл жер­де де О. Сәб­ден мыр­за өтірік айтып тұр. Сұх­ба­тын­дағы «әлем­дік ғылы­мға титім­дай үлес қос­паған», «құл­дық пси­хо­ло­ги­я­мен жүр­ген ғалым­дар», «пре­зи­дент­тік­ке ешкім­ді ұсын­ды­рған жоқ» деген сөз­дері тек шын­ды­ққа жола­май­тын өтірік қана емес, нағыз бәлеқор­лы­қтың өзі. Оның көп­ке топы­рақ шашқан бұл сөз­дері тек ҰҒА мүше­лерінің емес, басқа да Қаза­қстан ғалым­да­ры­ның ашу-ыза­сын туғы­зып жатыр. Бұлар­ды дәлел­де­удің де қажеті жоқ, өйт­кені ғылым сала­сы­нан хабар­дар адам­дар­дың бәрі ол сөз­дер­дің жалған екенін біледі.

Ака­де­мик М. Жұры­нов алға­шқы сай­ла­уда бала­ма­лы түр­де үш ака­де­ми­к­тің ара­сы­нан басым көп­шілік дауы­спен (75%) сай­лан­ды, ал соңғы рет 97% дауыс алып, қай­та сай­лан­ды. М. Жұры­но­втың рес­пуб­ли­ка көле­мін­де­гі халы­ққа пай­да­сы тиіп жатқан игі жұмыста­рын уақыт үнем­деу үшін айт­пай-ақ тұрып, оның тек шетел­дер­де­гі жетістік­терін ғана тізіп шығай­ық. Ол аспи­ран­ту­ра­да Москва­ның Д.И. Мен­де­ле­ев атын­дағы химия-тех­но­ло­ги­я­лық уни­вер­си­тетін­де оқып, мерзі­мі­нен 2 ай бұрын кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ци­я­сын қорғап шықты, ара­да 11 жыл өткізіп, сол жер­де док­тор­лық дис­сер­та­ция қорға­ды. Оның жұмыста­ры­на, ашқан жаңа­лы­қта­ры­на АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Гер­ма­ния, Жапо­ния, Кеңес үкі­меті кезін­де патент бер­ді. Ол кез­де бұл сирек кез­де­сетін оқиға бола­тын. Сон­ды­қтан КСРО Ғылым ака­де­ми­я­сы ірі ғалым­да­ры­ның қол­да­уы­мен 1989 ж. ҚазКСР Ғылым ака­де­ми­я­сы­на кор­ре­спон­дент-мүше, ал 1994 ж. – ака­де­мик болып сай­лан­ды. Қазір­гі кез­де ол Ресей, Тәжік­стан, Қырғыз­стан, Бело­рус­сия ака­де­ми­я­ла­ры­ның құр­мет­ті мүше­сі, Фран­ция, Укра­и­на ака­де­ми­я­ла­ры­ның және Токио уни­вер­си­тетінің алтын медаль­да­ры­ның иегері, Джор­джта­ун (Вашинг­тон, АҚШ) уни­вер­си­тетінің құр­мет­ті про­фес­со­ры. Д. Мен­де­ле­ев атын­дағы Ресей химия-тех­но­ло­ги­я­лық уни­вер­си­тетінің ғылы­ми кеңесі М. Жұры­но­вқа ФРГ Канц­лері Анге­ла Мер­кель­мен бір­ге «Құр­мет­ті док­тор» деген атақты бір мәжілісін­де бер­ген. Түр­кия, Ресей және Қырғыз­стан­ның мара­пат­та­ры­на ие, Кен­тук­ки шта­тын­дағы (АҚШ) Луи­свилл қала­сы­ның құр­мет­ті аза­ма­ты және т.б.
Елі­міз­де бұн­дай ірі ғалым­да­ры­мыз көп емес, сау­сақ­пен санар­лық қана. Сон­ды­қтан олар­ды ит пен құсқа шоқы­тып қоюға бол­май­ды. Құдай­ға шүкір, қазір 1937 жыл емес. Сол жыл­да­ры осын­дай бәлеқор жазғы­штар­дың кесірі­нен қан­ша абы­зда­ры­мы­здан айрыл­дық.
Ора­за­лы Сәб­ден­нің ҰҒА мен оның бас­шы­лы­ғы­на бәлеқор­лы­қ­пен айып тағып, тиісіп жүр­гені бұл ғана емес. Ака­де­мик К.Ормантаевты біз­ге қар­сы қой­ып, шағы­сты­рға­ны және бар. Ал одан басқа тағы бір БАҚ құра­лын­да ол ҰҒА-сын ит асы­ра­у­шы­лар қоға­мы­м­ен (соба­ко­вод­ство) теңе­стір­ді. Бұл – бір жағы.

Екін­ші жағы­нан, сол кез­де ол Мәс­ке­уде шыға­тын «Эко­но­ми­ка» жур­на­лын­да жыл­дар бойы өзін ҰҒА ака­де­ми­гі деп көр­сетіп жүр­ген. Бұл екі­жүзділік емес пе? ҰҒА-сының сол кез­де­гі бас хат­шы­сы төралқа мүше­лерінің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша жау­ап хат жазып, О.Сәбденнің бұл ісіне ала­яқтық (само­зван­ство) және надан­дық (неве­же­ство) деген әділ баға бер­ді (ол мақа­ла да ҰҒА архивін­де сақта­у­лы). Дәл осы мақа­ла­лар­да О.Сәбденнің ҰҒА-ны және оның бас­шы­лы­ғын айып­таған «дәлел­дері» тұп-тура негізі­нен қай­та­ла­нып тұр.
Сон­ды­қтан ҰҒА-ның алты мүше­сінің қолын жасан­ды түр­де (под­дел­ка) қой­ып, солар­дың аты­нан ҰҒА пре­зи­ден­тін сай­лау алдын­да Елба­сы­ның аты­на және «Дат» газетіне жол­дап жүр­ген дәл осы О.Сәбденнің өзі сияқты. Бұл іске оның сыбай­ла­сы ретін­де ака­де­мик Ғ.Қалиевтің де қаты­сы болуы әбден мүм­кін. Бірақ оны ресми түр­де сот шеш­сін. ҰҒА төралқа­сы­ның шеші­мі­мен бұл істі сотқа беру және осы тір­лік­ті жоға­ры­дан қол­дап оты­рған бір «жоға­ры лау­а­зым иесі» тура­лы, әзір­ше бей­ре­сми, мәлі­мет­ті Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне пәр­мен­ді түр­де тек­се­ру жүр­гізілуі үшін өтініш беру тура­лы қау­лы қабыл­дан­ды. Енді бұл қыл­мыстық істі тек­се­ру про­цесі өз мәресіне жет­пей тоқта­май­ды. Айып­ты­лар­дың кей­біре­улері рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­тіне және БАҚ құрал­да­ры­на басқа аза­мат­тар­дың қол­да­рын ала­яқтық тәсіл­мен жасан­ды етіп қою­дың (под­лог) заң бой­ын­ша қуда­ла­на­тын қыл­мыстық іс екенін біл­мей, көз­дері әлі ұйқы­да жүр­ген сияқты. Енді­гі хабар­ды, керек деп тап­сақ, сот үкі­мі және ҰҒА жина­лы­сы­ның шешім­дері шыққан соң бере­міз.
О. Сәб­ден мыр­за сыбай­ла­ста­ры­мен бір­ге тек қана М. Жұры­но­вқа емес, ҰҒА Пре­зи­ди­у­мы­на, Ака­де­ми­я­ның бар­лық мүше­леріне, Ұлт­тық ғылы­ми кеңес мүше­леріне, Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің Ғылым коми­тетінің қыз­мет­теріне негіз­сіз күмән туғы­зып, олар­дың аза­мат­тық беделіне нұсқан кел­тіріп отыр. Өткен басы­лым­дар­да аты аталған ака­де­мик К. Орман­та­евқа қазір біздің өкпе­міз жоқ. Ол кісі О. Сәб­ден­нің жалған мәлі­мет­теріне сеніп қалға­нын түсін­дік, оның өз ойын іске асы­ру үшін, өтірік айтқа­нын қай­дан біл­сін.
О. Сәб­ден­нің арзан абы­рой жинай­тын әдет­те­гі сөз­дері: ғалым­дар­дың айлы­ғын көбей­ту, жас ғалым­дарға жатақ­ха­на мен арзан тұрғын үйлер беру, ака­де­ми­яға мем­ле­кет­тік ста­тус беру сияқты оған дей­ін талай адам­дар­дың айтқан­да­рын қай­та­лау. Оны кім біл­мей­ді? Бәрі біледі. Ал оған қалай қол жет­кі­зу керек, одан ол бей­ха­бар сияқты. Ондай күр­делі мәсе­ле­лер­ді нағыз эко­но­мист ғалым­дар ғана біледі. Бұн­дай кез­де ойға бір-ақ мақал келеді: «Ит үреді, керу­ен көшеді».

Төралқа­сы­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша –
М. ҚАЛИМОЛДАЕВ,
ҚР ҰҒА вице-пре­зи­ден­ті – Бас ғалым-хат­шы, ака­де­мик

Мақа­ла ақы­лы негіз­де қаз-қал­пын­да жари­я­лан­ды.

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн