Күйеулер жайлы КҮҢКІЛГЕ жұлдызды жауап

Мән-жай

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен күйеуі, отбасы жайлы сырымен бөлісті деп хабарлайды «Nazar» бағдарламасына сілтеме жасаған Nur.kz.

Жасы 40-қа жақын­даған теле­жүр­гі­зу­ші екі бала­ны өсіріп отыр. Алай­да ол той жасап, ақ көй­лек киме­генін де жасыр­ма­ды.
«Отан­дасқа­ны­мы­зға 15 жыл бол­ды. Оның бірін­ші әйелі емес екенім­ді бәрі біледі ғой. Қай­рат­тың алды­ңғы отба­сы­нан бала­ла­ры бар. Қазір келін­дер­мен ара­ла­са­мыз. Қай­рат­тың мені қат­ты жақ­сы көретінін іс-әре­кеті­нен бай­қай­мын. Кей­де маған аға ретін­де ұры­сып кете­ді. Өйт­кені 12 жас білі­неді. «Мен саған қарын­дас емес­пін ғой» деп әзіл­деп қоя­мын. Оның 5 бала­сы бар. Неме­ре­лері бар. Бар­лы­ғы Қай­рат­тың мой­нын­да. Ол алға­шқы күн­нен «Ләй­лә, сен ешқа­шан бірін­ші орын­да тұр­май­сың. Мен үшін бала­ла­рым бірін­ші орын­да. Сен «мен ең сүй­ік­ті әйел болуым керек. Менің бала­ла­рым бірін­ші» дей­тін бол­саң, онда кешір» деді. Сон­ды­қтан осы шарт ешқа­шан бұзыл­май­ды», – деді Ләй­лә Сұл­танқы­зы.

Күні бүгін­ге дей­ін жеке өмірін жасы­рып кел­ген Мөл­дір Әуел­бе­ко­ва алғаш рет күй­е­уі­мен ажы­рас­қа­нын мой­ын­да­ды. Бұл тура­лы НТК арна­сы­ның «Ревю» бағ­дар­ла­ма­сы­на сіл­те­ме жасап Stan.kz ақпа­рат­тық агент­ті­гі хабар­лай­ды.

Өкініш­ке қарай, Мөл­дір мен Ары­стан бүгін­де бір­ге емес. 2015-те шаңы­рақ көтер­ген екі жас бір жарым жыл­дан соң екі­ге бөлін­ген. «Қазір­гі таң­да маған ең көп қой­ы­ла­тын сұрақ жеке өмір­ге бай­ла­ны­сты. Сіз­дер ажы­рас­ты­ңы­здар ма? Ажы­рас­қа­ны­ңыз рас па? Бала қай­да?» – дей­ді Мөл­дір.

Иә, Әуел­бе­ко­ва жұбайы Ары­стан­мен ажы­рас­ып­ты. Бала­сы бес айға толған шақта отаға­сы отба­сын тастап кет­кен көрі­неді. Сол уақыт­тан бері ұлы Сал­тай­ды әкесі де, әже­сі де іздеп кел­ме­ген.
«…Ешкім де бала­ны ізде­мей­ді. Солай енді басы­мы­здан өтіп жатыр. Енді мен оны не істей­мін? Тағ­дыр болған­нан кей­ін – көне­мін. Балам үшін әрі қарай өмір сүре­мін», – дей­ді Әуел­бе­ко­ва.

Бала­сы­ның бола­шағы­на алаң­даған ана жанұя­сын­дағы жағ­дай­ды жұрт­тан жасы­рын ұстап кел­генін айта­ды.

«Бәрібір балаға кесірі тиме­се екен деп, көбі­не­се ұлым­ды уай­ым­дай­мын… Ғалам­тор бар ғой қазір – ертең бала өскен­нен кей­ін, оны көреді. Неге олай бол­ды деп көңіліне кір­бің түседі. Мен қазір оты­рып алып, ол бүйт­ті-сүйт­ті, ол тастап кет­ті, ол былай бол­ды деп айтып оты­рған­нан ешкім­нің ештеңесі кет­пей­ді. Ертең тоқ етерін­де балам қина­ла­ды… Көре­рмені­ме айта­рым – уай­ым­да­маңы­здар. Қан­дай жағ­дай бол­ма­сын, мен бақыт­ты­мын. Менің ұлым бар, ата-анам қасым­да, бауыр­ла­рым бар», – дей­ді Мөл­дір.

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн