fbpx

АҚОРДАЛЫҚ АҚЫМАҚТЫҚ

Апта апты­ғы

Жуы­қта Ақтау қала­лық маман­дан­ды­ры­лған әкім­шілік соты Фран­ция аза­ма­ты, Ligne de Front сту­ди­я­сы­ның режис­сері, жур­на­лист Вен­сан Пра­до­ны (сурет­те) «Қаза­қстан­ның көші-қон заңын бұз­ды» деп айып­тап, 60 мың тең­ге көле­мін­де (шама­мен 165 АҚШ дол­ла­ры) айып­пұл салған еді.

Бұл екі ара­да Ақор­да өкі­меті Қаза­қстан­ның туризм әле­уетін көте­ру және елдің шетел­де­гі ими­джін көте­ру жөнін­де бірқа­тар жиын­дар өткізіп, қат-қабат құжат­тар қабыл­дап таста­ды. Бірақ сол әуре­шілік­тің бәрі бір шетел­дік жур­на­ли­сті әкім­шілік сотқа тар­ту­дың нәти­же­сін­де рәсуә бол­ды. Бұл орай­да «Фейс­бук» қол­да­ну­шы Аян Қал­мұрат былай деп жаза­ды:
Фран­ци­ядан жур­на­лист келеді. «Қаза­қстан­ның мұнай сала­сы тура­лы елді ара­лап, фильм түсіре­мін» деген оған Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі аккре­ди­та­ция береді. Сосын жур­на­лист Ақта­уға барып, 2011 жылғы Жаңаө­зен оқиға­сы тура­лы сұx­бат алып тұрған­да, поли­ция келіп, «сіз­ге Алма­ты мен Аста­на­ны ғана түсіру­ге рұқ­сат беріл­ген» деп, бөлім­ше­ге алып кете­ді. Сот бір­не­ше сағат­та жур­на­ли­сті «елде заң­сыз жұмыс істе­ген» деп танып, айып­пұл түрін­де­гі әкім­шілік жаза кеседі. Мини­стр­лік аккре­ди­та­ция бер­ген­де, «нұр­ланған Қаза­қстан, бай­тақ Аста­на, бере­келі қара алтын» деп баста­ла­тын фильм бола­ды деп ойлаған-ау… Айт­пақ­шы, өткен­де Орал­да да факт­че­кинг тура­лы тре­нинг­те тегін лек­ция оқуға кел­ген укра­и­на­лық жур­на­ли­сті поли­ция ұстап, айып­пұл салып еді ғой. «Сары­арқа төсін­де­гі» Сол­түстік Коре­яға қош кел­діңіз­дер, шетел­дік әріп­те­стер!».
Осы жаз­ба­да «Сары­арқа­дағы Сол­түстік Корея…» деп, Қаза­қстан­ның қазір­гі қоғам­дық-сая­си аху­а­лы­на нақты баға беріл­ген. Бір қызы­ғы – Қаза­қстан билі­гі елдің ими­ген ими­джін көте­ре­міз деп, мил­ли­он­даған бюд­жет­тік қар­жы­ның есебі­нен «Еуро­ньюс» арна­сы­на дей­ін жар­на­ма беріп жатыр. Гол­ли­вуд пен Бол­ли­вуд­тың қаты­суы­мен Қаза­қстан­ның шетел­де­гі кей­пін түзе­тетін фильм­дер түсіре­міз дей­ді. Ал енді фран­цуз жур­на­лисі Пари­ж­ге барып, әлем­ге әйгілі бір ғана таб­ло­идқа сұх­бат беретін бол­са, әлгі итже­гір ими­дж­ге арналған мил­ли­ард­таған ақша шашы­лып қал­май ма? Бұны енді ақор­да­лық ақы­мақтық деме­ген­де, не дей­міз?! Бір қолы­ң­мен Қаза­қстан­ның тама­ша суретін салып оты­рып, екін­шісі­мен боқ езген­нен не шықты?

Ерму­рат Бапи

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн