ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАНАШЫРЫБОҚАУОВТЫ СОТҚА БЕРМЕК

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

17 қыр­күй­ек күні Abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лын­да «Боқа­у­ов мем­ле­кет­тік тіл­ді қорға­маға­ны үшін тарих­та қала­ды» атты мақа­ла жари­я­лаған еді. Бұл мақа­ла­да Пав­ло­дар қала­сын­дағы қоғам­дық көлік­те «мем­ле­кет­тік тіл­ді талап ете­мін» деп жәбір көр­ген Руза Бей­сен­бай­те­гінің мәсе­лесі сөз болған-ды. Бірақ жер­гілік­ті ресми бас­шы­лы­қтан жау­ап бол­маған­ды­қтан, біз Руза Бей­сен­бай­те­гіне қай­та хабар­ла­стық.

 

Руза Бей­сен­бай­те­гі:

– Мен өткен­де бұл жолы ешкім­ді де кешір­мей­тінім­ді айтқан­мын. Трам­вай басқар­ма­сы мем­ле­кет­тік тіл­де хабар­ла­ма жаса­май, маған тіл тигіз­ген қыз­мет­кер­лер­ді (үш адам) жұмыстан шығар­ды. Бұл мені қанағат­тан­дыр­май­ды. Трам­вай басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Айта­шев деген аза­мат­пен сөй­ле­стім. Ол кісі арнайы бір аза­мат­ты қала­дағы трам­вай­ларға жіберіп, қай жүр­гі­зу­шінің мем­ле­кет­тік тіл­де хабар­ла­ма жаса­маға­нын астыр­тын тек­сер­тіп жүр­генін, шама­сы кел­ген­ше жұмыс жасап жатқа­нын айт­ты. Ол кісі расын­да солай жұмыс жасап жат­са, рах­мет­тен басқа айта­рым жоқ. Бірақ бұл Пав­ло­дар облы­сын­дағы тіл мәсе­лесі түп­кілік­ті шешіл­ді деген сөз емес.

Бүгін тағы бір оқиға бол­ды. Кон­дук­тор қазақ қызы тек орыс тілін­де билет сатып жүр екен, мен оған ескер­ту жасап жатыр едім, оры­стың етжеңді бір әйелі маған дүр­се қоя бер­ді. Тіп­ті мені жұлқы­лап жібер­ді. Менің оны­мен алы­суға шамам жоқ болған­ды­қтан, поли­ция шақы­руы­ма тура кел­ді. Бұры­нғы­дай емес, поли­цей тым тез кел­ді. Бұл кез­де ол әйел трам­вай­дан түсіп қалған еді. Мен бер­ген сурет­ті алып, поли­цей­лер ол әйел­ді іздеп кет­ті.

Бұл бүгін ғана болған жайт. Мен күн­делік­ті өзім­нің елім­де, өзім­нің мем­ле­кетім­де жүріп, осын­дай жәбір көріп жүр­мін. 2006 жыл­дан бері, міне, 11 жыл бол­ды. 11 жыл бойы есті­ме­ген сөзім, көр­ме­ген қор­лы­ғым жоқ. Ал облыс, қала бас­шы­лы­ғы мен секіл­ді қазақ тіл­ді қауым­ның құқы­ғы аяққа басы­лып жатқа­ны­на селт еткен емес. Бүкіл Қаза­қстан шулап, менің күресім­нің дұрыс екенін айтып жат­са да, олар­дың тара­пы­нан бір сер­піліс болған жоқ.

Бұл нені біл­діреді? Бұл бүгін­де облыс әкім­ді­гін басқа­рып оты­рған Боқа­у­овтың да, қала­ны басқа­рып оты­рған Әшім­бе­то­втің де мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­да­май­ты­нын, оларға мем­ле­кет­тік тіл үшін жәбір көріп жүр­ген аза­мат­тың жанай­қайы маса­ның ызы­ңын­дай әсер етпей­тінін көр­се­те­ді.

Пав­ло­дар қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Бала­шов Андрей Бори­сұ­лы мен Пав­ло­дар облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Мей­рам Беген­та­евқа соңғы үш күн бойы теле­фон шалып, ала алмай отыр­мын. Олар менен қашып жүр. Сон­да не, қазақ тіл­ді аза­мат­тар оларға екін­ші сорт­ты адам ба? Мен өзім­нің жеке басым­ның мәсе­лесін емес, мем­ле­кет­тік тіл­дің жай­ын айт­пақ­пын. Мен секіл­ді аза­мат­тар­ды тың­да­мау арқы­лы олар облы­стағы қара­пай­ым аза­мат­тар­дың ашу-ыза­сын туды­рып жатыр. Мұның соңы жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды.

Жал­пы, қазір мен­де 2006 жыл­дан бері жиналған мем­ле­кет­тік тіл­ге қаты­сты көп­те­ген құжат­тар бар. Пав­ло­дар­да аттаған жер­де заң бұзу­шы­лық орын ала­ды. Мұны облыс бас­шы­лы­ғы­на жет­кі­зе алма­сам, олар мені тың­да­удан қашқақтай бер­се, менің Боқа­у­овты сотқа беру­ден басқа ама­лым қал­май­ды.

Шәрі­п­хан ҚАЙСАР,

Abai.kz

 

 


 

Республиканский еженедельник онлайн