ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫН Тимур және оның командасы КӨРІП ОТЫР

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Әшке­ре­леу

 


 

Өз елін­де «ұры» ата­лып, шетел асуға мәж­бүр болған «БТА Бан­кінің» бұры­нғы иесі Мұх­тар Әбі­ля­зов жемқор­лы­ққа қар­сы тер­геу жұмысын баста­ды. Оның бірін­ші көр­сетілі­мі «Қаз­Мұ­най­Ди­аз» деген ата­у­мен «Фейс­бук» және «Ютуб» желілерін­де жары­ққа шығып, қаза­қстан­дық жұрт­шы­лық тара­пы­нан қызу талқы­ла­ну­да. Біз осы «Қаз­Мұ­най­Ди­аз» филь­мінің ықшам­далған қаза­қ­ша мәтін­дік үлгісін оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отыр­мыз.

 

Тәу­ел­сіз тер­геу

 

Forbes жур­на­лы жыл сай­ын Қаза­қстан­ның ең бай адам­да­ры­ның тізі­мін жари­я­лап оты­ра­ды. Олар­дың ара­сын­да бұрын­нан таныс тұлға­лар­дан бөлек, жаңа есім­дер пай­да болу­да. Қаза­қстан­дық Forbes тізі­мінің құра­мы­на кір­ген­дер­дің көбін «Назар­ба­ев өні­мі» деп ата­сақ қате­ле­с­пей­міз. «Назар­ба­ев өні­мі» деген кім­дер? Олар – Назар­ба­ев­тың жақын айна­ла­сы мен отба­сы мүше­лері. Олар­дың бар­лы­ғын ортақ­та­сты­рып және бірік­тіріп оты­рған нәр­се – жемқор­лық. Олар – халы­қтың ақша­сын ұрлап жатқан­дар. Олар – Назар­ба­ев­тың өзі құрған жемқор­лық жүй­есінің «өнім­дері».

Алай­да «Назар­ба­ев өнім­дерінің» бар­лы­ғы Forbes-тың жария тізі­міне ілі­ге бер­мей­ді. Қаза­қстан­да халық біле бер­мей­тін астыр­тын мил­ли­о­нер мен мил­ли­ар­дер­лер жетер­лік. Біз бүгін­нен бастап, Қаза­қстан­дағы жемқор­лы­қты әшке­ре­лей­тін жұмысы­мы­зды бастай­мыз. Біз елге таны­мал және астыр­тын «Назар­ба­ев өнім­дерінің» өмірін зерт­теп, қызы­қты мәлі­мет­тер­ді жария ете­міз. Халық өз «батыр­ла­рын» білуі керек! Олар­дың ақша мен сая­хат­тан «шар­шаған» қиын өмір­лерінің сыр­ла­рын ашып бере­міз.

Қаза­қстан бюд­жетінің қалай және қай­да жұм­са­лып жатқа­ны халық үшін қызық. Алай­да сол ақша­ны кім­нің қалай ұрлап жатқа­ны одан да қызы­ғы­рақ болар деп ойлай­мыз. Алды­мен бір нәр­сені түсін­діріп өтей­ін. Біздің тер­ге­улері­міз нақты құжат­тар­дың негізін­де жүр­гізіледі. Ол құжат­тар­мен кез кел­ген адам таны­са алу үшін, біз олар­ды ашық түр­де жари­я­лап оты­ра­мыз. Қаза­қстан­ның кез кел­ген аза­ма­ты біздің сөзі­міздің шын­ды­ққа қан­ша­лы­қты сай келетінін тек­се­ре ала­тын бола­ды. Құжат­тар­дың бар­лы­ғы­ның түп­нұсқа­сы бар. Оны Аме­ри­ка сотын­дағы Қаза­қстан өкіл­дері рас­таған бола­тын.

Тағы бір еске­ре кететін жайт – біздің тер­ге­у­ге түс­кен тұлға­лар Қаза­қстан халқы­на қаты­сты жасаған қыл­мыста­рын жасы­рып, жуып-шаюға әре­кет­тер жасай­ты­нын біле­міз. Олар өздеріне тиесілі ком­па­ни­я­лар­дың кор­по­ра­тив­тік жүй­е­лерін ауы­сты­рып, реор­га­ни­за­ция жасап, тіп­ті жауып та жатыр. Бұған қоса, мен­шік иелерін ауы­сты­рып, мұрағат­та­рын жоюға дей­ін бара­ды. Тіп­ті интер­нет­те­гі ашық мәлі­мет­тер­ді алып тастап жата­ды. Алай­да олар­дың бұл әре­кет­тері­нен түк шық­пай­ды. Кез кел­ген құпия бәрібір жария бола­ды. Олар­дың қыл­мыста­рын Қаза­қстан халқы біліп оты­ра­тын бола­ды.

 

Диас Сүлей­ме­нов кім?

 


 

Бүгін ел ара­сын­да бел­гісіз, көп жыл­дар­дан бері мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­да қыз­мет жасап кел­ген муль­ти­мил­ли­о­нер Диас Сүлей­ме­нов (жоғарғы сурет­те) тура­лы сөз қозғай­мыз. Қазір ол Тимур және Дина­ра Құлы­ба­ев­тар әулетінің кәсібіне қыз­мет көр­се­те­ді. Мем­ле­кет­ке қыз­мет жасап жүріп, Диас муль­ти­мил­ли­о­нер бол­ды. Швей­ца­рия, Араб Әмір­лі­гі, Испа­ния секіл­ді мем­ле­кет­тер­де үйлер сатып алып, тіп­ті ұшақ пен яхта­ларға иелік еткен.

Біз Диа­сты жемқор­лы­ққа қар­сы тер­геу цик­лі­міздің бірін­ші ныса­на­сы ретін­де бекер таң­даған жоқ­пыз. Сүлей­ме­нов – Назар­ба­ев отба­сы­ның мүше­сі, тіп­ті алыс туы­сы да емес. Ол Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы Тимур Құлы­ба­ев­тың жақын айна­ла­сын­дағы тұлға­лар­дың бірі ғана. Ол Назар­ба­ев жүй­есінің бір теті­гі.

Диас Сүлей­ме­нов 1972 жылы дүни­е­ге кел­ген. Қазір­гі уақыт­та «Қамқор менедж­мент» ком­па­ни­я­лар тобы­ның бақы­лау кеңесінің төраға­сы. Диас мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­да көп жыл­дан бері Қаза­қстан мүд­десі үшін жұмыс істе­ген-мыс. Басым көп­шілі­гі «Қаз­Мұ­най­Газ» құры­лым­да­рын­да. 1996 жылы инсти­тут­ты біті­ре салып, 24 жасын­да ҚР Ұлт­тық бан­кісінің шетел­дер­мен қар­жы опе­ра­ци­я­лар депар­та­мен­тінің басты­ғы қыз­метіне кел­ген. Бәріңіз білесіз, Ұлт­тық банк елі­міздің ең басты қар­жы құры­лы­мы. Ол мем­ле­кет­тің қар­жы-кре­дит­тік сая­са­ты­на тіке­лей жау­ап­ты. Бүкіл елдің шетел­дік опе­ра­ци­я­ла­ры­на жау­ап­ты бас эко­но­мист болып, 24 жастағы жас жігіт тағай­ын­да­ла­ды. Қызық, иә?!

Инсти­тут­ты бітіріп, еш тәжіри­бе жинақта­май, бір­ден елі­міздің ең маңы­зды бан­кісінің бас эко­но­мисі болып шыға кел­ді. Неге сол кез­де газет­тер бұл тура­лы жаз­ба­ды? Неге оны теле­ар­на­лар көр­сет­пе­ді? Жап-жас бола тұра, осын­дай лау­а­зы­мға тағай­ын­да­лу үшін Диа­ста қан­дай талант бол­ды? Оның сәт­тілі­гінің құпи­я­сы неде? Ол үшін Диас туыл­май тұрғанға дей­ін­гі уақы­тқа артқа шегі­ну керек.

Мәсе­ле Диа­стың әкесі Төле­утай Сүлей­ме­но­вте. Ол Назар­ба­ев­тың бай­ы­рғы әріп­тесі. Өзінің жұмыс жолын Қарағанды­да елба­сы­мен бір­ге бастаған. Назар­ба­ев­тың ізі­мен жүр­ген. Назар­ба­ев та өзінің досын пар­тия бас­пал­дағы­мен арты­нан сүй­реп кел­ген. Назар­ба­ев билік­ке кел­ген кез­де өзінің бай­ы­рғы досы Төле­утай­ды Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның ең бірін­ші сыр­тқы істер мини­стрі етіп тағай­ын­даған. Кей­ін­нен Қаза­қстан­ның АҚШ пен Еуро­па елдерін­де­гі елшілі­гіне жібер­ген. Осы­дан кей­ін 24 жастағы жас жігіт қалай­ша Ұлт­тық банк­тің бас эко­но­мисі бола қалға­ны бел­гілі бола­тын шығар. Назар­ба­ев­тың отба­сы­лық қамқор­лық эста­фе­та­сын Тимур Құлы­ба­ев жалға­сты­рып, Диа­сты өзінің қол асты­на алды. Диас бол­са, өзіне қожай­ын мен қамқор­шы­сын тауып, әкесінің жолын басты.

 

Дани­яр Абул­га­зин кім?

 


 

Банк­тің бас эко­но­мисі болып бір жыл жұмыс жасаған соң, Диас «ҚазТран­сОйл» ком­па­ни­я­сы­ның орын­да­у­шы дирек­то­ры қыз­метіне бар­ды. «ҚазТран­сОйл» – Қаза­қстан­ның мұнай өнім­дерін шетел­ге экс­порт­та­у­мен айна­лы­са­тын меке­ме. Оған елі­міз­де­гі бар­лық мұнай құбыр­ла­ры тиесілі. Ол кез­де аталған меке­ме бас­шы­сы Нұр­лан Қап­па­ров, ал қар­жы жөнін­де­гі орын­ба­са­ры Тимур Құлы­ба­ев болған. Кей­ін­нен, 2016 жылы, «ҚазТрансОйл»-дың бас­шы­лы­ғы­на Димаш Доса­нов тағай­ын­дал­ды. Ол Әлия Назар­ба­е­ва­ның үшін­ші күй­е­уі.

Инсти­тут­ты бітіріп, бір жыл­дан кей­ін қан­дай жоғарғы лау­а­зы­мға оты­рға­нын түсін­ген шығар­сыздар. Екі жыл­дан кей­ін Құлы­ба­ев­тың өзі «Транс­порт и нефть Казах­ста­на» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры болып тағай­ын­да­ла­ды. Ал Диа­сты «Мұнай интекс» еншілес ком­па­ни­я­сы­на бас­шы­лы­ққа қояды. 2002 жылы Тимур Құлы­ба­ев «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның бірін­ші вице-пре­зи­ден­тіне айна­ла­ды да, Диасқа өзінің ада­мы ретін­де ірі мұнай-газ жоба­ла­рын бақы­лау-сарап­та­ма депар­та­мен­тін басқа­ру­ды тап­сы­ра­ды.

«Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сын­да Тимур Құлы­ба­ев пен Диас Сүлей­ме­нов бір­ге жұмыс істеп жүр­ген кез­дері орын­да­у­шы дирек­тор болып Дани­яр Абул­га­зин қыз­мет атқарған. Ал Абул­га­зин – Диа­стың туған жез­десі. Мұнай-газ сала­сын­да Дани­яр Абул­га­зин­ді жұрт жақ­сы біледі. Ол Дзер­жин­ский атын­дағы «КГБ» жоға­ры мек­тебінің түле­гі. Ол да 2000 жыл­дан бастап мем­ле­кет­тік мұнай-газ сала­сын­да жұмыс істей­ді. «Қаза­қОйл» ком­па­ни­я­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті болған. Кей­ін­нен «ҚазМұнайГаз»-ға атқа­ру­шы дирек­тор болып кете­ді. Ол да Тимур Құлы­ба­ев секіл­ді мем­ле­кет­тің бар­лық актив­терін басқа­рып оты­рған «Самұрық-Қазы­на» мем­ле­кет­тік қорын­да жұмыс істе­ген. Бұл қыз­метін­де Абул­га­зин мем­ле­кет­тің мұнай-газ, тау-кен актив­теріне жау­ап­ты болған.

«Самұрық-Қазы­на» дегені­міз не? Бұл – мем­ле­кет­ке тиесілі бар­лық мүлік­ті басқа­ра­тын мем­ле­кет­тік хол­динг. Бұл дегені­міз – мем­ле­кет­тің темір жол­да­ры, бар­лық элек­тро­стан­ци­я­ла­ры, жоғарғы вольт­ті жүй­е­лері, уран өндірісі, бүкіл мұнай-газ сала­сы, үш мұнай өңдеу зауы­ты, бүкіл авиа­ция, «Қаза­қ­те­ле­ком», тау-кен өндірісі меке­ме­лері, маши­на жасау хол­дин­гі, Қаза­қстан пошта опе­ра­то­ры және тағы басқа­лар.

Абул­га­зин­нің мем­ле­кет­тің актив­терін өте сәт­ті басқарға­нын айта кету керек, әрине, «өзі үшін». 2014 жыл­дан бастап Дани­яр Абул­га­зин Forbes нұсқа­сы бой­ын­ша Қаза­қстан­ның ең бай 50 ада­мы­ның қата­рын­да.

Абул­га­зин мен Сүлей­ме­но­втың отба­сы дуэ­тіне сүй­ене оты­рып, Тимур Құлы­ба­ев көп жыл­дан бері мұнай-газ өнім­дерінің экс­пор­ты­на бақы­лау жасап келеді. Сүлей­ме­нов пен Абул­га­зин Тимур­ды өза­ра «акци­о­нер» деп атай­ды.

 

«Rompetrol» афе­ра­сы

 

«Акци­о­нер­дің» көме­гі­мен Сүлей­ме­нов мем­ле­кет­тік «Қаз­Мұ­най­Газ» сауда үйінің дирек­то­ры лау­а­зы­мы­на тағай­ын­да­ла­ды. Бұл меке­ме Қаза­қстан­ның бүкіл мұнай-газ өнім­дерін ішкі және сыр­тқы нары­қта сату­мен айна­лы­са­ды. Сон­ды­қтан осы ком­па­ни­яда Құлы­ба­ев үшін өзінің ада­мы болу қажет бол­ды. Ол экс­порт ағым­да­рын Құлы­ба­евқа тиесілі дел­дал ком­па­ни­я­лар арқы­лы тасы­мал­да­ды. «Қаз­Мұ­най­Газ» сауда үйі – «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның еншілес меке­месі. Ком­па­ни­я­ның активіне Аты­рау, Пав­ло­дар, Шым­кент мұнай өңдеу зауыт­та­ры мен басқа да стра­те­ги­я­лық нысан­дар кіреді. «Қаз­Мұ­най­Газ» сауда үйі «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­нан мұнай­ды төмен баға­мен сатып алып, сол мұнай өнім­дерін Құлы­ба­ев­тың дел­дал ком­па­ни­я­ла­ры арқы­лы нары­қтық баға­мен сатып келеді. Мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ның бар­лық табысы Құлы­ба­ев пен оның коман­да­сы­ның қал­та­ла­ры­на кетіп оты­ра­ды.

2006 жылы Диас осы «Қаз­Мұ­най­Газ» сауда үйінің Гол­лан­ди­ядағы фили­а­лы­ның дирек­то­ры бол­ды. Бұл – «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның 100 пай­ыз еншілес ком­па­ни­я­сы. Бұл Гол­лан­ди­яда құры­лған мем­ле­кет­тік меке­ме. Оның құзы­ры­на Қаза­қстан мұнай­ы­ның шетел­дік сату жүй­есі кіреді. Сон­дай-ақ бұл ком­па­ния шетел­ден актив­тер­ді сатып алу үшін пай­да­ла­ны­ла­ды. Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, бұл ком­па­ния Қаза­қстан­нан шетел­ге ақша шыға­ру жүй­есі ретін­де құры­лған. Осы ком­па­ни­я­ның көме­гі­мен Тимур Құлы­ба­ев өзінің ең басты қара тір­лік­терін жүзе­ге асы­рып, Румы­ни­я­ның «Rompetrol» ком­па­ни­я­сын сатып алды.

2007 жылы Диас басқа­рып оты­рған ком­па­ния «Rompetrol Group» ком­па­ни­я­сы­ның 75 пай­ы­зын ием­ден­ді. Бұл не груп­па дей­сіз ғой. Бұл ХХ ғасыр­дың 40-жыл­да­ры салы­нған екі ескі мұнай өңдеу зауы­ты мен шағын сату желісі. 2009 жылы қалған 25 пай­ыз сатып алы­на­ды. Бұл мәмі­ленің құны бір­не­ше есе үлкей­тіліп, 1 мил­ли­ард­тан астам ақша Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы Тимур Құлы­ба­ев және оның коман­да­сы­мен ұрлан­ды. Кей­ін­нен «Қаз­Мұ­най­Газ» осы ком­па­ни­я­ның ескі зауыт­та­рын қай­та жаңар­ту үшін жүз­де­ген мил­ли­он дол­лар ақша құй­ды.

Ал дәл сол уақыт­та Қаза­қстан­ның 80-жыл­да­ры салы­нған әлдеқай­да жаңа зауыт­та­ры­на қар­жы тап­шы­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты модер­ни­за­ция жүр­гізіл­меді. Бір қызы­ғы – біздің зауыт­тар румын зауыт­та­ры­на қараған­да, әлдеқай­да зама­на­уи. Ал мем­ле­кет бол­са, өзінің емес, румын­ның ескі зауыт­та­ры­на ақша құй­ды. Ал қазір Қаза­қстан бен­зин­ді Ресей­ден тасып, әлек болып отыр.

Нәти­же­сін­де «Rompetrol»-ға 5 млрд дол­лар ақша құй­ыл­ды. Бұл ақшаға үш жаңа зама­на­уи мұнай өңдеу зауы­тын салуға болар еді. Жақын­да «Қаз­Мұ­най­Газ» бас­шы­лы­ғы «Rompetrol» ком­па­ни­я­сы­ның 51 пай­ы­зы қытай­ларға 680 млн дол­ларға саты­ла­ты­нын мәлім­деді. Бұл жобаға мем­ле­кет­тің 5 млрд дол­лар қар­жы­сы жұм­са­лып, ком­па­ни­я­ның 51 пай­ы­зын 680 млн дол­ларға сату біре­улер үшін өте қызық, әрі тиім­ді биз­нес болып тұр. Бірақ Қаза­қстан мен оның халқы үшін емес.

2009 жылы мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі Диас Сүлей­ме­нов мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­да 13 жыл «мін­сіз» жұмыс жасап, жеке биз­неске кете­ді. 2009 жылы ол «Пет­ро­ле­ум Опе­рей­тинг» ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры бола­ды.

 

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі биз­нес

 

2010 жыл­дың басын­да Диас мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті қат­ты сағы­нған болуы керек, қай­та­дан мем­ле­кет­тік сек­торға ора­ла­ды. Біздің елде жас маман­дар бір жұмыс таба алмай жүр­ген­де, Диасқа бір­ден екі лау­а­зым­ды ұсы­на­ды. Атап айтқан­да, «Ремонт­ная кор­по­ра­ция «Қамқор» мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры мен «Қамқор менедж­мент» меке­месінің бас дирек­то­ры лау­а­зым­да­ры ұсынылды.«Қамқор менедж­мент» тура­лы айта­тын бол­сақ, ол Қаза­қстан­ның маңы­зды, көп сала­лы алпа­уыт хол­дин­гі. Бұл ком­па­ния Қаза­қстан­ның көп­те­ген кәсі­по­рын­да­рын бірік­тіреді. Онда он мың­нан астам адам қыз­мет жасай­ды.

Диас мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бір жыл ғана тыс қал­са да, ол өзіне тиесілі мен­шік, ақша мен банк есеп­шот­та­ры жөнін­де­гі мәлі­мет­тер­ді жария етуі керек еді. Әрине, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те 13 жыл «мін­сіз» жұмыс істе­ген адам үшін не қиын­дық дер­сіз? Диас салық орган­да­ры­нан де ешнәр­се жасыр­мас деп ойлар­сыз. Алай­да жағ­дай мүл­де басқа­ша.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке қай­та ора­лу­ды ойла­сты­рып жүр­ген­де, Диас өзі үшін өте маңы­зды шешім қабыл­дап, ұшақ сатып ала­ды. Әншей­ін ұшақ, «Gulfstream». Осы жөнін­де Диас Батыс банк­теріне тол­ты­рған анке­та­сын­да ұшақ тура­лы ақпа­рат­та «жеке пай­да­ла­ну үшін» деп көр­сет­кен. Осы анке­та­ны мұқи­ят зерт­те­у­ге кеңес бере­мін. Диас Сүлей­ме­нов 1979 жылы ҚазССР Темір­тау қала­сын­да дүни­е­ге кел­генін көре­міз. Ол Gulfstream G-200 ұшағы бан­кир­лер үшін жеке мақ­сат­та пай­да­ла­ны­ла­ды деп көр­сет­кен. Жоға­ры­да айтып өткенім­дей, Диас Ұлт­тық банк­ке 24 жасын­да кел­ген. Оған дей­ін сту­дент болған. Бірақ мұнай-газ сек­то­рын­дағы мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі 13 жыл­дан кей­ін, 38 жастағы Диас Сүлей­ме­нов өзінің қар­жы жағ­дай­ын 120 млн АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де баға­лаған. Оның мен­ші­гін­де акци­я­лар, тұрғын және ком­мер­ци­я­лық жыл­жы­май­тын мүлік бар. Ақша қай­дан?

Ақша өзінің ком­па­ни­я­ла­ры­нан түс­кен деп түсін­діреді. Бұған қоса, негіз­гі жұмысы­нан жалақы мен бонус ала­мын деп көр­сет­кен. Ешқан­дай қары­зы мен жос­пар­лан­баған шығын­сыз, 120 млн дол­лар қар­жым бар деп, өзінің бан­кир­леріне түсін­дір­ген. Бұл үзіліс­сіз мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің 13 жылғы нәти­же­сі. Әрине, Диас өзінің актив­терінің пай­да болу көзін жасы­рып қалған. Ол «Пет­ро­ле­ум Опе­рей­тинг» ком­па­ни­я­сы­ның және «Қамқор менедж­мент» ком­па­ни­я­ла­ры­ның бас дирек­то­ры лау­а­зым­да­рын бір­ге алып жүр­ді. «Қамқор менедж­мент» ком­па­ни­я­сы­ның 50 пай­ы­зы ғана мем­ле­кет­ке тиесілі болған­ды­қтан, Диас өзінің мүлі­гі мен қар­жы­ла­ры тура­лы мәлі­мет­тер­ді жасы­рып қал­ды. Біз­де­гі құжат­тар бой­ын­ша, Диас «Ремонт­ная кор­по­ра­ция «Қамқор» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы­на өзінің ада­мын қой­ған.

 

Бен­зин­нің баға­сы – Тимур­дың табысы

 

2009 жылы Диас «Пет­ро­ле­ум Опе­рей­тинг» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы­на келеді. Бұл – Диас жұмыс жасаған бірін­ші жеке меке­ме. Диас өзінің жез­десі Дани­яр Абул­га­зин секіл­ді осы ком­па­ни­я­ның мино­ри­тар­лы мүше­сі. Ал осы ком­па­ни­я­ның басты мүше­сі – әрине, Тимур Құлы­ба­ев. Аталған ком­па­ни­я­ның сәт­тілі­гінің құпи­я­сы осын­да жатыр.

«Пет­ро­ле­ум Опе­рей­тинг» мұнай ком­па­ни­я­сы болға­ны­мен, мұнай өндір­мей­ді, оның мұнай кен­дері жоқ. Бұл тек дел­дал ком­па­ния ғана. Өндіру­шілер­ден мұнай­ды төмен баға­мен сатып алып, мұнай өңдеу зауыт­та­ры­на жөнел­те­ді. Бен­зин мен басқа да жағар­май түр­лерін сатып алып, оны қай­та сата­ды. Қаза­қстан­ның мұнай өнді­ру нары­ғы толы­қтай Құлы­ба­ев­тың моно­по­ли­я­сын­да. Ол Назар­ба­ев­пен серік­те­стік негіз­де жұмыс жасай­ды. Сол үшін олар өз құры­лым­да­рын пай­да­ла­нып, өндіру­ші ком­па­ни­я­ларға мұнай­дың нары­қтық баға­сын ұсын­бай­ды. Бір­де-бір жеке ком­па­ния Құлы­ба­ев­ты айна­лып өтіп жұмыс жасағы­сы кел­се, бір­ден лицен­зи­я­сы­нан айы­ры­ла­ды. Сон­ды­қтан Тимур мен оның коман­да­сы жағар­май­дың баға­сын көтеріп ұстап тұр және содан өте зор көлем­де пай­да тауып отыр.

Бұл нені біл­діреді? Бір ғана мысал кел­тірей­ін. 2013 жылы Ресей ком­па­ни­я­ла­ры Қаза­қстанға арзан жағар­май сата баста­ды. Бен­зин­нің баға­сы құлап, ел үшін тиім­ді болар еді. Алай­да Назар­ба­ев­тың тап­сыр­ма­сы­мен сол кез­де­гі пре­мьер-министр Серік Ахме­тов Ресей­ден тасы­мал­да­на­тын мұнай өнім­деріне шегерім қоя­тын үкім­ге қол қой­ды.

Үкім­ге сәй­кес, Ресей­дің мұнай өнім­дерін тасы­мал­да­уға тек үш ком­па­ни­яға ғана рұқ­сат беріл­ді. Олар «Қаз­Мұ­най­Газ өнім­дері» мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­сы мен екі жеке – «Пет­ро­ле­ум Опе­рей­тинг» және «Пет­ро сан» ком­па­ни­я­ла­ры. Кей­ін­гі екі ком­па­ния Қаза­қстан­да бел­гісіз болға­ны­мен, мем­ле­кет­тік ком­па­ния секіл­ді Ресей жағар­май­ын тасы­мал­да­уға мүм­кін­дік алды. Ашық мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, «Пет­ро сан» ком­па­ни­я­сы­ның екі мен­шік иесі бар. Біре­уі Қытай мем­ле­кетінің мұнай-газ ком­па­ни­я­сы бол­са, екін­шісі – Диас Сүлей­ме­но­втың әпкесі, Дани­яр Абул­га­зин­нің жұбайы – Айда­на Сүлей­ме­но­ва. Осы­лай­ша, Қаза­қстан­дағы бен­зин мен өзге жағар­май­дың баға­сы жасан­ды түр­де қым­бат­тап отыр. Осы жол­мен мұнай өнім­дері нары­ғын­да бәсе­ке­ле­стік жой­ы­лып, моно­по­лия құры­лған. Соның арқа­сын­да Құлы­ба­ев, Сүлей­ме­нов және Абул­га­зин сияқты­лар қомақты табыс тауып отыр. Осы­ның бәрі тек жоға­ры­дан, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың рұқ­са­ты­мен істелініп жатқан тір­лік­тер.

 

Али­на Диаз кім?

 

Ал енді Диас само­лет сатып алар кез­де­гі тол­ты­рған анке­таға қай­та ора­лай­ық. Мүм­кін, 120 млн дол­лар Диа­стың отба­сы­ның мүше­лерінің тапқан ақша­сы шығар? Біздің мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің бала­ла­ры мен әйел­дерінің «өте талант­ты» екенін бәрі­міз жақ­сы біле­міз. Бірақ Диа­стың бала­ла­ры 120 млн дол­лар таба ала­тын жасқа жет­пе­ген. Әйелінің аты – Али­на Алек­сан­дров­на Сүлей­ме­но­ва (Еме­лья­но­ва). 1976 жылы Ресей­дің Норильск қала­сын­да дүни­е­ге кел­ген. Нориль­скі­де туы­лға­ны­на қара­ма­стан, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы бар. Али­на Алма­ты мен Аста­на қала­ла­ры­ның таң­да­у­лы тұрғын­да­ры үшін аса қым­бат үй жаб­ды­қта­рын сата­тын «Dialin» қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­сы­ның иесі. Диас пен Али­на­ның үш бала­сы бар. Нұр­сұл­тан, Тимур және София.

Қаза­қстан­дағы Диа­стың әйелі Али­на Сүлей­ме­но­ва – Қаза­қстан аза­мат­ша­сы бол­са, Қаза­қстан­нан тыс жер­де Диа­стың әйелі болып Ресей аза­мат­ша­сы Али­на Алек­сан­дров­на Диаз көр­сетіл­ген. Дәл осы Али­на Диаз Швей­ца­ри­яда тұра­ды. Мекен­деу рұқ­са­ты да бар. Әрине, оны ұқсас адам, мүл­де басқа Диаз деп те қарас­ты­руға бола­ды. Сон­ды­қтан бұл тек бір адам екеніне көз жет­кі­зу үшін, біз салық декла­ра­ци­я­сын қарап өттік. Али­на, Але­на Диаз Сүлей­ме­но­ва оны Швей­ца­ри­яда тол­ты­рған. Өйт­кені сол жер­де тұрып, мүлік­ке салық төлей­ді. 2012 жыл­дың өзін­де ғана Диаз ханым 25 млн астам швей­ца­рия фран­кіне декла­ра­ция тол­ты­рған. Бұл 25 млн АҚШ дол­ла­ры­на шама­лас қар­жы.

Әрине, Али­на Сүлей­ме­но­ва мен Али­на Диаз – бір тұлға екені түсінік­ті. Мен қазір Қаза­қстан­ның екі аза­мат­тық алуға тый­ым сала­тын заң­да­ры­ның бұзы­лға­ны тура­лы айтқым да кел­мей­ді.

Бір адам­ның екі заң­ды тұлға ретін­де тір­кел­геніне де уақыт бөл­мей­ік. Мен көтер­гім келіп оты­рған мәсе­ле басқа. Бұл Қаза­қстан аза­ма­ты Диас Сүлей­ме­нов пен оның әйеліне не үшін керек? Олар­ды Қаза­қстан билі­гі қуда­лап отыр ма, жоқ әлде біре­уден тығы­лып жүр ме? Менің ойым­ша, біздің жүр­гіз­ген тер­ге­уі­мізді көр­ген­нен кей­ін, бұл сұраққа өздеріңіз де жау­ап бере ала­сыз.

 

Ұшақ пен яхта

 

Диа­стың өзінің ұшағы бол­мағанға дей­ін, ол ұшақтар­ды жалға алуға мәж­бүр болған екен. Мыса­лы, көк­тем­гі кани­кул кезін­де Лон­дон­нан ұшақ жал­дау үшін Диас 220 мың евро төле­ген. Бұл ұшақ 14 орын­дық. Көп жағ­дай­да бұн­дай ұшақтар­ды мил­ли­ар­дер­лер пай­да­ла­на­ды. Сон­ды­қтан ақша­ны жалға оңды-сол­ды шашпау үшін, Диас өзіне «Gulfstream» ұшағын сатып алған болуы керек. Бұл ұшақтың орта­ша баға­сы – 25 млн АҚШ дол­ла­ры. Қаза­қстан­ның тәжіри­бесі бой­ын­ша, егер адам мем­ле­кет қамы үшін күні-түні жұмыс жасап, жеке ұшақ тура­лы арман­дай­тын бол­са, онда оның яхта­сы да бар деген сөз.

Әрине, Диа­стың да яхта­сы бар және бір ғана яхта емес. Диасқа тиесілі яхта­ла­ры­ның бірінің ата­уы – «Джас­фан». Ол да өзге мүлі­гі сияқты Диа­стың әйелінің аты­на тір­кел­ген. Осы ағы­л­шын туы­ның астын­да жүзетін кіші­гірім яхта­ны ұстау үшін, жылы­на 300 мың евро жұм­са­ла­ды. «Тәбет – ас ішкен­де келеді» демек­ші, «Джас­фан» яхта­сы Диа­стың көңілі­нен шық­паған болу керек, сон­ды­қтан Диас басқа, одан үлкенірек SSL-100 яхта­сын сатып ала­ды. Оның құны – 10 млн евро.

Әрине, кім көп жұмыс жаса­са, сол жақ­сы дема­ла­ды ғой. Сон­ды­қтан Диас дема­лу мәсе­лесіне кел­ген­де, Назар­ба­ев­тар отба­сы мүше­лері­нен кем түскісі кел­мей­тіні түсінік­ті. Мыса­лы, Диас өзінің бала­сы­ның туған күнін атап өту үшін Швей­ца­ри­я­ның тау курорт­та­ры­ның бірін­де мере­келік кеш өткіз­ген. Оны шетел­дің ата­у­лы агент­ство­ла­ры­ның бірі ұйым­да­сты­рған. Шақы­ры­лған қонақтар­дың алдын­да Аме­ри­ка­ның «Нико­ло­де­он» бала­лар теле­ар­на­сы­ның жүр­гі­зу­шісі өнер көр­сет­кен. Бала­сы­ның туған күніне Диас 490 мың швей­ца­рия фран­кін жұм­саған, бұл – жар­ты мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры. Осын­дай кеш­тер­ді Диас үне­мі ұйым­да­сты­рып оты­ра­ды. Тек шақы­ры­ла­тын жұл­ды­здар ғана бала­лар­дың талға­мы­на қарай ауы­сып оты­ра­ды. Мыса­лы, Диа­стың ұлы Тимур­дың туған күніне бел­гілі аме­ри­ка­лық рэп­пер Эйкон шақы­ры­лған.

 

Диа­стың мил­ли­он­дық үйлері

 

Диа­стың жұбайы Диаз ханым Швей­ца­ри­я­ның рези­ден­ті болып табы­ла­ды. Сон­ды­қтан олар­дың отба­сы Швей­ца­ри­яда тұрақтаға­ны да түсінік­ті шығар. Диас пен Али­на Жене­ва маңай­ын­да құны 27 млн франк бола­тын жер телі­мін сатып алған. Бұл 28 млн АҚШ дол­ла­ры­на тең ақша. Неге бұлай қым­бат дей­сіз ғой. Өйт­кені Диас үйін салу үшін, Жене­ва­ның ең жақ­сы жерін таң­даған.

Енді біздің мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің көр­шілерінің кім екеніне назар ауда­рай­ық. Бірін­ші көр­ші үй – 48 млн франк тұра­тын Катар королі отба­сы­ның үйі. Сол жағын­да Путин­нің досы Ген­на­дий Тим­чен­ко­ның 18 млн дол­лар тұра­тын үйі орна­ласқан. Ал Диа­стың салған үйіне 12,6 млн франк ақша жұм­салған. Бұл шама­мен 13 млн АҚШ дол­ла­рын құрай­ды. Диа­стың тағы бір көр­шісі – Сауд Ара­вия хан­шай­ы­мы Ләти­фа­ның үйі. Оны хан­шай­ым 25,5 млн фран­кқа сатып алған. Ары қарай қарай­тын бол­сақ, Ресей мил­ли­ар­дері Дмит­рий Рыбо­лев­тің үйін бай­қай­мыз.

Диас жаңа үйін 13 млн дол­ларға сал­дыр­ды. Үйдің қауіп­сіздік жүй­есіне қосым­ша 585 мың франк жұм­салған. Ол 600 мың АҚШ дол­ла­ры­нан аса­ды. Үй, әрине, тама­ша салы­нған. Ішін­де үй кино­те­ат­ры, бас­сейн, спорт­за­лы да бар. Бұл үйдің ішкі жиһа­зы­на ең кемі 5 млн АҚШ дол­ла­ры жұм­салған. Осы үйдің иесі ел тани бер­мей­тін, жай мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер десек бола­ды. Бұл Диа­стың Швей­ца­ри­ядағы жалғыз шығы­ны емес.

Швей­ца­ри­я­ның шынайы тұрғын­да­ры ретін­де Сүлей­ме­но­втер жұбы тау шаңғы­сын қат­ты жақ­сы көреді. 2009 жылы көп­мерзім­дік құқық негізін­де бес жұл­ды­зды отель­дің апар­та­мен­тін 372 мың франк­ке жалға ала­ды. Бірақ бұл жалға алу шар­ты Диасқа ұна­маған болу керек, сон­ды­қтан 2013 жылы отба­сы­ның қысқы дема­лы­сы­на арналған, құны 5 млн 760 мың франк тұра­тын қысқы үй сатып ала­ды. Бұл дегені­міз 6 млн АҚШ дол­ла­рын құрай­ды. Бұл қысқы үйдің ғана құны бол­са, сол үй тұрған жер­дің құны 8 млн 640 мың франк­ті құраған. Бұл шама­мен 9 млн АҚШ дол­ла­ры. Швей­ца­ри­я­ның заңы­на сәй­кес, қысқы үй мен жер телі­мін бір адам­ның аты­на тір­ке­у­ге бол­май­ды. Сон­ды­қтан бұл мүлік екі ада­мға, Али­на мен оның әкесінің аты­на тір­кел­ген. Бұл 2013 жылы болған жағ­дай. Осы мүлік­тің рәсім­де­луіне Диас 2 млн 900 мың франк жұм­саған. Али­на­ның әкесі бір­ден қызы­на өси­ет хат жазып қой­ған. Ол өси­ет хат­та қысқы үйдің жер телі­мі­нен бөлек, Берн қала­сын­дағы пәтер­лер көр­сетіл­ген. Жақ­сы үй – жақ­сы қауіп­сіздік­ті талап ете­ді. Ол үшін Сүлей­ме­но­втер жұбы жар­ты мил­ли­он евро жұм­саған.

Әрине, Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­те 13 жыл жұмыс жасаған адам­ның отба­сы жатақ­ха­на­да тұр­май­ты­ны сөз­сіз. Диа­стың өзінің есебі бой­ын­ша, оның Қаза­қстан­дағы жыл­жы­май­тын мүл­кінің құны 8 млн дол­лар­ды құрай­ды екен. Алма­ты­дағы вил­ла­сы­ның құны 4 млн дол­лар бол­са, пәтері 2 млн, ал Шым­бұлақтағы вил­ла­сы 200 мың дол­лар. Аста­на қала­сын­дағы гольф алаңын­дағы вил­ла­сы 800 мың дол­лар­ды құрай­ды.

Көп­шілік қаза­қстан­ды­қтар секіл­ді Диас та Дубай­ды жақ­сы көреді. Сон­ды­қтан Диа­стың онда да пәтері бар. Диас отба­сы­мен Дубай­да көп уақы­тын өткіз­бе­се де, сол пәтер­ді ұстау үшін жылы­на 130 мың дол­лар жұм­са­ла­ды. Жаз кезін­де Диас Испа­ни­яда демалған­ды қалай­ды. Оның Испа­ни­я­ның ең әде­мі жері – Ката­ло­ни­яда да үйі бар.

Біз қазір мем­ле­кет­тік қыз­мет­те 13 жыл қыз­мет жасаған мем­ле­кет­тік мене­джер Диас Сүлей­ме­но­втің өмірі­нен тек бір­не­ше ғана мысал кел­тіріп отыр­мыз.

 

Швей­ца­ри­ядағы шалқы­ған өмір

 

2010 жылы Диас өзінің капи­та­лын 120 млн дол­ларға теңе­ген. Егер Диа­стың авто­көлік­тер­ге, дема­лы­сқа, сая­хат­та­ры­на, яхта­ларға кет­кен ақша­ла­рын еске­рер бол­сақ, оның қар­жы­сы тез аза­юы керек еді. Алай­да төрт жыл ғана өте, 2014 жылы, Диас өзінің капи­та­лы­ның екі есе өскенін көр­сет­ті. Оның қар­жы­сы 120 млн дол­лар­дан 282,5 млн дол­ларға көбей­ген.

Бұл қалай болуы мүм­кін деп сұрай­тын шығар­сыз? Қаза­қстан­да бәрі де мүм­кін. Жас жігіт инсти­тут­ты біті­ре салып Ұлт­тық банк­ке жұмысқа тұра­ды, кей­ін­нен мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ларға ауы­сып, 13 жыл­дан кей­ін қар­жы жағ­дай­ын 120 млн дол­ларға жет­кізіп, әлем­ді сая­хат­тап, яхта­лар мен ұшақтар, пәтер мен үйлер сатып алып, 4 жыл өте өзінің қар­жы­сын екі есе ұлғай­та ала­ды. Бұның құпи­я­сы неде?

Енді кезін­де Диас басқарған ком­па­ни­яға ора­лай­ық. Ата­уы – «Қаз­Мұ­най­Газ – Гол­лан­дия» сауда үйі. Бұл мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ның «Қаз­Мұ­най­Га­з­Эй-Джи» атты «дочер­лік» меке­месі бар. Ол Швей­ца­ри­яда тір­кел­ген. Кең­сесі – әде­мі Луга­на қала­сын­да орна­ласқан. Түсінік­ті болу үшін, оны «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» деп атай­ық. Бұл меке­менің құры­луы­ның негіз­гі ресми мақ­са­ты – мұнай өнім­дерін шетел нары­ғы­на шыға­ру болып табы­ла­ды. Қаза­қстан­ның мұнай ағын­да­ры осы ком­па­ния арқы­лы өте­ді. Осы тыныш Швей­ца­ри­яда Тимур мен оның коман­да­сы қаза­қстан­дық мұнай­дың арқа­сын­да мил­ли­ард­таған ақша тауып жатыр.

 

Бірақ осы «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» ком­па­ни­я­сы­ның ресми емес тағы бір рөлі бар. Ол – Тимур­дың отба­сы­на қыз­мет көр­се­ту. Ондай қыз­мет Диас пен Али­на­ның отба­сы­на да көр­сетіледі. Дина­ра Құлы­ба­е­ва да, Али­на Сүлей­ме­но­ва-Диаз да Швей­ца­ри­я­ның рези­дент­тері болып табы­ла­ды. Сон­ды­қтан оларға «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» қыз­мет­кер­лерінің қамқор­лы­ғы аса қажет. Диа­стың ұлы­ның туған күнін Швей­ца­ри­я­ның тау­лы курорт­та­ры­ның бірін­де жасаға­ны есіңіз­де ғой. Демек, жар­ты мил­ли­он дол­лар кет­кен туған күн­ге бай­ла­ны­сты айтып өтей­ін дегенім, осы кешті ұйым­да­сты­рған мем­ле­кет­тік ком­па­ния «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» болған. Осы ком­па­ни­я­ның қыз­мет­кері Еле­на Мак­сия мерей­той кешін ұйым­да­сты­ру­мен тіке­лей айна­лы­сып, басты­ғы Тимур Ази­мо­втың алдын­да есеп беріп оты­рған. Еле­на Мак­си­я­ның ұлты ита­льян­дық бол­са да, ком­па­ни­я­ны қаза­қ­ша басқа­ру оны таңқал­дыр­май­тын болу керек. Қазір Тимур Ази­мов пен Еле­на Мак­сия «Rompetrol»-да жұмыс жасай­ды. Тимур Ази­мов осы кеш­ке қаты­сты келіп түс­кен мәлі­мет­тер­ді Диас Сүлей­ме­нов­ке жіберіп оты­рған. Ал Диас бол­са, «Қаз­Мұ­най­Газ – Лугана»-да жұмыс істе­ме­се де, осы ком­па­ни­я­ның аты­нан кешті ұйым­да­сты­ру­шы­лар­мен келісім-шарт жасаған. Бірақ бұл жайт­тарға кім көңіл бөлер дей­сің.

 

Тимур­дың отба­сы – мем­ле­кет қамқор­лы­ғын­да ма?

 

Дина­ра Құлы­ба­е­ва да осы мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ны өз қажетіне талай пай­да­ланған. Мыса­лы, ол Швей­ца­ри­ядағы «Вилет интер­неш­нл» ком­па­ни­я­сы­ның кең­сесінің есеп­терін тіке­лей Еле­на Мак­си­яға жіберіп оты­ра­ды. 600 мың дол­лар­дан сәл кем, ал екін­шісі 600 мың дол­лар­дан аса­тын шығын Дина­ра Құлы­ба­е­ва аты­на тиесілі.

«Вилет интер­неш­нл» – швей­ца­ри­я­лық ком­па­ния. 2013 жылы швей­ца­ри­я­лық газет­тер­дің хабар­ла­у­ын­ша, Дина­ра Құлы­ба­е­ва «Вилет интер­неш­нл» ком­па­ни­я­сын, Швей­ца­ри­я­ның мекен-жай рұқ­са­тын беретін ықти­ярын алу үшін шымыл­дық ретін­де пай­да­ланған. Сол рұқ­сат­ты алған­нан кей­ін, аталған ком­па­ния жабы­лған. Алай­да «Вилет интер­неш­нл» ком­па­ни­я­сы­ның төлем ақы­ла­ры «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» ком­па­ни­я­сы­на жол­да­нып оты­ры­лған.

«Вил­лет групп» ком­па­ни­я­сын Қаза­қстан­да көп біле бер­мей­ді. Бұл ком­па­ния Қаза­қстан­да зер­гер­лік әше­кей­лер мен өзге аса қым­бат бұй­ым­дар сату­мен айна­лы­са­ды. «Вил­лет групп»-қа үш акци­о­нер иелік ете­ді. Олар – Айда­на Сүлей­ме­но­ва, Али­на Диаз және гол­лан­ди­я­лық «Asset Estate Investments B.V.» ком­па­ни­ям­сы. Бірақ оның есеп-ақша­ла­рын «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» төлей­ді.

«Asset Estate Investments B.V.» ком­па­ни­я­сы­ның артын­да кім тұр? Бұл сұрақтың жау­а­бын ашық дереккөз­дер­ден табуға бола­ды. Ол – Тимур Құлы­ба­ев. Диас «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» ком­па­ни­я­сын­да жұмыс істе­ген емес. Оны Тимур Ази­мов басқарған. Ази­мов 2006 жыл­дан бастап жұмыс жасап, 2013 жылы «Rompetrol»-ға ауы­сты. Соған қара­ма­стан, Тимур Ази­мов­ке «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» кім­ге, қан­ша ақша ауда­ру керекті­гі тура­лы бұй­ры­қтар­ды Диас Сүлей­ме­нов беріп тұрған. Қара­пай­ым мысал ретін­де мына хат­ты көріңіз­дер:

 

• «Диас, қай­ыр­лы күн. Кар­та бой­ын­ша тұрақты шығын­дар кетіп жатыр. Үй шығын­да­ры, мыса­лы, Дени­за­ға арналған ойын алаңы сатып алын­ды. Алтай­дың (Тимур­дың ұлы – Ред.) үйіне арналған аудио-видео тех­ни­ка. Али­си­я­ның бөл­месінің жаб­ды­ғы. Көлік қыз­меті. Соңғы инвой­стар 67 мыңға шықты. Бала күту­ші, аспаз­шы, заң­гер­лер қыз­меті және т.б. Тимур Ази­мов­ке шығын­дарға 200-– 300 мың ақша ауда­руға бұй­рық бер­ші деп сұрай­ын деп едім», – деп жазған.

 

Бұған қоса Али­си­я­ның қырқы­нан шыққа­нын атап өту­ге дай­ын­да­ла бастаға­нын көру­ге бола­ды. Алдын ала есеп бой­ын­ша, оған 350 мың­дай франк қажет болған.

«Сені жақын ара­да маза­ла­мас үшін, 600– 650 мың бол­са, тама­ша болар еді. Рах­мет. Құр­мет­пен Адик» деп жазы­лған. Адик деп оты­рға­ны­мыз – Әділ Ескен­діров. Тимур мен Дина­ра Құлы­ба­ев­тарға тиесілі «Алмекс» ком­па­ни­я­сы­ның өкілі. Оған дей­ін Әділ Ескен­діров «Қаз­Мұ­най­Газ» сауда үйінің бөлі­мін басқарған. Адик ресми түр­де «SkyBridge Invest» ком­па­ни­я­сы­ның 91 пай­ы­зы­ның иегері. Сон­да Адик Диа­стан – мем­ле­кет­тік «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры­на, Тимур мен Дина­ра­ның отба­сы­ның шығын­да­ры­на 600–650 мың дол­лар бөлу­ге бұй­рық беруін сұрап отыр. Сон­да Құлы­ба­ев­тар­дың қызы­ның қырқы­нан шығуы мем­ле­кет­тік шығын болға­ны ма?

Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры адам өміріне лай­ы­қты ақша ала алмай отыр. Өйт­кені мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар Назар­ба­ев­тың неме­ре­лерінің бала күту­шісі, аспаз­шы­ла­ры, жүр­гі­зу­шілері үшін ақша төле­у­ге мәж­бүр болу­да. Бұл Құлы­ба­ев пен Сүлей­ме­но­втың мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ны өз мүд­де­лері үшін пай­да­ла­нып оты­рған­ды­ғы­ның үш мыса­лы ғана.

Біздің айта­ры­мыз әлі көп. Сон­ды­қтан «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» ком­па­ни­я­сы­на көп тоқта­ла бер­мей­ік. Айт­пақ­шы, қазір «Қаз­Мұ­най­Газ – Луга­на» ком­па­ни­я­сы жабы­лу үстін­де. Осы­лай­ша, Тимур мен оның коман­да­сы ақша жымқы­ру оқиға­ла­рын жасы­ру үшін жасаған тір­лік­терінің артын жуып-шаю­дың әре­кет­терін жасап жатыр.

 

«Қамқор» – кім­ге қамқор?

 

Енді біз сіз­дер­ге мем­ле­кет­тің маңы­зды актив­терін қалай жымқы­рға­ны тура­лы айтып бере­міз. 2010 жыл­дың қара­ша­сы­нан бастап Диас көп сала­лы «Қамқор менедж­мент» хол­дин­гін басқа­рып келеді. Онда, айтып өткені­міз­дей, бас дирек­тор және бақы­лау кеңесінің төраға­сы қыз­метін атқа­рып кел­ген.

«Қамқор менедж­мент» хол­дин­гі дегені­міз не? Бұл ком­па­ния құра­мы­на Қаза­қстан аумағын­дағы оннан астам ірі меке­ме­лер кіреді. 10 мың­нан астам адам жұмыс жасай­ды. Бұл ерекше ком­па­ния. Өзі жұмыс жасап оты­рған бар­лық сала­да не моно­по­лист неме­се нары­қтың 50 пай­ы­здан астам бөлі­гіне бақы­лау жасап отыр. Бұл жәй ком­па­ния емес. Оның құра­мын­дағы кәсі­по­рын­дар рес­пуб­ли­ка мақта­ны­шы. Мүм­кін, естеріңіз­де шығар, 2008 жылы Қаза­қстан үкі­меті «Самұрық-Қазы­на» мем­ле­кет­тік қорын құрып, оның мен­ші­гіне ұлт­тық темір жол­ды (ҚТЖ) бер­ді. Сол кез­дері Тимур Құлы­ба­ев «Самұрық-Қазы­на» қоры­ның бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры болған. Аз уақыт өте ҚТЖ-ның тағы бір ортақ иелік ету­шісі пай­да бола­ды. Ол – ағы­л­шын­ның «Harad Operation UK Limited» ком­па­ни­я­сы. Бұл ком­па­ния «Қамқор групп» ком­па­ни­я­сы­ның 50 пай­ы­зы­ның иесі атан­ды. Бұл – стра­те­ги­я­лық маңы­зы зор, актив­тері мил­ли­ард­таған дол­лар­ды құрай­тын мем­ле­кет­тік ком­па­ния.

«Harad Operation UK Limited» Англи­яда тір­кел­ген. Бұл қан­дай ком­па­ния екенін түсі­ну үшін, Англи­я­ның заң­ды тұлға­лар реест­ріне жүгін­дік. Бұл ком­па­ния 2007 жылы құры­лған екен. Біз осы ком­па­ни­я­ның тарихын шолып, қар­жы есеп­терін зерт­те­дік. Оның ешқан­дай қыз­меті бол­маған болып шықты. Құры­лған­нан бері оның актив­тері 3 мың фунт­тан да аз болған. Осы түк­ке тұр­май­тын ком­па­ния үлкен мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ның 50 пай­ы­зын ием­ден­ді. Бұл қалай бол­ды сон­да? Оның жау­а­бын біз ком­па­ни­я­ның есеп­тері­нен тап­тық. Бұл ком­па­ни­я­ның негіз­гі акци­о­нері – Бер­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген «Harad Operation» ком­па­ни­я­сы болған. Ал Harad-тың негіз­гі иегері қаза­қстан­дық «Кипрос» ЖШС болған. Ал осы серік­те­стік­тің қожай­ы­ны – бәрі­міз білетін­дей, Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы Тимур Құлы­ба­ев. Енді «Қамқор груп­па» ком­па­ни­я­сын­да Диас Сүлей­ме­но­втың қалай пай­да болға­ны және оның бас­шы­лы­ққа қалай кел­гені бәріңіз­ге түсінік­ті болған шығар.

Айт­пақ­шы, осы Harad-қа қаты­сты тер­геу жүр­гіз­ген уақыт­та оны жедел түр­де лик­ви­да­ци­яға жібер­ген. Соған қараған­да, «тимур­шы­лар» бар амал­ды пай­да­ла­нып, іздерін таза­лап жатқан болу керек.

Диас «Қамқор груп­па­сын­да» не істе­ді? Ол оны жеке­ше­лен­діру­ге дай­ын­да­ды. Құлы­ба­ев оны мем­ле­кет­пен бөліскісі кел­мей, оны толық ием­ден­гісі кел­ді. Сол уақыт­та көмек­ке Тимур­дың жиені Әлі­бек Құлы­ба­ев кел­ді. Ол Тимур­дың үлкен аға­сы Талғат Құлы­ба­ев­тың бала­сы. Осы 24 жастағы Әлі­бек­ке бүкіл «Қамқор менедж­мент» ком­па­ни­я­сы­ның актив­терін басқа­ру тап­сы­ры­ла­ды. Неге бол­масқа? Кезін­де Диас та 24 жасын­да Ұлт­тық банк­тің бас эко­но­мисі бола біл­ді ғой. Құлы­ба­ев­тар­дың ақы­лы Сүлей­ме­но­втер­ден аз емес қой.

 

Цхай­ға 55 мил­ли­он құқай ма?

 

2014 жыл­дан бастап, Назар­ба­ев­тың ұйға­ры­мы­м­ен мем­ле­кет­тік мен­шік­ке жеке­ше­лен­ді­ру жүр­гізі­ле баста­ды. 2015 жылы «Қамқор менедж­мент» ком­па­ни­я­сы­ның мем­ле­кет­тік үлесі жеке­ше­лен­діру­ге ұшы­ра­ды. Ол үшін Яков Цхай есім­ді тұлға 19,3 милрд тең­ге төле­ген. Бұл 55 млн дол­лар­дан сәл көбірек. Бұл ақша мем­ле­кет­тің 9 ком­па­ни­ядағы үлесі үшін төлен­ді. Олар: «Темір­жол-энер­го», «Қамқор-локо­мо­тив», «Қаза­қстан вагон жасау ком­па­ни­я­сы», «Темір жол жөн­деу», «Локо­мо­тив-2030», «Қамқор-менедж­мент», «Қамқор-вагон», «Қамқор-жылу», «Алма­ты қала­сы­ның транс­порт хол­дин­гі».

«Қамқор групп» ком­па­ни­я­сы үшін төлен­ген 55 млн дол­лар дегені­міз не? Бұл 90-жыл­да­ры Назар­ба­ев жүр­гіз­ген жеке­ше­лен­діру­мен салы­сты­руға бола­тын барып тұрған ұрлық. «Қамқор групп» ком­па­ни­я­сы мил­ли­ард­таған дол­ларға баға­ла­на­ды. Жәй ғана мысал: «Темір­жол-энер­го» ком­па­ни­я­сын алай­ық. Бұл Қаза­қстан аумағы бой­ын­ша темір­жолға электр тасы­мал­да­у­шы­сы. Мың­даған кило­метр электр жүй­есін еле­стетіңіз­ші. Под­стан­ци­я­лар, ғима­рат­тар, қой­ма­лар, тех­ни­ка, жөн­деу орын­да­ры. Тек қана электр жүй­е­лерін салу және олар тұрған жер­лер­ді рәсім­де­у­ге бір­не­ше мил­ли­ард дол­лар қажет. Бұл «Теміржол-энерго»-ның тек бір бөл­ше­гі ғана. Осы жер­де Яков Цхай пай­да болып, бүкіл ғажап ком­па­ни­я­лар­ды 55 млн дол­ларға сатып ала­ды.

Яков Цхай­дың кім екенін білесіз­дер ме?

Бұл алпа­уыт кәсіп­кер. Бірақ Forbes сияқты ықпал­ды басы­лым­ның өзін­де Яков Цхай­дың суреті жоқ. Ильф пен Пет­ро­втың зама­ны­нан бастап Цхай сияқты­лар­ды зиц-төраға деп атаған. Цхай – әншей­ін шымыл­дық. Оның артын­да шын қожай­ы­ны Тимур Құлы­ба­ев тұр. Цхай мен Құлы­ба­ев­тың тарихы бұрын­нан баста­ла­ды. Цхай Құлы­ба­ев­тың көп­те­ген жоба­ла­ры­на ара­ласқан. Ол Қаза­қстан­ның өтірік мен­шік иелерінің сый­лы құра­мы­на кіреді. Олар­дың қата­рын­да Айгүл Нури­е­ва, Кеңес Рақы­шев есім­ді тұлға­лар бар. Яков Цхай – бұры­нғы дене шыны­қты­ру пәнінің мұғалі­мі, қазір­гі сена­тор Юрий Цхай­дың туған бауы­ры.

Ком­па­ни­я­ның шын қожай­ы­ны кім екенін тек­се­ру­ге бола­тын оңай тәсіл бар. Ол үшін ком­па­ни­я­ның менедж­мен­тіне назар ауда­ру керек. Мыса­лы, Диас Сүлей­ме­нов жеке­ше­лен­діру­ге дей­ін бас дирек­тор бол­ды. Жеке­ше­лен­діру­ден кей­ін жаңа акци­о­нер кел­гені­мен де, бұры­нғы лау­а­зы­мын­да қал­ды. Бұл – Құлы­ба­ев­тың «Қамқор» ком­па­ни­я­сы­на жүр­гіз­ген бас­шы­лы­ғын­да еш өзгеріс бол­маға­нын көр­се­те­ді.

Егер Диас мем­ле­кет тара­пы­нан «Құр­мет», «Пара­сат» орден­дерін және «Құр­мет­ті темір­жол­шы» бел­гісін алса, Тимур­дан әлдеқай­да көп нәр­се алды. Диас осы­ның бәріне өзінің еңбе­гі сіңді деп ойлай­тын шығар. Иә, ол көп жұмыс жасай­ды, ол Тимурға Қаза­қстан­нан ақша шыға­руға көмек­тесіп жүр. Бұған қоса Құлы­ба­ев­тар әулетінің жеке қазы­на­шы­сы болып жұмыс жасай­ды. Мұн­дай сенім екінің біріне бері­ле бер­мей­ді.

 

Кри­сти­на Аги­ле­ра неге рен­жіді?

 

Әділ Ескен­діров Диасқа қосым­ша бюд­жет жол­дап отыр. Бұл Құлы­ба­ев­тар отба­сы­ның Испа­ни­ядағы Лорд де-мар вил­ла­сын­дағы дема­лы­сы­ның бюд­жеті. Қаза­қстан­ды­қтар отба­сы­лық дема­лы­стың мұн­дай бюд­жетін өмірін­де көр­ме­ген шығар. Диасқа ақша мәсе­лесін ұйым­да­сты­ру керек. Диас үшін бұл үйрен­шік­ті нәр­се. Осы­дан бір жыл бұрын ол Дина­ра Құлы­ба­е­ва­ның Испа­ни­ядағы туған күнін ұйым­да­сты­руға жау­ап­ты болған. Ол үшін арнайы дис­ко­те­ка салы­нған бола­тын. Шығын­ның жал­пы сомма­сы 3,5 мил­ли­он евро­ны құраған. Кеш тек 30 адам үшін ұйым­да­сты­ры­лған. Вил­ла­ның жерін дай­ын­дау үшін 3,5 мил­ли­он дол­лар жұм­салған. Дис­ко­те­ка­ның сахна­сын аме­ри­ка­лық жұл­дыз Кри­сти­на Аги­ле­ра үшін арнайы сал­ды­рған. Аме­ри­ка жұл­ды­зы­ның гоно­ра­ры 1,5 млн дол­лар болған.

Дина­ра өзінің туған күнінің жос­па­ры­на бел­сене ара­ла­сты. Кешті ұйым­да­сты­ру­шы­лар өз қыз­метін 1,2 млн евроға баға­лаған. Әрине, бұл шара­ны нағыз кәсі­би маман­дар ұйым­да­сты­рған бола­тын. Бірақ кешті ұйым­да­сты­ру бары­сын­да бір келеңсіз жайт орын алған. Сахна Кри­сти­на Аги­ле­ра үшін тым төмен болып қалған екен. Кри­сти­на­ның про­дю­сері нара­зы­лық таны­тып, әншінің талап­та­ры тура­лы алдын ала ескерт­кені жөнін­де айтқан еді, Құлы­ба­ев тара­пы­ның ұйым­да­сты­ру­шы­сы оны «өз орны­на» қоя біл­ген.

 

• Диа­стың жазған хаты­нан: «Бұл сахна туған күн иесіне арнайы салы­на­ды. Оның биік­ті­гі 16 дюйм. Өйт­кені би алаңы видео­экран­мен, диван­дар­мен жаб­ды­қта­ла­ды. Бұл кеш небәрі 30 адам үшін жаса­лып отыр. Қауіп­сіздік шара­ла­ры екенін түсі­не­мін, бірақ біз арнайы жағ­дай­да­мыз. Уль­т­ра-вип қонақтар үшін. Сіз­дер үшін әлем­нің ұлы адам­да­ры­ның алдын­да өнер көр­се­ту үлкен мәр­те­бе болу керек».

 

Бұл жағ­дай­да не айтуға бола­ды? Назар­ба­ев пен Құлы­ба­ев­тың ада­мға деген осын­дай қаты­на­сын әрбір қаза­қстан­дық баяғы­да сезін­ген. Біз үшін оларға қыз­мет көр­се­ту үлкен мәр­те­бе болу керек. Диас Сүлей­ме­нов, Назар­ба­ев­тық Қаза­қстан­да өзі үшін ең жақ­сы жағ­дай жаса­ла­ты­нын жақ­сы біледі. Қаза­қстан халқын әрі қарай тонай­ты­нын да жақ­сы біледі. Өзінің актив­терін жария етпе­у­ге бола­ты­нын да біледі.

Иә, ол төле­у­ге тиіс салы­қта­рын төле­мей­ді. Өйт­кені Диас олар­дың отба­сы­на қыз­мет жасап, ұрланған ақша­ны айтқан жер­леріне жасы­рып оты­ра­ды. Мыса­лы, «Бірін­ші Пре­зи­дент қоры­на». Сон­да оның сенім­ді қамқор­шы­ла­ры да бола­ты­ны түсінік­ті.

Жемқор­лы­ққа қар­сы тер­ге­улері­міздің баста­ма­сы болған «Қаз­Мұ­най­Ди­аз» мәсе­лесін аяқтай келе, бұл жер­де біз бүкіл шын­ды­қтың оннан бір бөлі­гін ғана көр­се­те алға­ны­мы­зды айтқым келіп тұр. Әр нәр­се өз уақы­ты­мен демек­ші, біз Назар­ба­ев­тың өзге де «өнім­дері» тура­лы айта­тын бола­мыз. Олар­дың Қаза­қстан­ның бола­шағы­на бал­та шауып, елді тонап, өздерінің қыру­ар қар­жы­ла­рын қалай жасаға­нын және Назар­ба­ев құрған жемқор­лық жүй­есі тура­лы ашып айта­мыз. Біздің тер­ге­улері­міздің әр кей­іп­кері тура­лы толық мәлі­мет­тер бар. Бұл мәлі­мет­тер көп мем­ле­кет­тің құқық қорғау орган­да­ры­на қызық бола­ры сөз­сіз. Бола­шақта осы мәлі­мет­тер еркін Қаза­қстан­ның құқық қорғау орган­да­ры­на да қызық болар деген үміті­міз бар!

 

Фильм­нің мәтінін қаза­қ­шаға аударған –

Димаш АЗАМАТОВ

Республиканский еженедельник онлайн