fbpx

ҚАСИЕТТІ ТОРҒАЙ ЖЕРІ экологиялық апат аймағына айнала ма?

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

Ашық хат

 


Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаевқа

Аса құр­мет­ті де, қадір­лі Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы!

Өзіңіз бастаған, елдің еңсесі мен рухын көтер­ген Руха­ни жаңғы­ру аясын­да Қаза­қстан­дағы қаси­ет­ті жер­лер­ді аны­қтап, сол тари­хи мекен­дер­ді қадір­леп, сақтау бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка көле­мін­де жүй­елі жұмыстар жүр­гізілу­де. Сон­дай киелі өңір­дің бірі – тарихы терең Торғай дала­сы.

Бүгін­гі Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның баста­уын­да тұрған Алаш қозға­лы­сы­на биыл 100 жыл тол­ды. Әлем көз тік­кен ЭКС­ПО-ны ерекше жоға­ры дең­гей­ге көтеріп, дүни­е­жүзілік дүбір­лі шара­лар­ды өткі­зу­ден өне­ге көр­сетіп жүр­ген Қаза­қстан енді осы жал­пы­ұлт­тық мере­ке болуға тиіс Алаш мерей­той­ы­на көңіл ауда­ра­тын шығар деп үміт­теніп жүр­ген­де, жағым­сыз хабар естіп, жабы­рқап оты­рған жай­ы­мыз бар.

Ала­штың айту­лы той­ы­на үкі­мет­тен лай­ы­қты тар­ту күтіп жүр­ген­де – тажал сый­лаға­лы жатыр ма деп, қауіп­ке бой алды­рып отыр­мыз.

  • Бұлай дей­тіні­міз – Алаш көсем­дері Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы мен Мір­жақып Дулатұлы­ның туып-өскен жері, қаси­ет­ті Торғай өңірі­нен Ресей поли­го­ны ашы­ла­ты­ны бел­гілі бол­ды. Ресей­ге бұрын да талай жері­мізді жалға беріп оты­рған Қазақ үкі­меті сынақ жүр­гі­зу үшін енді тағы Қоста­най облы­сы Жан­гел­дин ауда­ны­нан 76 мың гек­тар жер бөліп беру­ге келісім жаса­уда. Кең бай­тақ киелі Торғай өңіріне енді Ресей­дің «Бай­қоңыр­дан» ұша­тын «Союз-2» зымы­ран­да­ры­ның қатер­лі бөлік­тері құлай беретін бола­ды.

Алаш көсем­дерінің туған жері… Ала­штың 100 жыл­ды­ғын­да Ала­штың түбіне жет­кен Ресей­ге поли­гон үшін жалға беріл­мек… Алаш орда­сы болған ұлы Абай­дың ота­ны Семей­ді әлем­ге әйгілі поли­го­ны­мен жар­ты ғасыр­дай жал­мап, Ала­штың екін­ші аста­на­сы Қызы­лор­да­дағы «Бай­қоңыр­дың» барын сорып, Қорқыт­тың көрін қазып, енді Алаш ары­ста­ры туған Торғай­дың тоз-тозын шыға­ру – Ресей үшін түк те қиын бол­май тұр… Бір алаң­да­тар­лы­ғы – осы эко­ло­ги­я­лық қатер­лі өңір­дің бар­лы­ғын­да 100 пай­ыз қаза­қтар тұра­ды…

Бұрын бұған қар­сы болып, үкі­мет­ке хат жазған ауыл ақсақал­да­ры Жан­гел­дин ауда­ны­на жыл сай­ын бөлі­нетін 151 мил­ли­он тең­ге­ге құлап түсіп­ті… Соны­мен бір­ге поли­гон­ның нақ іргесін­де орна­ласқан Ақкөл мен Қара­су ауыл­да­ры­на жедел жәр­дем бөлініп, ауыз су тар­тыл­мақ екен.

Үкі­мет­тің жедел жәр­де­мі – «Жедел жәр­дем­ге» айна­лып кет­пей­тініне нық сеніп отыр ма екен ауыл бел­сен­ділері? Ақкөлі­міз – Ажал­көл, Қара­суы­мыз – Қандысу болып жүр­мей ме? 151 мил­ли­он тең­ге алған аудан­ның поли­гон­ның эко­ло­ги­я­лық апа­ты­нан таба­тын қасіреті мил­ли­ард­тар­мен де өлшене алмай қал­май ма ертең? Торғай өңіріне бей­біт мақ­сат­пен бар­маған министр Бей­біт Ата­мқұ­лов бұған кепіл­дік бере ала ма? Қаси­ет­ті өңір­ді қорғай алмаған Қорға­ныс және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стрі ертең бұл қатер­лі шешім­нің сұра­уы ауыр бола­ты­нын сезер ме екен? Бүгін үкі­мет не десе де, үнде­мей келі­се салған облы­стың жері мен еліне жау­ап­ты әкім Архи­мед Мұхан­бе­тов мыр­за ертең не дей­ді? Жер Ресей­ге 3 жылға жалға беріледі дей­ді…

1956 жылы Өзбек­станға 30 жылға деп беріл­ген жер жән­на­ты Бостан­дық ауда­ны қазір қай­да? Жалға беріл­ген Жеті­сай, Мақта­арал, Киров аудан­да­рын кей­ін зорға жылап жүріп, үштен бір бөлі­гін ғана зорға қай­та­рып алдық. Қалған жері­міз­ден өзбек­тер бір облыс ашып алып, жай­нап отыр…

Құлаған зымы­ран­дар­дан төгілетін геп­тил­дің Торғай халқы­ның ден­са­улы­ғы­на да зор зиян кел­тіретіні, ауыр зардап шек­тіретіні анық. Торғай дала­сы киік­тер­дің көк­тем мен жаз­да ең көп мекен­дей­тін, тез көбей­етін, шөбі шүй­гін қолай­лы өңір. Онсыз да бұрын Торғай дала­сын­да киелі киік­тер­дің жүз мың­дап қыры­лға­ны бел­гілі. Ресей тара­пы киік­тер­дің геп­тил­ден қыры­лға­нын мой­ын­даға­ны тура­лы мәлі­мет­тер жарық көру­де…

Қаза­қтың мыл­ты­қ­сыз-ақ жазыл­мас қауіп­ті дерт­ке ұшы­рап, қыры­ла беруіне қарап оты­ра бере­міз бе сон­да?

Елі­міз қан­дай тығы­ры­ққа тірел­се де, Елба­сы­на, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы, Сіз­ге арқа сүй­еп, ары­зын айтып келеді. Қан­дай қиын мәсе­ле бол­са да, Сіздің арқаңы­зда түй­іні шешіліп келе жатқа­ны­на куә­міз. Бұл жолы да қаси­ет­ті Торғай өңірінің халқы кең бай­тақ жері тоз-тоз болып кету­ден қорқып, өзіңіз­ге Ашық хат жазып, ара­ша сұрап оты­рған жайы бар.

 

Өзіңіз­ге деген зор құр­мет­пен, үлкен үміт күту­ші халық аты­нан:

• Олжас Сүлей­ме­нов, ақын, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері; Кен­жеға­ли Саға­ди­ев, ҚР Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі; Сәбит Доса­нов, жазу­шы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты; Дулат Иса­бе­ков, жазу­шы-дра­ма­тург, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты; Жеңі­с­бек Мәу­ленқұ­лов, Оңтүстік Қаза­қстан облы­стық Арда­гер­лер ұйы­мы төраға­сы; Қати­мол­да Ризу­а­нов, Аты­рау облы­стық Арда­гер­лер ұйы­мы төраға­сы; Қар­сақ­бай Бір­маған­бе­тов, Қоста­най облы­сы Жан­гел­дин ауда­ны Арда­гер­лер ұйы­мы төраға­сы; Серік Тұрғын­бе­ков, ақын, ҚР еңбе­гі сің­ген қай­рат­кері, Халы­қа­ра­лық «Алаш сый­лы­ғы­ның» лау­ре­а­ты; Қазы­бек Иса, ақын, «Ақ жол» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, «Қазақ үні» газетінің пре­зи­ден­ті, Халы­қа­ра­лық С.Есенин атын­дағы сый­лы­қтың лау­ре­а­ты; Жұмаш Сомжүрек, жазу­шы, сын­шы, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі; Жұмаға­ли Өмір­бе­ков, Арқа­лық қала­сы­ның Құр­мет­ті аза­ма­ты; Спан­ди­яр Бек­жі­гітов, Оңтүстік Қаза­қстан облы­стық Кар­дио­ло­гия орта­лы­ғы­ның бас дәрі­гері; Аза­мат Тасқа­раұ­лы, ақын, ҚР «Дарын» Мем­ле­кет­тік жастар сый­лы­ғы­ның иегері; Бай­бо­та Қошым-Ноғай, ақын, Қаза­қстан Ленин ком­со­мо­лы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Жұмаш Кене­бай, ақын, Халы­қа­ра­лық ЮНЕСКО сый­лы­ғы­ның иегері; Руза Бей­сен­бай­те­гі, «Ұлт тағ­ды­ры» қоғам­дық ұйы­мы Пав­ло­дар облы­стық фили­а­лы­ның төрай­ы­мы; Лұқ­пан Бега­лы, Ақтө­бе қала­сы­ның тұрғы­ны, зей­нет­кер.

Қол қою жалға­су­да. Qazaquni.kz


 

Республиканский еженедельник онлайн