АҚТӨБЕДЕГІ АМАЛСЫЗДЫҚ

2015 жылғы 23 қаңтар­да Ақтө­бе қала­лық әкім­ді­гін­де Алма­ты қала­сы­нан кел­ген «Көлік және ком­му­ни­ка­ция» ЖШС ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Бай­бо­лат Бай­ма­хан­бет 2014 жыл­дың сәуір айы мен мамыр айы­ның аяғы­на дей­ін жүр­гіз­ген Ғылы­ми зер­те­улерінің нәти­же­сі тура­лы есеп беріп, алда нелер жаса­луы керекті­гіне тоқтал­ды. Көр­сетіл­ген уақыт ара­лы­ғын­да Ақтө­бе­де­гі жола­у­шы тасы­ма­лын бүге-шігесіне шей­ін ғылы­ми түр­де зерт­те­ген ол қан­дай жетістік (?), қан­дай кем­шілік барын айт­ты.

Оның ішін­де халы­қтың қауіп­сізді­гі үшін тасы­мал­да­у­шы­ларға алдағы уақыт­та не жасау керекті­гі тура­лы да, бұны­мен қоса Ақтө­бе облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның «Нұр Отан» пар­ти­я­сы аты­нан депу­та­ты, ОЮЛ «ЕМШАН-EMSHAN CO» ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Мей­ір­жан Өндір­ге­но­втің (сурет­те) қара­мағын­дағы «Авто­парк» ЖШС-нің мем­ле­кет қар­жы­сы­нан суб­си­дия алып оты­рға­ны­на қара­ма­стан, халық үшін керекті бір­та­лай шару­а­лар­ды істе­мей оты­рға­ны­нан да хабар­дар етті. Сон­дай-ақ М.Өндіргеновтің ғылы­ми-зерт­теу жұмыста­рын жүр­гізу­ге барын­ша кедер­гі жасап, осы жұмысқа қаты­сты адам­дар­ды әртүр­лі сыл­та­у­лар­мен авто­парк­ке кір­гіз­бе­генін, тиісті ақпа­рат бер­ме­генін де айт­ты.

Неге екені бел­гісіз, бұл жиын қала­лық әкім­шілік­те өтіп, оған негізі­нен сол әкім­шілік қыз­мет­кер­лері ғана қаты­сты, ал халық ара­сы­нан тек кез­дей­соқ біл­ген біз сияқты бір-екі адам ғана бол­ды. Өйт­кені бұн­дай жиын бола­ты­ны тура­лы ешқан­дай хабар­ла­ма бол­маған, ешкім шақы­рыл­маған.

Тағы бір «әтте­ге­найы» – тасы­мал­да­у­шы­лар­дың өкіл­дері бұл жиы­нға қаты­сқа­ны­на қара­ма­стан, сый­ым­ды­лы­ғы үлкен авто­бу­стың сый­ым­ды­лы­ғы кіші авто­бу­стан қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар, еке­уі де авто­бус бола тұра, неге екі түр­лі жолақы, яғни бірі – 55 тең­ге, ал екін­шісі – 60 тең­ге (бұрын бірі 45 тең­ге, екін­шісі 55 тең­ге бола­тын – Н.Е.) деген сұрақ жау­ап­сыз қал­ды. Сон­да бұл халы­қтың қал­та­сы­на қол салу емес пе? Әр күн сай­ын қала­да жола­у­шы тасы­мал­дау үшін бес жүз­ге тар­та авто­бус шыға­ды, олар­дағы кон­дук­тор­ларға жалақы төлен­бей­ді, әле­умет­тік салық және зей­не­тақы жинақтау қоры­на тиісті жар­на ауда­рыл­май­ды, еңбек өтілі есеп­тел­мей­ді. «Неге?» деген сұрақтарға да жау­ап таба алма­дық. «Әтте­ген-ай!» деумен тарас­тық. Тек көңіл­ге аз-маз демеу болға­ны – Ақтө­бе қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Қал­ды­ғұ­лов мыр­за­ның жиы­нға бас­шы­лық жасай оты­рып, осы сұрақтар­ды есті­гені ғана.

Алай­да біздің «әтте­ге­най­ы­мыз» бұны­мен біт­пей­ді. Мыса­лы, М.Өндіргенов Ақтө­бе облы­стық Көлік инспек­ци­я­сы­ның басқар­ма басты­ғы Батыр­хан Даб­ыл­дың үсті­нен ҚР пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаевқа жалған арыз түсір­ген. Оның ары­зы негіз­сіз болған­ды­қтан және жала жапқа­ны үшін Облы­стық көлік инспек­ци­я­сы­ның басқар­ма басты­ғы Батыр­хан Даб­ыл оның өзінің үсті­нен сотқа шағым­данған бола­тын (Қараңыз: газе­та «Эври­ка». № 38 от 24 сен­тяб­ря 2014 года). Кей­ін бас­пасөз­де жазы­лға­нын­дай, М.Өндіргеновтің кешірім сұра­уы­на бай­ла­ны­сты олар өза­ра мәміле­ге келіп, сот ісі тоқта­тыл­ды (Қараңыз: газе­та «Диа­па­зон». № 41, октябрь, 2014 г.).

Соны­мен, бірін­ші­ден, бұн­дай адам қалай халық қала­у­лы­сы бола ала­ды, халы­қтың жағ­дай­ын ойлай­ды деген­ге кім сенеді?! Екін­ші­ден, құқық қорға­у­шы­лар мен заң қадаға­ла­у­шы­ла­ры қай­да қарап отыр деген заң­ды сұрақ өз-өзі­нен туа­ды. Біз­ге, қара­пай­ым халы­ққа «осын­дай депу­тат­тар тұрған­да және Заңға қар­сы қан­дай әре­кет жаса­са да, оларға ештеңе бол­май­тын мықты­лар тұрған­да, мем­ле­кет­тік тәр­тіп қай­дан орна­сын?» – деген­нен басқа амал қал­май­ды.

Нығ­мет­бай ЕРМАХАНОВ,

Ақтө­бе қала­сы­ның тұрғы­ны

еще по теме

Министрге БАЗЫНА

Дау­рен Аба­ев Құрметті Дәурен Абаев мырза! Биыл екінші жыл біздің «Семей таңы» газеті «Үркер» Ұлттық …

Республиканский еженедельник онлайн