fbpx

90 жылдықты тойлау – АШАРШЫЛЫҚТЫҢ қанды қасіретін тәрк ету

Апта апты­ғы

Қаза­қстан­да аудан­дар­дың 90 жыл­ды­ғын той­лау деген дүр­мек-науқан қыза түсу­де. Бірақ бұл қан­дай той? Бұл даб­ы­ра­ны ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­та­ты, «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның сер­кесі Азат Перу­а­шев былай дәй­ек­тей­ді (ықшам­да­лып жари­я­лан­ды).

Ерей­мен­тау ауда­ны­ның 90 жыл­ды­ғы өту­де. Соны­мен бір­ге Ерей­мен жерін­де Малай батыр баба­мы­здың мүсіні бой көтерді.Тойларыңыз құт­ты бол­сын! Қуа­ны­шта­ры­ңы­зға ортақ­пын. Бірақ мен осы жер­де өздеріңіз­бен көңіл­ді алаң­датқан мәсе­ле­мен бөліскім келеді.
Мәсе­ле – аудан­ның 90 жыл­ды­ғы­на қаты­сты. Мұн­дай той­лар жалғыз Ерей­мен­та­уда ғана емес, елі­міздің басқа да аймақта­рын­да өтіп жатыр. Бұл қан­дай дата екен? Иә, 90 жыл бұрын, 1928 жылы, Кеңес үкі­меті жер­гілік­ті басқа­ру жүй­есін құрып, аудан­дар ұйым­да­стыр­ды. Яғни, бұл совет үкі­меті жері­міз­ге өзінің басқа­ру жүй­есін енгіз­генінің 90 жыл­ды­ғы. Ал немене, совет үкі­метіне дей­ін қазақ халқы бол­маған ба, әлде Ерей­мен­нің жері бол­маған ба? Жоқ, әлбет­те, олай емес. Елі­міз де, жері­міз де сан ғасыр­лар бұрын бар болған, бұй­ырт­са, мәң­гі бола бер­мек.
Бекіт­кен жүй­есі арқы­лы совет үкі­меті өз сая­са­тын жүр­гі­зе баста­ды. Кол­хоз­дар құру, қазақ бай­ла­рын кәм­пес­ке­леу, халы­қтың малын тар­тып алып, оты­ры­қ­шы­лы­ққа мәж­бүр­леп көшірудің баста­ма­сы сон­да бол­ды. Дала мыңғы­рған мал­сыз қал­ды. Қазақ ашар­шы­лы­ққа ұшы­ра­ды. Осы зор­лы­қтың кесірі­нен үш-төрт мил­ли­он қазақ қырыл­ды, олар­дың сүй­ек­тері әлі күн­ге дей­ін Арқа­да жатыр. Нелік­тен біз оны той­ла­у­ға тиіс­піз?..
Әрине, 90 жыл ішін­де елі­міз талай еңбек етіп, ерлік көр­сет­кен бола­тын. Осы­ны мой­ын­дап, бүгін сол дата­ны той­лап отыр­мыз. Деген­мен, мәсе­ле той­да емес екен, мәсе­ле – әділет­ті баға беру менен адал бола­шағы­мы­зда. Менің­ше, «Руха­ни жаңғы­ру­дың» мақ­са­ты сон­да: өткен­ге ашық қарап, ата-баба­ла­ры­мы­зға, үлкен­дер­ге алғы­сы­мы­зды айтып, елі­міздің бола­шағы үшін жау­ап­кер­шілік­ті өз қолы­мы­з­бен көте­ру.

Азат ПЕРУАШЕВ

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн