18 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТАПСЫРМА бүгінге дейін неге орындалған жоқ?

Ел президентінің 5 қазандағы (2018 ж.) жолдауында негізінен елдегі жағдай және шешілмеген мәселелерге байланысты көптеген ойлар айтылды. Бұлар ҚР президентіне, әкімшілігіне, үкіметіне, министрлері мен әкімдеріне бұрыннан да айтылып жүрген және олар жақсы білетін мәселелер еді. Бірақ олардың орындалмайтынын халық баяғыда түсінген.

Жол­да­удағы мәсе­ле­лер кей­ін­гі 15–20 жыл көле­мін­де қор­да­ла­нып кел­ген, ешқа­шан орын­дал­маған мәсе­ле­лер. Оны шешу­ге пре­зи­дент­тің үкі­меті де, оның мини­стр­лері, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы, оның депу­тат­та­ры да дәр­мен­сіз екені бесе­не­ден бел­гілі болған жәйт. Тек пре­зи­дент айтқан кез­де ғана аздап қозға­лыс бола­ды да, кей­ін­нен сөз жүзін­де қала­ды.

Менің өз басым оның себебі мына­да деп біле­мін: билік­те оты­рған бір­де-бір құзыр­лы тұлға­ны халық ешқа­шан сай­лаған емес. Олар­ды тек пре­зи­дент тағай­ын­даған, халық алдын­да кей­ін­гі 20 жыл­да есеп бер­ме­ген. Олар сан­сыз жина­лыс өткіз­ген­нен басқа, қара­пай­ым халы­қ­пен жұмыс істе­у­ге құлы­қ­сыз, тек пре­зи­дент­ке есеп бер­се – болға­ны.

Пре­зи­дент өз сөзін ешу­ақыт­та өзінің шене­унік­теріне де, депу­тат­та­ры­на да орын­да­та алмай келе жатқа­ны ешкім­ге жасы­рын емес. Себебі олар­ды бір жер­де­гі қыз­меті­нен боса­тып, басқа оры­нға тағай­ын­дау – пре­зи­дент­тің әдетіне айналған.

Кей­ін­гі 20 жыл­да айты­лған сөздің көп­шілі­гі тек сөз жүзін­де қалып келе жатқа­нын бірер мысал­мен ғана кел­ті­ре кетей­ін: Пре­зи­дент әкім­шілі­гі және үкі­мет­тің ұйым­да­сты­руы­мен 2001 жылы 1–3 ақпан ара­лы­ғын­да білім және ғылым қыз­мет­кер­лерінің I құры­л­тайы бол­ды. ҚР пре­зи­ден­тінің сол құры­л­тай­да жасаған баян­да­ма­сын­да беріл­ген тап­сыр­ма­лар ара­да 17 жыл өткен­де тағы да қай­та­лан­ды. Сон­дағы баян­да­ма­да кел­тіріліп беріл­ген тап­сыр­ма­лар мынау еді:

  1. «Мұғалім мәр­те­бесін» көте­ру жөнін­де үкі­мет­ке тап­сыр­ма беріл­ді, бірақ ара­да 17 жыл 7 ай 2 күн өтсе де, әлі орын­далған жоқ. Ал соңғы жол­да­уда бұл тап­сыр­ма тағы да қай­та­лан­ды.
  2. Білім сала­сын­дағы рефор­ма деген­ді қою керек деген тап­сыр­ма да сол кез­де беріл­ген. Кез кел­ген рефор­ма 10–12 жылға бағыт­та­лып жаса­лу керек деген ұсы­ныс та сон­да айты­лған. Өкініш­ке қарай, сан­сыз рефор­ма­лар бүгін­гі күн­ге дей­ін жалға­сып келеді. Бұны ұрпаққа жасалған қастан­дық деп біле­мін.
  3. Қазір жоға­ры оқу орын­да­рын бітіріп кел­ген маман­дар­дың айлы­ғы 50–60 мың тең­ге, әр жыл­да оны 25 пай­ы­зға көбей­тей­ік деп жар салып, тап­сыр­ма бер­ген­мен, ара­да 18 жылға жуық уақыт өтсе де, оның көтеріл­гені көз­ге де, көңіл­ге де көрін­бей­ді. Сон­да 18 жыл бұрын беріл­ген тап­сыр­ма­лар орын­далған жағ­дай­да, мұғалім­дер­дің айлы­ғы 40 мың тең­ге­ден 400 пай­ы­зға дей­ін көтерілуі керек еді. Яғни, оқу­ды жаңа бітіріп кел­ген мұғалім­дер­дің айлы­ғы 160 мың тең­ге көле­міне жет­кен болар еді.
    Ал елде­гі тех­ни­ка­лық кыз­мет­кер­лер­дің, аула сыпы­ру­шы­лар мен еден жуу­шы­лар­дың, пошта қыз­мет­кер­лерінің айлы­ғы қазір­гі күн­нің өзін­де 17–40 мың тең­ге ара­лы­ғын­да екен. Бұл айлы­ққа халық қалай күн көр­мек­ші?

Пре­зи­дент мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер халы­ққа жақын болу керек екені қан­ша­лы­қты айты­лып келе жатқан­мен, оған мән беріп оты­рған әкім-қара­сы жоқ. Мен Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­ло­вқа шару­а­шы­лық мәсе­ле­лері бой­ын­ша 5 рет жазы­лып, қабыл­да­уы­на кіре алма­дым. Ал оның аты­на жазы­лған 20-ға жуық хатқа ешу­ақыт­та жау­ап бер­меді. Бұрын тәу­ел­сіздік­ке дей­ін кез кел­ген шене­унік­ке кірудің тәр­тібі болып, сол бой­ын­ша қабыл­дау жүр­гізіліп, мәсе­лені тия­нақты шешетін еді. Ал бүгін­гі пре­зи­дент тағай­ын­даған шене­унік­тер­дің тір­лі­гі кеше­гі жол­да­уда айты­лған­дай: олар тек бір ада­мға ғана бағы­ны­шты.

Мыса­лы, мен жуы­қта – 8 қазан күні Алма­ты облы­сы Іле ауда­ны­ның әкім­шілі­гіне кіре алмай, 1–2 сағат уақы­тым күту­мен кет­ті. Күзет қыз­мет­кері­нен неге кір­гіз­бей­сің деп сұра­сам, «тап­сыр­ма осы­лай, мен ештеңе істей алмай­мын» деп жау­ап береді. Яғни, әкім­дер өздерін халы­қтан осы­лай оқша­у­лап алған. Іле ауда­ны­ның әкім­шілік ғима­ра­ты­ның қор­ша­уы­на кіру мүм­кін емес. Алма­ты­да Күлек­ба­ев жасаған тер­рор­лық әре­кет­тен кей­ін мұн­да тек шлаг­баум­ның жаны­на сисаң ғана өтесің, не еңбек­теп өтуің керек.

Ал Іле ауда­ны­ның про­ку­ра­ту­ра­сы­на бар­саңыз, екі тосқа­уыл­дан өтесіз, онда да күзет­те оты­рған адам есік­ті іштен ашып жібер­се ғана кіресің. Аудан­дық ішкі істер депар­та­мен­тін­де­гі жағ­дай да тура осын­дай. Сон­да билік иелерінің, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің халы­ққа жақын болға­ны қай­да? Пре­зи­дент не дей­ді, оның жер­гілік­ті өкіл­дері оның тап­сыр­ма­сын қалай орын­дай­ды?

Жоға­ры сотқа шағым жаз­саңыз, оны ешу­ақыт­та қара­уға жібер­мей, аудан­дық, облы­стық сот­тар­дың шешім­дері­мен қаулы­ла­рын өзгеріс­сіз қал­ды­рған­нан басқа жұмыста­ры жоқ неме­се қара­уға әртүр­лі сыл­та­у­лар­мен жібер­мей­ді. Сон­да халы­қтың салы­ғы­нан босқа айлық алып оты­рған Жоға­ры сот­тың кім­ге қажеті бар? Мен тек 2016–2018 жыл­да­ры бес рет шағым бер­дім, біре­уін де қара­уға қабыл­да­май, кері қай­та­рып жібер­ді. Сол сияқты ҚР Ішкі істер мини­стр­лі­гі, Мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік коми­теті, ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы да халы­ққа осы­ған ұқсас «жақын­ды­қта» жұмыс істе­уде.

Осын­дай кереғар жағ­дай­лар­ды өз басым­нан өткіз­ген соң, менің пре­зи­дент­ке айта­тын мына­дай ұсы­ны­ста­рым бар:
Пре­зи­дент мыр­за!

Сіздің тағай­ын­дап оты­рған шене­унік­теріңізді, бар­лық депу­тат­та­ры­ңы­зды халық сай­ла­май, олар халы­ққа есеп бер­мей, халы­қтан аяғын тарт­пай, еш мәсе­ле жолға қой­ыл­май­тын­ды­ғын жақ­сы біле­міз. Қаза­қстан халқы өз пре­зи­ден­тін 1991 жыл­дан бері «сай­лап» келеді, неге олар ауыл, аудан, облыс әкім­дерін сай­лай алмай­ды?

Екін­ші­ден, сіз жол­да­удың бар­лы­ғын орыс тілін­де өткіздіңіз: біз Қазақ мем­ле­кеті­міз бе, жоқ әлде Ресей­дің 87-губер­ни­я­сы­мыз ба? Жол­да­уды тың­дап, зал­да оты­рған өз қыз­мет­кер­леріңіздің ішін­де бары-жоғы 10–15 қана орыс тіл­ді аза­мат­тар бол­ды: неге олар Қаза­қстан­да тұрып, мем­ле­кет­тік тіл­ді үйреніп, елге қыз­мет жаса­май­ды? Біз өз тілі­мізді өз Ота­ны­мы­зда осы­лай­ша жоюы­мыз керек пе?

Үшін­ші. Интер­нет­ті қара­саңыз, сіздің қызы­ңыз Дариға орыс тілін қол­дап, «үкі­мет, депу­тат­тар, қаза­қ­ша сөй­лең­дер, істі қаза­қ­ша жүр­гізің­дер» деген сөзіңіз­ге қар­сы шығып отыр. Сон­да қалған шене­унік­тер не істе­мек­ші? Егер сіз бар­лық жиын­ды қазақ тілін­де өткі­зетін бол­саңыз, сіздің тағай­ын­даған шене­унік­теріңіз 5–6 айда қазақ тілін­де сай­рай­тын­ды­ғы­на күмәніңіз бол­ма­сын: сіз де ауыл­да өсіп, бүгін орыс­ша қалай сөй­ле­сеңіз, олар да қазақ тілін солай сөй­лей­тін бола­ды.

Әрине, біз бар­лы­ғын түсі­не­міз: бар­лық қызда­ры­ңыз, неме­ре­леріңіз, шене­унік­теріңіздің көп­шілі­гі орыс тіл­ді мек­теп­тер мен жоға­ры оқу орын­да­рын бітір­ген­дер. Ол менің өз басым­нан да өтті: қазақ мек­тебін, жоға­ры оқу орнын қазақ тілін­де бітіріп, қазақ мек­тебін­де жұмыс істеп, қыз­мет жасау үшін 3–6 айдың ішін­де бар­лық құжат­тар­ды орыс тілін­де жазып, орыс­ша жина­лыс, кеңе­стер өткізіп үйрен­дік. Олар да азған­тай уақыт ішін­де, қажеті бол­са, қазақ тілін үйре­нетін­ді­гіне күмән бол­мау керек.

Ал бүгін 27 жыл бойы тәу­ел­сіз ел болып оты­рып, 95% шене­унік­тер және сіз қазақ бола тұра, әлі қазақ тілін енді­ре алмай келесіз­дер. Сон­ды­қтан өз тілі­мізді кең­селік тіл­ге, ресми айна­лы­мға енгізу­ге бірін­ші бас­шы – сіз түрт­кі болуға тиіс­сіз деп біле­мін.
Біз Қазақ елінің аза­мат­та­ры емес­піз бе: Қазақ елін сақтап, дамы­та­тын, ал оның тілі, діні, әдет-ғұр­пы, салт-сана­сын қал­пы­на кел­тіріп, сақтап қала­тын біз емес пе? Бәрі­міз де пен­де­міз: арты­мы­зда Қазақ елін сақтай­тын аза­мат­тар қал­ды­ру – бірін­ші сіздің мін­детіңіз емес пе?

Сон­ды­қтан Қазақ елі дамуы үшін, осы жол­да­уда жари­я­лаған мәсе­ле­лер­ді сөз жүзін­де емес, іс жүзін­де нақты жүзе­ге асыр­саңыз, Қазақ халқы сіз­ге риза бола­ты­ны­на менің ел пат­ри­о­ты ретін­де күмәнім бол­мас еді.

Ерсай­ын ЕРҚОЖА

(медиа-про­ект «DAT» №38 (450) от 25 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн