fbpx

Өз қазағын арашалай алмаған ел – РУХАНИ ЖАҢҒЫРА АЛМАЙДЫ!

Қытай­дағы «сая­си үйре­ну орта­лы­ғы» деп ата­ла­тын түр­ме­лер­ге мың­дап қама­лып жатқан қан­даста­ры­мы­здың мәсе­лесі әлі де өршіп тұр. Өкініш­ке қарай, қаза­қтың «руха­ни жаңғы­руы­на» бел­сене ара­ла­сып, даңға­за дүр­мек­пен жүр­ген мем­ле­кет­тік басы­лым­дар мен теле­ар­на­лар Қытай­дағы «қазақ мәсе­лесіне» кел­ген­де жұмған ауы­зда­рын аша алмауда. Бер­гі жақта бүкіл Қаза­қстан «жаңғы­рып» жатқан мезет­те, арғы жақтағы ата-ана­сы­нан, ағай­ын­да­ры мен отба­сы­ла­ры­нан хабар-ошар­сыз қалған қан­даста­ры­мыз қытай­лық сая­сат­тың озбыр­лы­ғы­нан зардап шегу­де.



Міне, осы апта­ның басын­да да «Ата­жұрт ерік­ті жаста­ры» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның кең­сесін пана­лаған бір топ қан­даста­ры­мыз бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, Қаза­қстан билі­гін туған-туы­ста­ры­на ара­ша түсу­ге шақыр­ды. Біз осы жиын­да жанай­қай­ын қалың жұрт­шы­лы­ққа, Қаза­қстан билі­гіне жет­кізу­ге жанұ­шы­рған бірер аза­мат­тың сөз­дерін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отыр­мыз.

Ақжол РАХМАН:

– Мына сурет­те­гі адам – менің әкем. (Сурет­те орта­да). Ол Қытай­дың Толы ауда­нын­да 31 жыл бойы ұста­здық етті. Ата­ме­кен­ді аңсап, 2008 жылы отба­сы­мы­з­бен Қаза­қстанға көшіп кел­дік. Ел қатар­лы еңбек етіп, бақыт­ты отба­сы болып өмір сүр­дік. Алай­да 2017 жылы бұл бақыт­ты сезім­нен айы­рыл­дық. Был­тыр әкем зей­не­тақы мәсе­лесі­мен Қытай­ға кет­ті. Ара­да 2 ай өткен соң, әке­міз­бен хаба­ры­мыз үзіліп, қазір оның тағ­ды­ры­на қат­ты алаң­дап отыр­мыз. Ұзы­нқұлақтан кел­ген хабарға сәй­кес, әкем­нің «Рах­ман» деген аты Қытай­дың сақ­шы­ла­ры­на ұна­май, оны жау­а­пқа тар­тып­ты. Әкем­ді көр­ме­гені­ме бір жарым жыл бол­ды. Ал әкем­нің «сая­си үйре­ну орта­лы­ғы» деген түр­ме­де оты­рға­ны­на 8 айдан асты. Оның ден­са­улы­ғы да нашар, тыныс алу жолы ауруы­на шал­ды­ққан. Жүре­гі де нашар. Анам­ның жағ­дайы мәз емес. Әке­мізді уай­ым­дап, жаны­мы­зды қоярға жер таба алмай жүр­міз. Мек­теп­ке барып, сабақ оқуға мүл­де зауқым жоқ. Қалай оқи­мын сабақты, бар ойлаға­ным әкем бол­са?! Қаза­қстан­ды басқа­рып оты­рған атқа­мі­нер аға­ла­ры­мы­здан өті­нерім – менің және мен сияқты мың­даған бала­лар­дың әке­лерін Қытай түр­месі­нен боса­тып беріңіз­дер­ші!

Мәден­гүл МАНАП:

– Мен Тар­баға­тай аймағы­ның тума­сы­мын. Ұлым Жеңіс Нұры­л­жан 2017 жыл­дың 19 жел­тоқ­са­ны­нан бері Қытай­дың «сая­си үйре­ну лагерін­де» қамауда отыр. Неме­рем менің қолым­да болған­ды­қтан, оның бала­бақ­ша­да түс­кен суретін ұлы­ма «вичат­пен» жібер­ген­мін. Сөйт­се, бала­ма сақ­шы­лар келіп, сенің Қаза­қстан­мен бай­ла­ны­сың бар деп, сол күні лагерь­ге қамауға алып­ты. Менің жан бағып оты­рған жалғыз балам еді, содан бері одан хабар­сыз қал­дым. Қазір келінім мен неме­рем қамаудағы әке­лері­нен хабар ала­мыз деп, сол жақта қаңғы­рып жүр. Ұлым­ның ден­са­улы­ғы нашар­лап, ауру­ха­наға түс­кенін естідім. Оған ота жасаған соң, 20 күн­нен кей­ін қай­та­дан лагерь­ге алып кет­кен екен. Кей­ін­нен елден есті­генім: ұлым­ды сүй­еп кір­гізіп, сүй­еп шыға­ра­ды дей­ді. Ұлым­ның иә өлі, иә тірі екенін де біле алмай отыр­мын. Балам­ның қамауда жатқа­ны­на, міне, бір жыл бол­ды. Өзім де жылай-жылай жүрек ауруы­на шал­ды­қтым. Балам, келінім мен неме­рем Қаза­қстанға орал­май­ын­ша, маған тыны­штық жоқ. Қолым­нан келетін бар­лық әре­кет­тер­ді жаса­уға бел будым.

Нүкен ҚАДУАН:

– Мен Қаза­қстан аза­ма­ты­мын. Күй­е­уім Жанат Зей­нел­ханұ­лы аза­мат­тық алып үлгер­меді, ықти­яр хат­пен жүр­ген. 2017 жылы 4 жел­тоқ­сан­да шека­ра­дан өткен кез­де қытай­лық сақ­шы­лар оның бар­лық құжат­та­рын тар­тып алған. Міне, бір жыл­дың жүзі бол­ды, Қаза­қстанға келе алмай отыр. Кәме­лет­ке тол­маған екі бала­сы әке­лерін іздеп, күн­де жылай­ды. Үлкен балам 9 жаста, кішісі 3-ке енді тол­ды. Бала­ла­рым Қаза­қстан аза­мат­та­ры. Әке­лерін көр­ме­ген­деріне 11 ай бол­ды. Сабақта­ры­на қара­уды қой­ды. Маған әке­мізді тауып бер дей­ді, қай­дан тауып берем, қолым­нан не келеді менің?! Қаза­қстан билі­гін­де­гі шен­ділер­ден көмек сұрай­мын! Біз сияқты мың­даған отба­сы­лар­дың қай­та қосы­лу­ла­ры­на әре­кет етсе екен дей­мін.

ТАУҚЫМЕТ ТІЗІМІ

Қытай­дың Іле-Қазақ авто­но­мя­лы облы­сы, Алтай аймағы, Қаба ауда­ны­нан «сая­си үйре­ну лагеріне» қамалған­дар:

  1. Сарқыт имам Қали­бекұ­лы – Сар­там ауы­лы Жым­ба қыстағы­нан
  2. Шежау Сол­танұ­лы – Сар­там ауы­лы Қорқы­ра­ма қыстағы­нан
  3. Құр­манға­зы Нәби­денұ­лы және Қуа­ныш Тоқанұ­лы -Жай­ыл­ма ауы­лы Тал­ды қыстағы­нан
  4. Ерқа­ли Өмір­бекұ­лы, Нұрқа­лыи Өмір­бекұ­лы, Күмай Өмір­бекқы­зы – Жай­ыл­ма ауы­лы екін­ші қыстағы­нан
  5. Нұр­бол Мапай­ұ­лы, Гүл­сім Абы­лай­қанқы­зы – Жай­ыл­ма ауы­лы, Бәй­ге төбе қыстағы­нан
  6. Қай­са Жұмаұ­лы, Мұрат­бек Қап­дол­лаұ­лы – Сар­там ауы­лы Мәди қыстағы­нан
  7. Төле­уқа­лый Мұсаұ­лы – Теректі Ауы­лы­нан
  8. Өкен ймам Мақы­метұ­лы – Сар­там ауы­лы Тек­тұр­мас қыстағы­нан –
  9. 92 жастағы Құр­манға­ли­дың неме­ресі ұсталған (аты бел­гісіз) – Жай­ыл­ма ауы­лы­нан
  10. Мақ­сат Кәсі­пұ­лы – Сар­там ауы­лы Сарөлең қыстағы­нан
  11. Екпін Оңалқанұ­лы – Сар­там ауы­лы Кик­бай қыстағы­нан
  12. Қабыл­бек Қанағатұ­лы – Көлі­бай ауы­лы Қара­шілік­тен
  13. Құрал Жұма­тай­ұ­лы – Көлі­бай ауы­лы­нан
  14. Думан Көше­генұ­лы – Көлі­бай ауы­лы Қара­шілік­тен
  15. Алға Нұрақы­метұ­лы – Көлі­бай ауы­лы Жалаңаш қыстағы­нан
  16. Еркін Мамы­рқанұ­лы – Көлі­бай ауы­лы Қара­та­стан қыстағы­нан
  17. Күн­бек Бекен­бекұ­лы – Сар­бұлақ ауы­лы­нан
  18. Бір­жан Жұма­шұ­лы – Көлі­бай ауы­лы Қара­шілік қыстағы­нан
  19. Қуа­ныш Жеңі­с­бекұ­лы, Аршын Ерген­бекұ­лы, Айқын Ерген­бекұ­лы – Жай­ыл­ма ауы­лы 9-қыстақтан
  20. Жалғас Толқы­нұ­лы – Көлі­бай ауы­лы Нәлі қыстағы­нан
  21. Серік­бол Құсай­ы­нұ­лы – Сар­там ауы­лы Көк­тұм­сық қыстағы­нан
  22. Ерлі – зай­ып­ты Болат Раз­ды­ханұ­лы және Қай­ша­тай Білезікқы­зы – Көлі­бай ауы­лы­нан
  23. Ерлі-зай­ып­ты Мағаз Мағы­рый­бай­ұ­лы және Рина Отар­бекқы­зы
    Шыбар ауы­лы­нан
  24. Гұңзо­бек Зары­ққанұ­лы – Көлі­бай ауы­лы­нан
  25. Мұрал Айтаxы­метұ­лы – Сар­там ауы­лы­нан
  26. Азат (тегі бел­гісіз) – Жай­ыл­ма ауы­лы Ақтө­бе қыстағы­нан
  27. Әйкен (тегі бел­гісіз) – Жай­ыл­ма ауы­лы 9 –қыстақтан
  28. Абый (тегі бел­гісіз) – Жай­ыл­ма ауы­лы 9-қыстақтан
  29. Ербол Құралқанұ­лы – Жай­ыл­ма ауы­лы Кер­да­ла қыстағы­нан
  30. Табыс Тоқтар­бекұ­лы – Жай­ыл­ма ауы­лы Ақтө­бе қыстағы­нан
  31. Рама­зан имам – Жай­ыл­ма ауы­лы Ақтө­бе қыстағы­нан
    Іле-Қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сы Мұңғыл­кү­ре ауда­ны­нан қамалған­дар:
  32. Нұр­жақып Әуел­бек
  33. Еркін­бек Сыбақ
  34. Іле­бек Сыбақ
  35. Керім­бек Сыбақ
  36. Жұма­бек Сен­бай
  37. Болат Ораз
  38. Оразға­ли Мәзім
  39. Ерзат Іле­бек
  40. Ершат Айе­ша
  41. Нүсіп Қари
  42. Тіле­утай Оразәлі
  43. Оразға­ли Имам
  44. Нұр­са­па Саиз­бекұ­лы
  45. Бей­сен Тоқтар­бекұ­лы
  46. Әбдуә­лит (ұйғыр)
  47. Нұр­гел­ді Әбді­бай (ұйғыр)
  48. Әлім­жан (ұйғыр)
  49. Еркін (ұйғыр)
  50. Уахап (ұйғыр)
    • «Ата­жұрт қазақ жаста­ры» ұйы­мы қамауда оты­рған бұдан басқа тағы 10 адам­ның тегін аны­қта­уда.

Дай­ын­даған –
Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн