«Әулиекөл» тұқымын ҮКІМЕТ НЕГЕ «әлләуәкпір» қылды?

Үкі­мет қаза­қтың «Әули­екөл» асыл тұқым­ды ірі қара­сын суб­си­ди­ядан неге қалыс қал­дыр­ды? – бұл жөнін­де кеше, 7 қара­ша­да мәжілістің пле­нар­лық оты­ры­сын­да «Ақ жол» пар­ла­мент­тік фрак­ци­я­сы­ның депу­та­ты Ерлан Бар­лы­ба­ев ҚР пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Өмір­зақ Шөке­ев­тің аты­на депу­тат­тық сау­ал жол­да­ды.

«Осы жылы үкі­мет асыл тұқым­ды мал­дың өнім­ділі­гін арт­ты­ру үшін суб­си­ди­я­ның жаңа ере­же­лерін бекіт­ті. Алай­да ере­же­де отан­дық ірі қара мал­дың етті тұқым­да­ры­ның санын ұлғай­ту­ды ынта­лан­ды­ру шара­ла­ры қарас­ты­рыл­маған. Яғни, импорт­тық ана­лық мал басын суб­си­ди­я­ла­уды сақтап қалып, ал отан­дық асыл тұқым­ды тана­лар­ды сатып алу мем­ле­кет­тік қол­да­удан тыс қалып отыр», – деп мәлім­деді Бар­лы­ба­ев.

Депу­тат­тың айтуын­ша, елі­міз­ге кез кел­ген тұқым­ның ана­лық мал басын әкеліп, ол үшін суб­си­дия алуға бола­ды. Деген­мен, «Әули­екөл» тұқы­мы Қаза­қстан­нан басқа жер­де жоқ, сон­ды­қтан оны ешқай­дан әке­ле алмай­мыз. Егер елі­міз­де асыл тұқым­ды ана­лық басты сатып алу­ды суб­си­ди­я­лау тоқта­тыл­са, ет өндіру­шілер толы­ғы­мен импорт­тық асыл тұқым­дар­ды әке­лу­ге мәж­бүр бола­ды. Осы­ның сал­да­ры­нан уақыт өте келе жалғыз қаза­қстан­дық, экс­порт­тық потен­ци­а­лы жоға­ры тұқым­ның саны аза­яды.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, 1992 жылы елі­міз­де жаңа «Әули­екөл» арнайы етті ірі қара тұқы­мын шыға­ру жұмыста­ры сәт­ті аяқтал­ды. Осы жұмысқа отан­дық селек­ци­о­нер­лер мен ғалым­дар­дың 30 жыл қажыр­лы еңбе­гі мен өмірі арнал­ды. Дәл осы «Әули­екөл» тұқы­мы қаза­қстан­дық бренд­ке айна­ла ала­тын отан­дық селек­ци­я­ның алға­шқы және әзір­ге жалғыз жетісті­гі болып отыр.

«Бірақ мем­ле­кет импорт­ты суб­си­ди­я­ла­у­ға және шетел­дік ірі қара­ны бағып-қағуға әжепте­уір қара­жат бөліп, ал қаза­қтың «Әули­екөл» асыл тұқы­мын наза­рдан тыс қал­ды­рып отыр», – деп атап өтті депу­тат.

Айта кет­кен жөн, бұл тұқым­ның ең басты ерекшелі­гі – оның біздің қатаң кли­матқа бей­ім­ділі­гі және етінің жоға­ры сапа­сы. Төл­деу қабілеті өте жоға­ры, орта­ша көр­сет­кі­ші 80–85 пай­ыз, жақ­сы күтім көр­се, 97–100 пай­ы­зға жете­ді.

«Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның
бас­пасөз қыз­меті

Республиканский еженедельник онлайн