ӘЛИХАННЫҢ ІЗІ ҚАЛҒАН Петербургте Алаш көсеміне ескерткіш тақта ашылады

Белгілі алаштанушы ғалым Сұлтанхан Жүсіп (Sultan Khan Zhussip) өзінің «Фейсбук» парақшасында сүйінші хабар таратты.

Алаш ұрпақта­ры, сүй­ін­ші! – деп жаза­ды ғалым. — Санкт-Петер­бор­дан қуа­ны­шты жаңа­лық келіп жет­ті. Алты Алаш көсе­мі Әли­хан Бөкей­хан­ның 1890–1894 жыл­да­ры оқып бітір­ген бұры­нғы Импе­ра­тор­лық Орман инсти­ту­ты, қазір­гі Санкт-Петер­бор мем­ле­кет­тік орман-тех­ни­ка­лық уни­вер­си­тетінің Ғылы­ми кеңесі бас ғима­ра­ты­ның маң­дай­ы­на өзінің даңқты түле­гі, 2015 жылы ЮНЕСКО Бас кон­фе­рен­ци­я­сы­ның 38-сес­си­я­сы «бүкіл әлем­дік шынайы даңқты қай­рат­кер» деп таны­ған Әли­хан Бөкей­хан тура­лы естелік тақта орна­ту тура­лы ұсы­ны­сты 27 дауы­спен қол­дап, 7 дауыс қар­сы, 5 дауыс қалыс қалып, басым көп­шілік дауы­спен мақұл­да­ды.

Ескерт­кіш тақта орна­ту­ды ҚР Ауыл шару­а­шы­лық мини­стр­лі­гінің қыз­мет­кері, осы ЖОО-ның тағы бір қазақ түле­гі Май­кен Әзе­нов ұсы­нып, Ғылы­ми кеңе­стің қара­уы­на Әли­хан Бөкей­хан тура­лы бар­лық тари­хи аны­қта­ма-мәлі­мет­ті осы жол­дар­дың авто­ры жазып беріп, ұсы­ны­сты «Ақ жол» Дем­пар­ти­я­сы­ның Азат Перу­а­шев бастаған пар­ла­мент­тік фрак­ци­я­сы Орман-тех­ни­ка­лық уни­вер­си­тетінің рек­то­ры­на арнайы хат жол­да­ды. Нәти­же­сін­де осын­дай қуа­ны­шты шешім қабыл­дан­ды. Ескерт­кіш тақта­ны жаса­тып, орна­ту­ды «Ақ жол» пар­ти­я­сы өз жау­ап­кер­шілі­гіне алып отыр.

Одан бөлек ұлт көсе­мінің қиян-кес­кі күрес­ке толы ғұмы­ры­ның ақы­рғы 15 жылын (1922–1937 жж.) өткіз­ген Мәс­ке­уде­гі Б. Кис­лов­ский ора­мы, 4-үйі мен Сама­ра қала­сын­дағы 1909–1917 жыл­да­ры тұрған Казан­ская көше­сі, 30 (қазір 32-үй) үйіне де естелік тақта орна­ту ісі қолға алын­ды. «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның мәжілісте­гі фрак­ци­я­сы­нан Мәс­ке­уде­гі Елшілік­ке тиесілі хат жол­дан­ды. Енді Мәс­ке­уден хабар күтіп отыр­мыз».

«

(медиа-про­ект «DAT» №37 (449) от 18 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн