ҰЙЫҚТАЙ БЕР, ҚАЗАҚ!

ҚАЙНАЙДЫ ҚАНЫҢ…

…Най­за­ме­нен түрт­сең де,
Жатыр қазақ оян­бай.
Сон­ша қалың ұйқы­ны
Бер­ген неғып, ой, алла-ай?!.

Мір­жақып ДУЛАТОВ

Кезін­де «Оян, қазақ!» деп даб­ыл қаққа­ны­мен, қаза­ғын селт етті­ре алмай, жігері құм болып өткен Мір­жақып Дула­тов бар кеше­гі аяу­лы ары­ста­ры­мы­здың зама­ны мен бүгін­гі біздің зама­ны­мы­здың ара­сы алшақ бол­са да, сол қалың ұйқы­ны мирас етіп, көр­пе­мізді қым­тай жамы­лып жатыр­мыз. Білік майы тау­сы­лған ағаш арба­дай тір­лік­тің тауқы­метін тар­тып жүр­ген көп­шілік­тің жанай­қай сөзін есту, ашы­нып жазған хат-мақа­ла­ла­рын оқу жоқ.

Егер бол­са: елі­міз­де жүз­де­ген мың жұмыс­сыз жұрт бары­на, жүз­де­ген ауыл­дың ауыз­суға зар болып; электр шамы бір жанып, бір өшіп; дәрі­гер­лік жәр­дем­ге мұқтаж болып; көмір­лі елде – көмір­ге, мұнай теңізінің жаға­сын­да оты­рып – бен­зин­ге жары­май; жемқор мен парақор­ларға «ас» болып жүр­геніне; оқу мен білім-ғылым­ның «рефор­ма» шырға­лаңы­на қама­лып қалға­ны­на назар ауда­ры­лар еді. «Рефор­ма» деген сиқыр­мен қаңта­ры­лған ауыл ата­улы­ны, сел­діре­ген зауыт-фаб­рик­тер­ді қал­пы­на кел­ті­ру қолға алы­нар еді.

Рас, мыса­лы, ауыл­ды оңал­ту­дың керекті­гі сөз болып, соңғы он жыл­да бюд­жет­тен жүз­де­ген мил­ли­ард тең­ге үкі­мет­тің қаулы­сы­мен, пар­ла­мент­тің құп­та­уы­мен, пре­зи­дент­тің бекітуі­мен бөлін­ді. Нәти­же­сі қан­дай?.. Бұл сау­алға жау­ап­ты алты­н­мен апта­лып жатқан Аста­на­дан емес, қау­лы-қарар­мен ғана «қап­та­лып» жатқан ауыл­дан таба­сыздар. Жаста­ры­ның біре­уі оқу іздеп, еке­уі жұмыс іздеп, қала асып кет­кен ауыл – «көңіл­ді әңгі­ме­шіл» қарт­тар­дың қауы­мы.

Өнер­кәсібі­міздің өзе­гі талға­лы қашан! Асты­ғы мен малы­ның, түсті мета­лы мен көмірінің, мұнайы мен электр қуа­ты­ның, орма­ны мен теңізінің… бай­лы­ғы Совет Одағы­ның мәр­те­бесін көтер­ген Қаза­қстан бүгін­де «ТМД» деген елдер­дің қай тұсын­да?

Мәде­ни­еті­міз­де «мақта­ныш етер­лік» жәйт жет­кілік­ті. Бұл мини­стр­лік­тің діз­гін-шыл­бы­рын уысы­нан шығар­масқа ұстаған (әрине, ұстатқан соң!) А. Мұха­ме­диұлы­ның сық­пы­тын көбі­не­се сырт­тай көріп жүр­ген жұрт енді оны кеуде қуы­сын­дағы «пье­са-кино­ла­ры­нан» көріп-біл­ді. Ола­ры­ның сце­на­рий­ін де, бас рөлін де «Жас Алаш» гәзеті­нен («Бүй­тіп қор­лаған­ша, мені атып тас­та­сын!», 01. 10. 2018 ж.), «ДАТ» гәзеті­нен («Елдің ертеңіне деген үлкен үрей бар…», 04. 10. 2018 ж.) оқы­ған менің де айта­рым: Жаманқұ­лов Тұңғыш­бай інім де тоғы­шар тоқы­ған торға тап болған екен! «Аушы­лар» ойлап тапқан пәле-жала­лар­дан, әдейі таратқан алып-қашты өсек-өтірік сөз­дер­ден өзі ғана емес, отба­сы мен шәкірт­тері де тауқы­мет тар­тып­ты!

Бар­шаға бел­гілі саңлақ актер, режис­сер, театр педа­го­гы, өнер­та­ну ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, про­фес­сор, Қаза­қстан­ның Халық артисі, рес­пуб­ли­ка Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері және Білім беру ісінің Құр­мет­ті қыз­мет­кері, Жам­был облы­сы­ның Құр­мет­ті аза­ма­ты, көп­те­ген орден-медаль­дар­мен, алғыс хат­тар­мен мара­пат­талған Тұңғыш­бай­дың мұн­ша­ма жоға­ры баға­ланға­ны – ада­ми адал еңбек­тің қай­ы­ры. Демек, оның бас­пасөз бетін­де­гі жанай­қайы – ақ жүрек­тен амал­сыз ақта­ры­лған сыр!

Иә, енді билік басын­дағы­лар Тұңғыш­бай­дың бұл сырын, жанай­қай­ын естір, оқыр, ұғар бол­са, жазы­қ­сыз жәбір­лен­ген Аза­мат­тың жан­жа­ра­сын жазуға ынта таныт­са, адал­ды­қтан, әділ­дік­тен аулақ «аушы­лар­ды» жан­ты­қта­ры­мен қоса жаза­ла­са деңіз­дер… Әй, бірақ мен ондай әділ әре­кет бола­ры­на сен­бей­мін. Жалған айып­пен қиқу­лап қуда­ланған, сот­талған Әке­жан мен Ғалым­жан­ның, қаза­ға ұшы­ра­ты­лған Заман­бек пен Алтын­бек­тің тағ­дыр­ла­ры, Жаңаө­зен «жыры» билік­тің сиқын анық көр­сетіп бер­ді емес пе?!.


Билік­шіл­дер­ге сені­мім жоқты­ғы­на өзім ара­ласқан бір­не­ше жәйт куә бола ала­ды. Олар:

  1. КСРО-ның «құдайы» болған М.Горбачевқа Семей поли­го­нын жабу­ды, басқа жаққа көшіруді талап ете жан­пи­да­лы­қ­пен хат жазған, бастаған күресінің жеңіспен аяқта­луы­на үлкен үлес қосқан Кешірім Бозта­ев­тың (Семей облы­стық пар­тия коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы) атын өшіру­ге кіріс­кен, «Мен жап­тым!», «Біз жап­тық!» деп ажы­рай­ған, аттан­даған алаөк­пе «мықты­ларға» тари­хи ақиқат­тан, ару­ақтан атта­мауды ескер­те жазған хат-мақа­ла­ла­рым.
  2. Сәкен Сей­фул­лин мен Іли­яс Жан­сү­гіро­втің облыс орта­лы­қта­рын­да мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ескерт­кі­ш­тері қой­ыл­ды. Ал Бей­ім­бет Май­лин­нің ару­ағы­на ондай орын­ды құр­мет көр­сетіл­ген жоқ. Бей­ім­бет­та­ну­шы ғалым-қалам­гер Тоқтар Бей­ісқұ­лов­пен (бүгін­де марқұм) бір­лесіп те, жеке де жазған мақа­ла-хат­та­рым.
  3. Іли­яс Есен­бер­лин­нің «Көшпен­ділер» рома­ны­ның ағы­л­шын тіліне сәт­сіз ауда­ры­лға­ны, орыс тіліне аудар­ма­сын­да да сел­кеу бары тура­лы тіл мама­ны А.Рысалдиеваның гәзет­те, жур­нал­да шыққан зерт­теу-сын мақа­ла­ла­рын оқып, құп­тап жазған­да­рым.
  4. «Халық жауы» деген пәле-жала аттан 1987 жылы ресми ақталған ақын Шәкәрім Құдай­бер­діұлы­ның 1988 жылы «Жазу­шы» бас­па­сы шығарған жинағы­нан өлең­дерінің түп­нұсқа­ла­рын­дағы діни сөз­дер түгел­дей алып таста­лып, марқұм қажы ата­мы­здың ате­ист­ке (құдай­сызға) айнал­ды­ры­лға­нын білетін шығар­сыздар. Сол «әде­би-ғылы­ми жаңа­лы­ққа» қат­ты ашы­нған әде­би­ет­ші ғалым, жазу­шы Қай­ым Мұха­мед­ха­но­втың «Қазақ әде­би­еті» гәзетін­де­гі мақа­ла­сы­на («Құдай» деген сөз­ден құдай сақ­та­сын) үн қосқа­ным.
    Қакеңнің мақа­ла­сын­да қажы­ны ате­ист ету аздай, кей­бір өлең­дерінің жар­ты­сы беріліп, кей­бір өлең­дерінің басқа өлең­деріне тір­ке­ле салға­ны, кей­бір өлең­дерінің 2–3 өлең­ге бөл­шек­тел­гені, ал «Еңлік-Кебек» даста­нын­дағы тари­хи тұлға – Мамай батыр­дың есі­мі бастан-аяқ «Матай» деп өзгер­тіл­гені атап-атап айты­лған.
  5. Қаза­қстан­ды 1933–1938 жыл­да­ры билеп-төсте­ген Л.Мирзоянның «халық жауы» деген дақ­пырт­пен 110 мың адам­ды тұтқын­да­тып, 25 мыңын атты­рған жауы­зды­ғы тура­лы деректі мақа­ла­ла­рым.
  6. Қаза­қстан­ды ара­ла­у­ға кел­ген серб жур­нал­шы­сы М. Сед­мақа жол­бас­шы болып, қаза­қты: «Бала­ла­рын жоға­ры оқу орын­да­ры­на таны­сты­қ­пен түсіреді, шала­са­у­ат­ты, мәде­ни­ет­сіз, Федор Досто­ев­ский­дің кім екенін біл­мей­ді» деп жаман­даған, оны­сын кей­ін бүр­ке­ме­леу ама­лы­мен Д.Қонаев, О.Сүлейменов жай­ын­да кітап жазып, ман­са­пқа жолы ашы­лған Г.Толмачевтың атын­да рес­пуб­ли­ка Жур­нал­шы­лар одағы­ның сый­лы­ғы бар екеніне нара­зы­лық біл­ді­ре мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Д.Мыңбаев мыр­за­ға жазған хатым. Сірә, министр бедел­ді одақтың ол сый­лы­ғы­на атын қояр жур­нал­шы-пуб­ли­цист қазақ «жоғын» біл­се керек. Ал қазе­кем­нің бір­не­ше жур­нал­шы­сы ол сый­лы­қты үнде­мей ала сал­ды.
    Бір «ғажап» жәйт: пікір алы­су ниетім­мен жазған мақа­ла­ла­рым­ның бір­де-біріне қалам­даста­рым­ның ешқай­сысы не «дұрыс» деп, не «бұрыс» деп үн қат­па­ды. Түсіне алма­дым, рені­шім­ді іші­ме бүге сал­дым. Қалың ұйқы­дағы қасқа­лар­ды «най­за­мен түр­тер» дәтім жоқ.

Семей поли­го­ны жабы­лға­лы 27 жыл. Бұл мерзім­де небір сал­та­нат­ты жиын-той­лар бол­ды, бірақ атақ-даңққа бауыр басқан бас­шы-қос­шы­лар Кешірім Бозта­ев­тың ерлік ісін ата­ма­ды. Сол сорақы­лық созы­лып кете бер­ме­се екен деген пей­іл­мен пре­зи­дент Н.Назарбаевқа, Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі болып тұрған Б.Сапарбаевқа бір­не­ше хат жаз­дым. Оята алма­дым.

Бей­ім­бет Май­лин хақын­да пре­зи­дент­ке және Қоста­най облы­сы­ның әкі­мі Н Саду­ақа­со­вқа жол­даған хат­та­ры­ма да ләм-мим бол­ма­ды.
Мәде­ни­ет және ақпа­рат­тың экс-мини­стрі М.Құл-Мұхаммед мыр­за­ға және Жазу­шы­лар одағы басқар­ма­сы­ның экс-төраға­сы Н.Оразалин мыр­за­ға «Көшпен­ділер­дің» өрес­кел аудар­ма­сы­на қаты­сты жазған хат­та­рым да жел­ге ұшты. Бұл мәсе­ле­ге дереу назар ауда­руға тиіс Ора­за­лин­нің «оян­баға­ны­на» еріксіз таң­дан­дым. Ол «Қазақ әде­би­еті» гәзетін­де шыққан «Беті­мен кет­кен­де бере­ке болған ба?!» атты мақа­лам­да қазақ тарихы­ның бес ғасы­рын қам­ты­ған роман­ның шет тіл­дер­ге жаң­сақ ауда­ры­лып жатқа­ны өте өкіні­шті, соны ескеріп, аудар­ма аху­а­лы­на арнап пле­нум өткі­зей­ік деген ұсы­ны­сы­ма және сол гәзет­те Би-аға­ның мұра­жайы мен ескерт­кі­ші мәсе­лесінің шешіл­ме­уіне нара­зы болып жазған «Үше­уін ажал да ажы­рат­пап еді…» атты мақа­ла­ма да селт етпе­ді.

Мәс­ке­у­ге қарап: «Қаза­қстан­да ұлт­тық-фаши­стік астыр­тын ұйым бар!» деп ұлуын үде­те бер­ген Мир­зо­ян­ның қолы екі иығы­на дей­ін қан болға­нын кеше­гі одақтық, бүгін­гі ресей­лік мұрағат­тар­дан алды­рған көшір­ме құжат­тар негізін­де жазған хат-мақа­лам да аз емес-ті. Бір «қызы­ғы» – мақа­ла­ла­рым­ды оқы­ған­да­ры, өздері айт­па­са да, айғақта­лып тұрған екі «үн қосу­ды» көзім шал­ды. Бірін­шісі – тарих ғылы­мы­ның док­то­ры, про­фес­сор Т.Көлбаевтың жай­ма­шу­ақты «Мыр­за-жан» мақа­ла­сы («Жас қазақ» гәзеті), екін­шісі – тарих­шы, про­фес­сор Т.Омарбековтің: «…Ал Алаш зия­лы­ла­ры­ның қуда­ла­нуы­на Мир­зо­ян себеп бол­ды деген – бекер сөз… тіке­лей қаты­сы жоқ» деген «әсіребіл­гі­шті­гі» («Мир­зо­ян­ның Алаш ары­ста­ры­ның аты­луы­на қаты­сы бар ма?», «Айқын» гәзеті) жағам­ды ұстат­ты.

Алды­ңғы жылы болар, «Еге­мен Қаза­қстан» гәзетінің ресми хабар­ла­ры­нан пре­зи­дент Н.Назарбаевтың Л.Мирзоянның Аста­наға кел­ген ұлын қабыл­дап, әңгі­ме­лесіп, оған әкесінің Қаза­қстанға көп жақ­сы­лық жасаға­нын, сол үшін Аста­на­да ескерт­кіш орнат­пақ ойы барын айтып­ты. Мәс­саға-а-ан!.. Не істеу керек? Дереу қар­сы­лық әре­кет жаса­май бол­май­ды! Пре­зи­дент­ке Мир­зо­ян­ның зыми­ян­дық істерін әшке­ре­ле­ген құжат­тар­дың және И.Сталиннің 1937 жылы Мир­зо­ян­ды сынаған сөзінің көшір­ме­лерін қоса хат жөнелт­тім.

Ал онда И.Сталин не деп еді? Орта­лық пар­тия коми­тетінің 1937 жылы наурыз айы­ның 5-і күні болған пле­ну­мын­да: «…Взять, напри­мер, това­ри­щей Мир­зо­я­на и Вай­но­ва. Пер­вый из них явля­ет­ся сек­ре­та­рем кра­е­вой пар­тий­ной орга­ни­за­ции Казах­ста­на… пере­та­щил с собой в Казах­стан из Азер­бай­джа­на и Ура­ла, где он рань­ше рабо­тал, 30–40 чело­век «сво­их» людей и рас­ста­вил их на ответ­ствен­ные посты в Казах­стане. Есть, ста­ло быть, своя артель у това­ри­ща Мир­зо­я­на. Раз­ве нель­зя было подо­брать работ­ни­ков из мест­ных людей?.. Конеч­но, мож­но было… Что зна­чит тас­кать с собой целую груп­пу при­я­те­лей?.. Это зна­чит, что ты полу­чил неко­то­рую неза­ви­си­мость от мест­ных орга­ни­за­ций и, если хоти­те, неко­то­рую неза­ви­си­мость от ЦК. «У него своя груп­па, у меня своя груп­па, они мне пре­да­ны…». Это зна­чит недо­ве­рие мест­ным кад­рам…» – деген. Мир­зо­ян­ның Қаза­қстанға жетек­теп ала кет­кен тобы­нан 17 сері­гінің аты-жөн­дерін атап көр­сет­кен.

Жүген­сіз келім­сек­тер­дің саны 30–40 емес, 60-тан асқан да, жер­гілік­ті «халық жау­ла­рын» қорқа­улы­қ­пен аулаған, оларға өзі­міздің сана­сы саңы­лау­сыз әпер­бақан­дар жан­та­ла­са көмек­тес­кен.
Хатым пре­зи­дент­ті ойлант­са керек, «артель­шіл алба­сты­ның» Аста­на мен Алма­ты көше­лерін­де­гі атта­ры көп ұза­май өшіріл­ді. Басқа қала­ла­ры­мы­зда өшіріл­ді ме, жоқ па – оны біл­мей­мін. Білетінім – біраз жер­лер­де кезін­де «мыр­за-жан­шыл» бай­ғұстар қой­ған көше, мек­теп, тіп­ті алаң атта­ры, ескерт­кі­ші бар бола­тын.

Ілкі­де Қай­ым Мұха­мед­ха­но­втың Шәкәрім қажы «Шығар­ма­ла­рын­дағы» (1988 жылғы) өлең­дер­дің күзел­геніне қат­ты күй­ін­генін атап қана өткен едім, енді ақын ата­мы­зды ате­ист­ке айнал­ды­рға­ны­нан бірер мысал ұсы­най­ын. Шәкеңнің көзі тірісін­де шыққан «Қазақ айна­сы» өлең­дер жинағын­дағы: «Алла жазған ақ өлім», «Ақ ісіңе алла жар», «Күр­ме­уін алла шешеді» делін­се, ондағы «алла» сөзі «тағ­дыр» деп өзгер­тіл­ген; «Оңда­сын құдай ақы­рын» деген­ді «Оңда­сын істің ақы­рын» деп; «Кет­пес дәу­лет осы ғой құдай­ға хақ» деген­ді «Кет­пес дәу­лет осы ғой әмбе­ге хақ» деп; «Құдай таза жарат­ты, сен таза бол» деген­ді «Баста таза жарат­ты, сен таза бол» деп; «Мақтан, атақ ізде­сең, құдай­дан без» деген­ді «Мақтан, атақ ізде­сең, адам­нан без» деп; «Аққа құдай жақ» деген халық мәтелін «Аққа халық жақ» деп; «Мұсыл­манға ұқсай­ды қай ара­сы?» деген­ді «Ағай­ы­нға ұқсай­ды қай ара­сы» деп; «Құдай өзі-ақ береді» деген­ді «Өмір өзі-ақ береді» деп, әдейі мазақ еткен­дей ала­пе­степ өзгер­тіп­ті, жинақты құра­с­ты­рған – «клас­сик­тер».

Бұл жарым­жан жинақтың көшір­месін кей­ін­де Жиде­бай­дағы «Абай 

клу­бы» екі мәр­те басып шығар­ды. Жари­я­ланған он шақты сыни мақа­лаға мән беруді, түп­нұсқа­мен салы­сты­ру­ды керек етпе­ген.
Сын мақа­ла жазған автор­лар­дың бірі едім, Шәкеңнің ару­ағын сый­лау бай­қал­маға­ны­на қын­жы­лып, ақы­рын­да оянуға тиісті пәр­мен­ді мына жеке адам­дар мен ұжым­дарға Шәкәрім Құдай­бер­діұлы­ның «Қазақ айна­сы» жинағын қол тигіз­бес­тен шыға­ру қажет­ті­гін айта хат жібер­дім: пар­ла­мен­ті­міздің сена­то­ры жазу­шы Ә. Кекіл­бай мыр­за­ға; пар­ла­мент мәжілісінің төраға­сы О.Мұхамеджановқа; Семей мем­ле­кет­тік уни­вер­си­теті құзы­рын­дағы Шәкәрім­та­ну ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­на; Аста­на­дағы «Ынсап» қоры­ның төраға­сы Б.Исабекұлына (ол қор Шәкәрім­нің әде­би мұра­сын наси­хат­та­уға үлес қоса­ты­нын есті­ген­мін); Л.Гумилев атын­дағы уни­вер­си­тет­тің рек­то­ры Е.Сыдықовқа (рек­тор бір мақа­ла­сын­да Шәкәрім шығар­ма­ла­рын шет елдер тіліне ауда­ру­мен шұғыл­да­ну­да екен­дерін айтқан-ды. Кей­ін­де түрік тілін­де шыға­ры­лға­ны тура­лы хабар­ла­ма бол­ды. Түп­нұсқа­сы­нан ауда­ры­лған бол­са, құба-құп. Егер анау жарым­жан жинақтан ауда­рыл­са, қажы­ның «құдай­сыз ақын болға­нын» бүкіл түрік әле­міне әйгіледік); жоға­ры­да аталған М.Құл-Мұхаммед пен Н.Оразалинге; пре­зи­дент Н.Назарбаев мыр­за­ға («шегі­нер жерім қал­маған соң»).
Бұлар­дың ешқай­сысы­нан ешбір жау­ап кел­меді: «Сон­ша қалың ұйқы­ны бер­гені неғып, ой, аллай!..».

Ұйы­қтай бер, қазақ! Мораль­дік тір­лі­гіңе мате­ри­ал­дық тір­лі­гің және «сай», несіне алаң­дай­сың? Тәу­ел­сіздік алы­сы­мен, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның «өзін­дік даму жолы­мен» жыл­дан-жылға дамып, дүние жүзін­де­гі ең бай 50 елдің орта­сын­да­мыз, мақ­са­ты­мыз – көп ұза­май озық 30-дың бірі болу. «Тәу­ел­сіз» дәу гәзет­тері­міз әрбір санын­да айшы­қтап жазып келе жатқан­дай, бүкіл әлем Қаза­қстан­ның даму қарқы­ны­на таң­да­нып, қызы­ға қара­уда. Даму бағ­дар­ла­ма­мыз жыла­ра жаңар­ты­лып, жол­да­у­лар­мен толы­қты­ры­лып, басар қадам­да­ры­мы­здың саны мен тео­ри­я­лық баста­ма­ла­ры­мы­здың мәні аны­қта­лып, алға жүйт­кіп бара­мыз. Ашық-астыр­тын 10 шақты мил­ли­ар­дері­міз, 60 шақты мил­ли­о­нері­міз бар біз сас­па­уға тиіс­піз. Тәу­ел­сіздік­тің 27 жылын­да алды­мы­здағы асы­мыз, үсті­міз­де­гі киі­мі­міз арзан­да­май, үне­мі қым­бат­та­уда бол­са да, абы­р­жы­ма­лық, көр­пе­мізді қым­та­на түсей­ік. Ұйқы­мыз неғұр­лым қалың бол­са, дене­міз солғұр­лым жылы бола­ды. Солай, қазақ, ұйы­қтай бер!..

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ 

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн