ҚЫТАЙДАҒЫ ҚЫСЫМҒА ҚАРСЫ наразылық шарасы Женевада өтті

Қара­ша­ның 6-сы күні Жене­ва­да (Швей­ца­рия) БҰҰ ғима­ра­ты алдын­да жүз­де­ген адам нара­зы­лық шара­сын ұйым­да­стыр­ды. «Қытай билі­гі­нен қысым­ды тоқта­ту­ды талап еткен­дер ара­сын­да» этни­ка­лық қаза­қтар да бол­ды. Бұл қала­да БҰҰ-ның адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі кеңесі өтіп жатыр.

Жене­ва­дағы БҰҰ кең­сесін­де АҚШ, Гер­ма­ния, Кана­да, Фран­ция Қытай­дағы адам құқы­қта­ры мәсе­лесін талқы­лап жатқан­да, сырт­та қазақ, ұйғыр, вьет­нам, түр­кі­мен, тибет ұлты­ның өкіл­дері қар­сы­лық шара­сын ұйым­да­стыр­ды. Жене­ваға Қаза­қстан­нан Қытай қаза­қта­ры­ның мәсе­лесін жиі көтеріп жүр­ген Қыды­рәлі Оразұ­лы мен Шың­жаң­да қамауда болған Аман­жан Сей­іт барған. Оларға Гер­ма­ни­яда тұра­тын этни­ка­лық қазақ Өмір­хан Алтын қосы­лған. Қыды­рәлі Оразұлы­ның айтуын­ша, нара­зы­лық акци­я­сы­на Бель­гия, Шве­ция және Швей­ца­ри­яда тұра­тын этни­ка­лық қаза­қтар да кел­ген. Этни­ка­лық қаза­қтар нара­зы­лық кезін­де өздері­мен бір­ге Қаза­қстан туын алып жүр­ді. Шара кезін­де Өмір­хан Алтын ел алды­на шығып сөй­леді.

– Қытай билі­гі өздерін сүт­тен – ақ, судан – таза етіп көр­сетіп келеді. Сон­ды­қтан біз Жене­ва­дағы Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы ғима­ра­ты­ның алдын­да қар­сы­лық шара­сын өткізіп жатыр­мыз. Шың­жаң­да үш мил­ли­онға жуық қазақ бар. Олар­дың кемін­де 500 мыңы түр­ме­де отыр. Түр­ме­ге кім­дер қамалған? 12–13 жастағы бала­лар мен жет­піс-сек­сен­де­гі қари­я­лар отыр. Бүгін біз, Қытай қол астын­дағы тағ­дыр­лас халы­қтар, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­нан Қытай­дың жауы­здық сая­са­ты­на «тоқтат!» деп айтуын сұрай­мыз, – деді ол.

Жиы­нға қаты­сқан­дар «қытай ұлты­на қар­сы емес, билік­тің қазір­гі жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на қар­сы». Өмір­хан Алтын­нан кей­ін мін­бер­ге шыққан Аман­жан Сей­іт «сая­си тәр­бие орта­лы­ғын­да» басы­нан кеш­кен­дерін жұр­тқа баян­дап бер­ді.

Қыды­рәлі Оразұ­лы Жене­ваға Қытай­да туы­ста­ры қамалған қаза­қтар­дың ары­зы мен видеоүн­де­улерін алып барған. Олар БҰҰ кеңесінің алға­шқы күні, қара­ша­ның 5-інде, жиы­нға кел­ген­дер алды­на шығып сөз сөй­ле­ген. «Қаза­қтар тара­пы­нан Гер­ма­ни­яда тұра­тын этни­ка­лық қазақ Өмір­хан Алтын еке­уміз тара­тып айтып бер­дік. Жиы­нға Қытай­дың Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің өкіл­дері де қаты­сты. Олар біз айтқан ақпа­рат­тар­ды жоққа шыға­руға тыры­сып, сау­ал­дар қой­ды», – дей­ді ол.

Ал әлем елдері қаты­сқан БҰҰ кеңесін­де қазір Қытай­да бір мил­ли­онға жуық мұсыл­ман қамауда оты­рға­ны айтыл­ды. АҚШ, Жапо­ния, Австра­лия, Кана­да, Гер­ма­ния Қытай­дағы лагерь­лер­ді жабу­ды талап етті.

Фран­ция өкілі Фран­с­уа Ривас­со: «Пекин Шың­жаң мен Тибет­те діни және наным-сенім бостан­ды­ғы­на кепіл­дік беріп, жап­пай қуда­ла­уды тоқта­ту керек», – деді. Кана­да өкілі Роз­ма­ри Мак­Кар­ни­ның айтуын­ша, Қытай сот­сыз, тек ұлты мен діні үшін қамалған ұйғыр және басқа да мұсыл­ман­дар­ды боса­туы тиіс.

БҰҰ кеңесіне қаты­сқан Қытай­дың сыр­тқы істер мини­стрінің орын­ба­са­ры Лэ Юйч­эн: «Азшы­лық ұлт­тар­дың құқы­ғын заңға сай қорғап отыр­мыз. Ұлт­тық кон­гре­сте және Ком­му­ни­стік пар­ти­яда бар­лық 55 ұлт­тың өкіл­дері бар», – деп жау­ап бер­ді.

БҰҰ адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі кеңесі төрт жарым жыл­да бір рет ұйым­да­сты­ры­ла­ды. Ұйым Қытай­дағы лагерь­лер мен қуда­лау мәсе­лесін алғаш рет ашық талқы­ла­ды. Кеңес қара­ша­ның 5-і басталған. БҰҰ жиы­ны қара­ша­ның 10-ына дей­ін әлем­де­гі адам құқы­қта­ры мәсе­лесін талқы­лай­ды.

Қамаудан шыққан қаза­қтар «сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­қта­рын» «түр­ме» деп сипаттаған. БҰҰ және Human Right Watch бастаған халы­қа­ра­лық ұйым­дар да Шың­жаң­дағы қамау­лар тура­лы бір­не­ше рет мәлім­де­ме жасаған.

Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне Қытай­дағы қысы­мға қаты­сты көмек сұрап, 618 адам­нан арыз түс­кен. Мини­стр­лік­тің бас­пасөз хат­шы­сы Айбек Сма­ди­я­ро­втың айтуын­ша, 117 ары­зды Қытай­дың бұры­нғы аза­мат­та­ры, қазір Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған­дар жазған. Олар Қытай аза­мат­ты­ғы­нан шыға­руға көмек сұраған. Мини­стр­лік өкілі ары­здар бой­ын­ша жұмыс жүр­гізіліп жатқа­нын айт­ты.

Қазан­ның 15-і күні Гон­конг­та шыға­тын South China Morning Post газеті Қытай ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның этни­ка­лық және діни мәсе­ле­лер жөнін­де­гі депар­та­мен­тінің бас­шы­сы Ю Цюа­нь­ның Шың­жаңға барға­нын хабар­ла­ды. Ю Цюань Шың­жаң­дағы мұсыл­ман дінін ұста­на­тын этни­ка­лық аз ұлт­тарға Қытай­дың мәде­ни­еті мен әле­умет­тік нор­ма­ла­рын сіңі­ру сая­са­ты жүр­гізіліп жатқа­нын айтқан. Ол бұл сая­сат­ты «экс­тре­миз­мнің алдын алу» деп түсін­дір­ген.

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,
Azattyq.org

(медиа-про­ект «DAT» №40 (452) от 8 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн