fbpx

Қонаевтың ескерткішін ҚАЙДА ҚОЯМЫЗ?

Ең алды­мен, 1912 жылы 12 қаңтар­да Алма­ты­да дүни­е­ге кел­ген қаза­қтың бір­ту­ар тұлға­сы Дін­мұ­хам­мед Қона­ев­тың қысқа­ша өмір­ба­я­нын бүгін­гі жастар­дың есіне салай­ын.

Қаза­қстан Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі (1952), тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры (1969), үш мәр­те Соци­а­ли­стік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) атанған. Мәс­ке­уде­гі түсті метал­дар және алтын инсти­ту­тын бітір­ген (1936). Балқаш, Алтай, Рид­дер, Лени­но­гор кен орын­да­рын­да бас­шы­лық қыз­мет атқарған (1936–1942). Қазақ КСР Халық Комис­сар­ла­ры Кеңесі, кей­ін­нен Қазақ КСР Мини­стр­лер Кеңесі Төраға­сы­ның орын­ба­са­ры (1942–1952) болған. Қаза­қстан Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті (1952–1955) болып сай­ланған. Қазақ КСР Мини­стр­лер Кеңесінің Төраға­сы (1955–1960 және 1962–1964), Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің Бірін­ші хат­шы­сы (1960–1962 және 1964–1986), Кеңес Одағы Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­теті Сая­си бюро­сы­ның мүше­сі (1971–1987) болған.

Кеңе­стік заң­ның тәр­тібі бой­ын­ша, екі мәр­те Еңбек Ері атағын алған адам ретін­де 1976 жылы Алма­ты­да қола бюсті орна­тыл­ды (төмен­гі сурет­те). ІІ–ХІ сай­ланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және ІІІ–ХІ сай­ланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депу­та­ты. Сегіз рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту орден­дері­мен мара­пат­талған. Өмірінің 45 жылға жуы­ғын ел басқа­ру ісіне арнаған, ширек ғасы­рға жуық Қаза­қстан­ның бірін­ші бас­шы­сы қыз­метін атқарған.

1986 жылы 16 жел­тоқ­сан­да өткен Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің пле­ну­мын­да Дін­мұ­хам­мед Қона­ев­тың орны­на Ген­на­дий Кол­бин­нің – басқа ұлт өкілінің сай­ла­нуын қазақ жаста­ры кем­сіту­шілік ретін­де қабыл­дап, мұның соңы КСРО-дағы ұлт сая­са­ты­на қаты­сты халы­қтық нара­зы­лы­ққа – Жел­тоқ­сан көтерілісіне ұла­сты. КОКП Орта­лық Коми­тетінің 1987 жылғы 26 мау­сым­дағы пле­ну­мын­да оны «Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің Бірін­ші хат­шы­сы болған­да, рес­пуб­ли­ка пар­тия ұйы­мын басқа­ру­дағы жібер­ген қателік­тері үшін» деген сыл­та­у­мен КОКП Орта­лық Коми­тетінің мүшелі­гі­нен босатқан. Көп кешік­пей ол Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің мүшелі­гі­нен де шыға­ры­лған.

Диме­кең 1993 жылы 22 тамы­зда бақи­лық бол­ды. Ол қай­тыс болған­нан кей­ін, Қаза­қстан Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның Тау-кен және түсті метал­лур­гия инсти­ту­ты­на, елі­міздің бірқа­тар мек­теп­тері, даңғыл­да­ры мен көше­леріне оның есі­мі беріл­ді. Алма­ты­да Д. А. Қона­ев атын­да уни­вер­си­тет бар. 1992 жылы 13 қара­ша­да Халы­қа­ра­лық Қона­ев қоры құрыл­ды. 2002 жылы 12 қаңтар­да оның мұра­жай-үйі ашыл­ды. Өмірінің соңғы сәтін өткіз­ген Алма­ты облы­сы­ның Ала­көл ауда­нын­дағы Ақши ауы­лын­да (Жеті­су қақ­па­сы) 2003 жылы 15 тамы­зда арнайы құл­пы­тас орна­тыл­ды. Шым­кент­те­гі мұра­жай­ын­да да облы­стық қор құры­лған. Мұн­дағы­лар 2002 жыл­дың сәуір айы­нан бастап «Ата­лар сөзі» атты газет шыға­рып келеді.

Басқа жер­ді қай­дам, шым­кент­тік­тер жыл сай­ын Диме­кеңнің жарық дүни­е­ге кел­ген және өмір­ден қай­тқан күн­дерін еле­усіз қал­ды­рған емес. Шырай­лы шаһа­ры­мы­здағы Қона­ев даңғы­лы­ның бой­ын­дағы ескерт­кі­штің алды­на келіп, ұлы тұлғаға тағ­зым етуді игі дәстүр­ге айнал­ды­рған. Ескерт­кі­штің алды­на гүл шоқта­рын қою­мен қоса-қабат ол жай­ын­да әсер­лі естелік­тер айты­ла­ды, қай­ы­рым­ды­лық ас беріліп, марқұм­ның асқақ әру­ағы­на Құран бағы­шта­ла­ды. Мұн­дай ізгілік­ті де игілік­ті іс-шара был­тыр да өзінің жалға­сын тап­ты. Облы­стық «Оты­рар» ғылы­ми-әмбе­бап кіта­п­ха­на­сын­да еске алу кеші өткізіл­ді.
Әрине, мұның бәрі тар­лан тұлғаға тағ­зым етудің бел­гісі ретін­де­гі сау­ап тір­лік қой. Алай­да көңіл­ді күп­ті етіп жүр­ген мына бір жағ­да­ят­ты да айт­пай кету­ге бол­мас. Шым­кент­тік Ержан Қал­ды­ба­ев есім­ді аза­мат осы­дан жеті жыл бұрын қазақ халқы­ның қос таутұлға­сы – Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев пен Асан­бай Асқа­ро­втың еңселі ескерт­кі­шін жасаған. Таза қола­дан құй­ы­лған ескерт­кі­штің сал­мағы екі тон­на. Кәсіп­кер жігіт оны жасау үшін 200 мың дол­лар қар­жы­сын сарп еткен. Ақша­сы жет­пе­ген­дік­тен, тіп­ті өзі тұрған үйін де сатып жібер­ген.

Өкініш­ке орай, Қаза­қстан­да осы еңселі ескерт­кі­шті қоя­тын орын табыл­май тұр. Дәліре­гі, үлкен­ді-кішілі шен­ді-шек­пен­ді шене­унік­тер бұған онша ынта-ықы­лас таны­тып отыр­маған сыңай­лы. Был­тыр тамы­л­жы­ған тамы­зда Диме­кеңнің бақи­лық болға­ны­на ширек ғасыр тол­ды. Осы бір датаға орай­ла­сты­рып, шырай­лы шаһа­ры­мы­зда оның ескерт­кі­шіне орын табы­лып қалар деп үміт­тен­ген­біз… Бұл үміті­міз күні бүгін­ге дей­ін ақтал­май тұр.

Әбді­сат­тар ӘЛІП,
Қаза­қстан Жур­на­ли­стер және Халы­қа­ра­лық Жазу­шы­лар одақта­ры­ның мүше­сі,
Шым­кент қала­сы

ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ – ХАЛЫҚТЫҚ ПАРЫЗ

Мен ол кез­де Алма­ты қала­лық атқа­ру коми­тетінің төраға­сы Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втың кеңес­шісі болып қыз­мет істей­тін­мін. Бір­де Зәкең мені шақыр­тып алып:

– Кеше түн­де Дін­мұ­хам­мед Қона­ев аға­мы­здың аула­сын­дағы жеке «Вол­га» авто­көлі­гінің радио­сы мен маг­ни­то­фо­нын біре­улер ұрлап әкетіп­ті. Ұры­лар­дың түк тап­паған­дай, енді Қона­евқа тиі­се бастаға­нын қара­шы. Сон­ды­қтан сен­дер­ге тап­сыр­ма – бір күн­нің ішін­де ол кісі­ге гараж салып берің­дер, – деді.

Мен «Алма­а­та­гор­строй» құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры Игорь Миль­грам­ды ертіп, еке­уміз гараж сала­тын орын­ды бел­гіледік. Апай-топай қимыл­дап, бір күн­де гараж­дың басын қарайт­тық. Келесі күні Дін­мұ­хам­мед аға­мы­зға Заман­бек Нұрқа­ді­лов гараж­дың кіл­тін апа­рып бер­ді.

Бір күні Диме­кеңнің үйін­де­гі тоңа­зы­тқыш істе­мей қалып­ты. Зух­ра жең­ге­міз «Каз­тор­го­бо­ру­до­ва­ние» меке­месінің дирек­то­ры Хох­ло­вқа теле­фон соғып: «Тоңа­зы­тқы­шы­мы­зды жөн­деп бересіз­дер ме?» – деп өтініш жасап­ты. Сон­да Хох­лов: «Қона­ев­тың жұбайы бол­саң қай­тей­ін! Күй­е­уіңнің дәу­рені әлдеқа­шан өтіп кет­ті. Енді маған Қона­ев­тан гөрі, қара­пай­ым үй сыпы­ру­шы әлдеқай­да биік», – деп, Зух­ра Шәрі­пқы­зы­ның намысы­на тиетін, одан өзге де ауыр-ауыр сөз­дер айтып­ты.

Мұны есті­ген­де, оты­рған Нұрқа­ді­лов орны­нан тұрып кетіп, бөл­месін­де ары-бері жүр­ді де, өзіне тез ара­да Хох­ло­вты алып келуді бұй­ыр­ды. Аз уақыт­тан соң, бөл­месіне кінәлі мысы­қтай жал­тақ-жал­тақ қара­у­мен енген Хох­ло­вқа Зәкең: «Қона­ев­тың іскер­лі­гі арқа­сын­да Қаза­қстан­да бой көтер­ген қырық қала­ны айт­пай-ақ қояй­ын, осы Алма­ты қала­сы үшін оның қан­ша­ма тер төк­кенін ұмы­ту аза­мат­ты­ққа жата ма?! Бірін­ші­ден, Зух­ра Шәрі­пқы­зы­нан ауыр сөзің үшін кешірім сұрай­сың. Екін­ші­ден, тоңа­зы­тқы­шын бір сағат­тың ішін­де жөн­деп бересің. Бұл тап­сыр­мам орын­дал­ма­са, екі сағат­тан кей­ін жұмыстан кетесің. Осы екі талап­тың қай­сысын орын­дай­сың?» – деп, Хох­ло­вқа тесі­ле қара­ды.

Хох­лов бей­ша­ра: «Бірін­шісін, бірін­шісін… Оғаш мінезім үшін Зух­ра Шәрі­пқы­зы­нан да, сіз­ден де кешірім сұрай­мын!» – деді басын төмен иіп.

Диме­кең өзінің кемел бас­шы­ға тән пара­са­ты­мен, ғажап кіші­пей­іл­ділі­гі­мен және зама­на ағы­мы­на үндесе­мін деп, жібер­ген кей­бір кем­шілік­тері­мен де қоса, ескерілу­ге, ардақта­луға тиісті сая­си тұлға екені дау­сыз.

Бауы­р­жан БАЙМҰХАНОВ,
«Бей­мар-ойл» ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры
• Раф­хат Жұма­бай­дың (Rafkhat Zhumabay) «Фейсбук»-парақшасынан алын­ды

Республиканский еженедельник онлайн