fbpx

ҚАСЫМОВТЫҢ қорғаштағандары КІМДЕР БОЛДЫ?

Ішкі істер мини­стрі Қал­мұ­хан­бет Қасы­мов қоры­қ­шы­ларға қарақ­шы­лық шабуыл жасаған қані­шер­лер­ді жасы­рып, қай­ғы­лы оқиға­дан кей­ін­гі бір­не­ше күн бойы қыл­мыс­кер­лер­дің аты-жөн­дерін ата­май кел­ді. «Кім­дер екенін аны­қта­дық», «үйіне бар­дық», «олар жоқ екен» деп, бір елдің мини­стрінің емес, бала-шаға­ның сөзін сан­ды­рақтап, қоғам­нан әлдекім­дер­ді жасы­рып әлек бол­ды. Неге?

Бұл орай­да «Фейс­бук» желісін­де сан-саққа тар­тқан күдік кет­ті: «министр Қасы­мов күдік­тілер­ді ұстау-ұста­мау тура­лы пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың келісі­мін күтіп оты­рған болар» деген пікір­лер де айтыл­ды. Расын­да, егер қыл­мысқа күдік­тілер аны­қталған бол­са, олар­дың аты-жөн­дері неге атал­ма­ды? Сурет­тері неге ара­да бір апта өткен соң ғана жари­я­лан­ды?

Яғни, «күдік­ті» деп көр­сетіл­ген үше­удің жанын­да, бөлек джип көлі­гін­де билік­ке қаты­сы бар басқа төрт адам­ның болуы әбден мүм­кін. Ақор­да­ның айтуын­сыз Қасы­мов олар­дың аты-жөн­дерін атай алмай отыр. Мұн­дай тұжы­ры­мға БАҚ пен әле­умет­тік желілер­де­гі жари­я­ла­ным­дар негіз бол­са керек. Мәсе­лен, сей­сен­бі күні «Азаттық» былай деп жаз­ды:



«Аста­на­да 21 қаңтар­да бра­ко­ньер­лер шабуы­лы­нан қаза тап­ты деген қоры­қ­шы Ерлан Нұрға­ли­ев­тің серік­тері мен туы­ста­ры жина­лып, билік орган­да­ры­ның қоры­қ­шы өлі­міне қаты­сты таратқан кей­бір ақпа­ра­ты­мен келіс­пей­тін­дерін мәлім­деді.

«Номад» тұрғын үй кешенінің алды­на жиналған­дар поли­ци­я­ның қоры­қ­шы­ның өлі­міне қаты­сты таратқан кей­бір мәлі­метін жоққа шығар­ды. Өзін Ерлан Нұрға­ли­ев­тің келіні­мін (інісі Нұр­лан Нұрға­ли­ев­тің әйелі) деп таны­сты­рған Құра­лай Әлі­мо­ва­ның (сурет­те) айтуын­ша, шабуыл жасалған 13 қаңтар күні күй­е­уіне таны­ста­ры хабар­ла­сып, аға­сы­ның оқыс жағ­дай­ға ұшы­раға­нын хабар­лаған.

– Күй­е­уім 13 қаңтар күні кеш­ке естіп, сағат 21-де (шабуыл болған жер­ге – Ред.) шығып кет­ті, таңғы сағат 6-да Аста­на­дағы ауру­ха­наға аға­сын өзі алып бар­ды. Сол уақыт ара­лы­ғын­да жедел жәр­дем, не тікұ­шақ жібер­ме­ген, – деді Құра­лай Әлі­мо­ва. Ол ішкі істер мини­стрі Қал­мұ­хан­бет Қасы­мо­втың «14 қаңтар күні түс­ке дей­ін тікұ­шақ ұшы­руға ауа райы қолай­сыз бол­ды» деген сөзін де жоққа шығар­ды.

Жиналған­дар әдет­те киік атуға шыға­тын­дар ара­сын­да «мін­дет­ті түр­де бұры­нғы поли­ция өкіл­дері бола­ты­нын» айтып, «оқиғаға куә болған­дар­дың», яғни екін­ші көлік­те­гі адам­дар­дың кім екенін жари­я­ла­уды талап етті. Өзін Ерлан Нұрға­ли­ев­тің жол­да­сы­мын деп таны­сты­рған Абзал Маса­ба­ев:

– Сол төр­те­уінің фами­ли­я­сын неге айт­пай­ды? Соның ішін­де біре­уі бұры­нғы поли­цей, біз бәрін біліп отыр­мыз. Күдік­ті үше­уі бас-аяғы жеті адам болған, төр­те­уі, міне, осын­дай деп мой­ны­на алып тұр, – деді.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі 15 қаңтар­да Қараған­ды облы­сы­ның Нұра ауда­нын­да «Охот­зоо­пром» рес­пуб­ли­ка­лық меке­месінің инспек­то­ры киік­тер мен сирек кез­де­сетін жану­ар­лар­ды қорғау рей­ді кезін­де бра­ко­ньер­лер қолы­нан ауыр жара­ла­нып, қай­тыс болға­ны тура­лы ақпа­рат таратқан. Мини­стр­лік мәлі­метін­ше, 13 қаңтар­да кеш­ке Toyota Land Cruiser көлі­гін­де­гі бел­гісіз үш адам олар­дың ізіне түс­кен инспек­тор­лар Ницык пен Нұрға­ли­ев­ке қар­сы­лық таны­тып, шабуыл­даған. Ара­да екі сағат­тан астам уақыт өткен­де поли­ция мен инспек­тор­лар шабуыл­дан жара­ланған инспек­тор­лар­ды тапқан. Басы­нан ауыр жара­ланған Ерлан Нұрға­ли­ев 14 қаңтар­да Аста­на­дағы №1 қала­лық емха­наға жет­кізіл­ген. Бір күн­нен артық ес-түс­сіз жатқан Нұрға­ли­ев 15 қаңтар­да қай­тыс болған».

Тағы бір бей­ре­сми деректер­ге қараған­да, «аты-жөн­дері атал­май оты­рған төр­те­удің ара­сын­да пре­зи­дент Назар­ба­евқа етене жақын адам­дар­дың болуы әбден мүм­кін. Егер басқа­дай болған­да, ел ішін­де­гі алып-қашпа қоғам­дық пікір­ді ауы­зды­қтау үшін, министр Қасы­мов елде­гі басқа кез кел­ген адам­ды атар еді», – дей­ді редак­ци­яға хабар шалған инсай­дер­лік ақпа­рат көзі. «Төр­те­удің» аты-жөн­дері не себеп­тен жасы­ры­лып отыр деген күлбіл­те пікір­ге Nur.kz ақпа­рат­тық пор­та­лы да ден қой­ған.

«21 қаңтар­да Аста­на­да жиналған­дар екін­ші джип­те болған­дар еле­усіз қалып оты­рға­нын айта­ды. Тіп­ті 4 бра­ко­ньер куә­гер ретін­де ғана тар­ты­лып жатқан көрі­неді, деп жаза­ды Nur.kz пор­та­лы.

«Мүй­із сатып алып, сатып жүретін. Солар­дың аты-жөнін неге айт­пай­ды? Біз бәрін біліп отыр­мыз. Бұл төр­те­уді куә­гер деп шыға­рып жібе­ре сал­мақ­шы. Яғни, ұсталған­дар ұрып өлтір­ді, біз кетіп қал­дық демек­ші ғой. Олар­ды неге боса­тып жібер­ген?» – дей­ді Абзал Маса­ба­ев.

«Ол төр­те­уі күдік­ті емес, қыл­мыс­кер­лер. Ішін­де бір­ге болған. Ол төр­те­уі неге қарап тұр­ды? Неге ара­ша­ла­ма­ды? Кісі өледі екен, ол төр­те­уі жай куә­міз дей­ді», – деп күй­ін­ді Болат Хами­тов.

Соны­мен қатар марқұм­ның доста­ры тағы да бірқа­тар мәлі­мет­тер­ді жай­ып сал­ды. Айту­ла­рын­ша, ұсталған күдік­ті үшеу де, куә­гер ретін­де тар­ты­лған төр­теу де – Қызы­лор­да облы­сын­дағы бір ауыл­дың жігіт­тері. Бұрын­нан бра­ко­ньер­лік­пен табыс тауып жүр­ген­дер екен. Ерлан Нұрға­ли­ев тірі кезін­де іздеріне талай мәр­те түсіп, ұстай алмай жүріп­ті.

Оған қоса, ұсталған үш күдік­тінің бірі Қай­рат Ақша­но­втың үсті­нен был­тыр ғана қыл­мыстық іс қозғалған. Алай­да Ақтө­бе­де киік атып ұсталған аңшы жаза­дан сыты­лып кет­кен».

Деген­мен, пор­тал­дың «бұрын­нан бра­ко­ньер­лік­пен табыс тауып жүр­ген­дер екен» деген пікіріне дау туғы­зар­лық сұрақтар бар. Егер сол «төр­теу», шыны­мен де, «қатар­дағы» қызы­лор­да­лық бра­ко­ньер­лер бол­са, министр Қасы­мов олар­дың аты-жөн­дерін жария ету­ден неге зәре­дей болып отыр? Заң­сыз «табыс тауып», ара-тұра кісі өлтіріп жүр­ген­дер­дің аты-жөн­дерін жария етпе­удің себебі қан­дай?

Сырым ДАТОВ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн