fbpx

ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚҚА айдап салған қоғам КІМДЕРГЕ ҚАЖЕТ?

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,
пуб­ли­цист-жазу­шы

Сен­бей­сіз бе?.. Әлде мені абай­ла­май, асы­лық айтып отыр дей­сіз бе?..
Жо-жоқ, мен дәл бүгін­гі қоғам­дық-сая­си, әле­умет­тік-тұр­мыстық өмірі­міз­де­гі болып жатқан жан түр­шік­тіре­рлік оқиға­ларға бай­ла­ны­сты күй­зе­ле, күй­іне, күңірене ой қозғап отыр­мын. Жоқ­шы­лық жұрт­ты жұта­тып, аштық аза­бы алқым­нан алған­да, адам­дар адам­шы­лық қадір-қаси­еті­нен айы­ры­лып, айтуға ауыз бар­май­тын ауыр қыл­мыстар­ды имен­бей жасай­ды екен. Мұны мен аза­лы ашар­шы­лы­қты көр­ген, сұра­пыл соғыс кезін­де Кав­каз­дан күш­теп көшіріліп кел­ген шешен­дер­дің ұрлық-қар­лық, қан­ды қыл­мыста­рын жақ­сы білетін әже­лер мен туған әке-шешем­нен талай есті­ген едім…

Бүгін­де ақпа­рат­тың әп-сәт­те әлем­ді шар­лап кететін уақы­ты. Күн­делік­ті шыға­тын мерзім­дік басы­лым­дар, теле-радио хабар­ла­ры кей­ін­деп қалып, әле­умет­тік желілер жел­дей ескен заман­да жел­пін­тетін жақ­сы­лы­қты да, жаға ұста­тып, естен тан­ды­ра­тын қай­ғы-қасірет­ті де сол сәтін­де-ақ, жер­дің түбін­де тұрып-ақ білетін бол­дық. Теле­фон­сыз өмір жоқ сияқты. Таңер­тең көзі­мізді жыр­тып аша салы­сы­мен «Фейс­букқа» үңіле­міз. Міне, сол әдет­пен бүгін де ондағы жаз­ба­ларға көз жүгір­тіп отыр­мын.

«Жұма күн­гі сағат бесте жедел жәр­дем­ге қоңы­рау түсті. Сол бой­ын­ша Алма­ты­дағы Рай­ым­бек пен Сей­фул­лин көше­лерінің қиы­лы­сы­на бар­дық. Жиыр­ма жастағы жігіт­ті түн­гі клуб алдын­да аяу­сыз пышақтап кетіп­ті. Мал секіл­ді азаптаған. Асқа­за­ны ақта­ры­лып жатыр. Дереу көлік­ке салып ауру­ха­наға жет­кіздік. Біздің алды­мы­зда ғана әріп­те­стерім Науры­з­бай мен Қабан­бай көше­лері қиы­лы­сы­нан ауыр жарақат­танған екі жігіт­ті ауру­ха­наға алып келіп­ті. Олар­дың да жарақат­та­ры өте ауыр. Кеуде тұста­ры­нан соққы жасалған. Біз келіп үлгер­ме­стен қоңы­рау безек­тей жөнел­ді. Тағы бір жігіт­ті пышақтап кет­кен. Біз бар­сақ, зардап шек­кен­дер оқиға болған жер­ден жылы­стап үлгеріп­ті… Алма­ты не болып бара­ды? Қаза­қтар бір-бір­лерін пышақтап жатыр. Қан­сыздар, қас­көй­лер, қатыг­ез қаны­пе­зер­лер көбей­іп кет­ті…» – дей­ді қат­ты түңіл­ген жедел жәр­дем дәрі­гері Зух­ра Таба­е­ва деген қарын­да­сы­мыз.

Зух­ра­ның айтуын­ша, соңғы кез­дері әсіре­се жастар ара­сын­да өзіне-өзі қол салу оқиға­ла­ры тіп­ті жиілеп кетіп­ті. Бұл күн­делік­ті ұшы­рас­а­тын үйрен­шік­ті жағ­дай­ға айналған­дай. Мәсе­лен, «сол күні түн ішін­де жап-жас қала­лық жігіт­тің асы­лып тұрған жеріне бар­дық, – дей­ді ол. – Поли­цей­лер мұның бір күн­де ғана болған үшін­ші өлім екенін айт­ты», – деп нали жаза­ды дәрі­гер желі арқы­лы таратқан жаз­ба­сын­да.

Иә, жағ­дай өте қиын. Тіп­ті күр­делі деу­ге бола­ды. Мұн­дай қасірет қолға қару ұста­уға жарай­тын ер аза­мат ата­улы­ның бәрі сұра­пыл соғы­сқа атта­нып, ашқұр­сақ тір­лік кеш­кен, жау­рап-жасып, жылап-еңіре­ген елдің ара­сын­да кезік­пеп­ті. Егер бола қал­са, соның бірін бол­са да үлкен­дер­ден естір едік қой.

Ал бүгін ше?..

Сөз­ден сөз шыға­ды. Мына бір әңгі­ме бел­гілі спорт жур­на­лисі­нен есті­генім. Оның әйелі Алма­ты­дағы іргелі мек­теп­тер­дің бірін­де мұғалім. Сол кісі қыз­меті­нен келіп, шай үстін­де халы­қтың барған сай­ын қай­ыр­шы­ла­нып, тұр­мыс күй­лері кері кетіп бара жатқан­ды­ғы жөнін­де сөз ете­ді.

«Пәлен­шені білесің ғой, – дей­ді атын айтып. – Кеше кеш­кілік мек­теп­тен шар­шап, қабағы кір­тиіп үйіне бар­са, кол­ле­дж­де оқи­тын ұлы ақша сұрап­ты. Әми­я­ны­на тең­ге тұрақтап көр­ме­ген ол «оны не істей­сің?» демей ме, шырт ете түсіп. «Жақ­сы плав­ки алай­ын деп едім», – дей­ді ұлы. Оның осы сөзін есті­ген ана­сы дол­да­на ыза­ла­нып: «Әй! – дей­ді қаны мен жаны­нан жаралған ұлы­на тесі­ле. – Мен саған бұтым­дағы жаман лыпам­ды көр­се­тей­ін, кәне, қара­шы!». Сөй­тіп, оң жақ ете­гін түріп қала­ды. Біздің әлем­ге әйгілі Елба­сы­мыз, көк туы көк­те желбіреп, даму­дың даңғыл жолы­на түс­кен қаси­ет­ті Қаза­қста­ны­мыз тура­лы ұл-қыздарға тебіреністі сөз айтып, тәлім-тәр­бие беретін ұстаз ана­сы­ның жиегі жырым­да­лып, өңі кет­кен іш киі­мін көріп, одан әрмен қара­уға дәті жет­пе­ген ұлы «кешір­ші, мама!» деп еңіреп жылап жіберіп­ті…

Енді қайт­сін-ай бай­ғұс бала! Олай деп ойла­маған ғой. Жат­ты­ғу­дан соң душта бір­ге жуы­на­тын жол­да­сы­ның плав­киіне қызы­ққан. Әрине, оның да көңілін түсі­ну­ге бола­ды. Бірақ сол сәт­те айтқа­нын жаса­уға ары тарт та бері тарт, жоқ-жітік жағ­дай мұр­ша бер­ме­ген?.. Әкесі екі жер­де күзет­ші, бірі­нен келеді де, шала-шар­пы ұйы­қтап, екін­шісіне кете­ді. Ала­ты­ны – мар­дым­сыз ақы. Ана­сы­ның табысы да көп емес. Үйде ауы­зда­рын ашқан үш бала бар. Өздері көп жыл­дан бері үй кезе­гін­де тұра­ды. Ол шір­кін де оңай­лы­қ­пен жыл­жи қой­май­ды. Мой­ын­да­рын­да – кре­дит. Банк­ке жетіс­кен­нен бай­лан­ды ма? Аса қажет бол­ды, амал жоқ, қары­зға кір­ді. Енді ай сай­ы­нғы қай­ы­рым ақша­сы жыл­тың етіп, өсі­мі­мен келеді де тұра­ды…».

Бұл әңгі­мені осы­дан екі-үш жыл шама­сы бұрын есті­ген едім. Құдай біледі дей­ін, қазір­гі­дей жағ­дай­да олар­дың тұр­мысы түзеліп, өмір­лері көр­кей­іп кет­ті деген­ге әсте ила­на қой­май­мын. Оған дәлелім дай­ын.

Эко­но­ми­ка­мыз барған сай­ын тұра­лап, мем­ле­кеті­міздің бере­шек қары­зы есе­леп артып, көбею­мен келеді. Қала халқы да, дала жұр­ты да күй­зелі­стен көз аша алма­ды. «Гастар­бай­тер­лер» деп, өзбек­тер­ді сан саққа жүгір­тіп, әжу­а­лап күлу­ші едік, енді өзі­міз де солар­дың кебін кидік. Жұмыс іздеп, сыр­тқа ағы­лған жаста­ры­мы­здың қата­ры есе­леп арту­да. Олай бола­ты­ны – өзі­міз­де ертең­ге деген үміт азай­ып, билік­тің жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты әбден түңіл­дір­ген.

Сөз жүзін­де күн сәу­лелі елі­міз­де бәрі ғажап та, ал шынайы өмірі­міз тоза­қтың нақ өзі. Күл­лі жүйе бір-ақ ада­мға және оның отба­сы, айна­ла-төңіре­гіне ғана қыз­мет ете­ді. Басқа елдің күні қараң. Олар үшін қара халық, әсіре­се қаза­қтар – жоқ есеп­ті. Тұр­мыс-тір­шілік­тері қалай, қай­тіп күн кешіп жатыр? Үй-күйі бар ма? Жұмыс мәсе­лесі, ден­са­улық жағ­дай­ла­ры, бала-шаға­ла­ры­ның өмір тір­шілі­гі не күй­де?

Әлбет­те, бұл жағы жоға­ры­дағы бүкіл мем­ле­кет­ті мен­шік­теп, бай­лы­қта­рын жеке баста­ры­на иеленіп алған­дар­дың қапер­леріне кіріп те шық­пай­ды. Арқаға аяз­дай батқан ауырт­па­шы­лық, жұмыс­сыздық, қоғам­да белең алып, орны­ққан зор­лық-зомбы­лық, қара­пай­ым халы­қты қинап, қылқын­ды­рған қым­бат­шы­лық әбден шегіне жет­ті. Бірақ отыз жылға жуық уақыт­тан бері басқа­ру тіз­гініне желім­дей жабысып келе жатқан ұлт көсе­мі үшін бәрібір: адам­дар­дың ашы­нған үнін есті­гісі, қыл­бы­ра­уға түс­кен аяны­шты күй­ін мүл­де көр­гісі кел­мей­ді. «Мен Қаза­қстан деген мем­ле­кет­тің негізін қала­дым!

Қаза­қстан­ды­қтар бұрын-соң­ды болып көр­ме­ген бақыт­ты жағ­дай­да өмір сүру­де. Халы­қтың орта­ша өмір сүру жасы жыл­дан-жылға өсіп келеді… Мұн­дай елде туып-өсіп, тір­лік кеш­кен­нен асқан бақыт жоқ…» деуден жалы­қ­пай­ды. Өзі­нен басқа­ны біл­мей­тін, бәрін бір өзіне ғана тели­тін Н.Ә.Назарбаевтың пікір-пай­ы­мы, біліп-түй­гені – осы!

«Нұре­ке, сәл-пәл басы­лы­ңыз­шы, кіш­кене ойла­ны­ңқы­рап сөй­леңіз­ші» деп көріңіз – не болар екен? Өйт­кені арғы жағын­да қор­да­ланған ащы ақиқат тұр, оны есту ол кісі­ге өте ауыр тиеді. Боз ала таң­нан баста­ла­тын жары­са мақтау, аспан­датқан әде­мі лебіз­дер, жыр шумақтар, арнау ән, күй­лер­де тежеу жоқ, ол түні бойы да тоқта­май­ды. Осын­дай таңға­жай­ып әлем­де әде­мі тер­бел­геніне кемі ширек ғасыр­дың жүзі болған шығар. Сон­ды­қтан көз­сіз, қисап­сыз әсі­ре мақта­уға, май­дай жаға­тын мадақ сөз­ге бүкіл бол­мыс, біті­мі­мен үйрен­ген. Әрине, содан кей­ін өзіне бағыт­та­лып айты­лған аз-кем сыни сөздің өзін өлер­дей қабыл­дай­ды, шиыр­шық ата шам­да­на­ды; ондай­ды жүре­гі дау­а­лап айтқан кім­ге де өші­геді.

Сол жауы­ққан­ның бір мыса­лы – 2011 жылғы 16 жел­тоқ­сан – Тәу­ел­сіздік мере­кесі күн­гі айдай әлем­нің алдын­да жүзе­ге асы­ры­лған Жаңаө­зен қырғы­ны. Жеті ай бойы Ата заң­ның ауқы­мы­нан асып кет­пей, өз құқы­қта­ры­ның қорға­луын ғана талап етіп, табан­дап тұрып алған мұнай­шы­лар­ды авто­мат­пен аяу­сыз атқы­лап, қанға бөк­тір­ді. Арты­нан ол күнәла­рын одан да қалы­ң­да­тып, жазы­қ­сыз елді тағы да зар жылат­ты, шырқы­ра­тып жаза­ла­ды. Сон­да атуға тап­сыр­ма бер­ген­дер де, оны екі етпей орын­даған­дар да, қой­дай қыры­лып, қан-жоса болып жара­ланған­дар да, кей­ін сот­тап, жап­пай түр­ме торы­на тоғы­тқан тер­ге­ушілер мен сот, про­ку­рор­лар да – сор­лаған­да, кілең өз қаза­қта­ры­мыз бол­ды-ау!..

Иә, өз қаза­қта­ры­мыз! Сол өз қан­даста­ры­мыз 2006 жылғы «Шаңы­рақ» оқиға­сы кезін­де де билік биші­гін үйір­ген­дер тара­пы­нан көресіні көр­ді. Осы қасірет­ті бол­дыр­мау үшін Жаса­рал Қуа­ны­шәлі, Рыс­бек Сәр­сен­бай аға­ла­ры­мыз шырыл­да­удай-ақ шырыл­да­ды. Ақын Арон Ата­бек күн­діз-түні жылап-еңіре­ген елдің орта­сын­да жүр­ді.

Әрқай­сысы әр жақтан жина­лып, әзер деген­де құрап-сұрап тұрғы­зған бас­па­на­ла­рын бұзғы­з­бай­мыз деп бас қосқан, бір ауыз боп үн қатқан шаңы­рақты­қтарға дем бер­ді. Алда­ры­на қалқан ұстап, резең­ке сой­ыл­мен қару­ланған омон­дар мен поли­цей­лер­ді айдап салған билік адам­да­ры ақ жаулы­қты әже, ақ сақал­ды ата­лар мен бота­дай боздап, еңіре­ген ана­ларға да, олар­дың үрей­ден жүрек­тері ұшып жылаған бала­ла­ры­на да қара­ма­ды: үй-жай­ды, қора-қоп­сы­ны, ішін­де­гі дүние-мүл­кі­мен қоса, трак­тор­мен сүріп таста­ды.

«Шаңы­рақта» да кісі өлі­мі бол­ды. Баға­наға бай­ла­нып, үстіне құй­ы­лған бен­зин­ге алы­стан лақты­ры­лған отты­қтан (соны кім жаса­ды десеңіз­ші) түс­кен оттан өртеніп өлген жап-жас поли­ция лей­те­нан­ты да қазақ еді. Әлі үйлен­бе­ген, өмір­дің қызы­ғын көр­ме­ген жігіт. Оны кім өз қаза­ғы­на, өз ошағын қорға­уға өре тұрған қан­дас бауыр­ла­ры­на қар­сы аран­да­тып, айдап сал­ды? Не үшін? Кім үшін?.. Олар сол жер­ді басқа бір бөтен елден келіп, баса-көк­теп тар­тып алған жоқ еді ғой. Бәл­кім, әлдекім­дер­ге алданған шығар. Алай­да бәрінің қолын­да өздерін ақтай­тын қағаз­да­ры бола­тын. Билік сон­да күш­ке салып, қаруға жүгін­ген­ше, нелік­тен әрқай­сы­мен адам­ша тіл­десіп, келісім­ге кел­меді? Олар өз қаза­қта­ры­мыз емес пе еді?..

Билік­тің біліксізді­гі­нен, халық алдын­дағы (бәрі дер­лік үйсіз-күй­сіз жүр­ген қаза­қтар) жау­ап­кер­шілі­гін ұмы­тқан­нан соң, аяғы орны тол­май­тын, қалай алдарқат­са да, ақта­луға кел­мей­тін бақыт­сызды­ққа ұрын­дыр­ды. Тағы да жазы­қ­сыз жапа шек­кен – сор­лы қаза­ғы­мыз. Сон­дай сорақы­лы­ққа апа­рып сор­латқан­дар да, тек­тен-тек­ке жаза­ла­нып, жастық жыл­да­рын абақты­да өткізу­ге мәж­бүр болған­дар да – қай­ран қаза­ғы­мыз, өз елі­міз­де өгей­лік көру­ден көз ашпаған бақыт­сыз бауыр­ла­ры­мыз еді…

Осы­лай қуғын-сүр­гін жалға­су­да. Біз оған әбден үйрен­ген секіл­ді­міз. Тура бір ғасыр бол­ды: боль­ше­вик­тер­дің қаза­қтарға, олар­дың озық ойлы аза­мат­та­ры­на қар­сы бастаған қырып-жою, сот­тау, ұрып-соғып, қор­лау әре­кеті үздіксіз жалға­сып келеді. Алаш ары­ста­ры бастан өткер­ген азапты 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісінің қаһар­ман­да­ры да бастан кешті. Батыр Қай­ра­ты­мыз бен Ләз­за­ты­мы­здың бірі түр­ме­де бел­гісіз жағ­дай­да ажал құш­са, екін­шісі «үш әріп» өкіл­дерінің қыспағы­на шыдай алмай, жатақ­ха­на­ның жоғарғы қабат­тағы тере­зесі­нен құлап өлу­ге мәж­бүр бол­ды…

Осы­дан бақан­дай бір жыл бұрын, сен­бі сай­ын бір топ көкірек көзі ояу, елім­шіл, мем­ле­кет­шіл аза­мат­тар Алма­ты­дағы Ган­ди саябағын­да бас қосып, әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лы­мы­зға, тілі­міз­ге, жері­міз­ге, діні­міз­ге қаты­сты тақы­рып­тар­да әңгі­ме өрбітіп жүр­ді. Оған есім­дерін ел тани­тын, еркін ойлы кісілер­ді шақыр­ды. Күн­дер­дің күнін­де таны­мал тұлға, сая­сат­кер Ж.Қуанышәлі еке­уі­міз­ге – ара­мы­зға келіп, Жел­тоқ­сан көтерілісі тура­лы ой бөліс­сеңіз­дер деген қолқа сал­ды. Сөз­дерін аяқ­сыз қал­дыр­ма­дық. Сол төңірек­те­гі кафе­лер­дің бірінің аядай бұры­шын­да оты­рып әңгі­ме жаса­дық.

Міне, осы жер­де пікірі нық, өзін­дік айтар ойы қалып­тасқан Алмат Ашуұ­лы Жұмағұ­лов­пен таны­стық. Өзін Кен­же­бек­пін деген аза­мат өз өлең­дерін оқы­ды. Және бірін­ші рет жүз­дескен Орал­бек пен өзім бұрын­нан өте жақ­сы тани­тын, Жел­тоқ­сан­ның қайт­пас қай­сар қаһар­ма­ны Халел­хан Әділ­ха­нов көтерілістің өздері біл­гісі келетін бұлы­ңғыр тұста­ры­на орай сұрақтар бер­ді. Сұңғақ бой­лы, қимыл-қозға­лы­сы ширақ, қоңы­рқай өңді жас жігіт смарт­фо­ны­на бізді тоқта­у­сыз түсіріп отыр­ды. Ара-ара­сын­да сол уақыт­та аса зор қыз­мет­те болған, бүгін­де елі­мізді басқа­ру­шы бірін­ші кісінің көтеріліс­ке қаты­сы жөнін­де өткір сау­ал­дар қою­мен бол­ды. Ол Қытай­дан келіп, аза­мат­тық алған Шәр­бат Асхат деген қан­да­сы­мыз екен. Біз де тар­тын­ба­дық, оның бер­ген сау­ал­да­ры­на барын­ша ашық жау­ап беріп, одан басқа да ойла­ры­мы­зды ортаға сал­дық.

Ара­да он шақты күн өткен­де «Алаш жолы» қозға­лы­сын құрып, әлгін­дей әңгі­ме­лер­мен елді оятқы­сы келіп жүр­ген Алмат, Кен­же­бек және Орал­бек «жиһад­шы» ата­нып шыға кел­ді. Олар­ды ұста­дық деп, «31 арна­дан» бей­не­сю­жет бер­ді. Үше­уі де қамал­ды. Смарт­фонға түсіріп, аса бел­сен­ділік көр­сетіп жүр­ген Шәр­бат олар­дың айтқан сөз­дерін дик­то­фонға жасы­рын түр­де жазып алып жүріп­ті. Содан тер­геу бір жылға жуық уақы­тқа созы­лып, Алма­лы аудан­дық сотын­да үше­уінің соты басталға­ны­на ай шама­сы бол­ды. Ашық сот про­цесі ұза­рған сай­ын, күл­кілі жайт­тар көбей­іп, жиһад­шы­лар­мен «күре­су­ші» жақтың қырық жер­ден қиюла­сты­рған әре­кет­тері шеті­нен әшке­ре бола баста­ды. Шәр­бат өзінің жан­сыз еме­сті­гін дәлел­дей алмай дал. Про­ку­рор Бөген­ба­ев пен судья Әрі­пов жиһад­шы­лар ісін қалай аяқтар­ла­рын біл­мей әлек.

Әйт­кен­мен, сце­на­риі алдын ала жазы­лып, жоға­ры­да оты­рған әлдекім­дер­дің дегені­мен жүретін сот­тың немен бітетіні бел­гілі деу­ге бола­ды. Олар­ды құр жібер­мей­ді. Сөй­тіп, сот­та­лушы­лар да, сот­та­у­шы­лар да, жазы­қ­сыз жан­дар­ды «жиһад­шы­лар» етіп шыға­ру үшін жаны­ға қыз­мет қылған итар­шы жан­сыздар да – қаза­қтар, өзі­міздің айна­лып кетей­ін қан­даста­ры­мыз болып шыға­ды…

«Темір тор­дың арғы жағын­дағы күні­міз күн емес. Бір каме­ра бес ада­мға арналған бол­са, біз 10–11 кісі­ден жатыр­мыз. Іші адам төз­гісіз, әжет­ха­на­сы жұмыс істе­мей­ді. Беретін тамақта­ры жуын­ды­ның о жақ-бұ жағы. Бүгін­гі маған бер­ген тамағы­ның түрі мынау» – деп, Алмат цел­ло­фан қал­таға салы­нған екі тілім қара нан­ды көр­сет­ті.

Ол бір жыл бұрын екі көзі от шашқан жігер­лі жігіт еді, енді мұң­да­на қарай­тын кей­іп­те. Асқа­зан жара­сы ауруы­на ұшы­рап­ты. Ал Орал­бек Өміров бір көзі көр­мей­тін екін­ші топ­тағы мүге­дек бол­са, енді екін­ші жана­ры­нан да айы­ры­лып, жетек­те­ме­се – жүре алмай­тын жағ­дай­ға жетіп­ті. Қолы кісен­деліп, поли­цей­дің бір жағын­да келе жатып, есік­тің жақта­уы­на маң­дай­ы­мен соғы­ла жаз­да­ды.

Сот­ты болып жатқан үшін­ші «жиһад­шы» ақын Кен­же­бек Әбі­шев­тің жүре­гі бұрын­нан дім­кәс екен, оны­сы қай­та-қай­та ұстап, жедел жәр­дем дәрі­герінің көме­гіне жүгін­ді. Сон­дай ауру-сырқа­улы­ғы­на қара­май, сот ісі әрмен қарай жалға­сып, түн қараңғы­сы әбден қою­ланған­да ғана тоқта­ды.

Құдай-ау, сон­да бұл аза­мат­тар­ды осын­ша­ма қинап, қор­лай­тын­дай ненің күні түсті?! Тәу­ел­сіз елі­міз­ге, елба­сы­мы­зға, оның жүр­гізіп жатқан сая­са­ты­на қан­дай қауіп-қатер төн­дір­ді?..
«Қай­ран қаза­қта­рым-ай!» дей­мін сөзім­нің соңын­да. Өз елін­де, өз Ота­нын­да өгей­лік күй кешіп, бей­ша­ра болған қан­даста­рым менің, біздің билі­гі­міз осын­ша­лы­қты қыспаққа ала­тын­дай, құны­мы­зды тұқыр­тып, құты­мы­зды қашы­ра­тын­дай не жаз­дық?..

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн