fbpx

Қазақстан «авторитарлық ел» ТІЗІМІНЕН ШЫҚПАДЫ

Ұлы­бри­та­ни­яда орна­ласқан Economist Intelligence Unit (EIU) зерт­теу тобы әлем елдері бой­ын­ша 2018 жыл­дың демо­кра­тия индексін жари­я­ла­ды.

Ұйым сарап­шы­ла­ры был­тыр жал­пы әлем көле­мін­де демо­кра­тия көр­сет­кі­ші нашар­лап, я жақ­сар­май, бір қалып­та тұрға­нын айта­ды. Ұйым индексін­де Қаза­қстан бұры­нғы­дай «авто­ри­тар­лық режим» орнаған елдер қата­рын­да тұр. Қаза­қстан сай­лау про­цесі мен плю­ра­лизм, үкі­мет қыз­меті, аза­мат­тар­дың сая­си өмір­ге ара­ла­суы, сая­си мәде­ни­ет және аза­мат­тық еркін­дік көр­сет­кі­ш­тері бой­ын­ша ең көп 10 балл­дан 2,94 балл иеленіп, 167 елдің ара­сын­да 144-оры­нға орна­ласқан.

2018 жылы демо­кра­тия толық орны­ққан бес елдің тізі­мін­де Нор­ве­гия, Ислан­дия, Шве­ция, Дания және Кана­да бар. Пост­со­вет­тік Эсто­ния (23), Лат­вия (36) және Лит­ва (38) «демо­кра­ти­я­сы әлсірей бастаған» елдер қата­рын­да тұр. Бұл тізім­ге АҚШ (25) биыл екін­ші жыл қата­ры­нан ілі­гіп отыр. АҚШ 2017 жылы «анық демо­кра­тия орнаған» елдер тізі­мі­нен «демо­кра­ти­я­сы әлсірей бастаған» елдер тізі­міне түс­кен.
Мол­до­ва (79), Гру­зия, (89), Укра­и­на (84), Қырғыз­стан (98) және Арме­ния (103) индек­сте «гибрид­ті режим орны­ққан» елдер тізі­міне ілік­кен. Ресей мен Бела­русь, Әзер­бай­жан және Орта­лық Ази­яда Қаза­қстан­нан өзге Тәжік­стан, Түр­кі­мен­стан және Өзбек­стан «авто­ри­тар­лық елдер» тізі­мін­де тұр.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн