Қазақстандағы авторитаризм ТҮБЕГЕЙЛІ ОРНЫҚТЫ

Мұх­тар СЕҢГІРБАЙ

Жол­дау неге дәстүр­ге сай жыл басын­да емес, күз­де жасал­ды? Бұл – елде­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың тым күр­де­лен­генін біл­діреді. Халы­қтың сұрағы көбей­іп, билік­ке деген нара­зы­лық күшей­гені сон­дай, өкі­мет жол­да­уды 5–6 айға созу­дың өте қауіп­ті екенін болжаған. Инфля­ци­я­ның өсуі, тең­генің құн­сызда­нуы, жұмыс­сызды­қтың артуы халық пен үкі­мет ара­сын барған сай­ын алшақта­тып бара­ды. Оның үстіне халық мем­ле­кет­тік меке­ме­лер тара­та­тын мак­ро­эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ш­тер тура­лы ақпа­ратқа сену­ден қалған. Сон­ды­қтан халы­қты дәл қазір саба­сы­на түсі­ру қажет бол­ды.

Жол­да­удың фор­ма­ты да өзге­ше болға­ны көп айтыл­ды. Пре­зи­дент­тің кеңес­шілері қазір­гі жағ­дай­да, дәстүр бой­ын­ша, пар­ла­мент залын­да жол­дау арна­удың тиім­ділі­гі төмен екенін түсін­ген. Оның орны­на жау­ап­ты ведом­ство бас­шы­ла­рын оты­рғы­зып-тұрғы­зып, тап­сыр­ма беріп, жол нұсқап оты­ру – қара­пай­ым қоғам­ның қабыл­да­уы тұрғы­сы­нан да, пси­хо­ло­ги­я­лық, визу­ал­дық тұрғы­дан да тиім­ді. Бұл елба­сы­ның басты шешім қабыл­да­у­шы тұлға екенін, оның бар­лық жағ­дай­ды бақы­лап оты­рға­нын, билік тіз­гінінің мығым қол­да екенін дәлел­дей­ді.

Жол­да­уда руха­ни­ят­тан бастап, мак­ро­эко­но­ми­каға дей­ін­гі так­ти­ка­лық, стра­те­ги­я­лық мәсе­ле­лер толық қам­тыл­ды. Пре­зи­дент тек ресми мәтін­мен шек­теліп қал­май, жан-жақты мысал кел­тіріп, сөзін дәй­ек­теп отыр­ды. Яғни, жол­дау деген жай ғана мәтін емес, нақты іс-әре­кет, тап­сыр­ма­лар мен нұсқа­у­лар екенін ұғын­дыр­ды.
Және бұл фор­мат пре­зи­дент­ті халы­қтың өз ада­мы етіп көр­се­ту­ге мүм­кін­дік бер­ді. Мем­ле­кет бас­шы­сы екінің бірінің аузын­да жүр­ген ең өзек­ті мәсе­ле­лер – жемқор­лық пен парақор­лы­қты, қағаз­ба­сты­лы­қты, меди­ци­на, білім беру, құқық сала­сын­дағы кем­шілік­тер­ді жау­ап­ты тұлға­ларға нұқып көр­сет­ті. «Судья болу қан­ша тұра­ды?», «Еден жуу­шы болып жұмысқа тұру үшін так­са беру керек» деген сияқты пікір­лер – ел аузын­дағы сөз, тіп­ті қара­бай­ыр стиль мен жар­гонға дей­ін сақталған.

Екі сағат бойы бүкіл лауазымды тұлғаларды «сілкілеу» арқылы халықтың ішіндегі қыжылы шығып, ертеңге деген үміті оянып қалды. Әсіресе педагогтар мен медицина қызметкерлерінің мәселелері – екінің бірінің басындағы проблема.

Осы­лар­дың өзі «билік тран­зи­ті» сце­на­риінің, не соған дай­ын­ды­қтың бір бөлі­гі сияқты көрі­неді. Бұл сай­лау неме­се басқа бір сая­си науқан, не іс-шара фор­ма­сын­да әрі қарай іске аса­тын сияқты.

Өкіні­штісі, бұл жол­дау Қаза­қстан­да авто­ри­тар­лық басқа­ру жүй­есінің түбе­гей­лі орны­ққа­нын айғақтап бер­ді. Бұрын­да­ры пре­зи­дент пар­ла­мент ғима­ра­ты­на барып, халы­қтың тіке­лей сай­лаған өкіл­дері сана­ла­тын депу­тат­тар­дың алдын­да сөз сөй­ле­се, бұл жолы билік­тің бар­лық тар­мақта­ры­ның өкіл­дері пре­зи­дент­тің алды­на кел­ді. Н.Назарбаев Жоғарғы сот төраға­сы­на тап­сыр­ма беріп, мін­дет­тер жүк­те­ді. Сенат төраға­сы Қ.Тоқаевтан бастап, пар­ла­мент депу­тат­та­ры­на дей­ін пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­ла­рын жазып алып жат­ты. Бұл билік тар­мақта­ры­ның ара­сын­дағы тежеу, тең­ге­ру меха­низмдерінің де Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша «мем­ле­кет­тік билік­тің бар­лық тар­мағы­ның келісіп жұмыс істе­уін қам­та­ма­сыз ететін» пре­зи­дент­ке тәу­ел­ді екенін біл­діреді.

Сая­си пар­ти­я­лар­дың, иде­я­лар мен ұсы­ны­стар­дың еркін бәсе­кесі бол­маған­ды­қтан, құжат­тарға, соның ішін­де пре­зи­дент­тің жол­да­уы­на да қаты­сты жан-жақты сарап­та­ма мен тал­дау бол­маған­ды­қтан, елде­гі сая­си өмір сұры­қ­сызда­нып, халық билік­тен алшақтап бара­ды. Жол­дау тура­лы хабар бер­ген теле­ар­на­лар да ескі совет­тік стиль­де «жап­пай жина­лып, жол­да­уды ұйып тың­дап оты­рған еңбек­кер­лер» тура­лы репор­таж­дар беру­де жары­сып жат­ты.

Совет­тік стиль­де­гі про­па­ган­да­ның бұл жолғы ерекшелі­гі – дәстүр­лі ақпа­рат құрал­да­ры­ның қата­ры­на блог­шы­лар да қосыл­ды. Басты теле­ар­на­лар­да әр мәсе­лені сыни тұрғы­да терең тал­дап, баға беретін нағыз сарап­та­ма­лық хабар жоқ. Мұның өзі әсіре­се ақпа­рат жүй­есін­де тың көзқа­рас пен жаңа рефор­ма керек екенін біл­діреді.

Өкініш­ке қарай, Қаза­қстан­да клас­си­ка­лық авто­ри­та­риз­мнің бір бел­гісі – «мем­ле­кет бас­шы­сы ғана сынай ала­ды» деген қағи­да орны­ғып келеді. Егер жол­да­уда айты­лған пікір­лер­ді пре­зи­дент­тікі емес, басқа бір кісінің пікірі деп қарас­тыр­сақ, ол адам нағыз оппо­зи­ци­о­нер болып шығар еді. Бұл жүй­ені елде­гі меке­ме­лер­дің көбі көшіріп алған. Ал мұның қай­да апа­ра­ты­нын болжау қиын.

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн