fbpx

Ғарыштық ДЕРЖАВАҒА айналдық


Тағы да сол шіліңгір шілдедегі той шырғалаңымен жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің экспозициясын аралапты.

Табан­да­ры­нан тау­сы­лып, той­ға таралғы тар­тқан қызы­лор­да­лық жұрт­шы­лық өкіл­дері­мен аз-кем әңгі­ме­ле­с­кен екен.
Бірақ сол қысқа-нұсқа тіл­де­су­де таудай табыст­ар­ды төгіп-төгіп тастаған екен.

«Менің тап­сыр­мам бой­ын­ша, фран­цуз тара­пы­мен бір­лесіп, жасан­ды жер сері­гін құра­с­ты­ра­тын зауыт­ты іске қостық, – деген екен елба­сы­мыз. – Жуыр­да өзі­міздің жер серік­тері­мізді құра­с­ты­руға кірі­се­міз. Біз­де зымы­ран ұшы­ра­тын құры­лғы бар, 2022 жылға қарай «Зенит» зымы­ра­ны дай­ын бола­ды. Осы­лай­ша, ғарыш өнер­кәсібі­міз жаңа тех­но­ло­ги­я­лық дең­гей­ге көтеріліп, Қаза­қстан толы­ққан­ды ғарыш дер­жа­ва­сы­на айна­ла­тын бола­ды».

Иә, «айналға­ны­мыз» да жақ­сы: ғылым мен тех­ни­ка­ның дамуы ғарыш тех­но­ло­ги­я­сы­на тіреліп тұрған кез­де тіс­ке тұрып қалған көке­жа­сық тауы­қтың етін шимен шұқы­лап, ай бағып жүру­ге әсте бол­май­ды. Бірақ Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғы­на сый­ға тар­ты­лған зымы­ран-ғарыш тех­ни­ка­сы музей­інің көр­месіне қаза­қтың басы­на у төк­кен «Про­тон» раке­та­сы да қой­ы­лған екен. Ол зымы­ран қай­бір жетістік­тің жемісі екенін пре­зи­дент пай­ым­да­ма­са, басқа жұрт геп­тил­дің газы­нан басқа иісті сезбесі тағы аян.

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн