fbpx

Ғани ҚАЛИЕВ, академик: АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛМЕЙ, жалпы қазақтың жағдайы түзелмейді

Елі­міз­де 90-шы жыл­дар­дан кей­ін­гі екін­ші жеке­ше­лен­ді­ру науқа­ны жүріп жатыр. Оның жай-жап­са­ры қара­пай­ым халы­ққа бей­мағұ­лым: себебі – бұл жеке­ше­лен­діру­ге билік­тің төңіре­гін­де­гі жақы­бай­лар мен капи­тал биле­ген елдің оли­гарх­та­ры ғана қаты­са ала­ды.

Бүгін­гі жүріп жатқан екін­ші жеке­ше­лен­ді­ру – мем­ле­кет­тің иелі­гін­де­гі неме­се ква­зи­мем­ле­кет­тік үле­сті халы­қтың қаты­суы­нан тыс, билік­ке жақын тұлға­лар ара­сын­да бөлі­су­ге сая­ды. 90-жыл­дарғы бірін­ші жеке­ше­лен­дірудің нәти­же­сін­де билік басын­дағы біраз шен­ді-шек­пен­ді шексіз бай­ы­ды, әлдеқан­дай қатер­лі заман туа ма деген күдік­пен, бай­лы­ғын мем­ле­кет пен ел мүд­десіне жарат­пай, шетел­дік бан­кілер мен офшор­лық шот­тарға тықты. «Қазан­шы­ның еркі бар, қай­дан құлақ шығар­са» демек­ші, билік ұрлы­қ­пен былғанған капи­та­лын жуып-шаю үшін, ара-тұра тыққан-мыққан мүлік­терін заң­да­сты­рып (лега­ли­за­ция) отыр­ды.

Алай­да тәу­ел­сіздік жыл­да­ры Қаза­қстан­нан тыс жер­лер­ге шыға­ры­лған (ресми дерек бой­ын­ша) 200 млрд., ал қар­жы­гер сарап­шы­лар­дың есеп­те­уін­де 300 мил­ли­ард дол­лар­дан астам қар­жы әлі де сырт­та қалған. Бірін­ші­ден, сол сырт­тағы капи­тал­ды елге енгі­зудің қара­бай­ыр қамы жаса­лу­да. Ол үшін мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың үдесін­де­гі жілік­тің май­лы басын жеке мен­шік­ке неме­се жекенің басқа­руы­на беру жөнін­де­гі эко­но­ми­ка­лық сая­сат ойла­сты­ры­лу­да.

Екін­ші­ден, әлем­дік нары­қта шикі­зат арзан­дап, мем­ле­кет қазы­на­сы­на түсім азай­ып, бюд­жет тақы­рға оты­рған соң, сырт­тағы ақша­ны елге қай­та­ру үшін екін­ші жеке­ше­лен­ді­ру науқа­ны жари­я­лан­ды. Бірақ саты­лы­мға шыға­ры­ла­тын ірі өндірістік үле­стер жоқ: бар­лы­ғы баяғы­да бөліс­ке түсіп кет­кен. Енді не істе­мек керек?

Енді­гі жеке­ше­лен­дірудің кезе­гі жер мен жер­ге тіке­лей қаты­сты шару­а­шы­лық басқа­ру ком­па­ни­я­ла­ры­на жет­кен сияқты. Жер­дің жағ­дайы бел­гілі бол­ды – халық одан тірі­дей айы­рыл­май­ты­нын елді жап­пай жай­лаған митин­гілер­мен дәлел­деді. Ал сол жер­ді ұқса­туға, оны қар­жы­лан­ды­руға тіке­лей қаты­сы бар «ҚазА­гро» ұлт­тық басқа­ру­шы хол­дин­гі және оның «доч­ка­ла­ры» әлі де мем­ле­кет­тің қолын­да. Бір­не­ше саты­дан тұра­тын бұл ком­па­ни­я­лар тіз­бе­гі аграр­лық сала­ны дамы­ту стра­те­ги­я­сын жүзе­ге асы­ра алма­ды. Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды жүзе­ге асы­руға арналған бюд­жет­тің қар­жы­сын неси­елік тәр­тіп­пен бөліп беру­мен ғана шек­тел­ген бір­не­ше саты­лы ком­па­ни­я­лар арам­та­маққа айнал­ды.

Мәсе­лен, «ҚазА­гро» холин­гінің өзі бір­не­ше еншілес құры­лым­дар­дан тұра­ды: «Азық-түлік келісім­шарт кор­по­ра­ци­я­сы», «Ауыл шару­а­шы­лы­ғын қол­дау қоры», «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы», «ҚазА­гроӨнім», «ҚазА­гро­Ке­піл», «ҚазА­гро­Мар­ке­тинг» және «ҚазА­гроҚар­жы». Бай­қа­саңыз, ауыл шару­а­шы­лы­ғын алға жыл­жы­та­тын осын­ша­ма кор­по­ра­ци­я­сы бар Қаза­қстан­ның ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы Австра­лия, Кана­да және Жаңа Зелан­дия секел­ді аграр­лық мем­ле­кет­тер­ді жол­да қал­ды­ру керек еді. Бірақ олай бол­ма­ды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на құй­ы­лып жатқан қыру­ар қар­жы құмға (әлде құлқын­дарға) сіңіп жатыр.

Содан, қаза­қстан­дық билік бала­лап кет­кен «ҚазА­гро» ана­лық ком­па­ни­я­сын қалай рефор­ма­лау қажет деген сұрақ­пен дал болып жатыр. Алға­шын­да хол­динг­тің «доч­ка­ла­рын» жеке­ше­лен­ді­ру база­ры­на шыға­рып, сауда-сат­ты­ққа сал­мақ бол­ды. Бірақ ішкі-сыр­тқы қар­сы­лы­қтың сал­да­ры­нан бұл жос­пар кей­ін­ге сыры­лып қой­ды. Соңғы мәлі­мет­тер­ге қараған­да, мәсе­лен Қат­ТАГ-тың хабар­ла­у­ы­на қараған­да, «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сысын» «ҚазА­гроӨнім­ге» қосып, бірік­ті­ру арқы­лы жою жос­пар­ла­нып оты­рған сияқты. Инве­сти­ци­я­лық қызы­ғу­шы­лы­ғы мен әле­уеті төмен деген негіз­бен «ҚазА­гро Мар­ке­тинг­тің» жұмысы тоқтай­тын сыңай­лы.

Осы­дан бірер апта бұрын «ҚазА­гроҚар­жы» қор­по­ра­ци­я­сын бәсе­ке­ле­стік ортаға беру деген желе­умен оны жеке­ше­лен­ді­ру мәсе­лесі қарас­ты­ры­лған бола­тын. Бізді алаң­датқан да осы хабар­ла­ма еді. Неге?
Себебі, елде­гі халы­қтың тең жар­ты­сы­нан аста­мы ауыл­ды жер­лер­де тұра­ды. Ол халы­қтың 90 пай­ы­зы – қаза­қтар. Ал түп­теп кел­ген­де, «ҚазА­гроҚар­жы» – сол қаза­қтар­дың неси­елік қар­жы­ға бай­ланған қай­нар көзі. Яғни, елде­гі 5 мил­ли­он­нан астам қаза­қтың ауыл мен ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы күн­көрісі осы кор­по­ра­ци­яға бай­ла­ны­сты. Егер «ҚазА­гроҚар­жы» жекенің қолын­да кетер бол­са, қыру­ар халы­қтың қазір­гі ілде­бай­ланған тір­лі­гі не бол­мақ?

Иә, Қаза­қстан­да қай меке­ме қай жеке­ге өтпей жатыр деп, қол­ды сіл­тей салуға болар еді. Бірақ, қол сіл­те­у­ге кел­мей­тін бір жайт: «ҚазА­гроҚар­жы» шаруа-фер­мер­лер­ге ауы­л­ша­ру­а­шы­лық тех­ни­ка­сын лизинг­ке сатқан кезін­де, олар­дың жер­лерін кепіл­ге алып оты­рған. Ол жер­дің көле­мі 1,5 млн. гек­тар шама­сын­да бола­ды екен. Егер, «ҚазА­гроҚар­жы» жеке­ше­лен­діру­ге өтсе, жоға­ры­да аталған кепіл­де­гі жер­лер­дің тағ­ды­ры не бол­мақ, ол жер­лер кім­нің кепіл­дік иелі­гін­де қала­ды?

Айт­пақ­шы, бире­сми ақпа­рат көз­дері­нен түс­кен хабар­ларға қараған­да, агро­са­лаға құй­ы­лып жатқан қар­жы есеп­сіз шашыл­мауы үшін, «ҚазА­гро­ның» еншілес ком­па­ни­я­ла­рын билік басын­дағы тұлға­лар­дың туған-туы­ста­ры­ның бақы­ла­у­ы­на бер­мек екен-мыс. Мәсе­лен, был­тыр­дан бері «ҚазА­гроӨнім» бір­ле­сті­гін Болат Назар­ба­ев­тың бақы­ла­у­ын­дағы ком­па­ния жеке­ше­лен­діріп ала­ды деген сыбыс фер­мер­лер қауы­мы ара­сын­да жел­дей ескенін ескер­сек, бұл қау­е­сет­ті жоққа шыға­руға бол­май­ды…

Ал ең басты­сы – «ана­лық» хол­динг­тің осы жылғы мәлі­меті бой­ын­ша, оның актив­тері 1,4 трил­ли­он тең­ге, оның ішін­де таза пай­да­сы 6,87 мил­ли­ард болға­нын еске­ретін бол­сақ, оған көз тігудің негізі бар екенін түсі­ну­ге бола­ды. Яғни, «ҚазА­гроҚар­жы» тіп­ті де банк­рот ком­па­ния емес: оны жеке­ге беру арқы­лы жағ­дай­ды жақ­сар­та­мыз деген жора­мал – дал­ба­са уәж.

Енде­ше, «ҚазА­гро» хол­дин­гі мен оның еншілес ком­па­ни­я­ла­рын рефор­ма­лау арқы­лы Қаза­қстан­ның аауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту­дың қан­дай жол­да­ры бар? Осы сұрақты арқа­ла­нып, бар өмірін ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­на арнаған, ҚР ауыл шару­а­шы­лы­ғы ака­де­ми­я­сы­ның төраға­сы, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, ҚР Ұлт­тық Ғылым Ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі Ғани Қали­ев­пен сұх­бат­тасқан едік. Ауы­лға қаты­сты ака­де­мик не айта­ды – оқып көріңіз.

– Ғани Әлі­мұ­лы, елі­міздің ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жағ­дай­ын жетік білетін маман-ғалым­дар­дың бірі ретін­де, «ҚазА­гроҚар­жы» ком­па­ни­я­сы жеке мен­шік­ке өтетіні тура­лы хабар­ды қалай қабыл­да­ды­ңыз? Оны жеке­ге беру дұрыс па?

– Сіз­дер­дің алаң­да­у­шы­лы­қта­ры­ңы­зды басу үшін бір­ден айтып кетей­ін: кеше ғана «ҚазА­гро­ның» бас­шы­лы­ғы­мен осы мәсе­ле бой­ын­ша сөй­ле­стім. Олар маған мәсе­ле қай­та қарал­ды, «ҚазА­гроҚар­жы» жеке­ше­лен­діру­ге өтпей­тін бол­ды деп нан­дыр­ды.
Рас, баста­пқы­да осы меке­менің жеке­ше­лен­діру­ге түсетінін есті­ген­де, өзі­міз де қай­ран қал­дық. Бұл өте қате шешім. Оның бір­не­ше себебі бар. Бірін­ші­ден, «ҚазА­гроҚар­жы­ның» несие порт­фель­ін­де фер­мер­лер­дің 1,5 млн. гек­тар­дан астам жер кепіл­дік­те тұр. Ол шару­а­лар­дың жеке мен­шік жері болып рәсім­дел­гені­мен, елі­міздің, мем­ле­кеті­міздің жері ғой. Бұған қоса мың­даған шаруа «ҚазА­гроҚар­жы­ға» ауыл шару­а­шы­лық тех­ни­ка­сы үшін қары­здар.

Ол шару­а­лар­дың басым бөлі­гі май­да шаруа қожа­лы­қта­ры болған­ды­қтан, алған қары­зда­рын уақы­ты­лы қай­та­руы­ның өзі қиын­дық туғы­за­ды. Оның үстіне, мем­ле­кет­тік ауыл шару­а­шы­лық бағ­дар­ла­ма­лар үшін «ҚазА­гроҚар­жы­ға» қыру­ар қар­жы бөлін­ген. Қате­ле­с­пе­сем, ол қар­жы 60 млрд. тең­генің шама­сын­да. Егер, «ҚазА­гроҚар­жы» жеке қолға өтсе, жоға­ры­да айтқан мәсе­ле­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­пен қарым-қаты­на­сы қан­дай бола­ды деген орын­ды сұрақтар тууы мүм­кін. Сон­ды­қтан, бұн­дай нысан­дар­дың мем­ле­кет иелі­гін­де қалға­нын дұрыс деп санай­мын.

– Расын­да, фер­мер­лер үшін бұл жақ­сы жаңа­лық екен. Деген­мен, осын­дай меке­ме­лер­ді жеке қолға ұсы­ну­ды жос­пар­ла­удың өзі, эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты басқа­руын­дағы кем­шілік­тер­дің айғағы бол­са керек. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на тіке­лей қаты­сты аза­мат ретін­де айты­ңыз­шы, ата баба­мыз айна­лы­сқан кәсіп­ті біз неге дамы­та алмай отыр­мыз? Жер де бар, екі қолы­на бір күрек ұста­туға бола­тын қазақ та бар ауыл­да…

– Бұл өте өзек­ті тақы­рып. Біз­де­гі жер­дің көп екені рас. Жер көле­мі жағы­нан әлем­де 9-шы орын­да­мыз деп мақтанға­ны­мы­з­бен, жай­ы­лым­дық жер­дің тек 31 ғана пай­да­ла­нып жүр­міз. Өйт­кені малға тек жай­ы­лым ғана емес, су да қажет. Мыса­лы, бір отар қой­дың жай­ы­лы­мы ради­ус бой­ын­ша 4,5 шақы­рым жер­ді қам­ти­ды. Осы жер­дің көле­мін­де мін­дет­ті түр­де судың көзі болуы шарт. Ал біз­де олай емес. Кезін­де­гі канал­дар мен жер асты суы құды­қта­ры­ның көбі қара­у­сыз қал­ды, дені – бүгін­де жоқ. Салы­сты­ра­тын бол­сақ, кеңес зама­нын­да біздің дала­да 50 мил­ли­онға жуық қой жай­ы­ла­тын. Қазір жеке мен­шік­тің қолын­дағы сол қой­дың саны 20 млн. шама­сын­да ғана. Оның өзі үстірт ақпар.

– Қаза­қстан­дағы жетістік­тер­дің көбін «Хабар» арна­сы­нан неме­се қағаз­дан ғана көру­ге бола­ды демек­ші, Елба­сы­ның қаты­суы­мен өткен жиын­дар­дың бірін­де пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры – ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Өмір­зақ Шүке­ев пре­зи­дент­тің қой­ған бір сұрағы­на: «Біз­де 2 млн. сиыр жоқ екен…» – деп, жау­ап қай­ыр­ды. Қағаз­да бар сиыр, нақты жағ­дай­да бол­маға­ны ғой. Ал қазір­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның шынайы жағ­дайы қан­дай?

– Біздің жақ­сы­мы­зды асы­рып, жама­ны­мы­зы­ды жасы­рып жүр­ген кей­пі­міз бар. Деген­мен, «ауруын жасы­рған өледі» деген мақал­ды да ұмыт­паған жөн. Ауыл­дағы про­бле­ма­лар­ды біл­мей, олар­ды шешпей, ауыл­ды дамы­та­мыз дегені­міз – бос сөз. Жері­міз көп болға­ны­мен, оның басым бөлі­гі игеріл­мей жатыр. Оның үстіне, халы­қтың да саны көп емес: осын­ша­ма дала­да 18 млн. ғана елміз. Ауыл­ды дамы­туға ең басты­сы – жаңа айтып өткен су тап­шы­лы­ғын қосы­ңыз. Біз­де өзі­міз­ден баста­ла­тын өзен­дер жоқтың қасы. Ағын судың дені Қытай­дан неме­се Ресей­ден келеді. Ол су біз­ге жет­кен­ше, біраз бөлі­гі жол жөне­кей бөгеліп, азай­ып келеді. Бұрын су қаты­на­сы заң­дар­мен рет­те­летін. Егер өзен бір­не­ше мем­ле­кет­тің жері арқы­лы өтсе, сол мем­ле­кет­тер­дің бар­лы­ғы­ның мүд­десі ескерілетін. Қазір­гі жағ­дай олай емес. Біздің пікірі­міз­бен ешкім сана­сып жатқан жоқ.

Егер, мем­ле­кет ауыл­ды дамы­та­мын десе, бірін­ші кезек­те азық-түлік қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету қағи­да­сын ұста­нуы тиіс. Ол үшін елі­міз­ге керекті азық-түлік­тің құры­ған­да 80 пай­ы­зын өзі­міз өндіруі­міз керек. Бұл мәсе­ле бой­ын­ша Қаза­қстан­ның бүгін­гі көр­сет­кі­ш­тері өте төмен. Ет, сүт, көкөніс өнім­дері қажет­ті көр­сет­кі­штің маңы­на да жола­май­ды. Кон­серв­лен­ген өнім­дерінің өзі 23% дең­гей­і­нен аса алмай тұр. Соны­мен қатар, қажет­ті тех­ни­ка­сыз – ауыл шара­у­а­шы­лы­ғы ешқа­шан алға жыл­жы­май­ты­нын ұмыт­па­уы­мыз керек. Біз­де ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы­на қажет­ті маши­на­жа­сау өндірісі жоқ. Бәрі құр сөз!

Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның дамуын тежеп тұрған тағы бір мәсе­ле – ауыл­дан шыққан өнім­ді өңдей алмай оты­рға­ны­мыз. Өнім­ді шикі­зат түрін­де сату­дан гөрі, өңдел­ген дай­ын өнім ретін­де нары­ққа шығарған әлдеқай­да тиім­ді. Ауыл­дан шыққан өнім­нің аз екені былай тұр­сын, соның өзінің тек үштен бірін ғана өңдеп отыр­мыз.

Ауыл­дың дамы­м­ауы­ның негіз­гі себебі – ірі қожа­лы­қтар­дың тым аз болуы. Біз­де қазір 60% шару­а­шы­лы­қтар­дың жер көлем­дері 50 гек­тар­дан аспай­ды. Ол деген түк емес. Көле­мі аз жер­де ғылы­ми– тех­ни­ка­лық жетістік­тер­ді пай­да­ла­ну мүм­кін емес. Ондай жер­де үлкен тех­ни­ка­лар­ды жүр­гі­зе алмай­сың. Егістік жер­лер­де «сево­бо­рот» деген түсінік бар. Жерің аз бол­са, оны да жасай алмай­сың. Біз­де­гі шару­а­шы­лы­қтар май­да болған­нан кей­ін, ондай жер­де меха­ни­за­ция да, ғылы­ми жетістік те бол­май­ды. Соны­қтан ұсақ шару­а­шы­лы­қтар­дың өндір­ген өні­мі мен еңбек өнім­ділі­гі де төмен болып тұр. Осы жағ­дай­да басқа елдер­мен бәсе­ке­ле­стік­ке түсу мүм­кін емес. Бұл тығы­ры­қтан шығу үшін, ұсақ шару­а­шы­лы­қтар­ды коопе­ра­ция арқы­лы ірі­лен­ді­ру керек.

– Сон­да, бұры­нғы кол­хоз-сов­хозға қай­та ора­лу керек пе?

– Жоқ. Шару­а­шы­лы­қты ірі­лен­дірудің өзге де жолы бар. Ол – коопе­ра­ция, яғни қауым­да­су! Мыса­лы сіздің 50 гек­тар жеріңіз бар делік. Ауыл­даста­ры­ңы­здың біре­уін­де 30 га, біре­уін­де 40 деген­дей. Осы жер­леріңізді коопе­ра­тив құру арқы­лы ортақ айна­лы­мға салуға бола­ды. Біре­уіңіз­де – трак­тор, екін­шіңіз­де – ком­байн бар. Қол­да бар тех­ни­ка мен мүлік­ті де ортақ пай­да­ла­ны­мға салып мүлік­тік қор құра­сыз. Кезін­де Гер­ма­ния бірік­кен кез­де, өзінің ауыл шару­а­шы­лы­ғын осы жол­мен дамыт­ты. Шару­а­лар өз жер­лерін коопе­ра­тив­ке уақыт­ша пай­да­ла­нуға беріп, жер рен­та­сын алған. Яғни, шару­а­лар жер­лерін пай­да­ла­нуға бер­гені үшін табыс, коопе­ра­тив пай­да­сы­нан диви­дент­тер, соны­мен қатар коопе­ра­тив­те жұмыс істе­гені үшін жалақы алған .

Біз­ге де сол жол­мен жүріп өту­ге бола­ды.

«Ауы­зы күй­ген үрлеп ішеді» демек­ші, халық кол­хоз-сов­хозға қосыл­май­ды. Жерім­нен айы­ры­лып қалам деп қорқа­ды. Ал коопе­ра­тив­те жерің өз мен­ші­гің­де қала береді. Сен жеріңді тек ортақ айна­лы­мға салып, ортақ пай­да­ла­нып отыр­сың. ҚР Жер Кодексін­де коопе­ра­тив мүше­сі өз мен­ші­гін­де­гі жер­ді неме­се уақыт­ша жер пай­да­ла­ну құқы­ғын бел­гілі бір уақыт­ша коопер­тив­ке бере ала­ты­ны нақты жазы­лған. Бұл біры­ңғай егістік айна­лы­мын сақта­уға, бірі­гіп ауыл шару­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сын, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­нуға және т.б. мол пай­да­сын әкеліп, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да еңбек өнім­ділі­гн жоға­ры­ла­туы­ға ықпал ете­ді.

– Қазақ бастық болған­ды жақ­сы көреді: коопе­ра­тив­тер­ді кім басқа­рып, жұмысын кім жүр­гі­зеді?

– Коопе­ра­тив құры­лған соң, бір ұжым бола­ды. Бар­лық сұрақтар коопе­ра­тив­тің жал­пы жина­лы­сын­да дауыс беру арқы­лы шешіледі, соны­мен қатар коопе­ра­тив­те «бір мүше-бір дауыс» қағи­да­сы орын ала­ды, бұл АҚ, ЖШС сияқты моно­поль­дық жағ­дай­ға жол бер­мей­ді. Оның басқар­ма­сы сай­ла­на­ды. Жарғы қабыл­да­на­ды. Бұл өте демо­кра­ти­лық түр­де­гі құры­лым, әрі шаруа үшін даму­дың тиім­ді жолы.

Мыса­лы, сіз өз жеріңіз­бен және тех­ни­каңы­з­бен коопе­ра­тив­ке мүше болып кір­діңіз. Жер, мал, мүлік бірік­тіріл­ге­нен кей­ін, одан түс­кен пай­да әркім­нің үлесіне қарай бөлі­неді. Бұл – шаруа табысы­ның бірін­ші көзі. Жыл соңын­да өндірі­ген өнім­нен түс­кен пай­да тағы бөлі­неді. Бұл – табыст­ың екін­ші көзі бола­ды. Оған қосым­ша, сіз коопе­ра­тив­те өзіңіз жұмыс жасап, жалақы алсаңыз: ол сіздің табысы­ңы­здың үшін­ші кірісі бола­ды. Егер, зей­нет жасы­на келіп, жұмыстан шық­саңыз, коопе­ра­тив­те­гі жер мен мал мүл­кіңіз үшін пай­да­дан түс­кен үлесіңіз тоқта­май­ды. Егер жерім­ді қай­та­дан ортақ пай­да­ла­ну­дан алып, коопе­ра­тив­тен шығам десеңіз – өз еркіңіз. Бұл коопе­ра­тив тура­лы заң­мен қарас­ты­ры­лған. Осы заң­ның қабыл­да­нуы­на біздің тіке­лей қаты­сы­мыз бол­ды.

– Сіз айтып оты­рған коопе­ра­тив тура­лы заң қабыл­дан­са, ол неге жұмыс жаса­май жатыр?

– Бұл заң­ды іске асы­ру үшін, мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қабыл­да­нуы тиіс. Оған біраз қара­жат шыға­ру керек. Ол бол­ма­са, ешқан­дай заң жұмыс істе­мей­ді. Өкініш­ке орай біздің атқа­мі­нер­лер осы заң­ның маңы­зды­лы­ғын түсін­бей отыр. Ел ара­сын­да түсін­ді­ру жұмыста­ры да дұрыс жолға қой­ыл­маған.

ҚР пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сай­ы­нғы Жол­да­уын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы коопе­ра­ци­я­сы­ның қажет­тілі­гін анық көр­се­те­ді, бірақ осы­ған қара­ма­стан ауыл шару­а­шы­лы­ғы коопе­ра­тив­тері жоға­ры дең­гей­де қол­дау тап­па­уда.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы коопе­ра­тив­тері тура­лы Заң­ның жұмыс істе­мей тұруы­ның тағы бір фак­тісі, 2016–2017 жыл­да­ры ҚР АШМ коопе­ра­тив­тер­ге беріл­ген мем­ле­кет­тік қол­дау — тек қосалқы жеке үй шару­а­шы­лы­қта­ры коопе­ра­тив­ке бірік­кен­де ғана беріл­гені болып табы­ла­ды. Бұл коопе­ра­тив­ке ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сы жоқ, өз иелі­гін­де малы жоқ адам­дар­ды бірік­тіру­ге әкел­ді. Менің ойым­ша, жеке қосалқы үй шару­а­шы­лы­қта­рын емес, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да жұмыс істеп жүр­ген құры­лым­дар­ды коопе­ра­тив­ке бірік­тіруді ынта­лан­ды­ру қажет еді. Бұл елі­міз­де­гі коопе­ра­тив­тік қозға­лы­стың ең басты кем­шілі­гі бол­ды.

Соны­мен қатар ҚР АШМ облыс және аудан дең­гей­ін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы коопе­ра­тив­терін құруға жос­пар қой­ды. Бұл өз кезе­гін­де жер­гілік­ті басқа­ру орган­да­ры­ның жос­пар­ды орын­да­уы үшін «өтірік коопе­ра­тив­тер­дің» жап­пай құры­луы­на әкел­ді.
Осы­дан кей­ін барып, енді ауыл шару­а­шы­лы­ғы коопе­ра­тив­терін құру­дың тиім­сізді­гі, «өтірік коопе­ра­тив­тер» құры­лға­ны тура­лы баян­дай­ды. Мұн­да кім кінәлі? Коопе­ра­тив­тік қағи­да­ларға бай­ла­ны­сты, ауыл шару­а­шы­лы­ғы коопе­ра­тив­тері «жоға­ры­дан төмен» емес «төмен­нен жоға­ры» құры­луы қажет, бұл мем­ле­кет­тік орган­дар­дың коопе­ра­ция про­цес­сіне ара­ла­суын анық көр­се­те­ді.
Мыса­лы, сіздің жеке қожа­лы­ғы­ңы­зда бір­не­ше сиыр бар делік. Бір сиыр­дың сүтін өзіңіз іше­сіз, қалға­нын сатқы­ңыз келеді. Бірақ оны сату үшін ол сүт­ті өңдеп, пастер­леу керек. Жеке өзіңіздің оған шамаңыз кел­мей­ді. Қала маңын­да тұсаңыз ол сүт­ті күн­делік­ті база­рға шыға­рып сатар­сыз, алай­да оның өзін­де көлік шығы­ны, тағы басқа­сы бола­ды. Ал егер қала­дан алыс аймақта тұсаңыз, екі-үш сиыр­дың сүтін қай­да апа­ра­сыз?!

Қазір­гі бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша кереғар жағ­дай­лар орын алып отыр. Мыса­лы, сүт­за­уы­тын салу үшін, мем­ле­кет несие берем дей­ді. Қар­жы­лық қатер­ді азай­ту үшін, шару қожа­лы­қта­ры­ның іші­нен ең әлділерін іздей­ді. Сүт зауы­ты­ның құны 100 млн. тең­ге бол­са, оның бір бөлі­гін әлді шаруа қожа­лы­ғы өз мой­ы­ны­на ала­ды. Несие мен сүт зауы­ты соның мой­ы­ны­на рәсім­де­леді. Сөй­тіп, шару­а­лар сүт­ті сол зауы­тқа 100 тең­ге­ден өткі­зеді. Зауыт бол­са, оны өңдеп, дүкен­дер­ге 200 тең­ге­ден сата­ды. Сон­да үсті­нен 100 тең­ге қосып пай­да көреді. Бірақ түс­кен пай­да­ны сүт өткі­зетін шару­а­лар­мен бөліс­пей­ді. Біз бол­сақ, бұн­дай жол­мен келіс­пе­дік. Өйт­кені сиыр ұстап оты­рған шару­а­лар­дың да даму­ла­ры керек қой. Егер оларға сүт зауы­ты­ның пай­да­сы­нан үлес бөлін­бе­се, оларға не пай­да?! Ол шаруа сиыр­дың басын қалай өсіреді?!

– Сон­да, сүт зауа­тын ақша­сы бар бай­лар салып, қара шаруа соған қыз­мет ететін болып тұр ғой…

– Иә, осы кей­іп­те тура солай болып тұр. Ауқат­ты шаруа қожа­лы­ғы­ның иесі зауыт­ты салып, бай­ып, ауыл­ды қанай­ды. Зауыт қожай­ы­ны сүт­ті неғұр­лым арза­нға алып, барын­ша қым­батқа сатуға тыры­са­ды. Біз осы­ған қар­сы шықтық. Сүт зауы­ты­ның қожай­ы­ны шығын­да­рын өте­ген­нен кей­ін­гі пай­да­сы­ның бір бөлі­гін сиыр ұстап оты­рған шару­а­лар­мен бөлі­суі тиіс. Сон­да сиыр­шы малы­ның басын өсіріп, өткі­зетін өні­мін де көбей­те­ді.

Жал­пы, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тек ірі­лен­ген жол­мен ұйым­да­сты­ры­лған кез­де ғана дами­ды. Айтай­ық, шет елде бір фер­мер бір­не­ше коопе­ра­тив­ке мүше болып, пай­да таба ала­ды. Оның бірі – ет, екін­шісі – сүт, ал үшін­шісі – көкөніс өнім­дері­мен айна­лы­са­тын коопе­ра­тив болуы мүм­кін. Біз­де де осы­ны жасау керек. Өз тара­пы­мы­здын үкі­мет­ке Қаза­қстан­ның әр облы­сы­нан бір-екі коп­пе­ра­тив­тен ұйым­да­сты­рып, тәжіри­белік жұмыс жаса­уды ұсын­дық.

– Ал ол ұсы­ны­стың бүгін­гі қабыл­да­ну жағ­дайы қалай?

– Қазір­гі жағ­дай былай болып тұр: нақты бір ауыл­ды мысалға алай­ық. Сол ауыл­да мың үй бар. Мың үйдің 200–300-дей ғана сиыр бар. Қалған­да­ры әр түр­лі себеп­тер­мен малға жем-шөп дай­ын­дай алмай­ды, өйт­кені бірі – иә мек­теп­те, иә ауру­ха­на­да жұмыс жасай­ды, мал өсіретін мүм­кін­ді­гі жоқ. Ал бес сиы­рын ұстап оты­рған ауыл­да­сы сол бес сиыр­мен отыр. Өйт­кені мал басын ары қарай өсіретін жағ­дайы жоқ. Бес сиы­ры­нан сауып оты­рған сүтін өзі ішеді, маңай­ын­дағы сиы­ры жоқтарға сата­ды. Көріп оты­рған пай­да­сы – тек көр­шілер­ге сатқа­ны ғана.

Сон­ды­қтан ұсақ шару­а­лар поез­дың ваго­ны бол­са, сол вагон­дар­ды алға сүй­рей­тін локо­мо­тив қажет. Локо­мо­тив деп оты­рға­ным – ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін өңдеу нысан­да­ры. Ол сүт зауы­ты, ет ком­би­на­ты, неме­се көкөніс өңдеу зауыт­ты. Осы дүни­е­лер ауы­лға ауа­дай қажет болып тұр. Егер ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін өңдей­тін нысан­дар бол­са, шару­лар еш қоры­қ­пас­тан биай да егеді, мал да өсіреді. Өнім­дер­ді өңдеу нысан­да­ры қыз­мет көр­се­ту коопе­ра­тив­терінің негізін­де ұйым­да­сты­ры­луы тиіс және олар­ды күшей­ту­ге мем­ле­кет мүд­делі болу керек. Сон­да ғана ауыл дами­ды, сон­да ғана қаза­қтың жағ­дайы жақ­са­ры.
Ауыл­дың жағ­дай­ын түзе­мей­ін­ше, қаза­қтың жағ­дайы түзел­мей­ді! Бірін­ші кезек­те осы­ны түсі­нуі­міз керек.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн