fbpx

ЭКСПО КӨРМЕСІНІҢ КҮРЕСІНІ азиялық қор биржасына айнала ма?

Кеше пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы­ның (АХҚО) сауда-сат­ты­ққа бел­гі бер­ген алға­шқы қоңы­ра­уын қақты. Оның ойы бой­ын­ша, бола­шақта халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі толы­ққан­ды қор бир­жа­сы­на айна­луы тиіс АХҚО ақша тар­ту­дың, шетел­дер­дің капи­та­лын Қаза­қстанға құю­дың құра­лы­на айна­луы тиіс екен.

Гон­конг, Шан­хай, Син­га­пур, Стан­бол қор бир­жа­ла­ры сияқты Ази­я­ның үздік қар­жы орта­лы­қта­ры­ның қата­ры­на қосы­луы қажет екен. Әрине, арман­мен астасқан ниет жаман емес.

«АХҚО бир­жа­сын­дағы алға­шқы сауда-сат­ты­қты бастау рәсі­мінің ұлт­тық валю­та­мыз – тең­генің 25 жыл­дық мерей­тойы қар­саңын­да өтуінің сим­вол­дық мәні зор, – деп­ті кеше Назар­ба­ев орта­лы­қтың ашы­лу рәсі­мін­де. – Содан бері Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы едәуір өсіп, халы­қтың тұр­мыс дең­гейі де арт­ты. Ауқым­ды рефор­ма­лар жүр­гізіліп жатыр. Бұл орта­лы­қтың іске қосы­луы – елі­мізді одан әрі орны­қты дамы­ту­дың маңы­зды қада­мы».

Бірақ бұл «маңы­зды қадам­ның» сипа­ты үш ауы­сым­да оқи­тын мек­теп­тер­мен, ауыз­суға зар болған аңы­раған ауыл­дар­мен, басқа­сын айт­паған­да, Аста­на мен Алма­ты­ның ара­сын­дағы ойдым-ойдым жол­мен, айта бер­сең, ауыз тала­тын жоқ­шы­лы­қтар­мен салы­сты­руға келе ме? Ана мен балаға төлей­тін жәр­де­мақы­ны кесіп тастаған қай­ыр­шы елдің басы­на алтын оқа­лы қал­пақ кигізіп қой­ған­дай, бұл қар­жы бир­жа­сы қажет пе еді? Бұты­на лыпа қылар дам­бал тік­пей­тін елдің қор нары­ғы­на қай шетел­дік қар­жы құй­мақ?

Негізі, осын­дай сау­ал­дар­дың саңы­ла­у­ы­нан сыға­ла­сақ, Ақор­да­ның іргесін­де АХҚО ашу­дың мақ­са­ты да мәлім бола­ды. «BCC Invest бро­кер­лік ком­па­ни­я­сы­ның сарап­шы­сы Асқар Ахме­то­втің Reuters агент­ті­гіне бер­ген пікірі бой­ын­ша, инве­стор­лар АҚШ Мәс­ке­у­ге санк­ция салуы мүм­кін деп қауіп­теніп оты­рға­ны­на бай­ла­ны­сты «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» акци­я­ла­ры төмен бағаға шыға­рыл­ды. Сарап­шы санк­ция мен экс­порт­ты шек­теу шара­ла­ры «Қаза­то­мө­нер­кәсіп­тің» стра­те­ги­я­лық серік­тесі «Роса­том» ком­па­ни­я­сы­на да тиюі ықти­мал екенін айта­ды» (Azattyq.org).

Яғни, бір мақ­сат – АҚШ-тың санк­ци­я­ла­ры­нан қашып құты­лу­ды көк­се­ген Ресей оли­гарх­та­ры­ның әлем­дік бир­жа­лар­дағы капи­та­лын Аста­наға жинақта­удың айла­сы. Бұл ара­да ресей­лік Путин­нің иек қаққан иша­ра­сын жоққа шыға­руға бол­май­ды.

Екін­ші және, шама­сы, басты мақ­сат – был­ты­рғы ЭКС­ПО-дан кей­ін қаңы­рап қалған көр­ме ғима­рат­та­рын іске жара­ту­дың ама­лы. Көр­менің күресініне қор бир­жа­сын құру – бұл, расын­да да, айтуға тұрар­лық қаза­қстан­дық ноу-хау. Бірақ бел­гілі қар­жы­гер-маман Меру­ерт Мах­мұто­ва­ның пікіріне қараған­да, бұл да құр­ды­мға кететін кезек­ті ақор­да­лық жоба.

«Идея с МФЦА, на мой взгляд, без­на­деж­на, деп жаза­ды бұл рет­те Меру­ерт ханым өзінің «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­сын­да. – Не думаю, что инве­сти­ро­ва­ние 60 млрд тен­ге (АХҚО ашуға жұм­салған) при­не­сет хоть один тен­ге при­бы­ли в бюд­жет. Сомне­ва­юсь, что поезд­ки в Лон­дон, Нью-Йорк, Син­га­пур и Гон­конг при­ве­дут к нам тол­пы инве­сто­ров. Пола­гаю, что идея создать МФЦА объ­яс­ня­лась лишь попыт­кой как-то исполь­зо­вать пусту­ю­щие зда­ния после про­ве­де­ния ЭКСПО…».

Қалай десек те, кеше АХҚО ашыл­ды. Оған «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ком­па­ни­я­сы­ның акци­я­ла­ры бірін­ші болып шыға­рыл­ды. «Келе­шек­те біз «Эйр Аста­на» мен «Қаз­Мұ­най­Газ» және өзге де ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың актив­терін саты­лы­мға шыға­ру­ды жос­пар­лап отыр­мыз.

«Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы елі­міз­ге шетел­дер­дің капи­та­лын тар­ту­дың құра­лы­на айна­лып, қор нары­ғын даму­дың жаңа дең­гей­іне шыға­руға тиіс…» – деп­ті Нұре­кең Назар­ба­ев бир­жа­ның балға­сын қағып жатып.

Несі бар? Бир­жа­дағы сауда ойы­ны бастал­ды.
Бірақ ол оли­гарх­тар ойы­ны­на айна­лып кет­пей, қазы­на­дағы қар­жы­сын шашқан халы­ққа да қарай­лас ойын бол­сын деп арман­дай­ық.

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн