fbpx

ХАЛҚЫНА ҚАМҚОРШЫ БОЛҒАН Заманбекке мектептің аты берілсін!

Алма­ты­ның іргесін­де­гі «Думан» ықша­мауда­ны­ның қазы­ғы 1991 жылы қағы­лған.

Мек­тебі, емха­на­сы, бала­бақ­ша­сы, мешіті, т.б. көп­шілік­ке қыз­мет ететін орын­да­ры бар. Бүгін­де онда қағаз жүзін­де 25 мыңға жуық халық тұра­ды, ал шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, 45 мың­нан арты­ла­ды. Өйт­кені өз жерін­де тек қаза­қтарға ғана жал­да­ма­лы пəтер­де тұру нəсіп етіл­ген. Жан-жақтан кел­ген бала-шаға­лы отба­сы­лар, ауыл­дан жұмыс тап­пай қалаға ағы­лған­дар – осы жал­да­ма­лы пəтер­лер­дің тұрғын­да­ры. Қай­сы­бірі жетісіп кел­ді дей­сің қалаға: сол қу тір­шілік­тің қамы. Оның үстіне қала­ның кей­бір аудан­да­рын­да шары­қтап тұрған пəте­рақы «Думан­да» арзан, бір бөл­мелі пəтер­ді небәрі 15 мыңға табуға бола­ды…

Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын жер­сіз, үйсіз жүр­ген «тұрғы­лы­қты квар­ти­рант­тар» тура 1 мамыр күні (Қаза­қстан халқы­ның ынты­мағы күні – Ред.) Талғар күре жолын­дағы бос жатқан жер­лер­ді бала-шаға­сы­мен басып алды. Ашы­нған жұрт өздері қалаған жер­лер­ге қазық қақты. Қара жер­ге зар болған қай­ран қазақ сол күні ғай­ып­тан тай­ып, ұлта­рақтай жер­ге бір қарық болып қалған еді-ау.

Бірақ олар­дың «қуа­ныш жасы» тез құрға­ды, өйт­кені ол жер­лер­дің иесі қазақ емес, түрік­тер болып шықты. Билік­ті шула­тып, бір­лік мей­ра­мы­ның шырқын бұзған қаза­қтар­ды қама­ды, бала-шаға, əйеліне қара­май, күш көр­сетіп қуып шықты. Дəр­мен­сіз халы­қты жары­лқай­тын тірі пен­де табыл­ма­ды. Қара­ша халық жал­да­ма­лы пəтер­де тұр­са да, «Думан» деген киелі жер­ді халқы­на сый­ға тар­тқан бір­ту­ар аза­мат­тың есі­мін еске алып, шүкір­шілік етіп, амал­сыздан тарасқан еді…

Кезін­де бұл жер­лер­ге қаза­қтар оңай қол жет­кіз­ген жоқ, Алма­ты шаһа­ры­на əкім болып тұрған­дағы бір­ту­ар аза­мат­тың мəрт­ті­гі еді. «Шаңы­рақ», «Тау­гүл», «Бақай», «Думан», т.б. қала­ның шетін­де­гі жер­лер­ді қалың қаза­қтың қамы­на бер­ген – қай­ран Заман­бек Нұрқа­ді­лов еді. Ол кісінің еліне деген жана­шыр­лық қаси­етін көз­дері көр­ген қари­я­лар «қала шетін­де­гі жер­лер­ге ие бола берің­дер, өзім заң­да­сты­рып бере­мін» деген сөзін əлі күн­ге ауы­зда­ры­нан таста­май айтып жүреді. Бүгін­де қамқор аза­мат­тың ұмы­тыл­мас жақ­сы­лы­ғын бірі біл­се, бірі біл­мей­ді. Неге біз «қаза­ғым» деп еңіре­ген ердің атын ұмыт­тық?! Жоқ, ұмы­ту мүм­кін емес, ұмы­тыл­май­ды да… Бола­шақта ол кісінің есі­мі алтын əріп­тер­мен қазақ елінің, ұрпақтың жүре­гін­де сақтал­мақ.

Қаза­қтарға жер беру мəсе­лесін­де Заман­бек­пен бір­ге қыз­мет­тес болған жəне сол үлкен тари­хи оқиға­ның куə­гері Сапу­ра Жүсі­по­ва­ның естелі­гі­нен: «Алма­ты­ның айна­ла­сын­дағы шағын аудан­дар мен елді мекен­дер­ге қаза­қтар­дың қоны­ста­нуы­на бір­ден-бір себеп­кер болған адам – Нұрқа­ді­лов. Қала сыр­тын­дағы «Думан», «Шаңы­рақ», «Бақай», «Тау­гүл» аудан­да­рын, Рысқұ­лов көше­лерінің төмен­гі жағын­дағы, Əл-Фара­бидің жоғарғы жағын­дағы иен жер­лер­дің бəріне қаза­қтар­дың қоны­ста­нуы Нұрқа­ді­ло­втің кезін­де бастал­ды. Бір­де ол мені шақы­рып алып, бас­па­на­сыз жүр­ген қаза­қтар­ды қала сыр­ты­на қоны­стан­ды­руға жағ­дай жасай­тын шешім дай­ын­да­уды тап­сыр­ды. Біз шұғыл ара­да он жеті шешім дай­ын­дап, 15 мың қаза­ққа жер беру­ге негізі бар құжат­ты Зəкеңнің алды­на қой­дық.

Ол менен: «Бəрі дұрыс па?» – деп сұра­ды. Мен: «Əрине, дұрыс!» – дей­мін. Зəкең: «Дұрыс екенін біліп отыр­мын, бəрі қазақ па дегенім ғой?..» – деп, маған жымия қара­ды да, шешім­нің шекесіне «Бекі­те­мін» деп көсіл­те қол қой­ды.

Сон­дағы Зəкеңнің рахат­та­на қол қой­ған бей­несі əлі күн­ге көз алдым­нан кет­пей­ді. Осы күн­ге дей­ін Алма­ты­ны басқарған қай бас­шы қаза­ққа Нұрқа­ді­лов жасаған жақ­сы­лы­қтың тым құры­ған­да жұр­нағын жаса­ды екен?» («ДАТ». 10 қара­ша, 2010 ж.).

Сапу­ра ханым­ның жаз­ба­сын оқып, еріксіз көзі­ме жас алдым. Қаңғып жүр­ген мың­даған қаза­қтың жер­ге ие болға­ны үшін қуа­ны­штан шыққан жас бол­са, бір шеті­нен ара­мы­здан арман­да кет­кен нар тұлға­ның еліне бере­рі көп еді – маң­дай­ы­мы­зға сый­май кет­ті – өкініш жасы еді… Иə, ол кісі­дей ешкім қара­ша халқын жары­лқай алған жоқ!
Бүгін­де Алма­ты­ның шетін­де­гі Заман­бек аға сый­ға тар­тқан жер­лер қала­ның көр­кін аша­тын ықша­маудан­дарға айнал­ды. Бір өкіні­штісі – ол кісінің атын­да бір­де-бір көше, елді мекен неме­се мек­теп жоқ екен. Батыр тұлға­ның асқақ биік ескерт­кі­ші де бой көтер­меп­ті. Іші­міз аши­ды, жаны­мыз жабы­рқай­ды, сон­дай мəрт тұлға­ның есі­мін есір­кей алмай жүр­міз. Міне, қай­сар аза­матқа көр­сет­кен сый-құр­меті­міз.

Біз, «Думан» ықша­мауда­ны­ның халқы, қара­ша­сы­на қамқор болған, жоғын түген­деп, барын баға­лай біл­ген, жүре­гі мəң­гілік қазақ деп соққан ұлт­жан­ды, намысқой, бір­ту­ар Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің есі­мін осы аудан­дағы №172 мек­теп-гим­на­зи­я­сы­на беруді жоға­ры­дан біра­уы­здан өтініп сұрай­мыз. Əрі мек­теп­тің аула­сы­на батыр тұлға­лы аға­мы­здың ескерт­кі­шін орнат­сақ, ол кісінің халқы­на жасаған жақ­сы­лы­ғы­ның өте­уі болар еді. Бұл мек­теп­те бүгін­де екі жарым мың бала оқи­ды: сол бола­шақ ұрпақ Заман­бек аға­дай ұлт­жан­ды, еліне шын жаны аши­тын нағыз пари­от­тар болып тəр­би­е­лен­се, бақыт­ты ел бола­ты­ны­мыз сөз­сіз.

Сал­та­нат БАКЕЕВА,
Qamshy.kz

Республиканский еженедельник онлайн