fbpx

Халық санағы ҚАЗАҚТЫ қанша қылады?

Биыл Қаза­қстан­да халық санағы жүреді. Өз елін­де­гі қазақ қан­ша бол­ды, келім­сек халық көбей­ді ме, азай­ды ма? Қаза­қтың тілі мен рухын отаған оры­стар­дың олқы тар­тар түрі бар ма? Осы сияқты демо­гра­фи­я­лық сұрақтарға нақты жау­ап алуы­мыз керек. Алдыр­са…

Бұлай дей­тін бір себеп – тәу­ел­сіздік алған сонау 1992 жыл­дан бер­гі ширек ғасыр­дан астам уақыт­та елде­гі жал­пы халы­қтың саны 3 мил­ли­онға ғана өсті. Оның ішін­де­гі қаза­қтың үлес сал­мағы – 1,5 мил­ли­он­ның о жақ-бұ жағын­да ғана. Ал осы ара­лы­қта көр­шілес өзбек халқы 10 мил­ли­онға жуық арт­ты: оның 95 пай­ы­зы – кілең өзбек.

Бұған дей­ін­гі 2009 жылғы халық санағын­да қаза­қтар­дың үлес сал­мағын екі есеп­теп, жет­піс­ке жет­кіз­бей қой­ған еді. Бұл санақ «былық бол­ды» деген пікір­ді ел ара­сы­на сіңі­ру үшін, әлде қаза­қтың нақты үлес сал­мағын жасы­ру жөнін­де­гі тап­сыр­ма­ны орын­да­маға­ны үшін сол кез­де­гі Ста­ти­сти­ка коми­тетінің бас­шы­сы Анар Мешім­ба­е­ва­ны жемқор­лық жала­сы­мен сот­тап жібер­ді.

Енді­гі санақ қалай бола­ды? Бұл науқан­ды жүр­гі­зетін мүд­делі ведом­ство – Ста­ти­сти­ка коми­теті үкі­мет­ке бағы­ны­сты болған соң, оның есебі Ақор­да­ның айтқа­ны­нан айны­май шығуы тағы мүм­кін. Айтқа­ны – «артық қыл» десе, жөн басқа: арқы-жалы­мы­зды күдірей­тіп жүрей­ік… Мей­ілін­ше «кеміт» десе, тағы сол: бірер мил­ли­он қаза­қтың «сай­да – саны, құм­да – ізі» қал­мауы ғажап емес. Бұлай қылу­дың сая­са­ты­на бас жет­пей­ді: не үшін? Путин пат­ша­ның «орыс әле­міне» (рус­ский мир) залал кел­тір­мей, орман­дай оры­сы қалың Ресей­дің қыты­ғы­на тимеу үшін ғана ма?

Деген­мен, соңғы онжыл­ды­қтың ар жақ-бер жағын­да қалып­тасқан күр­делі әлем­дік гео­са­я­си жағ­дай­да Ақор­да билі­гі қаза­қтың санын нақты қылуға мүд­делі бол­са керек деп топ­шы­лай­мыз. Тіп­ті қолын­да тұрған соң, оңтүстік­тің жар­ты мил­ли­он қаза­ғын сол­түстік­ке қосып жібер­се де, көр­ші­ге сес болар­лық баланс жаса­уға болар еді. Бұл рет­те елде­гі түр­кі­тек­тес, түр­кітіл­дес халы­қтың жал­пы саны­мен қаза­ққа қарай­лас айқын басым­ды­лы­қты көр­се­тудің де әбес­ті­гі бола қой­мас.

Әрине, жаң­сақты­қты жасан­ды ету – үшбаққа шығар­мас, бірақ ала­көз көр­шілер­ге көр­некі көр­сет­кіш керек-ақ. Оның үстіне демо­гра­фи­я­лық дүм­пу­ге дәй­ек болар дерек те керек. Ал ол дүм­пуді қол­дан жасау аса қиын бол­мас: Аста­на­ның қисап­сыз құры­лы­сы мен даңға­за сая­си жоба­ларға жұм­са­лып жатқан мұнай­дың мил­ли­ард­та­рын ана мен бала капи­та­лы­на бұрып жібер­се, қаза­қтың әйел­дері топыр­ла­тып туу­ды бастап кетер ме еді?

Осын­дай уай­ы­мға толы сұрақтар­мен әле­умет­тік желі арқы­лы халық санағы­на қаты­сты дәй­ек­ті ой айта­тын, азат ой-пікірі бар аза­мат­тар­ды ізде­ген едік. «Бұл жолғы халық санағын бақы­ла­у­ға алу қажет. Біз­ге нақты, бұл­тарт­пас есеп керек» дедік. Сон­дағы біздің жаз­баға үн қосқан бір­не­ше пікір­ді төмен­де жари­я­лап отыр­мыз.

Ермұрат БАПИ

Еркін Рақы­шев: 

  • Ста­ти­сти­ка коми­тетін­де­гілер бұл мәсе­ленің кем­шілі­гін де, жетісті­гін де жақ­сы біледі. Тек сол жер­ден ашық ақпа­рат беретін біре­уді табу керек.

Ермек Кали­го­жин:

  • Толық косы­ла­мын. Өске­мен қала­сын­да мек­теп бiтiрiп, Ресей­ге кетiп жатқан орыс жаста­ры көп, шама­мен 70–80%, қай­тып кел­ген­дері шама­лы. Көр­ші орыс әже «бола­шақта мұн­да оры­стың кем­пір-шал­да­ры ғана қала­тын шығар» дей­ді. Оның екi бала­сы – Ресей­де.

ҰБТ-ыны орыс сынып­та­ры керек қыл­май­ды. Кей­де ойлай­мын: орыс мек­теп­теріне бюд­жет­тен бөлінiп жатқан қара­жат құмға сiнiп жатқан­дай. Мен қала­да 18–30 жастағы қан­ша қазақ бала­сы бар деген ақпа­рат­ты ала алма­дым: жасы­рып оты­рған сияқты ма деген ой келеді.

Халел­хан Ибрай­ым­ханұ­лы:

  • Тір­ке­уде жоқ жар­ты мил­ли­он қаза­қты қай­дан таба­мыз? Біздің «Шаңы­раққа» кел­сеңіз, 20 жыл­дан бері үйін заң­да­сты­ра алмай оты­рған­дар бар. Мен өз үйім­ді был­тыр, 12 жыл деген­де заң­да­сты­рып, про­пис­каға отыр­дық. Жер әлі арен­да. Оған дей­ін анда-мұн­да «бомж» боп жүр­дік.

Nurtai Qazaqtyn Balasy:

  • 2009 жылы Ақтө­бе қала­сын­да Ста­ти­сти­ка депар­та­мен­тін­де жаса­дым, халық санағы­на қаты­стым. Сол кез­де әр адам басы­на 80 тең­ге­ден төледі, арты­нан соны про­грам­маға енгіздік. Кей­бір өтірік қосы­лған, не алы­нып тасталған ақпа­рат­тар шықты: жал­пы, менің ойым­ша, сол кез­де Ақтө­бе қала­сын­да (санақ) әділ бол­ды. Қор­тындысы Аста­наға кет­ті, одан ары қарай­ғы­сы­нан хаба­рым жоқ.

Қазақ Қазақ:

  • Қаза­қстан жай­лы бар­лық мағлұ­мат­ты Қытай­дан таба­сыз. Өйт­кені біздің гео­гра­фи­я­лық бай­лы­ғы­мы­здың кар­та­сын да, демо­гра­фи­я­лық мәлі­меті­мізді де солар жүр­гізіп отыр. Әрине, алу қиын (китай­ские хаке­ры не спят!)…
Республиканский еженедельник онлайн