fbpx

Уәлихан ҚАЙСАРОВ: Назарбаев өз Конституциясының ТІРІ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛДЫ

Енді­гі елге бел­гілі болған­дай, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стен ел Кон­сти­ту­ци­я­сын­дағы «пре­зи­дент өкілетінің тоқта­уы тура­лы 42-бабы 3-тар­мағын түсін­діруді» сұраған еді.

Еске сала кет­сек, Кон­сти­ту­ци­я­ның бұл бабы­ның үшін­ші тар­мағын­да «пре­зи­дент өкілет­ті­гі жаңа­дан сай­ланған ел пре­зи­ден­ті қыз­метіне кіріс­кен кез­ден бастап, сон­дай-ақ пре­зи­дент қыз­меті­нен мерзі­мі­нен бұрын боса­ты­лған неме­се кетіріл­ген (отре­ше­ния), не ол қай­тыс болған жағ­дай­да тоқта­ты­ла­ды. Рес­пуб­ли­ка­ның бұры­нғы пре­зи­дент­терінің бәрін­де, қыз­меті­нен кетіріл­ген­дер­ден басқа­сы, Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті деген атағы бола­ды» деп жазы­лған.

Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес (КС), заң бой­ын­ша, өтіні­шті түс­кен күн­нен бастап үш ай ішін­де қара­уы тиіс. Егер КС-тің алды­на қой­ы­лған мәсе­ле кей­ін­ге қал­ды­руға бол­май­тын, шұғыл қара­луы керек бол­са, Кеңес пре­зи­дент­тің талап етуі бой­ын­ша, өтініш­ке он күн­де жау­ап қай­та­ра­ды. КС-тің интер­нет-сай­тын­да жари­я­ланған хабарға қараған­да, Кеңес пре­зи­дент­тің аяқ асты­нан жасаған, бәл­кім, бұған дей­ін өзі түсін­бей жүр­ген мәсе­ле­ге қаты­сты өтіні­шін «қабыл­дап» (қабыл­да­маған­да, қай­да бар­сын?!), іске кірісіп те кет­кен сияқты.

Ал енді пре­зи­дент­ті кенет­тен «маза­лаған» мәсе­ленің мәні не? Бұл бей­мез­гіл «өтіні­шпен» Назар­ба­ев мыр­за не айт­пақ бол­ды, тағы қан­дай сая­си қитұрқы­ның қой­ы­лы­мын баста­ды? Осын­дай сұрақтар­дың жете­гі­мен біз Қаза­қстан­ның экс-сена­то­ры, бұған дей­ін пер­зи­дент­тік­ке үміт­кер ретін­де екі мәр­те сай­ла­у­ға түс­кен бел­гілі сая­сат­кер Уәли­хан Қай­са­ро­вты сұх­батқа шақыр­дық.

– Уәли­хан мыр­за, ең алды­мен мына­ны аны­қтап алай­ы­қ­шы: пре­зи­дент Назар­ба­ев не себеп­ті кенет­тен Кон­сти­ту­ци­я­ның атал­мыш бап­та­рын «түсін­бей қал­ды» деп ойлай­сыз? Ата заң­ның 42-бабы­ның 2-тар­мағын­да қан­дай қитұрқы қал­та­рыс қалып тұрған еді?

– Мен де ең алды­мен айта кетей­ін, Қаза­қстан халқы соңғы он жыл­дан астам уақыт­тан бері, егер дәлірек айт­сам, 2005 жыл­дың күзі­нен Назар­ба­ев­тың өз еркі­мен пре­зи­дент­тік­тен кетуін күтіп жүр…

– Одан да бұры­ны­рақтан бері емес пе?

– Жоқ, оған дей­ін оның билі­гі әртүр­лі амал-айла­мен бір­ша­ма леги­тим­ді болып кел­ді. Ал 2005-тің жел­тоқ­са­нын­дағы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда елдің көп­шілік халқы оның сай­ла­у­ға түс­пе­уін қала­ды. Пре­зи­дент­тік сай­лау мен билік­тің жай-жап­са­рын бір­ша­ма жақ­сы білетін халы­қтың басым бөлі­гі дәл осы дата­ны Назар­ба­ев­тың шек­тен шығып кет­кен уақы­ты­ның басы деп санай­ды. Ол өзіне заң жүзін­де беріл­ген пре­зи­дент­тік мерзім­нің мөл­шері­нен шық­па­уы тиіс еді. Бірақ бола­ры – бол­ды.

Деген­мен, болған­да да, оңдыр­май бол­ды: сол «шек­тен шығу­дан» кей­ін елдің онсыз да оңбай тұрған эко­но­ми­ка­сы мен оған ілде­бай­лап жап­сы­ры­лған қон­ды­рғы­ның бар­лы­ғы күрт құл­ды­рай баста­ды. Тек қана мұнай­дың сол кез­де­гі жоғарғы құны мен шетел­дер­ден алы­нған шексіз неси­енің арқа­сын­да билік әлдебір «алға басу­дың», «ілгеріле­удің» көрінісін жасап келеді.

Мынаған қараңыз­шы: егер соңғы он алты жыл­да Гер­ма­ни­яда баға ата­улы­ның бар­лы­ғы ешқан­дай өсусіз, тұрақты тұр­са, Қаза­қстан­да соңғы жыл­да­ры ғана ұлт­тық валю­та үш есе­ге құн­сыздан­ды. Бас­па­на­ның баға­сы да дәл осы мөл­шер­де өсті, ал қоғам­дық көлік­те жүру құны бес есе­ге арт­ты. Мен бұл ара­да азық-түлік­тің қан­ша есе­ге артқа­нын, мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның құрал-жаб­ды­ғы қан­шаға қым­бат­таға­нын, көмір мен отын­ның баға­сы, ком­му­нал­дық тариф­тер­дің баға­сы шары­қтап кет­кенін тіл­ге тиек еткім кел­мей­ді. Оны елдің халқы күн­делік­ті тұр­мыс-тір­лі­гін­де өз көз­дері­мен көріп, тақсіретін тар­тып жатыр.

– Бірақ сол «тақсірет тар­тқан» халқы­ңыз осын­ша­ма қым­бат­шы­лы­ққа қыңқ ететін түр бай­қат­пай­ды ғой, Уәке, бұның себебі қалай?

– Бір есеп­тен мен сіздің «қыңқ етпей­ді» дегеніңіз­бен келіс­пей­мін. Назар­ба­евқа деген нара­зы­лық жап­пай етек жай­ды, тіп­ті еңбек­ке жарам­ды, бірақ жұмыс­сыз жүр­ген халы­қты айт­паған­да, зей­не­тақы­сын алып, қалған өмірін өткізіп жатқан кем­пір-шал­дарға дей­ін Назар­ба­ев десе, төбе шашта­ры тік тұра­тын жағ­дай­ға жет­ті. Ал осы жағ­дай­да Назар­ба­ев­тың режи­мі тек зор­лы­қтың, халы­ққа жасалған қысым­ның арқа­сын­да ғана сақта­лып тұр. Жап­пай нара­зы­лық қатер­лі дең­гей­ге жет­ті.

Қаза­қстан­ды қор­шаған айна­лаға қараңыз­шы: тір­шілі­гіне нара­зы елдер­де, оның ішін­де бұры­нғы совет­тік рес­пуб­ли­ка­лар­да халы­қтық толқу­лар мен ере­уіл­дер етек жаю­да. Ал бұл жағ­дай қай­ыр­шы­лы­қтың аз ғана алдын­да оты­рған қаза­қстан­ды­қтарға, әсіре­се қаза­қтарға жаңа сер­пін беру­де. Режим осы қатер­ді айқын сезіп отыр, бірақ қалып­тасқан қиын­шы­лық жағ­дай­дан халы­қ­пен бір­ге шығу­дың ама­лын қарас­ты­руға тіп­тен де зауқы жоқ. Есіңіз­де шығар, сти­хи­я­лық түр­де болған жер митин­гілері кезін­де халы­қтың қан­дай ашуға мін­гені?

– Әрине, есім­де! Бірақ бүгін­де билік халы­қтың «қал­та­сы­на түсіп», есе­леп өсіп жатқан салы­қ­пен, қыңқ еткен­ге салы­на­тын айып-штраф­тар­мен қылқын­ды­рып жат­са да, ел ішін­де ашық нара­зы­лы­қтың бай­қал­май­ты­ны таң­дан­ды­ра­ды…

– Есесіне билік ел ішін­де асқы­нып келе жатқан нара­зы­лы­қты біліп, өзінің қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етудің айла-ама­лын жан­та­ла­сып ізде­сті­ру үстін­де. Менің ойым­ша, Назар­ба­ев­тың Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес­ке бер­ген өтіні­ші де осын­дай толқу­лар­дан зәре­дей болу­дың нәти­же­сі. Егер халы­қтың нара­зы­лы­ғы «сыр­тқа шығып», бағын­ды­руға кел­мей­тін жағ­дай­ға жет­се, Назар­ба­ев бастаған билік­тің бар­ша жүй­есі қаңғы­рып кете­ді. Мұн­дай­да халық қаһа­ры­нан құты­лу­дың жалғыз жолы – Қырғыз­стан пре­зи­ден­ті Баки­ев неме­се укра­и­на­лық Яну­ко­вич сияқты елден қашу­дан басқа амал қал­май­ды. Оның өзін­де қашып үлгер­ген­дері ғана құты­ла­ды. Ливия Жама­ха­ри­я­сын­дағы пол­ков­ник Муам­мар Кад­да­фиді, Ирак­тың пре­зи­ден­ті Сад­дам Хусейн­ді өз халқы қалай жаза­лаға­нын еске алы­ңыз­шы! Неме­се Мысыр­дың өлім алдын­да жатқан пре­зи­ден­ті Хос­ни Мүба­рак­ты масқа­ра қылған сот про­цесін біз­де­гі ашу­лы халық та ұмы­та қой­ған жоқ! Мұн­дай мысал­дар жетер­лік.

Ал халы­қтың ашу-ыза­сы­нан жеңіл құты­лған Гру­зи­я­ның пре­зи­ден­ті Эду­ард Шевард­над­зе мен Қырғыз­стан­дағы Асқар Ақа­ев­ты, неме­се Арме­ния пре­зи­ден­ті Серж Сарк­сян­ның тая­у­дағы мыса­лын еске алы­ңыз: бұлар халы­ққа қар­сы қару қол­дан­бай, халқы­ның қанын төк­пе­у­ге ақыл-естері мен аза­мат­ты­қта­ры жет­кен­дік­тен, қалып­тасқан жағ­дай­ды шынайы баға­лай біл­ген­дік­тен ғана аман қал­ды.

Осы­ның бәрі Назар­ба­ев­тың наза­ры­нан ғана емес, оның төңіре­гін­де­гілер­дің де есі­нен шыққан жоқ. Ал мұн­дай жағ­дай­дан қоры­тын­ды жаса­удың жолын ол жақ­сы мең­гер­генін біз де жақ­сы біле­міз. Менің ойым­ша, ол жасаған қоры­тын­ды әрдай­ым «тоңқай­ған» түр­де жаса­ла­ды. Соның бір үлгісі – Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес­ке жол­данған «өтіні­ші» бол­са керек.

– Шынын­да, Назар­ба­ев­тың бұл «өтіні­ші» күл­кіңді кел­тіреді: өзі ойлап тапқан Кеңе­стен, өз жар­лы­ғы­мен тағай­ын­далған кеңе­стің мүше­леріне «өтініш» жол­да­уға күл­мей көр! Олар Назар­ба­ев­тың қалап тұрған жау­а­бы­на қар­сы пікір айту­ла­ры мүм­кін бе?! Бұл Кеңе­стің көке­лері айт дегенін айту­дан басқа ама­лы бар ма?

Негізі, Уәли­хан мыр­за, менің ойым­ша, Назар­ба­ев расын­да да өз халқы­нан қат­ты қорқа­тын болуы керек. Әйт­пе­ген­де, елдің алды­на шығып: «Жағ­дай осы­лай болып тұр, қиын­шы­лы­ққа тап бол­дық, енді қан­дай ақыл қоса­сың, халқым?» деп, мен шар­ша­дым деген сыңай­мен ел-жұрт­ты келелі кеңес­ке шақыр­са, мұны­сы әлдеқай­да ақы­лға қоным­ды қадам болар еді. Яғни, ол өз халқы­ның алдын­да адал емес, ойы – тек қана пре­зи­дент­тік билі­гін ұзар­та түсу. Ал мұн­дай қитұрқы интри­га мен алдап-арба­уға халық қан­ша­лы­қты шыдап оты­ра бер­мек? Мен елден де, сіз­ден де осы сұрақтың жау­а­бын есті­гім келеді…

– Сіз өзіңіз де әртүр­лі әле­умет­тік желінің форум­да­ры мен чат­та­ры­нан бай­қап жүр­ген болар­сыз: олар­дан жал­пы қазір­гі билік­ке деген, Назар­ба­ев­тың жеке өзіне деген аз-маз жылы пікір­ді кезік­ті­ре алмай­сыз. Керісін­ше, әле­умет­тік желіні халы­қтың нара­зы­лы­ғы керіп тұр. Осын­дай жағ­дай­да Назар­ба­ев тағы да пре­зи­дент­тік билі­гін сақтап қалғы­сы келіп отыр деу – шек­тен шыққан ақы­мақтық болар еді. Тіп­ті түр­лі айла-шарғы мен фаль­си­фи­ка­ция жасап, тағы да пре­зи­дент­тік тақта қалу – Назар­ба­ев­тың өзіне ғана емес, тұтас мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есіне де өлім­мен тең. Бірақ осын­дай мүм­кін қатер­дің бола­рын Назар­ба­ев пен оның төңіре­гі біліп отыр ма? Бұған адам бала­сы­ның қара­пай­ым ғана ақы­лы­мен жау­ап беру­ге бола­ды: есің бар­да, еліңді тап!

Есіңіз­де ме, «бұл енді біздің пре­зи­ден­ті­міз бола алмай­ды, болуға қақы­сы да жоқ» деген халы­қтың қаһа­ры­нан соң, Юго­сла­ви­я­ның пре­зи­ден­ті Сло­бо­дан Мило­ше­вич тақтан тай­ған еді. Ол өз халқы­ның титы­ғы­на әбден тиіп болған соң, бүкіл сай­ла­у­шы­лар оған қар­сы дауыс бер­ген еді. Бірақ сай­лау комис­си­я­сы оның бұй­ры­ғы­на мой­ын­сұ­нып, Мило­ше­ви­чтің «жеңісін» жария ету­ге мәж­бүр бол­ды. Бұл шеші­мі­мен келіс­пе­ген және нара­зы­лы­ғы өрші­ген тобыр ақыр аяғы бүкіл елдің сай­лау комис­си­я­ла­рын штурм­мен басып алды. Сол кез­де комис­си­я­ның фаль­си­фи­ка­ция жасаған хат­та­ма­ла­ры ғана емес, Мило­ше­вич­ке алдын ала «дауыс беріл­ген» бума-бума бюл­ле­тень­дер де аны­қтал­ды. Ал Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның жер­төлесі­нен сол Мило­ше­ви­чті қол­даған, заң­сыз басы­лған бюл­ле­тень­дер­дің орас­ан зор қоры табыл­ды. Бұл тарих­тың нәти­же­сі қай­ғы­мен аяқтал­ды – Сло­бо­дан Мило­ше­вич адам­за­тқа қар­сы қыл­мыс жаса­у­шы ретін­де Гаа­га три­бу­на­лы­мен сот­тал­ды. Өз елін­де дүлей дик­та­тор болған адам Гаа­га түр­месін­де жапа­дан-жалғыз қалып, бар­лық абы­рой­дан жұр­дай болып, ауыр науқастан масқа­ра жағ­дай­да өлді. Ал оның бере­кесіз билі­гі сал­да­ры­нан Юго­сла­вия бес тәу­ел­сіз мем­ле­кет­ке бөлініп кет­ті.

– Сон­да, даңқтан жұр­дай болып өлген дик­та­тор­лар­дың осын­дай аяны­шты тағ­ды­рын тал­дап кел­ген­де, ақы­рын­да қан­дай қоры­тын­ды жаса­мақ бол­ды­ңыз, Уәке? Әрине, түсініп отыр­мын, бұны­ңыз Назар­ба­евқа қаты­сты жасалған ескер­тудің иша­ра­сы бол­ды ғой?

– Қоры­тын­ды сол – «Назар­ба­ев не себеп­тен өзінің «Кеңесіне» Кон­сти­ту­ци­я­ның 42-бабын­дағы 3-тар­мақты түсін­діріп беру­ге өтініш жаса­ды?» деген сіздің сау­а­лы­ңы­зға бер­ген жау­а­бым­ның алғы­сөзі. Шама­сы, ол тығы­ры­ққа тірел­ді. Келесі пре­зи­дент­тік сай­ла­уда оған ешкім дауыс бер­мей­ді. Оны Назар­ба­ев­тың іші сезеді.

Айт­пақ­шы, дауыс бер­мек түгілі, енді­гі жер­де оған «99 пай­ыз дауыс берілуіне» кезек­ті рет ақы­мақ болып қалғы­сы кел­мей­тін халы­қтың өзі де көн­бей­ді. Елде­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­ал­дың аяны­шты жағ­дай­ын­да, менің ойым­ша, халық 9 пай­ыз өтірік­ке де келіс­пей­ді. Тіп­ті нақты жағ­дай­да солай болған күн­нің өзін­де, халық бұған илан­бай­ды. Ел-жұрт «өтірік­шінің шын сөзіне де сен­бей­ді» деген мәтел­дің кебі келей­ін деп тұр.

– Енде­ше Назар­ба­ев­тың көк­се­гені не? Сіздің сөзіңіз­ге қараған­да, «өгіз де өліп, арба да сынай­ын» деп тұрған сияқты. Назар­ба­ев үшін екі кеса­пат­тың қай­сысы қолай­лы­рақ бол­мақ?

– Назар­ба­ев үшін өзінің сая­си карье­ра­сын сақтап қалу­дың бір ғана мүм­кін­ді­гі қал­ды. Оның соңғы мүм­кін­ді­гі – пре­зи­дент бол­май-ақ, пре­зи­дент­тің рөлін­де қалу шан­сы. Бірақ солай болған­да да, соңғы нәти­же­сін­де де бұл шанс оған жеңілістің ащы күй­зелісін әке­леді.

Орыс халқы айт­пақ­шы, «иттің көміл­ген жері» Кон­сти­ту­ци­я­ның өзін­де жатыр…

– «Иттік­тің көміл­ген жері» емес пе? Сіздің баға­на­дан бер­гі сөзіңіздің төр­кіні осы­ған сая­тын сияқты…

– Айыр­ма­шы­лық жоқ! Назар­ба­ев өзіне ыңғай­ла­сты­рып жасап алған Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның тірі құр­ба­ны­на айнал­ды – «иттің көміл­ген жері» дегенім осы.

Тарқа­тып айтар бол­сам, бұл Ата заң енді­гі жер­де Назар­ба­ев­тың өзіне қар­сы жұмыс істей­тін бол­ды. Назар­ба­ев­тық Кон­сти­ту­ци­я­ның бар­лық юри­ди­ка­лық және құқы­қтың нор­ма­ла­ры­на бай­ла­ны­сты біздің елде «Бірін­ші Пре­зи­дент» өз еркі­мен билік­ті басқа тұлғаға бере алмай­ды екен. Пре­зи­дент­тің билі­гі басқа ада­мға төрт жағ­дай­да ғана бері­ле ала­ды: бірін­ші­ден – қай­та­дан сай­ла­ну (пере­из­бра­ние); екін­ші – мерзі­мі­нен бұрын босау, ал бұл дегеніңіз пре­зи­дент­тік мін­дет­ті ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты атқа­ра алмауға сая­ды; үшін­ші­ден, «Бірін­ші Пре­зи­дент» өліп қалған жағ­дай­да ғана. Бірақ бұл үш нұсқа да нақты жағ­дай­да оған қол бол­май­ды. Алды­ңғы еке­уі – мүм­кін емес, ал үшін­шісі бір Алла­ның ғана қолын­дағы жағ­дай…

– Қысым мен зор­лы­ққа көн­дік­кен халы­қта сол үшін­ші нұсқаңы­здан басқа үміт қал­маған сияқты ғой…

– Әзіліңізді түсі­не­мін, Ере­ке. Бірақ Назар­ба­ев­тың мүм­кін­ді­гін­де төр­тін­ші нұсқа бар. Ал ол нұсқа да Назар­ба­евқа өз еркі­мен билік­ті мұра­геріне беру­ге жара­май­ды. Бұл – билік­тен кеті­ру (отре­ше­ние) нұсқа­сы. Міне, мен айтқан «ит» пен бар­лық про­бле­ма осы жер­де жатыр. Егер Назар­ба­ев өз қыз­меті­нен кетіп, билік­ті басқа бір «өз ада­мы­на» беретін бол­са, ол бұдан кей­ін таза нөл болып қала­ды: Кон­сти­ту­ци­я­ның 42-бабын­дағы 3-тар­мақта соқы­рға таяқ ұстатқан­дай жазы­лған – қыз­мет­тен кет­кен тұлға «экс-пре­зи­дент» деген мәр­те­бе­ден айы­ры­ла­ды. Ал бұл мына­дай юри­ди­ка­лық нәти­же­ге тап қыла­ды: кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесі (ста­ту­сы) бой­ын­ша, жаңа пре­зи­дент «Бірін­ші Пре­зи­дент­ке – Елба­сы­ға» айна­ла­ды. Ары қарай­ғы жағ­дай Назар­ба­ев­ты одан да зор қай­ғы­ға тап қыла­ды: бұған дей­ін­гі өзі үшін және отба­сы­на арнап жиған-тер­ген кепіл­ді­гі авто­мат­ты түр­де жой­ы­ла­ды, ал ол юри­ди­ка­лық «қай­ыр­шы­ға» айна­лып шыға келеді.

– Қалай­ша? «Все­мо­гу­щий Брюстің» рөлін­де жүр­ген Назар­ба­ев­тың ондай жағ­дай­ға тап болуы мүм­кін емес қой?! Сіз қат­ты­рақ асы­ра сіл­теп жібер­ген жоқ­сыз ба?

– Әбден мүм­кін! Себебі ол даңқы мен абы­рой­ын сақтап, отстав­каға кет­кен «Бірін­ші Пре­зи­дент» емес, тіп­ті «экс-пре­зи­дент» те бол­май қала­ды. Бұл ара­да «Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы» заң да оған көмек­те­се алмай­ды. Себебі бұл жағ­дай­да ол заң Назар­ба­ев үшін жазыл­маған болып шыға­ды. Ол қатар­дағы зей­нет­кер ғана емес, тұл­дыр­сыз қалған және қай­дан кел­гені бел­гісіз адам сана­ты­на кіреді.

Есесіне «екін­ші» пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың бола­шақта өзі үшін дай­ын­даған бар­лық раха­тын толық пай­да­ла­на ала­ды. Айт­пақ­шы, екі мерзім­нен артық сай­ла­нуға «екін­шінің» еркі бола­ды, себебі ол «Бірін­ші Пре­зи­дент­тің» рөліне кіреді де, бұл шек­те­удің оған қаты­сы бол­май­ды.

– Уәке, содан, ақы­рын­да не болып шыға­ды өзі: мына­уы­ңыз, шынын­да да, бас қаты­рар­лық шым-шыты­рық жағ­дай екен?

– Содан, ақы­рын­да «А ля Назар­ба­ев» фор­ма­сын­дағы Дариға­ны қар­сы алуға дай­ын­да­ла беріңіз. Мүм­кін, бәрі керісін­ше болуы да мүм­кін, себебі өзіңіз айтқан­дай, «все­мо­гу­щий Назар­ба­ев» бар­лық заң­ды белі­нен басып жүре беруі әбден мүм­кін. Оны енді уақыт көр­се­те­ді. Иә, дұрыс айта­сыз, шым-шыты­рық бас қаты­рар­лық жағ­дай­дың лаби­рин­ті­нен шығу­ды Назар­ба­ев Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің талқы­сы­на бер­ді.

– Бірақ «все­мо­гу­щий» оның жау­а­бын күні бұрын дай­ын­дап қой­ға­ны­на күді­гіңіз бар ма?

– Жоқ, сон­ша­лы­қты күді­гім жоқ. Деген­мен, былай­ғы жұр­тқа және заң­нан хаба­ры бар маман­дарға сенім­дірек болу үшін, Назар­ба­евқа Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің «кеңесі» керек болып тұрған шығар. Себебі Кон­сти­ту­ци­я­ны диле­тант­тар ғана емес, заң­нан сау­а­ты бар және юри­ди­ка­лық білі­мі терең адам­дар да оқи­ды. Сон­ды­қтан Кеңе­стің «кеңесі» бір­ша­ма шын­ды­ққа жана­суы тиіс. Ал мен сияқты заңи құжат­тар­ды оқи ала­тын және оған баға беру мүм­кін­ді­гі мол адам­дар пре­зи­дент­тің қитұрқы әре­кетін, егер ондай­ға жол беріл­се, оп-оңай тауып ала­ты­ны­мы­зға сіздің күді­гіңіз бар ма?

– Әлбет­те, ондай күдік­ке жол бере алмай­мын. Оның үстіне бір кез­дері «назар­ба­ев­тық кон­сти­ту­ци­я­ны» жаса­уға қаты­сқан бірқа­тар заң ғалым­да­ры­ның өздері пре­зи­дент­тің бүгін­гі сая­са­ты­на қар­сы екенін біле­мін және олар сіз айтқан «иттің көмулі жатқан жерін» күнібұрын білетініне әбден сенім­ді­мін. Ондай халы­ққа қарай­лас заң ғалым­да­ры үнде­мей қала­ды деп ойла­май­мын. Ал егер осы орай­да ой-пікірі­мізді біл­діре­міз дей­тін кон­сти­ту­ци­я­лық ғалым­дар бол­са, біз оларға газет­тің бетін беру­ге дай­ын­быз.

– Жақ­сы, бұл ұсы­ны­сы­ңы­зды мен де өзім білетін ғалым­дарға айта жүрей­ін. Енді­гі жер­де бір адам­ның ел билі­гін «ағаш ат қылып мінуіне» бар­ша жұрт, оның ішін­де әсіре­се маман-ғалым­дар қар­сы болуы тиіс деп ойлай­мын.

– Ал сөз соңын­да Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес Назар­ба­евқа қан­дай «кеңес беруі» мүм­кін деп топ­шы­лай­сыз?

– Бұл орай­да мен өз пікірім­ді жаңа тарих­та орын алған деректер мен дәй­ек­тер негізін­де кел­тірей­ін. Біздің Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің тарихын­да Кон­сти­ту­ци­я­ның бап­та­рын ресми түсін­ді­ру кезін­де көпе-көр­неу абсурд қаулы­лар шығарған кез­дері бол­ды. Халы­қтың көзін бақы­рай­тып қой­ып, ақты – қара неме­се керісін­ше шешім шығарға­нын біле­міз.

Бірақ бұл жолы Кеңе­стің «талқы­сы» пре­зи­дент­ке қан­дай қолай­лы шешім шыға­рып бер­се де, автор­лар бір ақиқат­ты білуі тиіс: қитұрқы­ға еріп, халы­қтық мүд­де­ге қар­сы шешім шыға­ру­дың соңы бір-ақ тұтам! Ертең Назар­ба­ев кет­кен­нен кей­ін де күн шыға­ды, өмір жалға­са береді. Сол кез­де­гі халы­қтың алдын­дағы ар-ождан мен кір­шіксіз абы­рой бәрі­нен де қым­бат бола­ды. Ол Кеңе­стің бүгін­гі мүше­лері заң­ды бұра тар­та беретін бол­са, ертең біре­удің заң­дық құқы­ғын қорға­мақ түгілі, қара­пай­ым адам­гер­шілік нор­ма­ла­ры мен шынын­да да «Ұлы дала» қаза­қта­ры­ның құр­метіне зар болып қала­ды. Сон­ды­қтан олар­дан Қаза­қстан халқы­на қарай­лас әділет­тің ақ жолын атта­мауды сұрай­мын.

– Кеңес мүше­лерінің құлағы­на жет­се, Назар­ба­ев­тың «өтіні­ші­нен» бір­де-бір кемісті­гі жоқ өтіні­шіңіз әбден орын­ды бол­ды, Уәли­хан мыр­за! Тәңір тіле­уіңізді бер­сін!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн