fbpx

Украина мен Ресейдің арасы СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНДА

Соны­мен… Жоғарғы Рада «Соғыс жағ­дайы» тура­лы шешім қабыл­да­ды. 30 күн­ге және Укра­и­на­ның бар­лық облы­ста­ры­на емес, тек соғыс қау­пі күшті деген облы­ста­ры мен Азау теңізі аква­то­ри­я­сын­да ғана. Олар Вин­ни­ца, Луганск, Донецк, Одес­са, Сумск, Харь­ков, Чер­ни­гов, Хер­сон, Нико­ла­евск, Запо­ро­жье облы­ста­ры.

«Тағы да қай­та­лап айта­мын – «Соғыс жағ­дайы» тек РФ агрес­си­я­сы басталған кез­де ғана іске қосы­ла­ды. Қан­дай да бір Ресей сол­да­ты­ның аяғы Укра­и­на жеріне кір­ген кез­де, мен бір секун­дқа да кідір­мей­мін» – деді Поро­шен­ко.

Сон­дай-ақ кезек­ті пре­зи­дент сай­ла­уы 2019 жыл­дың 31 науры­зы­на бел­гі­лен­ді. Айта кетей­ік: «Соғыс жағ­дайы» шеші­міне 276 депу­тат «иә» деп, 30 депу­тат «қар­сы» дауыс бер­ді. Пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на 298 – «ия», «қар­сы» – жоқ. Кей­бір ФБ қол­да­ну­шы­ла­ры тара­пы­нан: «5 жыл бойы соғы­сып жатып, «соғыс жағ­дай­ын» енді ғана енгізіп жатқан­да­ры несі?» – деген сияқты сұрақтар бар екен. Сал­мақты сарап­шы­лар­дың пікір­лері әлі шыға қой­ған жоқ, сон­ды­қтан әзір­ге өз ойым­ды ғана айтай­ын.

Укра­и­на­ның сол кез­де «соғыс жағ­дай­ын» жари­я­ла­уы нағыз суи­цид­тің өзі болған болар еді. Неге?

РФ өте күшті жау. Әске­ри тех­ни­ка­сы мен адам санын айт­паған­да, оның СССР кезі­нен мұраға қалған мықты аген­ту­ра­сы, шетел­де­гі дипло­ма­ти­я­лық кор­пу­сы бол­ды. Олар­дың басым бөлі­гінің кім­дер екен­ді­гіне көзі­міз жетіп келеді. Олар­дың хакер­лік шабуыл жасау әре­кеті АҚШ-тың өзін састы­рға­ны есі­міз­де. Орыс про­па­ган­да­сы да әлем­де кез кел­ген елдің басын айнал­ды­рып жібе­ру­ге қабілет­ті екен­ді­гі бел­гілі. Ал шетел­дер­де­гі орыс диас­по­расы деген­дері­міз де ұрпақта­ры сон­да өсіп, биз­несі сон­да өркен­деп жат­са да, жеме-жем­ге кел­ген­де РФ-ның сөзін сөй­лей­тін­ді­гі бел­гілі бол­ды.

Осын­дай жағ­дай­да РФ-мен ат құй­ры­ғын кесісіп, ашық соғы­сқа бару – Укра­и­на үшін аса қауіп­ті еді. Сон­ды­қтан РФ-ның: «Укра­и­на­да әскері­міз жоқ, онда аза­мат соғы­сы жүріп жатыр», – деп, әлем­ді сен­діру­ге тыры­сқан өтірі­гіне сен­ген түр көр­се­ту­ден басқа амал­да­ры қал­ма­ды. Бұл РФ-ның өз өтірі­гіне өзі сеніп, әлем елдерін алдап отыр­мыз деген жалған сезім­де болуы­на, сөй­тіп үлкен соғы­стың кей­ін­ге шегерілуіне мүм­кін­дік бер­ді.

Бұл екі орта­да Укра­и­на арми­я­сын жетіл­ді­ре бер­ді. Қорға­ныс зауыт­та­ры тап­сы­ры­стар қабыл­дап, бұры­нғы әле­ует­теріне қай­тып кел­ді. Бір­не­ше моби­ли­за­ция арқа­сын­да армия саны толы­қты. НАТО-ның көме­гі­мен әскері жаңа так­ти­ка­ларға үйрен­ді.

Қазір­гі кез­де «соғыс жағ­дай­ын жари­я­лау» – бұл Укра­и­на­ның күшей­ген­ді­гін көр­се­те­ді. Оның халы­қа­ра­лық беделі арт­ты. Әлем халы­қта­ры кім­нің кім екен­ді­гін түсін­ді. Оның үстіне бұрын РФ әртүр­лі сыл­та­у­лар­мен агрес­си­я­сын мой­ын­да­май кел­се, енді ашы­қтан-ашық, Азау теңізін­де­гі Мари­у­поль қала­сы­на бара жатқан Укра­и­на кеме­леріне оқ жаудыр­ды. Бұл – нағыз агрес­сия. Осын­дай жағ­дай­да Укра­и­на­ның «соғыс жағ­дай­ын» жари­я­ла­уы өте орын­ды деп ойлай­мын.

Әттең, алдағы сай­лау тек 30 күн­ге ғана мүм­кін­дік береді, әйт­пе­се қашан Қырым мен Дон­бас­сты босатқан­ша «соғыс жағ­дай­ын» жари­я­ла­у­ға бола­тын еді. РФ агрес­си­я­сы­ның бір себебі де осы – қалай­да алдағы сай­ла­уды болғы­з­бау неме­се кей­ін­ге ығы­сты­ру.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Республиканский еженедельник онлайн