fbpx

ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛҒАНДАР қазақ үкіметінен араша сұрайды

Қаза­қстанға Қытай­дың Шың­жаң өлкесі Бұра­та­ла ауда­ны­нан қоныс аударған қаза­қтар дүй­сен­бі күні Алма­ты­да бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, Қытай­да қамауда оты­рған туы­ста­рын боса­туға көмек сұра­ды.

«Ата­жұрт ерік­ті жаста­ры» ұйы­мы­ның кең­сесін­де жиналған аза­мат­тар туы­ста­ры­ның Қытай­да қамауда оты­рға­ны­на – алды бір жарым жыл, арты – бір­не­ше ай болға­нын айт­ты. Олар­дың сөзін­ше, туы­ста­ры­нан құжат­та­рын тар­тып алып, сая­си үйре­ну орта­лы­қта­ры­на жапқан. Алма­ты облы­сы­ның Көк­су ауда­ны­нан кел­ген әйел Төле­ухан Жұма­бек­тің айтуын­ша, ұлы Манаш­бек Әубәкір­ді (Қытай аза­ма­ты) был­тыр Қаза­қстанға келіп кет­кен соң, тамы­зда ұстаға­нын, себебін түсін­дір­ме­генін айта­ды. Жиын­да сөй­ле­ген «Ата­жұрт ерік­ті жаста­ры» ұйы­мы­ның өкілі «осын­дай жиын­дар­дың нәти­же­сін­де Қаза­қстан билі­гі қамауда оты­рған этни­ка­лық қаза­қтар­дың жағ­дай­ы­на қаты­сты Қытай­ға нота жол­даға­нын» айт­ты.

Сәр­сен­бі күні “Ата­жұрт ерік­ті жаста­ры” тір­кел­ме­ген ұйы­мы­ның кең­сесін­де Қытай­дың Құмыл аймағы­на қарас­ты Бар­көл ауда­ны­нан Қаза­қстанға қоныс аударған оты­зға жуық адам жина­лып, Қаза­қстан билі­гі­нен “Қытай­да қамауда оты­рған” туы­ста­ры­на ара­ша сұра­ды.
Ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың айтуын­ша, бұған дей­ін Бар­көл ауда­ны сая­си үйре­ну лагеріне қаза­қтар ең аз қамалған өңір болған. Олар “аудан­да екі жыл­да 300-дей адам ғана қамауға алы­нға­нын, бірақ соңғы бір апта­ның ішін­де бұл сан 200-ге күрт өскенін” айта­ды.

Жиы­нға қаты­су­шы­лар­дың бірі – Айбек Жапай­ұ­лы “2017 жылы осын­дағы анам мен әкем­ді Қытай шақыр­тып еді. Сон­да жет­кен соң анам­ды сая­си үйре­ну лагеріне жіберіп­ті. Әкем қазір үйқа­мақта, ешқай­да шыға алмай­ды. Олар­дың жазы­ғы – Қаза­қстан­да тұра­тын бала­ла­ры­ның қолы­на келіп, неме­ре­лерін баққа­ны” дей­ді
Бас­пасөз жиы­нан кей­ін бел­сен­ділер Қаза­қстан билі­гі мен халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­ры ұйым­да­ры­нан ара­ша сұрап, үндеу оқы­ды.

Шың­жаң ұйғыр авто­но­ми­я­лық облы­сы Құмыл аймағы­на қарас­ты Бар­көл ауда­нын­да 90 мың­дай адам тұра­ды. Оның 21 пай­ы­зы – қаза­қтар. Бұған дей­ін “туы­ста­ры­мыз Қытай­да жазы­қ­сыз қамауда отыр” деп Қытай­дың Дөр­біл­жін, Сау­ан, Күнес, Шап­шал, Бора­то­ла, Толы секіл­ді бір­не­ше ауда­ны мен Шәу­е­шек қала­сы­нан көшіп кел­ген қаза­қтар жиын өткіз­ген.

2017 жыл­дың сәуірі­нен Қаза­қстан ақпа­рат құрал­да­рын­да Қытай қаза­қта­ры­ның қысы­мға ұшы­раға­ны тура­лы жиі айты­ла баста­ды. Қытай­дың Шың­жаң-Ұйғыр авто­но­ми­я­лық өлкесі­нен Қаза­қстанға қоныс аударған қаза­қтар Қытай­да қамалған туы­ста­ры­на ара­ша сұрап бұған дей­ін де бір­не­ше рет жиын өткіз­ген. Олар Қаза­қстан билі­гі мен халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дан Қытай билі­гінің туы­ста­рын боса­туы­на ықпал етуін сұрай­ды.

Қытай этни­ка­лық азшы­лық өкіл­дерін сая­си лагерь­лер­ге топ­тап қамай­ты­ны жай­лы Халы­қа­ра­лық адам құқы­ғын қорғау ұйым­да­ры мен түр­лі елдер­дің бас­пасөзі жазып келеді.

Қазан­ның 16-сын­да Шың­жаң үкі­метінің төраға­сы Шохрат Закир «осын­дай орта­лы­қтар­дың арқа­сын­да аймақ діни экс­тре­ми­стік әре­кет­тер­ден аман қалға­нын, қазір жағ­дай­дың қауіп­сіз әрі тұрақты екенін» айтқан. Закир­дің сөзін­ше, мұн­дай орта­лы­қтар­да оты­рған­дар ман­да­рин тілін (қытай тілінің ірі диа­лек­тісі) мең­геріп, зама­на­уи ғылым үйре­неді. Сая­си лагерь­лер­ді «тегін кәсіп үйре­ну орта­лы­қта­ры» деп сипаттаған шене­унік мұн­да «маман­дық жетіл­діру­мен қатар, спорт­тық мәде­ни шара­лар өтетінін де» айтқан.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн