fbpx

ТОЙҒА «ШАШУ» – кімнің қалтасынан?


Аста­на тойы мен өз туған күнінің қамы­м­ен Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Ұлы­тау» алле­я­сы мен «Қазақ еліне мың алғыс» мону­мен­тіне барып­ты.

«Мем­ле­кет бас­шы­сы Есіл­дің сол жаға­ла­у­ын­дағы жаңа алле­я­ны ара­лап көр­ген­нен кей­ін, «Қазақ еліне мың алғыс» мону­мен­ті алды­на жиналған Қараған­ды облы­сы­ның этно­мә­де­ни бір­ле­стік­терінің өкіл­дері­мен әңгі­ме­ле­сті», – деп хабар­лап­ты бұл орай­да пре­зи­дент­тің бас­пасөз қыз­меті.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қаза­қстан тарихын­дағы қилы кезең­дер­дің халық жадын­да сақта­лу маңы­зды­лы­ғын айта келіп: «Бүгін елор­да­да көріп оты­рған жетістік­тері­міздің бәріне 20 жыл­дың ішін­де қол жет­кіздік. Аста­на­ны салуға бүкіл Қаза­қстан атса­лы­сты, басқа­ша болуы да мүм­кін емес еді. Сон­ды­қтан біз бұл мерей­той­ды бар­лық облы­стар­дың қаты­суы­мен, кеңі­нен той­лап жатыр­мыз. Елі­міз­де­гі аза­мат­тар­дың бәрі өздерін жай­лы сезініп, жақ­сы өмір сүр­генін қалай­мын…» – деп­ті сол ара­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев.

Ал ол «қала­удың» нақты жағ­дайы қан­дай? Аста­на­ның той­ы­на бар­лық облы­стар бір­не­ше жүз­де­ген мил­ли­он тең­генің шашуын шашты. Иә, тура маға­на­сын­да – шашты. Сөй­те тұра, сол облы­стар­дың өздерін­де ауыз­суға зар болып оты­рған ауыл­дар бар. Бар емес, Қаза­қстан­ның 40 пай­ы­зға жуық елді мекені таза суға зәру.

Ал осы жағ­дай­да Аста­на қала­сын салуға 20 жыл­да жұм­салған инве­сти­ци­я­ның жал­пы сома­сы, ресми дерек бой­ын­ша, 47 мил­ли­ард дол­лар­дан асқан екен (8,3 трил­ли­он тең­ге). Бүкіл Қаза­қстан­ның екі жыл­дық бюд­жетіне пара-пар сома! Бұл санат­та мем­ле­кет бюд­жеті­нен бөлін­ген қар­жы­ның қиса­бы айтыл­май­ды. Оның мөл­шері құпия есеп. «Қалаға салы­нған бар­лық инве­сти­ци­я­лар­дың 90 пай­ы­зы – бюд­жет­тен тыс», – дей­ді қала әкі­мі Әсет Исе­ке­шев.

Солай-ақ бол­сын. Сеней­ік. Алда­най­ық. Бірақ ол итже­гір инве­сти­ци­я­ның қай­та­ры­мы қай қал­та­дан төле­неді? Бұл сұрақтың жау­а­бы да бел­гілі – халы­қтың салы­ғы есебі­нен қай­та­ды! Бұл – бола­шақ ұрпақтың мой­ы­ны­на кеп­тел­ген қамыт.

Ал ел ішін­де­гі сөздің нұсқа­сы мынау: «Аста­наға әр облыс сый­лық жасап жатыр… Ойпыр-ой, шен-шек­пен­ді жыл сай­ын жан­та­ла­са кірі­сетін бұл да бір дәстүр­лі сай­ы­сқа айнал­ды. Бірі­нен-бірі асып түскісі келеді… Ғарыш кешені, /янтарь/ көпір, тағы бір­деңе… Облыс әкім­деріне сый­лық жаса­уды мін­дет­те­ген­ше дей­мін-ау, 30 жыл бойы билік етуіне мүм­кін­дік бер­ген қазақ деген xалы­қтың құр­метіне көп жыл­дық неси­есін төлей алмай сер­гел­дең­ге түс­кен­дер­дің қары­зын кешір­се­ші… Мұн­дай жақ­сы­лы­қты бұ жалған­да ұмыт­пас еді ел… Неме­се трил­ли­он­дар айна­лып жатқан Алма­ты­дағы туы­старға тие­селі бараxол­ка­ның салы­ққа түс­пей жатқан ақша­сы­на жетім­дер үйі­нен шыққан тұл жетім түлек­тер­ге арнап, әр қала­дан бір-бір «ізгілік үйі» кешенін соқ­са­шы…» Бұл – бел­гілі қай­рат­кер қыз Дина Елге­зек­тің сөзі.

Басқа жұрт­тың айта­ры да осы төңірек­те бола­ры­на бәс тігу­ге бола­ды.
Енді дей­мін-ау, осы­лай­ша «шөмі­ш­тен қағы­лған» бұл қаза­қтың дарақы­лы­ғы да далиып бара­ды. Қызы­лор­да­лық бір ағай­ын­дар жаңа туған пер­зен­тіне «Нұр­пре­зи­дент» деп есім бер­ген екен (сурет­те).
Бұған енді тағы да сол Ася Асет­ки­на желі­де: «Нұр­лы» тіл­мен айтқан­да, «ё-мое, охну­ре­ли уже» деуден басқа сөз жоқ…

Ермұрат БАПИ

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн