fbpx

Теменов неге Баянмен АЛАГӨЗ БОП ЖҮР?

Аты­шу­лы про­дю­сер Баян Ала­гө­зо­ва бел­гілі режис­сер, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Талғат Теме­но­втың 1992 жылы түсір­ген «Махаб­бат бекеті» филь­мінің жалға­сы болып табы­ла­тын «Тағ­дыр стан­ци­я­сы» филь­мін түсіріп біт­ті. Жуы­қта оның тұса­у­ке­сері бола­ды.

Бел­гілі Баян­ның филь­мі бүгін­нен – 24 қаңтар­дан бастап елі­міздің бар­лық кино­те­атр­ла­рын­да көр­сетіледі деп жос­пар­ла­ну­да. Бірақ «Тағ­дыр бекетінің» тағ­ды­ры сотқа келіп тірел­ген түрі бар: Қаза­қстан­ның халық артисі Талғат Теме­нов Аста­на қала­сы­ның Есіл аудан­дық соты­на автор­лық құқы­қтың бұзы­луы тура­лы ары­з­бен Баян Ала­гө­зо­ва­ны сотқа бер­ді. Ол «Тағ­дыр бекеті» филь­мін кон­тра­фак­тілік өнім­дер ретін­де танып және «Shine Production» ком­па­ни­я­сы мен Баян Ала­гө­зо­ва­дан 30 млн тең­ге көле­мін­де мораль­дық шығын өндіріп алу тура­лы сотқа арыз түсір­ді.

Деген­мен, сот фильм­нің бар­лық көшір­ме­лерін және фильм­ді көр­се­ту­ге тый­ым салу тура­лы өтініш беру­шінің тала­бын қабыл­да­ма­ды. Сот­тың «бұлай жасау себебі – бұл заң­ды құқы­қтың бұзы­луы­на, басқа тұлға­лар­дың мүд­де­леріне және «Shine Production» ЖШС-нің банк­ро­тқа ұшы­ра­уы­на алып келуі мүм­кін», деп хабар­лай­ды Stan.kz пор­та­лы.

Соған қара­ма­стан, сот Теме­но­втың автор­лық құқы­қтың бұзы­луы және мате­ри­ал­дық зиян­ды өтеу тура­лы талап­та­рын қабыл­дап, аза­мат­тық іс қозға­ды. «Shine Production» ЖШС-і және Баян Ала­гө­зо­ва­ның кінәсі­нен кино­те­атр­ларға ықти­мал зиян кел­тір­меу және ара­да түсініс­пе­ушілік­тер бол­мас үшін, мен Қаза­қстан­да фильм­дер­ді көр­се­тетін және жалға ала­тын ұйым­дар­ды сот про­цесі аяқталғанға дей­ін «Тағ­дыр стан­ци­я­сы» филь­мін көр­сет­пе­уді ұсын­дым.

Бұл ұсы­ныс ҚР «Автор­лық және сабақ­тас құқы­қтар тура­лы» заңы­мен негіз­дел­ген. Осы заң­ның 49-бабы­ның екiн­шi бөлi­гi кон­тра­фак­тiлiк деп сана­ла­тын автор­лық құқық объ­ек­тiлерiнiң бар­лық көшiр­ме­лерiн, сон­дай-ақ олар­ды жасау мен көбей­ту­ге арналған мате­ри­ал­дар мен жаб­ды­қтарға арест қою­ды және алып таста­уды көз­дей­ді», – деп мәлім­деді Теме­но­втың автор­лық құқы­ғын қорға­у­шы заң­гер Бей­біт Жұмаға­ли.

Айта кет­сек, Баян Ала­гө­зо­ва «Махаб­бат бекетінің» режис­серіне: «Тиісті орган­дарға шағым­да­нып, сізді жау­ап­кер­шілік­ке тар­та ала­мын», – деп Теме­но­втың рұқ­сат бер­ме­геніне қара­ма­стан, фильм­нің жалға­сын түсіретінін мәлім­де­ген бола­тын, деп жаза­ды Stan.kz. Ал Теме­нов мыр­за­ның Баян ханым­мен ала­көзді­гі немен аяқта­ла­ры сот нәти­же­сін­де аны­қта­ла­ды.

Республиканский еженедельник онлайн