fbpx

Сыйлыққа таласқанда – СҰМДЫҚСЫҢДАР!

«Қай­да əлгі – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кер­лері, ғылым док­тор­ла­ры, про­фес­сор­лар, «Пара­сат», «Құр­мет», т.б. толып жатқан орден-медаль­дың кава­лер­лері, жай­шы­лы­қта жүл­де үшін жанын жал­дап сахна­дан түс­пей­тін айтыс ақын­да­ры һəм мүшəй­ра біт­кен­ді құр жібер­мей­тін жаз­ба ақын­да­ры!

Сен­дер­дің ақын­дық, тіп­ті док­тор­лық демей-ақ қояй­ын, аза­мат­тық үндерің қай­да?! Неге сек­сен­ге кел­ген зей­нет­кер Айтқо­жа аға, алпы­сқа аяқ басқан Жек­сен жұмыс­сыз, елге сый­май, Аста­наға ауып кет­кен Айсұл­тан жама­нат­ты бола беруі керек?!

Шеше­лерің ұл тудым деп, қал­жа жеген жоқ па?! Қашанғы əліп­тің артын баға­сы­ң­дар?! Абы­рой­ға, атаққа, мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа таласқан­да – сұм­ды­қ­сы­ң­дар! Қазы­бек бидің, Бұқар жыра­удың, т.б. ұлы баба­ла­ры­мы­здың асы десе, юби­лейі десе, əкім-қара­мен табақ­тас болу үшін, жүл­де алу үшін, халы­қтың алдын­да өтірік жақ­сы атты болу үшін, т.б. абы­рой, бедел жинау үшін үкі­дей ұшып жетесің­дер! Ал еліңді тапа­дай тал түсте жау шауып жатқан­да, көт­теріңді қысып, үйде жата­сы­ң­дар!

Неге тым құры­ған­да əкім­шілік­те­гі жиы­нға барып, бір ауыз ақы­рып, теңдік сұра­май­сы­ң­дар?! Неге əле­умет­тік желі арқы­лы сана­сы сан­сы­раған жұр­тқа бір ауыз ақыл қос­пай­сы­ң­дар, тым құры­ған­да көңіл біл­діріп, басу айтып…

Осы­ла­ры­ң­ның қай жері ака­де­ми­к­тік, про­фес­сор­лық, док­тор­лық, еңбек сіңір­ген­дік, т.б. қай­рат­кер­лік?! Ит те, құс та басы­нып жатқан елге неге ес бол­май­сы­ң­дар?!

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ
(Erlan Toleutai)

Республиканский еженедельник онлайн