РЫСҚАЛИЕВ кімнің жолын КЕСІП КЕТТІ?

Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры Аты­рау өңірінің дамуын­да айры­қ­ша із қал­ды­рған қос тұлға бол­ды: бірін­шісі – Иманға­ли Тасмағам­бе­тов – бүгін­де үлкен сая­сат­тан ала­ста­ты­лып, елшілік қыз­мет­ке; екін­шісі – Бер­гей Рысқа­ли­ев – қыл­мыс­кер ата­нып, шетел саға­лап кету­ге мәж­бүр бол­ды. Алға­шқы­сы – билік­тің «аты­нан түс­пе­се» де, тран­зит­тік кезең­ге кесір кел­тір­месін­нің ама­лы­мен Ақор­да­дан алшақта­тыл­ды; екін­шісі – доға­ры­сқа кет­кеніне алты жыл болған­да, сырт­тай сот­та­удың сой­қа­ны­на тап бол­ды.

Біздің айт­пағы­мыз екін­шісі – Бер­гей Рысқа­ли­ев хақын­да. Бер­гей­дің бас­шы­лы­ққа келуі­мен 2006 жыл­дан облы­стың эко­но­ми­ка­лық өрле­уі баста­лып, даму­дың дина­ми­ка­сы 2013 жылға дей­ін сақталға­ны­на ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер дәлел бола ала­ды. Даму­дың бұл деректерін интер­нет­те­гі ашық ақпа­рат­тан аңға­ру сон­ша­лы­қты қиын емес.

Сол ресми ақпа­ратқа ден қой­сақ, көр­сетіл­ген кезең­де облыс тұрғын­да­ры­ның нақты ақша­лай табыст­а­ры 14,5 пай­ы­зға ұлғай­ған екен. Аты­рау облы­сы 6 жыл қата­ры­нан даму дина­ми­ка­сы бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық рей­тинг­те алды­ңғы «үштік­тен» түс­пе­ген. Сол уақыт­тар­да жүр­гізіл­ген тәу­ел­сіз агент­тік­тер­дің сау­ал­на­ма­ла­ры бой­ын­ша, жер­гілік­ті халы­қтың 90 пай­ы­зы облыс әкі­мін толық қол­дап, сенім біл­дір­ген.


Елба­сы бұл жұмысты жоға­ры баға­лап, оны бір­не­ше орден­мен, медаль­дар­мен мара­пат­та­ды. Облы­стағы құр­мет­ті ақсақал­дар, оның ішін­де ака­де­мик Муф­тах Диа­ров сияқты ел аға­ла­ры Бер­гей­дің баста­ма­сы­мен салы­нған бір көпір­ді (фото) оның аты­мен ата­уды да ұсы­нған бола­тын. Ол бір­не­ше рет облы­стың «Құр­мет­ті аза­ма­ты» атағы­на ұсы­ныл­ды, ал индер­лік бедел­ді ақсақал, Соци­а­ли­стік Еңбек Ері Дәу­летқа­ли­ев Сақан оған «Еңбек Ері» атағын беру жөнін­де баста­ма көтер­гені де аты­ра­улы­қтар­дың есін­де. Бірақ Бер­гей осы­ның бәрі­нен бас тар­тып, тіп­ті мұн­дай сөзді көте­ру­ге тый­ым салып, «бар­лық атқа­ры­лған жұмыстар елба­сы – пре­зи­ден­тінің арқа­сын­да атқа­ры­лып жатыр» дегені де есте.

Міне, сөйт­кен – елба­сысы­на адал қыз­мет қылған аза­мат бүгін­де жемқор­лық айып­пен сотқа тар­ты­лға­нын бас­пасөз­ден оқып жатыр­мыз. Осы сот­тың әділет­ті­гі қан­дай бол­мақ? Бер­гей жемқор ма еді, елқор ма еді?

Рас, ел ішін­де әкім­ді мақтау қажет емес, бар­лық іс мем­ле­кет­тің қар­жы­сы­на атқа­ры­лып жатқан жоқ па деген пікір бар. Иә, бар­лы­ғы бюд­жет қар­жы­сы­на салын­ды, бірақ қар­жы табу, әр жоба­ның толы­қтай іске қосы­лып, жұмыс істе­уі үшін, сан сала­дағы бар­лық жұмысты ұйым­да­сты­ру, табан­ды­лық пен темір­дей тәр­тіп қажет. Бұл оңай шаруа емес, оның бар сал­мағы бірін­ші кезек­те облыс әкі­міне түседі, жақ­сы­лы­ққа да, жаман­ды­ққа да бірін­ші бас­шы жау­ап­ты бола­ды. Ең басты­сы – осы орас­ан зор жұмыстар­ды облы­ста Бер­гей­ге дей­ін де, одан кей­ін де ешкім атқа­ра алмаға­нын аты­ра­улы­қтар жақ­сы біледі.

Қазір облыс бюд­жеті сол жыл­дар­дан еш кемі­ген жоқ, бірақ жұмыс қай­да? Облыс әкі­мінің аппа­ра­ты ұлғай­ма­са, ол да кемі­ген жоқ – нәти­же қай­да?

Оның әкім­дік қыз­меті бүкіл әлем­ді шар­пы­ған дағ­да­ры­стың сал­да­ры­на, қар­жы­лық қыспаққа, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет көп­те­ген жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру­ды қысқар­тып жатқан кезең­ге тап кел­ді. Десе де, Рысқа­ли­ев облы­стың ішкі резервін пай­да­ла­нып, басқа да иге­русіз, еске­русіз жатқан салық көз­дерін тәр­тіп­ке кел­тіріп, салық салу база­сын кеңей­ту арқы­лы жер­гілік­ті бюд­жет­ке түсетін табысты есе­леп молайт­ты. Алға­шқы кез­ден-ақ өңір­де­гі ірі ком­па­ни­я­лар­мен тығыз қарым-қаты­нас пен сенім­ді әріп­те­стік­те жұмыс жасай оты­рып, бүкіл атқа­ру­шы орган­дар­ды бір мақ­сатқа жұмыл­ды­ру арқы­лы облыс бюд­жетін 50 пай­ы­зға ұлғайт­ты. Одан әрі жыл сай­ын бюд­жет көле­мін 10–15 пай­ы­зға арт­ты­рып, үкі­мет­тен жер­гілік­ті жер­де­гі осы табысты рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке алып кет­пе­уіне қол жет­кізді. Міне, осы­лай­ша күні бүгін­ге дей­ін жалға­сып келе жатқан облыс бюд­жетінің ірге­та­сы нық қалан­ды.

Аз уақыт­та облы­ста бір­не­ше онжыл­ды­қтар­дың үлесін­де­гі тари­хи ауқым­ды орас­ан зор жұмыстар атқа­рыл­ды. Әрине, осын­ша мың сан-сапат істің ара­сын­да қателік­тер, кем­шілік­тер кетуі мүм­кін. Бірақ бүкіл қолға алы­нған жоба­ның бәрі дер кезін­де іске асып, халық игілі­гіне пай­да­ла­нуға беріл­ді. Жаңы­лы­су кім-кім­ге де тән және қателік – жұмыс жаса­май, қол қусы­рып оты­рған адам­да ғана бол­май­ды.

Қазір билік­тік бас­пасөз «экс-әкім нысан­дар­дың баға­сын есе­леп өсір­ген, өте қым­батқа баға­ланған» деп жазы­лып жатыр. Бірақ бұл шын­ды­ққа сай емес. Мек­теп­тер, емха­на­лар және бала­лар бақ­ша­сы – бәрі үкі­мет ұсы­нған бір тип­ті жоба­лар. Одан басқа салы­нған әле­умет­тік объ­ек­тілер мен инфрақұры­лым­дар­ды (газ құбыр­ла­ры, су желілері, жол­дар, тағы басқа­лар) Аста­на, Алма­ты, Маңғы­стау сияқты басқа өңір­лер­мен салы­сты­рып қара­уға бола­ды.

Зер салып қара­сақ, шетел­дік неме­се ұлт­тық ком­па­ни­я­лар салған тап осын­дай жоба­лар­дың құны бір­не­ше есе жоға­ры. Мыса­лы, Аты­рау қала­сы «Аван­гард» ықшам ауда­нын­дағы №3 мек­теп­ті күр­делі жөн­де­у­ге шетел­дік ком­па­ния 950 мил­ли­он тең­ге жұм­са­ды, ал осы қар­жы­ға облы­стық бюд­жет екі мек­теп сал­ды. Тап осын­дай жағ­дай басқа да жоба­лар бой­ын­ша орын алған, оны аны­қтап, шығын­дар­ды салы­сты­ру қиын емес. Облы­стық бюд­жет есебі­нен салы­нған бар­лық ірі нысан­дар­дың жоба­лау-сме­та­лық құжат­та­рын рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік сарап­та­ма бекітіп, рұқ­сат бер­ген және шағын жоба­лар олар­дың келісі­мі бой­ын­ша жүр­гізіл­ген. Сон­да ол «жемқор­лы­ққа» жалғыз Бер­гей жау­ап­ты болуы керек пе?

Ара­да 6 жыл өткен­де пай­да болған «Бер­гей­дің ісі» бой­ын­ша тер­ге­уде болған куә­гер­лер­дің пікіріне қараған­да, Аты­ра­удағы «Алма­гүл» ықшам ауда­ны­нан (фото) «ши шыға­ру» науқа­ны қат­ты жүр­гізіл­ген екен. Бұл жер­де еске­ретін жәйт: бұл ықшам аудан­дар­дың жаң­быр­дан соң шыққан саңы­ра­уқұлақтай өте аз уақыт­та, жыл­дам салы­нға­нын жұрт­тың бәрі біледі және оның тұр­мыстық сапа­сын эли­та­лық үйлер­мен салы­сты­ру мүм­кін емес. Соны­мен бір­ге бұл үйлер­дің бәрі мем­ле­кет­тік тұрғын үй бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша және үкі­мет­тің бел­гіле­ген баға­сы­мен – әр шар­шы мет­рі 56,515 тең­ге­ге ($365) салы­нған. Шар­шы­сы 365 дол­лар­лық эли­та­лық үй қай өңір­де, қай қала­да бар екен?

Оның үстіне Аты­ра­уда құры­лыс салу басқа өңір­лер­мен салы­сты­рған­да айтар­лы­қтай қым­бат болға­ны кеңе­стік кезең­нен-ақ бар­шаға аян. Себебі жер­гілік­ті жер­де инерт­тік құры­лыс мате­ри­ал­да­ры (қиыр­шық, құм, цемент, кір­піш, т.б.) жоқ. Осын­дай кедер­гілер мен қиын­шы­лы­қтарға қара­ма­стан, құры­лыс­шы­лар бөлін­ген қар­жы­ны жет­кізіп, тұрғын үйлер­ді уақы­тын­да аяқтап, құры­лыс сапа­сы тиісті талап­тарға сай жасал­ды және бұл үйлер­ді биз­нес сана­тын­дағы қым­бат үйлер­мен салы­сты­ру мүл­де мүм­кін емес. Бүгін­де бұл үйлер­де­гі бір­де-бір пәтер бос тұрған жоқ, ондаған жыл­дар күт­кен бар­лық тұрғын­дар қол­да­ры жет­кен­ге риза болып, сән­ді тұр­мыс кешіп жатқан­да­ры­на ешкім­нің тала­сы бол­мас.



Айта кету керек, облы­стағы әле­умет­тік нысан­дар мен инфрақұры­лым жоба­ла­ры­ның құры­лы­сын қабыл­дау кезін­де әртүр­лі дең­гей­де­гі тек­се­ру­лер болып, құны мен жұмыс сапа­сы­на ешқан­дай айтар­лы­қтай кем­шілік бол­маған еді. Бер­гей­дің кезін­де сапа­сы нашар деп Аты­ра­уда бір­де-бір нысан қабыл­да­удан өтпей қал­маған-ды. Енді 6 жыл­дан кей­ін­гі кем­шілік­тің кебі қай­дан шықты? Қара­пай­ым халы­қтың қуа­ны­шы­на салы­нған бұл нысан­дар­ды бір сәт­те іске алғы­сыз етіп, арыз-шағым жазып, қуда­лау қан­дай қажет­тілік­тен туды? Аты­ра­улық ел-жұрт­тың көкей­ін­де осы сұрақ – неге осы­ның бәрі ара­да біраз уақыт өтіп кет­кен­де көтеріліп жатыр?

Бұл сұраққа оры­стың ақы­ны Мая­ков­ский­дің: «Если звез­ды заго­ра­ют­ся, зна­чит, это кому-нибудь нуж­но» деген сөзі­мен аудар­ма­сыз-ақ жау­ап беру­ге бола­ды. Анық ақиқа­ты сол – Бер­гей Рысқа­ли­ев­ті «жазы­қты қылу­дың» амал-айла­сы мақ­сат­ты түр­де, жеке­ле­ген тұлға­лар­дың арнайы тап­сы­ры­ста­ры­мен жаса­лып отыр. Және осы­ның бар­лы­ғын әртүр­лі бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры отқа май құй­ған­дай өршітіп, әсіре­леп, өтірік-өсек­ті қау­ла­тып тара­ту үстін­де. Басты мақ­сат­та­ры – бұры­нғы әкім­нің халы­ққа жасаған осы мын сан игілік­ті ісін жоққа шыға­ру, қара­лау, жалған жала тағу.

Бірақ «май­мыл­дың машақа­ты» сияқты осын­дай «күйе жағу­дың» арғы сая­са­ты қан­дай? Ара­да алты жыл өткен­де қолға «май шам алып», экс-әкім­нің әрбір ізін қаз­ба­ла­удың түп­кі мақ­са­ты не? Бұл әзір­ге ел-жұр­тқа бей­мағлұм сұрақтар.

Талғат ҚҰРАМЫСОВ,
тәу­ел­сіз жур­на­лист

Республиканский еженедельник онлайн