fbpx

Президенттің КӘСТӨМІ қай қазаққа жабу болады?

Президенттің «колхоз жиналысында» жолдау еткен сөзінде күлетін де, жылайтын да жер аз емес шығар: үміт қылып тыңдаған жұрт бағасын берер. Бірақ сол жұрттың «қышыған жеріне» тұз сепкен екі жағдаятты жөн қалдырудың реті болмады.

Бірін­шісі – «пора занять­ся това­ра­ми народ­но­го потреб­ле­ния» деді (сөзі орыс­ша болған соң, оны қаза­қ­ша­лау қажет пе еді?). Бұған дей­ін жөні түзу тау­ар түгілі, кәдім­гі күрек­тің сабын шығар­май­ты­ны­мы­зды өзі мой­ын­да­ды. Түнеу күні шетел­ден кел­ген құда­ларға қаза­қстан­дық кәстөм кигіз­сем деп, Алма­ты­ның бара­хол­ка­сын шыр айнал­дым: тапқа­ным – біз­ге жақын қырғы­здың кәстө­мі. Тіп­ті пүліш мата­дан тігіл­ген той-шапан­ның тәуірін тек қырғы­здар шыға­ра­ды екен.

Қаза­қтың қолы­нан шыққа­ны – удай қым­бат. Нары­қты сыр­тқы импорт­тан қорғау қабілеті жұр­дай елдің кәсіп­кері өзгенің шикі­за­ты­на тәу­ел­ді бол­са, тік­кен шапа­ны қым­бат бол­май – қайт­сін?!
Ал пре­зи­дент­тің өзіне қаза­қстан­дық кәстөм­ді кім кигізіп жүр екен? Шама­сы, жан­дай­шап шабар­ман­да­ры эти­кет­ка­сы мен тау­ар бел­гісін «Сде­ла­но в Казах­стане» деп өзгер­тіп, «Бри­о­нидің» кәстө­мін «тігіп» бер­ген болуы керек. Әйт­пе­се жөні түзу қаза­қстан­дық кәстөм бол­са, былай­ғы жұрт түрік пен қытай­дың қал­ды­ғы­на зар бол­ма­са керек-ті. Пре­зи­дент­тің жалғыз кәстө­мі қай қаза­ққа жабу бол­мақ?

Екін­шісі – «дохо­ды рас­тут тогда, когда чело­век сам тру­до­лю­бив» дей­ді. Көкем-ау, екі қолы­на бір күрек таба алмай жүр­ген қай қазақ «тру­до­лю­бив» болғы­сы кел­мей­ді? Алды­мен сол қаза­ққа жұмыс тауып бер – содан соң оның қан­дай «еңбексүй­гіш» екенін (неме­се керісін­ше) баға­ла! Ай сай­ы­нғы ресми стат­де­ректе жұмыс­сызды­қтың мөл­шері 4,8–4,9 пай­ы­здың о жақ-бұ жағы­нан аспай­ды. Ал бей­ре­сми деректер бой­ын­ша, біз­де­гі жұмыс­сызды­қтың мөл­шері 23–25 пай­ы­здың төңіре­гін­де. Осын­дай жағ­дай­да қазақ қалай «тру­до­лю­бив» бол­сын?! База­рдың бұрыш-бұры­шын­да ұрла­нып бәліш сатуға мәж­бүр болған қатын-қала­шты бық­пырт тиген­дей қуа­лай­тын Қасы­мо­втың поли­цай­ла­ры «еңбексүй­гіш» болғы­сы кел­ген елдің еңіре­генін еске­ру­ші ме еді?

Ермұрат БАПИ

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн