ПЕРУАШЕВ үкіметтің өтірігін ӘШКЕРЕЛЕДІ

Президенттің Жолдауы салық саясатындағы анахронизм мен кәсіпкерлерге айыппұл және өсімақылар салу мәселесінде мемлекеттік органдардың ептілігін көрсетті – «Ақ жол» депутаттары көтерген бастамаларға шенеуніктердің айла-шарғы жасағанын әшкереледі.

«Шене­унік­тер депу­тат­тық сау­ал­дарға жау­ап беру кезін­де жалған сөй­лей­ді», – деп, «Азат» пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Азат Перу­а­шев 11 қазан­да өткен мәжілістің пле­нар­лық оты­ры­сын­да мәлім­де­ме жаса­ды.

Әңгі­ме – салы­қтық дау­лар бой­ын­ша талап қою мерзі­мін қысқар­ту жөнін­де­гі «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның бір емес, бір­не­ше мәр­те жол­даған ұсы­ны­ста­ры жай­лы болып отыр. «Ақ жол» жетек­шісі 2013 жыл­дан бастап, фрак­ция бұл жағ­дай­ды үкі­мет­тің наза­ры­на бір­не­ше мәр­те жол­дап, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтағы көр­шілері­мізді үлгі ете оты­рып, салық бой­ын­ша талап ету мерзі­мін 5 жыл­дан 3 жылға дей­ін қысқар­ту­ды ұсы­нға­нын еске салып өтті. Соңғы рет мұн­дай сау­ал­дар­ды «ақжол­ды­қтар» 2017 жылғы 19 қаңтар­да және 15 науры­зда жол­даған.

Алай­да өткен жыл­ды қоса алған­да, әр жолы фрак­ци­я­ның ұсы­ны­ста­ры­на «мем­ле­кет пен биз­нес мүд­десінің тең­гері­міне сәй­кес­пей­ді» неме­се олар «Салық кодексінің жаңа редак­ци­я­сын әзір­леу бой­ын­ша құры­лған жұмыс тобы тара­пы­нан қол­дау тап­па­ды» деген сыңай­лы бас тар­тқан жау­ап­тар келіп түс­кен.

Дәл сол 2017 жыл­дың күзін­де үкі­мет «мүд­де­ге сәй­кес кел­мей­ді», я бол­ма­са «жұмыс тобы­ның теріс көзқа­ра­сы» деген сияқты өзінің бер­ген мәлім­де­месіне қара­ма­стан және де осы­ған қадам басу керек деген депу­тат­тар­дың 5 жыл бойы айтып кел­ген талап­та­ры тура­лы бір ауыз сөз ескер­тіп атап өтпей, кодекстің жоба­сы­на дәл сон­дай түзе­ту­лер енгіз­ген.

«Біз мен­мен­шіл емес­піз, атақ-даңққа да ұмтыл­май­мыз. Тек қабыл­дай­тын шешім­дер­ден биз­нес те, мем­ле­кет те ұтса болға­ны. Деген­мен, сөз­сіз таң­да­ны­сы­мы­зды туды­рға­ны – мем­ле­кет­тік орган­дар біз­ге басқа­ша жау­ап қай­та­ра­ды да, ал іс жүзін­де мүл­дем қара­ма-қай­шы әре­кет ете­ді. Мәжіліс­ке жалған сөй­леп, теріс жау­ап берудің не қажеті бар еді, егер екі-үш айдан кей­ін бәрібір сол ұсы­ны­сты қабыл­дай­тын бол­са?» – деп түсін­дір­ді Перу­а­шев өз ойын пле­нар­лық оты­ры­ста.

«Ақ жол­дың» бұл сау­а­лы биы­лғы Жол­да­уда айты­лған салы­қтық рақым­шы­лы­ққа қаты­сты үкі­мет­тің аты­на жол­дан­ды. Фрак­ция бұл тап­сыр­ма бұрын­нан келе жатқан салық дауы бой­ын­ша талап қою мерзі­мінің арты­қты­ғы мәсе­лесін көте­реді деп санай­ды.

«Елі­міз­де талап қою мерзі­мінің 5 жылға бел­гі­ле­нуі қарыз сома­сын жасан­ды түр­де қол­дан көте­ру­ге алып келеді. Ол былай­ша жүзе­ге асу­да, 5 жыл бұрын бір емес, бір­не­ше мәр­те тек­сері­стен өткен биз­не­стің салы­қтық есеп-қиса­бын­да көр­сетіл­ген қан­дай да бір нақты неме­се жалған кем­шілік­тер­ге килі­гіп, олқы­лы­қтар іздеп тауып ала­ды.

Ал ол үшін заң­на­ма­да қар­жы­лық ықпал шара­ла­ры, яғни санк­ци­я­лар қарас­ты­ры­лған. Содан кей­ін барып сол сомаға 5 жыл­дық мерзім ішін­де­гі айып­пұл­дар мен өсі­мақы­лар­ды қоса­ды. Нәти­же­сін­де айып­пұл мен өсі­мақы­ның сома­сы негіз­гі қары­здың көле­мі­нен де артық болып, кәсі­по­рын­ның күн­көрісі қиын­дай түседі. БАҚ-тың дере­гіне сүй­ен­сек, 2018 жылы шағын және орта биз­нес өкіл­дерінің салы­қтық қары­зы 257 мил­ли­ард тең­ге­ден асқан, ал оның 122,5 мил­ли­ар­дын айып­пұл мен өсі­мақы құрай­ды. Демек, бұл дегені­міз шағын және орта кәсіп­кер­лік өкіл­дерінің салы­қтық қары­зы­ның жар­ты­сын құрай­ды деген сөз! Пре­зи­дент­тің біз­ге мін­дет­те­ген тап­сыр­ма­сы дәл осы жағ­дай­дың әділет­сізді­гі мен мағы­на­сызды­ғын жоюға бағыт­талған», – деп атап өтті Перу­а­шев және де «Ақ жол» фрак­ци­я­сы мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бұл баста­ма­сын түп­кілік­ті қол­дай оты­рып, үкі­мет­ке оны іске асы­ру бары­сын­да мұн­дай қор­да­ланған мәсе­ле­лер­ді түбе­гей­лі шешіп қана қой­май, оның туын­да­уы­на алып кел­ген баста­пқы шығу себеп­терін жою­ды ұсы­на­ды деп түй­ін­деді.

Мәсе­ленің мәнісі де осын­да, тіп­ті «Ақ жол­дың» баста­ма­сын үкі­мет­тің заң жоба­сы­на қоса оты­рып, атқа­ру­шы билік оны пар­ла­мент қабыл­даған­нан кей­ін бір­ден оның іске асы­ры­луын бұғат­тап тастаған. Нақты­рақ айт­сақ, 2017 жылғы 25 жел­тоқ­сан­да салық бой­ын­ша 3 жыл­дық талап ету мерзі­міне көшуді тоқта­тып қой­ып, керісін­ше, тағы да 2 жылға, яғни 2020 жылға дей­ін кей­ін­ге қал­ды­ра­тын үкі­мет­тің қаулы­сын қабыл­дай­ды.

«Ақ жол» жетек­шісі осы орай­да «Қаза­қ­ша айтқан­да, «артық қыла­мыз деп, тыр­тық қыл­дық», – деп басып айт­ты. Оның айтуын­ша, пре­зи­дент­тің Жол­да­уы бұл тәжіри­бенің жап­пай ескір­генін (ана­хро­низмді­гін) және тиім­сіз әрі осал­ды­ғын көр­сетіп бер­ді.
Осы­ған бай­ла­ны­сты елба­сы­ның салық амни­сти­я­сын жүр­гізу­ге кірі­су тура­лы тап­сыр­ма­сы­на үндес Азат Перу­а­шев үкі­мет­ке ағым­дағы қар­жы­лық жыл­дан бастап, салы­қтық дау­лар бой­ын­ша талап қою мерзі­мін 5-тен 3 жылға дей­ін қысқар­ту­ды ұсын­ды.

«Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның бас­пасөз қыз­меті

(медиа-про­ект «DAT» №37 (449) от 18 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн