fbpx

ОҒАШ ОЙЛАР

Қостіл­ділік деген арам­за­лық сая­сат қаза­қты ұлт­тық сана­сы­нан, ұлт­тық намысы­нан айы­ры­лған, тілі шұба­ра­ла, мәң­гүрт ұлтқа айнал­ды­рып еді. Енді үштіл­ділік қаза­қты жер беті­нен бұра­та­ла жояды. Оған талас­пай-ақ қой­ы­ңыз. Біз соның бәріне шүкір деп, соғыс бол­ма­са – бол­ды деп, ұлт­тық ақы­мақты­ққа жол беріп отыр­мыз. Енді өте кеш қал­дық.

Қазақ бүгін­гі ала­са­пы­ран заман­нан жой­ы­лып кет­пей, аман қала­мын десе, өлсе де, тіріл­се де, айты­сып-тар­тыс­са да, тіп­ті ашық күрес­ке шық­са да, ең әуелі Қазақ елін­де оры­стың тілінің емес, қазақ тілінің үстем­ді­гін орна­туға дереу кірі­суі керек. Анау Путин 400-ден астам ұлт тұра­тын бүкіл Ресей­ді бір ғана орыс тіліне бағын­ды­рып қой­ға­ны аз болған­дай, екі сөзінің бірін­де басқа елдер­де де орыс тілін көк­ке көте­ре­мін деп зір­кіл­дей­ді. Ал біз­де оры­сқа қаза­қ­ша сөй­ле­сең, про­ку­ра­ту­раға, сотқа жау­ап бересің, жұмыстан қуы­ла­сың. «Елі­міз­де тыны­штық!» деп жүре бер қазақ.


Үш тіл­де сөй­лей­тін бала­да ержет­кен соң, ата-ана, ұлтым – қазақ, Ота­ным – Қаза­қстан деген ұғым, түсінік бол­май­ды. Билік осы­ның бәрін жақ­сы біле тұра, үштіл­ділік деген залым­дық сая­сат­ты әлде бір халы­қа­ра­лық құпия ұйым­дар­дың тап­сыр­ма­сы­мен қаза­қты жою үшін, дұшпан­да­ры­мы­здың ақы­лы­мен енгізіп отыр.


Біз ең әуелі Алла­ны, сосын Құран­ды, сосын Пай­ғам­бар­ды, сосын Заң­ды, содан кей­ін барып елба­сын құр­мет­те­уі­міз керек. Және әуелі Алла­ны, сосын Құран­ды, сосын халы­қты, оның ішін­де жер­гілік­ті халы­қты алды­мен құр­мет­тей­тін елба­сын құр­мет­те­уі­міз керек.


Құдай­ым Қаза­қстан­ды тоңқа­лаң асыр­ма­саң – тақтан түс­пей­тін, атып таста­ма­саң – аттан түс­пей­тін адам­дар басқа­рып оты­рған­нан сақ­та­сын.


Қаза­қстан­да парық-пара­сат­сыз адам­дарға да «Пара­сат» ордені, қадір-құр­мет­сіз адам­дарға да «Құр­мет» ордені, жатып ішер жалқа­уға да «Еңбек Ері» атағы бері­ле береді.


Қазір халық ара­сын­да санат­та жоқтар сенатқа кіретін бол­ды.


Қазір Мем­ле­кет­тік сый­лық иегері атанған кей­бір ақын­дар­дың поэ­зи­я­сын оқы­ған­да, «бәй­гі­де есек озған заман бол­ды» дегің келеді.

Желеп-жебеп жата­тын
Намыс та бір пір-баба.
Ар-ұят­ты сата­тын
Сый­лық құрғыр пұл ғана.


Бере­кеті кет­кен елдің рэкеті де депу­тат бола­ты­нын көр­дік.


Қаза­қстан­да Құдай­ға тіл тигіз­ген ада­мға сот жоқ, ал бір облыс не аудан әкі­міне қат­ты­рақ бір­нәр­се айт­саң, не сот­та­ла­сың, не ұшты-күй­лі хабар­сыз жоқ болып кетуің, не «ава­ри­ядан» қай­тыс болуың мүм­кін.


Қаза­қстан­да қазақ мүд­десін айта­тын тіл бар еді, бірақ оны тың­дай­тын құлақ жоқ болған соң, ол тіл үш жер­ден кесіліп, үшке бөлін­ді. Соның бәрін ойлап оты­рып:

Алды­мы­зда бұл­дыр өмір, бұл­дыр ел,
Әттең соны кім түсі­нер, кім білер?
Ойын қой­ып, ойға алға­нын істеп жүр
Зама­на­уи тазы­лар мен түл­кілер, –
деп күбір­ледім. Қолым­нан не келеді бұдан басқа?


Ақын­ның аза­мат­тық, адам­гер­шілік және білім дең­гейі қан­дай екенін оның не жазып жүр­геніне қарап ап-анық көру­ге бола­ды. Оның өзі қан­дай бол­са, өлеңі де сон­дай бола­ды. Қазір билік басын­дағы­лар мен жағым­паз­дар, сосын надан­дар «Бір­лік бар жер­де – тір­лік бар» деген­ді елің­де, айна­лаң­да қан­дай өрес­кел­дік­тер болып жатқа­нын көр­сең де көр­ме­ген бол, бас изеп, қол көтеріп құп­тай бер деп түсін­діріп отыр.


Бұрын қаза­қтар үйге кір­ген жылан­ның басы­на ақ құй­ып шыға­рып сала­тын-ды. Қазір Қаза­қстанға кел­ген қай жылан­ның да басы­на мұнай құй­ып, құшағы­на – қыз, қал­та­сы­на – дол­лар салып шыға­рып сала­мыз. Және олар­ды өзі­міз шақы­рып ала­тын бол­дық.

(медиа-про­ект «DAT» №44 (456) от 6 декаб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн