fbpx

НАЗАРБАЕВ ЕЛДІ Қауіпсіздік кеңесі арқылы БАСҚАРА АЛА МА?

Өткен апта­да пре­зи­дент Назар­ба­ев энер­ге­ти­ка­лық тариф­тер және ком­му­нал­дық қыз­мет көр­се­ту мәсе­ле­леріне қаты­сты ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің оты­ры­сын өткізді. Бір қараған­да, үкі­мет­тің дең­гей­ін­де ғана талқы­ла­нып, шешім табуы тиіс тақы­рып мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гі дең­гей­іне шыға­рыл­ды.

Ақор­да­ның ресми сай­ты және билік­тік басы­лым­дар мен ақпа­рат агент­тік­тері хабар­лаған­дай, бұл оты­ры­сқа пре­зи­дент Назар­ба­ев Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы ретін­де қаты­сты.
Яғни, жуы­қта пар­ла­мент­те ым-жым­сыз қабыл­данған «ҚР Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы» заңы­ның мұр­са­ты­мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев алдағы уақыт­та мем­ле­кет­ті Қауіп­сіздік кеңесі арқы­лы да басқа­руға бола­ты­нын көр­сет­ті. Осы­ған орай, біздің газет қоғам өкіл­дерінің ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген еді. «Бұдан былай Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік сай­лау өткіз­бей-ақ, елді ҚК-нің мұр­са­ты­мен басқа­ра беруі мүм­кін бе?» деген сұраққа біздің сау­ал­на­маға қаты­сқан респон­дент­тер төмен­де­гі­дей пікір біл­дір­ді.

Мирам­бек КАМАЛОВ,
ЖСДП пре­зи­ди­у­мы­ның мүше­сі,
пар­ти­я­ның Ақтө­бе облы­стық
фили­а­лы­ның жетек­шісі:

– Пре­зи­дент­тің Қауіп­сіздік кеңесін­де­гі көтеріл­ген мәсе­ле­лер бой­ын­ша қол астын­дағы­ларға кезек­ті рет шүй­лі­гуі – айтар­лы­қтай жаңа­лық емес деп ойлай­мын. Әрине, бұл ком­му­нал­дық тариф­тер мәсе­лесін өзге де сая­си басқа­ру алаң­дар­да шешу­ге болар еді.

Бірақ ҚК оты­ры­сы арқы­лы пре­зи­дент қоға­мға бір­не­ше сиг­нал таста­ды: бірін­ші­ден, елде­гі шеші­мін таба алмай қор­да­ланған мәсе­ле­лер­ге атқа­ру­шы билік­ті (үкі­мет­ті) кінәлі етіп көр­сет­кісі кел­ді. Мұның соңы бел­гілі бір сая­си шешім­дер қабыл­да­уға, тіп­ті үкі­мет­ті доға­ры­сқа жібе­ру­ге дей­ін толық негіз бола ала­ды.

Екін­ші­ден, пре­зи­дент Қауіп­сіздік кеңесінің ішкі әкім­шілік-басқа­ру­шы­лық алаңын­дағы рөлін баста­ма­шыл тәжіри­бе ретін­де­гі қыры­нан көр­се­ту­ге тыры­сты. Яғни, өкі­мет­ті басқа да құры­лым­ның пәр­мені арқы­лы басқа­ру мүм­кін­ді­гін дәлел­де­мек болған сияқты. Осы жасалған сая­си-про­мо­у­шен­дік қадам арқы­лы Қауіп­сіздік кеңесінің алдағы уақыт­тағы маңы­зды рөлін мең­зеді. Бұл да күшті ықпал ету мүм­кін­ді­гі бар мем­ле­кет­тік құры­лым ретін­де қалып­та­суы­на жасалған қадам­дар­дың бірі бол­мақ.

Осы құры­лы­мға пре­зи­дент­тің тара­пы­нан баса назар ауда­ры­луы, ҚК-нің елді толы­қтай басқа­ру­дағы тетік­тер­дің бірі ретін­де қалып­та­сып, өзінің ешқан­дай да пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға, не сай­ланған пре­зи­дент­ке қарай­ла­май, мем­ле­кет­ті басқа­руы­на негіз бола ала­ды деген тұжы­рым жаса­уға бола­ды.

Марат БОРЫҚБАЙ,
әле­умет­тік желілер бел­сен­дісі
(Шым­кент):

– Пре­зи­дент­тің елді сай­лау­сыз да басқа­ру­ды қала­уы мен басқа­ра алу мүм­кін­ді­гіне кел­сек, оған ешкім­ді де аяу­ды біл­мей­тін, зырыл­дап тұрған уақыт атты ұғым да мұр­ша бер­мей­ді. Әрі пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың сол қала­у­ын айна­ла­дағы түр­лі аумақтық та, жаһан­дық та сая­си топ­тар мен демо­кра­ти­я­лық даму бағы­тын­дағы алды­ңғы қатар­лы елдер түсін­бе­уі де, қабыл­да­мауы да мүм­кін.

Пре­зи­дент­тің соңғы кез­дер­де­гі ұстанған сая­са­ты­на, әсіре­се ішкі сая­сат­тағы қадам­да­ры­на, әлде өз өктем­ді­гі­мен жаса­лып оты­рған түр­лі әре­кет­теріне қарап оты­рып, ол кісінің қажы­ға­нын бай­қа­уға бола­ды. Бұл оның сарқы­лған сая­си әре­кеті десек, ден­са­улы­ғы мен физио­ло­ги­я­лық халі – өз алды­на бөлек әңгі­ме: сыр беріп жатқа­ны көрер көз­ге ұрып тұр.

Пре­зи­дент­тің билік­тен жуық ара­да кету-кет­пе­уі өзіне де емес, өзге­лер­ге, әсіре­се сыр­тқы сая­си жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты сияқты. Менің­ше, бұл кісі әлдеқа­шан-ақ кет­кісі кел­се де, бірақ кете алмай жүр. Кет­кісі келетіні – уақыт­пен жаға­ла­са алмай­ды, кел­мей­тіні – ол өзін әлем­дік сая­сат­кер­лер ара­сын­да әлі де тәжіри­бесі мен пай­да­сы тиер сұңғы­ла санай­ды.

Ал енді елді сай­лау­сыз, ҚК арқы­лы басқа­ру мүм­кін­ді­гіне келер бол­сақ, біздің елде­гі сай­ла­у­ларға елдің де, сая­си истеб­лиш­мент­тің де дәл қазір­гі кез­де қызы­ғу­шы­лы­ғы да, тала­сы да тым төмен дең­гей­ге түсіп, тіп­ті жоға­лып та кет­кен сыңай­лы. Елдің ара­сын­да да, сая­сат­кер­лер орта­сын­да да сай­ла­у­ға деген ешқан­дай сенім де, сти­мул да қал­ма­ды.

Біз­де­гі оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­тың шырқау шегі 2003–2005 жыл­дар ара­лы­ғын­да болға­ны бел­гілі. Онан бер­гі жыл­дар­да тек қана біздің елде демо­кра­ти­я­лық даму көрінісі бары үшін ғана пре­зи­дент­тік­ке жасан­ды бала­ма кан­ди­дат­тар ұсы­ны­лып келе жатыр. Мұн­дай нәти­же­сі алдын ала бел­гілі сай­ла­у­лар­дан ел де, тіп­ті билік­тің өзі де ығыр болға­ны ақиқат.

Сон­ды­қтан бүгін­гі заң­дар­дың мүм­кін­дік беріп оты­руы­на қарай алдағы кез­де пре­зи­дент ешқан­дай сай­лау­сыз да өмірінің соңы­на дей­ін елді басқа­ра беруіне мүм­кін­дік те, жағ­дай да жаса­лып отыр. Оған осы күн­гі сая­си эли­та да, өзге көр­ші елдер де, тіп­ті Батыс пен АҚШ-тың да қар­сы­лық көр­се­ту­ге зауқы жоқ.

Әлем­дік дең­гей­де­гі сая­си аху­ал­дар күн­де құбы­лып тұрған кезең­де пре­зи­дент­тің өзі де ешкім­ге иек артып, өз еркі­мен орнын ұсы­на қоюға баты­лы да, еркі де жібер­мей­ді. Бұны енді елде­гі сая­си эли­та­ның да, ішкі сая­сат­тың да сая­си тоқы­ра­уға ұшы­ра­уы, елдің де сені­мінің тау­сы­луы деп сана­уға әбден бола­ды.

Болат НҰРХОЖАЕВ,
қоғам бел­сен­дісі (Қызы­лор­да):

– Қауіп­сіздік кеңесі арқы­лы елді басқа­ру Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы келеді. Себебі: 1. Ата заң бой­ын­ша, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – пре­зи­дент­тік басқа­ру ныса­нын­дағы бір­тұ­тас мем­ле­кет; 2. Мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы – халық; 3. Халық билік­ті тіке­лей рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум және еркін сай­лау арқы­лы жүзе­ге асы­ра­ды, сон­дай-ақ өз билі­гін жүзе­ге асы­ру­ды мем­ле­кет­тік орган­дарға береді; 4. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да билік­ті ешкім де ием­деніп кете алмай­ды. Билік­ті ием­деніп кету­шілік заң бой­ын­ша қуда­ла­на­ды. Халық пен мем­ле­кет аты­нан билік жүр­гізу­ге рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­тінің, сон­дай-ақ өзінің кон­сти­ту­ци­я­лық өкілет­ті­гі шегін­де пар­ла­мент­тің ғана құқы­ғы бар. Рес­пуб­ли­ка үкі­меті мен өзге де мем­ле­кет­тік орган­дар мем­ле­кет аты­нан оларға беріл­ген өкілет­тік­тері шегін­де ғана билік жүр­гі­зеді. 5. Рес­пуб­ли­ка­да мем­ле­кет­тік билік бір­тұ­тас, ол Кон­сти­ту­ция мен заң­дар негізін­де заң шыға­ру­шы, атқа­ру­шы және сот тар­мақта­ры­на бөлі­ну, олар­дың теже­мелік әрі тепе-теңдік жүй­есін пай­да­ла­ну арқы­лы өза­ра іс-қимыл жасау прин­ци­піне сәй­кес жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Бұл Кон­сти­ту­ци­яда тай­ға таң­ба басқан­дай болып тұр ғой!

Рол­лан МАШПИЕВ,
қоғам бел­сен­дісі (Семей):

– Менің ойым­ша, сай­лау жуық ара­да бола­ды, бірақ сай­лау əділ өтіп, нəти­же­сі қан­дай бол­са да, келесі пре­зи­дент Қауіп­сіздік кеңесінің қуыр­шағы (мари­о­неті) болып қала береді. Ақы­рғы уақыт­тағы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сая­си бел­сен­ділі­гі сай­лау жақын­даға­нын көр­сетіп тұр.

Еске ала кет­сек, был­тыр ғана – 2017 жылы күздің басын­да пре­зи­дент пар­ла­мент­тік тын­да­у­лар­да ком­му­нал­дық тариф­тер­ді көте­ру керекті­гін, соның арқа­сын­да инве­стор­лар­дың елге келуін қам­та­ма­сыз ете­міз деген сөз­дер айт­ты. Тариф­тер көтеріл­ме­се, ескі ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды да жөн­дей алмай­мыз деп, моно­по­ли­стер­ге тариф көте­ру­ге өзі рұқ­сат бер­ген жəне осы­ның бəрін қалай дұрыс іске асы­руға бола­ты­нын үкі­мет ойла­стыр­сын деген.

ЖСДП пар­ти­я­сы бұған қар­сы был­тыр митин­гі де өткіз­бек болып, бар­лық қала­лар­дағы əкім­шілік­ке рұқ­сат беру­ге өтініш біл­дір­ген. Бірақ ешкім­ге де орта­лық алаң­дар­да митинг өткізу­ге рұқ­сат беріл­меді. Тек Семей қала­сын­дағы «Пол­ков­ни­чий» ара­лын­да өткізу­ге рұқ­сат беріліп, кей­ін­нен көпір­ді жөн­де­у­ге жауып, қала бойы жəр­мең­ке өткізіп, халы­қтың наза­рын басқа жаққа бұрып жібер­ді.

Қан­ша­ма жыл баға­лар­ды көтеріп, халы­қты шула­тып келіп, енді басқа­дай сөй­леп, тариф­тер­ді арзан­да­ту керек деп жатыр. Өздерін­ше халы­ққа жағ­дай жасап жатқан­дай болып, олар­дың еңбек ақы­сын көтер­мек. Бұл – сай­лау алдын­да жасап жатқан қулы­қта­ры. Осы жыл­дың жазын­да Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы заң қабыл­да­нып, тұңғыш пре­зи­дент өмір бақи осы қыз­мет­ті атқа­ра ала­ты­ны бел­гі­лен­ді. Ал енді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ата заңы­ның 44-бабы­на қара­сақ, Қауіп­сіздік Кеңесінің мүше­лері – үкі­мет мүше­лері жəне қауіп­сіздік­ке жау­ап беретін ведом­ство­лар бас­шы­ла­ры­нан тұра­ды, әрі қабыл­данған шешім­дер­ді мем­ле­кет­тік орган­дар орын­да­уға мін­дет­ті. Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік­ті басқа біре­у­ге бер­се де, Қауіп­сіздік кеңесі арқы­лы елді басқа­руға мүм­кін­ді­гі бар. Ал ол заң­ды ма, жоқ әлде заңға қай­шы ма – бұл басқа әңгі­ме. Сон­ды­қтан келесі пре­зи­дент ҚК төраға­сы Назар­ба­ев­тың қолын­дағы қуыр­шақ болып қала­ды деген ойда­мын.

Шара ТҰРМАҒАНБЕТОВА,
жур­на­лист (Ақтө­бе):

– Біздің ауыл­да «бала-шаға», «бақа-шаян» деген тəм­сіл бар… Елім­нің басы сол аты бар, заты көмес­кі жер­ге бар­ды. Қауіп­сіздік (?) кеңесіне барып, келелі əңгі­ме айтар деген­біз. Күт­кен­біз. Айт­ты! Бірақ келелі əңгі­ме емес, келер шақтың əңгі­месін айт­ты ма, қалай? Ел сиген-тышқа­ны­на ақша төлеп үйрен­ген – төлей­ді: ком­му­нал­дық қыз­мет­тің тариф­терін түсіруді айтқа­нын айтам да… Жан-жаққа шашы­лған сөгістер де ешкім­ді таң­дан­дыр­ма­сы анық – түк шық­пай­ты­нын біле­міз! Айт­пағым – кеңес­ке барып «кеңес» айтқан Елім­нің басы бола­шақта қой-қаза­қты сол кеңес арқы­лы (пре­зи­дент бол­ма­са да) басқа­ра­ты­нын көз­дерін бақы­рай­тып иша­ра­ла­ды! Əппе­тит ұрып тұр!

Ербол РАХПАН,
қоғам бел­сен­дісі (Шым­кент):

– Есі­ме бір анек­дот түсіп кет­кені. Аң пат­ша­сы ары­стан биік­теу жер­ге шығып: «Бұл жер­дің бәріне мен қожай­ы­н­мын», – деп ақы­рған екен. Сөйт­се тышқан іні­нен басын шыға­рып, ары-бері қарап, сәл уақыт кідіріп: «Назар­ба­ев тірі ме өзі?» – деп таңы­рқаған сыңай таны­тып­ты. Осы анек­до­тқа сай Назар­ба­ев қай жер­де отыр­са да, елдің билі­гі соның қолын­да қала беретінін – сая­сат­тан хаба­ры жоқ қара­пай­ым адам да түсін­ген шығар енді­гі.

Маған сал­са, елге зиян­сыз жолын қарар едім. Сай­лау­сыз-ақ оты­ра бер­сін. Бәрібір ол тірі кез­де билік­ті ешкім­ге бер­мей­ді! Өзі жет­пей жатқан қара­жат­ты сай­ла­у­ға бөліп, құр жел­ге шашқан­ша, басқа жыр­ты­ғы­мы­зды жамаға­ны­мыз дұрыс деп есеп­тей­мін.
Өз-өзін алдап, «демо­крат­пын» деп, сай­лау өткіз­гені бол­ма­са, Назар­ба­ев­тың дик­та­тор екенін бүкіл әлем түсін­ді ғой. Ол қала­са да, қала­ма­са да, тарих­та «дик­та­тор» деген атпен қала­ты­ны еш шүбәсіз, соны анық білем!

Ұзы­нқұлақтан естуі­міз­ше, алдағы сай­ла­уда орны­на қызы –Дариға­ны қой­ып, өзі Қауіп­сіздік кеңесін басқарған сыңай таны­та­ды деген де әңгі­ме бар. Қалай бол­са да, Назар­ба­ев­тың ерке­гі қожай­ын ғой бұл елге. Егер де оқиға солай өрбіп жат­са, мұн­дай сая­си әре­кеті Өзбек­стан­дағы жағ­дай қай­та­ла­нып кет­пе­сін деген сыңай­да ғана деп біле­міз!

Қуат КҮНБОЛАТОВ,
ЖСДП Алма­ты облы­стық фили­а­лы­ның жетек­шісі:

– Сұрақтың аста­ры­на үңіл­сем, Қаза­қстан­да ресей­лік, яғни Борис Ель­цин мен Вла­ди­мир Путин ара­сын­да орын алған сце­на­рий бола­ты­нын мең­зеп оты­рған­дай болып көрі­неді. Демек, пре­зи­дент­тік сай­лау өз уақы­тын­да болғанға дей­ін, яғни 2020 жылға дей­ін пре­зи­дент өз мін­детін атқа­ру­шы тұлға­ны тағай­ын­дай­ды.
Әрине, жаңа Қауіп­сіздік кеңесі жаңа пре­зи­дент­ті шек­тен шығар­мау мақ­са­тын­да жасалған бала­ма­лы күш орта­лы­ғы болып құры­лға­нын сая­сат­тан алшақ адам­дар да түсі­неді. Соны­мен бір­ге жақын­да болған Қауіп­сіздік кеңесін­де моно­по­ли­стер­ге көр­сет­кен қыры ҚК-нің күшін айқын көр­сет­ті. Демек, Қаза­қстан­да ресей­лік сце­на­рий орын алуы мүм­кін.

Бірақ, менің ойым­ша, қазір­гі таң­да дүние жүзін­де болып жатқан әртүр­лі гео­са­я­си, эко­но­ми­ка­лық қауіп­тер­ді есеп­ке ала­тын бол­сақ, пре­зи­дент­тік сай­лау болуы қажет және жаңа пре­зи­дент келу мүм­кін­ді­гін есеп­тен шығар­май­мын. Мыса­лы, Қытай мен АҚШ ара­сын­да орын алып оты­рған сауда соғы­сы дүни­е­жүзілік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың түрт­кісі болып кетуі әбден мүм­кін.
Ал біздің мем­ле­кеті­міздің эко­но­ми­ка­сы тек шикі­затты шетел­ге сатуға негіз­дел­ген­ді­гі­нен, халы­қа­ра­лық қор­лар­да орын ала­тын, біздің мем­ле­кеті­міз сата­тын кез кел­ген шикі­зат баға­сы­ның төмен­де­уі эко­но­ми­ка­мы­зға едәуір нұқ­сан кел­тіруі мүм­кін.

Сон­ды­қтан дүни­е­жүзілік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс орын ала­тын бол­са, халы­қтың есін­де «бірін­ші пре­зи­дент кезін­де­гі өмірі­міз жақ­сы болған еді-ау» деген ой қалып­та­сты­ру үшін, бірін­ші пре­зи­ден­ті­міз елдің эко­но­ми­ка­сы әлі де тұрақты кезін­де орны­нан кету мүм­кін­ді­гі мен үшін де, ел үшін таңқа­лар­лық оқиға бол­ма­сы анық.

Сау­ал­на­ма­ны жүр­гіз­ген –
Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн