Министрге БАЗЫНА

Дау­рен Аба­ев

Құрметті Дәурен Абаев мырза! Биыл екінші жыл біздің «Семей таңы» газеті «Үркер» Ұлттық сыйлығы үміткерлерінің қатарынан көрініп жүр. Өткен жылы алдыңғы бесеудің бірі болсақ, биыл аймақтық басылымдар арасында топтан озған төртеудің бірі болдық.

Жыл сай­ын Семей­ден кәсі­би мере­ке күні Аста­наға жол тар­та­мыз. Ұжым­мен жылы­на бір келетін мере­кені атап өтетін күні жеңім­паз ата­нып емес, ЖЕҢІЛІП қай­та­мыз. Мини­стр­лік­тің қыз­мет­кер­лері «кел-кел­дің» асты­на алып, қай­та-қай­та теле­фон соққан соң, пен­де­міз ғой – үміт­теніп бара­мыз. 12 ата­лы­мға 48 адам­ды жинап ала­сыз. 12-сі қуа­нып, 36 жур­на­лист нәу­мез болып қай­та­ды. Оның бер жағын­да тапқа­ны тамағы­нан аспай­тын қара­пай­ым жур­на­ли­стер­дің жол шығы­ны тағы бар.

Ал жүл­дені алған­дарға қараңыз: Алма­ты мен Аста­на­дағы әріп­те­стер. Тіп­ті аймақтық радио ата­лы­мы да Алма­ты­ға, аймақтық басы­лым – Алма­ты облы­стық газетіне бұй­ыр­ды. Бұл «ұлт­тық сый­лық» емес, Алма­ты мен аста­на­лық жур­на­ли­стер­ге арналған сый­лық.
Айт­пақ­шы, (сый­лық беру сал­та­на­ты кезін­де – Ред.) жеңім­паз­дар бөлек, біз сияқты «под­тан­цов­каға» шақы­ры­лған­дар бөлек отыр­ды. Енде­ше кон­верт­тің ішін­де­гі жеңім­паз есі­мі құпия деген – бос сөз. Шақы­рған­да, «қызыл кілем­ше­ден өтесіз­дер» деп кере­мет қыла­тын дорож­каңы­здан басқа жаңа­лық ойлап таба алма­ды­ңы­здар ма?

Қысқа­сын айтқан­да, «Үркеріңіз­ден» үркіп кет­тік… Басқа­ны біл­мей­мін – біз енді (мұн­дай рәсім­ге) қаты­спай­мыз. Айт­пақ­шы, мере­келік сал­та­натқа жиналған­да, Қаза­қстан жур­на­ли­стерінің емес, Ресей­дікі ме деп қал­дым. Сал­та­нат­ты шара­дан репор­таж жүр­гізіп тұрған, Аза­мат пен Антон ғой дей­мін есім­дері, Аста­на радио­сы­ның екі жүр­гі­зу­шісі мем­ле­кет­тік тіл­де бір сөз айт­паға­нын көріп тұрып, бүгін­гі қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның абыз аға­сы, ұста­зым Нама­за­лы Ома­шев пен Дар­хан Мың­бай бір сөз айта ма деп үміт­теніп едім… Әуе­жай­дың тілін түрік аза­ма­ты тәр­тіп­ке кел­тір­ді. Мини­стр­лік­ке жур­на­ли­стер күнін қаза­қ­ша өткі­зуді үйре­ту үшін де бір Оғыз Доған керек сияқты…
Сіз­ге жур­на­ли­стер мере­кесін­де жан-жақтан жур­на­ли­стер­ді жинап алып, шоу өткі­зуді, қалам ұстаған қауым­ды мазақ етуді тоқтат­саңыз деген өтініш біл­діре­мін. Мені қол­дай­тын­дар­дың аз емес екен­ді­гіне сенім­ді­мін.

Құр­мет­пен – 101 жастағы «Семей таңы» газетінің құры­л­тай­шы­сы, жур­на­ли­сти­ка сала­сы бой­ын­ша фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Риза Мол­да­ше­ва. Айт­пақ­шы, Дәу­рен Аба­ев мыр­за, өткен жылы біздің газет­тің жары­ққа шыққа­ны­на 100 жыл тол­ды. Бұл – Алаш ардақты­ла­ры негізін қалаған, қаза­қтың тәу­ел­сізді­гін арман еткен ұлт жана­шыр­ла­ры­ның үнін халы­ққа жет­кіз­ген басы­лым. Өткен жылы «Үздік аймақтық басы­лым» ата­лы­мын Шым­кент­те­гі «сату-сатып алу жай­лы хабар­ла­ма­лар шыға­ра­тын орыс тілін­де­гі газет алды. Осы да әділ шешім бе? Әлде қазы­лар алқа­сы кеше­гі тарих­тан бүгін­гі нары­қты қым­бат санай ма?

Риза МОЛДАШЕВА

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн