fbpx

Мақпал Жүнісова: Димаш – мың жылда БІР ТУАТЫН АДАМ

Мақ­пал Жүні­со­ва

Отан­да­сын осы­лай деп баға­лаған Мақ­пал Жүні­со­ва оның ерекше дарын иесі екенін бала кезін­де-ақ бай­қаған екен. Халық артисі, тіп­ті ата-ана­сы­на қаза­қстан­дық бай­қа­у­ларға Дима­шты қаты­сты­ру қажет емес деп, кеңес те бер­ген көрі­неді. Ал бүгін­де Мақ­пал ханым Дима­штың талан­ты­на әлем­нің ірі дер­жа­ва­ла­ры қызы­ға қарап оты­рға­ны­на сенім­ді. Бұл тура­лы Жүні­со­ва Әйгерім Сей­фол­ла­ның “Сыр­ла­су” бағ­дар­ла­ма­сын­да айт­ты, деп жаза­ды Stan.kz.

«Димаш – ол 1000 жыл­да бір туа­тын шығар. Ол шыны­мен де қазақ халқы­ның маң­дай­ы­на біт­кен жарық жұл­дыз деп айт­сам, артық айтқан бол­май­мын. Дима­шты қай­та­ла­удың қажеті жоқ. Димаш – уни­кум, ол жалғыз. Қаза­қстан­да ол бір­ден бағын аша алма­ды. Мен басын­да-ақ Қанат пен Све­таға Дима­штың кіш­кен­тай кезін­де айтқан­мын: бұл бала­ны Қаза­қстан­да бай­қа­уға қаты­сты­рып, таңғал­ды­ра­мын деп ойла­маң­дар. Бұн­дай­ды біз­де қабыл­да­май­ды деп айтқан­мын”, – дей­ді Жүні­со­ва.

Халық артисінің айтуын­ша, кезін­де бір­ту­ар дарын иелерін уақы­тын­да мем­ле­кет баға­лай алған жоқ. Әйт­пе­се, қазақ елін­де әлем­ді таң­дай қақты­рар талант­тар көп бол­ды, дей­ді Жүні­со­ва. Әрі ол ғалам­тор дамы­ған заман­да желі арқы­лы таны­лу да оңай деген пікір­де.

Кезін­де Ерік Құр­манға­ли­ев деген де бол­ды ғой. Ол да шетел­ге кетіп, қан­ша­ма аты шықты. Бірақ ол кез­де интер­нет­тің зама­ны емес еді, YouTube деген жоқ. Сон­ды­қтан да оның аты шық­пай қал­ды деп айту­дың өзі күнә. Ол шетел­де кәдім­гі­дей жақ­сы ақша тауып, аты шыққан адам. Оны көр­сет­пе­ді. Мыса­лы, Сем­бек Жұмаға­ли­ев­тің дау­сы қан­дай бол­ды?! Ол да эст­ра­да­лық бай­қа­удан орын алып кел­ген, бірақ жатақ­ха­на­да 10 жыл тұр­ды. Я үй беріл­ген жоқ, я уақы­ты­мен оны қол­даған жоқ ешкім. Біз­де талант­тар әлі де бар”, – дей­ді қаза­қтың ерке қызы.

Жүні­со­ва­ның айтуын­ша, бүгін­де Димаш бағын­ды­рған биік­ке бұған дей­ін бір­де бір қазақ бала­сы шық­паған.

Ал енді Димаш қазір әлем­дік дең­гей­де жеке кон­церт­терін беріп жатыр, Май­кл Джек­сон сияқты. Ол қаза­қтар­да бол­маған нәр­се. Біз­де халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі әнші­мін деп сөй­лей­тін адам­дар бар ғой. Бүкіл әлем­ді жау­лап алған­дай болып сөй­лей­тін адам­дар бар. Бірақ ондай бол­маған. Ешкім жеке кон­церт бер­меді. Біз де шетел­де бол­дық, бірақ біз 4–5 әннің көле­мін­де ғана айтып келетін­біз. Ал былай ста­ди­он­дарға /концерт/ бер­ген емес­піз. Қазір біз Дима­шты күн­де көріп, мақта­нып жатыр­мыз. Ресей­дің өзі қазір не істер­лерін біл­мей, бір­түр­лі боп жүр. Құдай өзі тіл-көз­ден сақ­та­сын, оның дау­сы қазір 6 окта­ваға дей­ін жетіп қал­ды. Ол күн­делік­ті өзін-өзі бап­тап, тек қана дұрыс жол­мен жүріп, Алла бер­ген дау­сын дұрыс бағыт­та пай­да­ла­нып жатыр”, – деді қазақ эст­ра­да­сы­ның жұл­ды­зы.  

Stan.kz

Республиканский еженедельник онлайн