fbpx

КӨРІНІП ҚАЛАЙЫҚ (Бүгінгі сатира)

Көрініп қал­ма­сақ, ұят бола­ды, ағай­ын! Қол­дан келіп тұрған­да, көрініп қалғанға не жет­сін! Аян­баңы­здар!

Біздің қазір­гі кез­де «Дәстүр сый­ла­мау» деген дәстүрі­міз күн­нен-күн­ге құл­пы­рып тұрған кез­де «Көрініп қалай­ық» дәстүрін жан­дан­дыр­ма­сақ, ел болға­ны­мыз, ұлт болға­ны­мыз қай­сы?! Көрініп қалай­ық!

«Көрініп қалай­ық» дәстүрінің сарқын­шақта­ры әр ұлт­та бар, бірақ олар­ды­кі сарт-мезірет сияқты, мыса­лы: қытай­лар ыржия сала­ды, жапан­дар иіле сала­ды, өзбек­тер қолын қусы­рып, еңкейе қояды. Олар бұл дәстүр­ді жетіл­ді­ре алмай отыр. Бірақ ол дегенің олар­дың қолы­нан осы «Көрініп қалай­ық» дәстүрі біздікі!» – деп, патент алу кел­мей­ді деген сөз емес! Сон­ды­қтан осы дәстүр­ге өзі­міз ие болай­ық. Біз­де бұл дәстүр жетіліп, әуелі шары­қтау шегіне жетіп тұр! Біз той-тома­лақ былай тұр­сын, өлім­ге де көрініп қалу үшін бара­мыз!

Өткен­де құй­ры­ғы кеме тарқан бір дөкей мез­гіл­сіз, 92 жасын­да, жастай шей­іт болып, қыр­шы­ны­нан қиыл­ды. Бүкіл жұрт мола­ның басы­на сый­май кет­ті. Туы­ста­ры, доста­ры, құда-жек­жа­ты былай тұр­сын, көрініп қалуға барған­дар сол қара­лы жиын­ның 95 пай­ы­зы екен! Қара­лы митинг ашы­лып, сөз сөй­ле­мек болған­ның бәрі сол «көрініп қалай­ық» дәстүрінің жақта­у­шы, жана­шыр­ла­ры бол­ды. Мола­ның басы­на үлкен сахна жасап, жарық, дыбыс аппа­рат­та­рын орна­тып, теле­ви­де­ние шақы­рып жатқан­ның бәрі «көрініп қалай­ы­қтың» бел­ді өкіл­дері.

Митинг «Ала­бо­та» ансам­блінің қара­лы биі­мен ашыл­ды. Сосын көрініп қалу­дан алды­на жан сал­май келе жатқан Бота­дай Боздаға­нов «Көрің­де тыныш жат, бабам» деген толға­уы­мен елдің сай-сүй­е­гін сырқы­рат­ты. Одан көрініп қалу­дың көр­нек­ті ақы­ны Теке­дей Аңы­раға­нов «Мез­гіл­сіз кет­тің мекен­нен» деген дастан оқып, құда­сын тал­ды­рып таста­ды! Ешкі­дей Еңіре­ге­но­ва­ның орын­даған «Бір уыс топы­рақ» опе­ра­сын­дағы жесір­дің ари­я­сы құлақ жар­ды, «тіп­ті көр­де жатқан­дар­дың өзі құлағын бітеп алды, аспан­да құжы­наған қарға ата­у­лы Ала­та­уды асып кет­ті, бір­жо­ла­та қашып кет­ті!» – деп жаз­ды ертесін­де көрініп қалу­дың бел­ді басы­лы­мы «Өлке өксі­гі» газеті.

Содан мені де «көрініп қал» деп ертіп барған ақы­л­шы ағам: «Ойбай, гита­раң­ды қолы­ңа ал да, көңіл­дірек бір­деңе айт, мына езіл­ген елдің еңсесін көтер, көрі­нер тұсың осы!» – деді. «Менің әндерім аса көңіл­ді емес еді» – деп едім: «Халық әндері­нен бір­деңе айт, тек сөзі көр­ге түс­келі жатқан көкеңе арнал­сын», – деді.

Содан көрініп қалу­дың жолын­да жан құр­бан, қаза­қтың «Шилі өзеніне» салып шырқа­дым:

«Айна­лай­ын, аға­тай, өлдің қай­дан,

Жат бол­мағы адам­ның осын­дай­дан.

Шилі өзен қамыс-ай,

Бізді ойлай жүр, Арыс-ай!

Көр­ге түс­кен көрік­ті көке­шім­ді

Шығар­ма деп сұра­дым мен құдай­дан!

Шилі өзен қамыс-ай,

Бізді ойлай жүр, Арыс-ай!» – деп едім, жұрт ду қол шапа­лақтап, бей­іт­ке қоя­тын гүл­дерін маған беріп, вен­ок­та­рын мой­ны­ма іліп, өлік­тің фонын­да сурет­ке түсіп, апто­грып алып, жетісіп қал­ды. «Көрініп қалу­дың» алға­шқы сыны­нан сүрін­бей өттім осы­лай.

Келесі көрініп қалуым тіп­ті тама­ша бол­ды! Көкіре­гі­мен көк тіреп тұрған Басқа­ла­дағы дөкей­дің бірі әпи­рат­си­яға түсіп­ті деген сүй­кім­ді хабар сүй­ін­ші сұрап жет­ті! Көрініп қалуға мұн­дай сәт­ті хабар­ды еле­гізіп күтіп жүретін жұрт Басқа­ла қай­да­сың деп, тура тарт­ты! 

Көрі­ну­ге де көп керек, не айта­тын сөзің дөп керек! «Көп» дей­тін­дей, қал­та таяз, сол плац­кар­тқа мініп алып, гита­рам­ды арқа­лап, Басқа­лаға мен де жет­тім. Ауру­ха­на­ның маңайы кеп­теліп қалған. Көрініп қалушы­лар ауру­ха­на­ның аула­сын­да киіз үйден ауыл тұрғы­зып, мал сой­ып, көк­пар беріп, бәй­ге шап­ты­рып жатыр екен. Менің ақы­л­шы көкем алдым­нан арса­лаң­дап шығып: «Бас­кең кеше көңіл­ді еді, бүгін сәл қабағы қату­лы, ден­са­улы­ғы­на орай бір­деңе айтып, жады­ра­тып жібер­ші», – деді.

«Баяғы халық әні аман бол­сын, сөзін бұр­ма­лап жібе­рей­ін» деп, бас­кеңнің дер­ті не деп сұра­дым… Масқа­ра сон­да бол­ды!

Гемо­рой­ы­на әпи­рат­сия жаса­тып­ты! Бұған енді не дер­сің?! Көрініп қалуға енді-енді төсе­ле бер­ген мен «ел не деп жатыр екен?» – деп, біраз жұр­тқа құлақ түр­дім. Әкім де – әнші, депу­тат та – әнші болған заман ғой Кел­ген әкім-қара­ның бәрі кән­серт беріп жатыр екен.

Сахнаға Жаңа адым облы­сы­ның әкі­мі шығып шырқа­ды:

«Ауыр­май­ды, көкем, ауыр­май­ды,

Іше­гі шығып кет­пе­се!

Ауыр­май­ды, көкем, ауыр­май­ды,

Арты­нан біреу теп­пе­се!» – деп аңы­рап, бір айдан кей­ін қыз­меті өсетін болып, жөніне кет­ті.

Сосын шашы желбіре­ген бір депу­тат шығып:

«Сен жүр­ген жер­мен жүр­гім келеді,

Сен тар­тқан дерт­ті біл­гім келеді.

Сырқа­тың менің жаны­ма бат­ты,

Ауы­рған жеріңе кір­гім келеді!» – деп, әпи­рат­сия жасалған аға­мы­зды бір жыла­тып, келесі сай­ла­у­ға элек­то­рат жина­уға көмек ала­ты­ны­на көзі жетіп, ол кет­ті.

Кезек аты дүр­кіреп тұрған бел­гілі кәсіп­кер­ге кел­ді:

«Арты­ңа қарай­мын – мен өзім солай­мын,

Ем-шипа бол­ма­са, мен өзім жалай­мын.

Арма­ны талай­дың, бағы­ма балай­мын,

Басым­ды дер­тіңе тығы­нға балай­мын!» – деп, көп­тің қоше­метіне бөленіп, тен­дер ұта­ты­ны­на сенім­ді болып, ол да кет­ті!

Сахнаға «Бос уақыт­тар мини­стрі» шыққан­да, жұр шулап кет­ті! Ол басе­кең­мен жер­лес екен:

«Біздің ауыл, бір ауыл, Бел­тұрған­да,

Құла­май­тын аға­сыз, жел тұрған­да.

Көке­лерін басқа­ның не қылай­ын,

Екі бұты тал­тай­ып сен тұрған­да!» – деп, осы қыз­мет­те пен­си­яға шыққан­ша оты­ра­ты­ны­на көзі жетіп, ол да кет­ті.

Кезек маған кел­ді! Халық әні аман бол­са, мен өлмес­пін – «Дедім-айла­тып» шықтым:

«Саулы­ғы­ң­ды әрқа­шан біліп тұрам,

Шыдап жатқан аға­мыз – жігіт бұған,

Дедім ай-ау!

Арты­ңы­зда аға­тай өшірет көп,

Босаған­да оңа­ша кіріп шығам,

Дедім ай-ау!

Алма аға­штың бүрін­дей-ау,

Теке­мет­тің түрін­дей-ау.

Әу басын­да бір­түр­лілеу,

Кей­ін кетер білін­бей-ау!» – деп едім, аға­мыз қал­та­сы­нан бет ора­ма­лын алып, мұр­нын сүрт­ті.

Сөйтіп, «көрініп қалу­дың» бұл кезеңі­нен де өттім.

Енді бүгін «Сұмы­рай-Су» хол­дин­гі пре­зи­ден­тінің әртіс келіні Тибет­ке барып, емше­гін үлкей­тіп келіп­ті деп, бүкіл «көрініп қалу» ком­па­ни­я­сы солай көшіп жатыр. Ол келін­нің кеудесі бұрын да төң­керіл­ген кесе­дей, көз тар­ту­шы еді, енді одан да өсіп­ті дей­ді!

Айна­лай­ын, халық әні бар бол­сын! Дай­ы­н­мын!

«Көр­ген кез­де көз той­ған кері­мі­міз,

Бір сюр­приз жасап­ты келіні­міз.

Шер­тиіп тұр қазан­дай ауда­ры­лған,

Құт­ты бол­сын, келін­жан, желініңіз!

Жүгіріп шықтым беле­с­ке,

Белес емшек емес пе?!

Төң­керіл­ген кеудеңіз,

Бір ғани­бет емес пе?!».

Суық су мен ыстық судың тари­фін төле­уден құты­лып, мен кет­тім. Сіз­дер де көрініп қалы­ңы­здар! Ұят бола­ды.

Асқар НАЙМАНТАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн